Мектебінде



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет18/28
Дата16.05.2018
өлшемі0,82 Mb.
#14142
түріЛитература
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

90

91

ерекшеліктеріне  және  өтілетін  сабақтың  тақырыбына 



мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала 

ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, 

ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай 

қалуы тиіс.

Сабақта  ойын  түрлерін  өткізу  оқушылардың  ой- 

өрісін,  тапқырлығын,  жылдамдығын,  сөздік  қорын 

молайтуға әкеледі.

Ойын  -  бұл  қоғамдық  тәсілді  меңгеру  мақсатында, 

ситуациялық  жағдайда,  бағытты  түрде  іскерлігін 

көрсететін,  өзін-өзі  басқаруын  жетілдіретін  іс-әрекет. 

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, 

ертегісіз, шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой 

тәрбиесі болмайды» дейді.

Ойын түрлерін сабақтың тақырыбына қарай мұғалім 

өзі  таңдап  алып,  қолданып  отырады.  Ойын  түрлері 

сабақты  қызықты  өткізуге,  оқушылардың  сабаққа 

ынтамен  қатысуына  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне, 

өздігінен қорытынды жасауына жол ашады.

Ойын әрекеті оқу барысында төмендегідей қызметті 

атқарады:

Қазақ  тілі  сабағында  ойын  формаларын  енгізу 

барысында  интерактивті  тақтаны  да  қолданудың 

маңызы өте зор. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын 

дидактикалық  ойындарды  сабақтың  мақсатына  қарай 

мынандай түрлерге бөліп қарастырады: 

1.    Тапқырлық ойындар;

2.  Ізденімдік ойындар;

3.  Рөлдік ойындар;

4.  Іскерлік ойындар.

1.  Тапқырлық  ойындар  -  оқушылардың  логикалық 

Ойын  -  оқу  үрдісіндегі  оқытудың  әрі  формасы,  әрі 

әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен 

бірге  ойынды  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлескен 

оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде 

қолдануға  болады.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 

мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, 

оқу-тәрбие  үрдісінде  олар  біртіндеп  ойын  әрекетінен 

оқу  әрекетін  орындауға  бейімделуі  тиіс.  Ол  сабақ 

барысында  пайдаланатын  дидактикалық  ойындар 

арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін 

қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті-баланың 

қызығушылығын 

ояту, 

белсенділігін арттыру.



Дидактикалық  ойындар  арнайы  мақсатты  көздейді 

және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың  ортасында  көңіл-күйді  сергітеді,  ерік-

жігерді дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған 

білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын-оқушылардың 

оқуға 

деген 


ынтасын 

арттыратын  құрал.  Сондықтан  бастауыш,  дайындық 

сыныптарында  оқушылар  сабақ  үстінде  ойынды 

көп  қажет  етеді.  Ойындар  оқушылардың  жас 

ерекшеліктеріне  қарай  күрделеніп  отырады.  Мысалы: 

дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін 

ойнатсақ,  сыныбы  үлкейген  сайын  баланың  жас 

ерекшелігіне сай күрделенгені дұрыс.

Олай  болса,  ойынды  пайдаланудың  маңызы  зор.

Ойынның түрлері көп. Сондықтан ойын балалардың жас 




92

93

ойлауын  қалыптастырады.  Мысалы:  асық  ойыны, 



«Қоржында  не  бар»  ойыны,  «Дыбыстық  ойыны»; 

«Әліпбиді білесің бе?» ойыны.

«Қоржында  не  бар»  ойынында  қоржында  жатқан 

әріптерден сөз құрастыру керек.

«Дыбыстык  ойыны»  (1  минут  ішінде  1-қатар  «Ә» 

дыбысына,  2-қатар  «Ұ»  дыбысына,  3-қатар  «Ә» 

дыбысына сөз құрастыру керек)

«Әліпбиді  білесің  бе?»  ойынының  шарты:  қазақ 

әліпбиіндегі әріптердің реттік санын білу, сол бойынша 

жасырынған сөздерді, мақал-мәтелдерді шешу:

1 24

1 25 1 24 37 18 1 18



1 25 1 17 8 14 8 18

2.  Ізденімдік  ойындар  -  оқушыларды  өздігінен 

ойлауға  үйретеді.  Мысалы:  «Баламасын  тап»  ойыны, 

«Қандай  сөздер  жасырынған»  ойыны,  «Буынды  тез 

тап» ойыны, «Бинго» ойыны.

«Баламасын  тап»  ойынында  1-қатардағы  сөздерге 

2-қатардан баламасын табу керек.

Жалқы -


Жалпы -

Деректі -

Туынды -

Дара -


Жанды -

Дерексіз -

Күрделі -

Негізгі -

Жансыз-

Простые


Сложные

Непроизводные

Производные

Собственные

Нарицательные

Одушевленные

Неодушевленные

Конкретные

Абстрактные

«Қандай сөздер жасырынған» ойыны:

РАЖАҚЫРЫЙД -            ЖАРҚЫРАЙДЫ

ІРЕИД- 


 

 

ЕРИДІ



ПҰШЫ КЕДІЛЕ-  

ҰШЫП КЕЛЕДІ

ҮЛГДІДЕЙ- 

 

ГҮЛДЕЙДІ



БЫРЖАҢ УАДЫЖА-  ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

ДЫҚАЗА-  

 

ҚАЗАДЫ


ҚҰДЫЯ-   

 

ҚҰЯДЫ



ҰДАЗАРЫ- 

 

ҰЗАРАДЫ



ДЫНАОЯ-  

 

ОЯНАДЫ



ДІКЕЛ-   

 

КЕЛДІ



«Буынды  тез  тап»  ойыны  ("қар"  буынынан 

басталатын  сөздерді  жазу  керек.  Мысалы:  қарлығаш, 

қарға, т.б.)

3.  Рөлдік ойындар - оқушылардың шағармашылық 

ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар.

4.  Іскерлік ойындар - оқушылардың түрлі жағдайда 

дұрыс  сөйлеуін  қалыптастыратын,  диалогтік  және 

монологтік үлгілерін жетілдіретін ойын түрлері.




94

95

«Дос» тақырыбына сөз тіркестерін құра ойыны: (1-



сөз сын есімнен 2-сөз зат есімнен болуы керек. Мысалы: 

Жақсы дос)

Сын есім + зат есім.

Сан есім + зат есім.

Зат есім + зат есім.

Есімдік + зат есім.

Зат есім + етістік.

Сабақта  дидактикалық  ойын  түрлерін  пайдалануда 

бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, 

ұлттық  санаға,  салт-дәстүрге,  тәрбиеге  сай  болуын 

ескеруміз керек. Мысалы: жамбы ату, асық ойыны.

Жазушылардың  суреттерін  көрсетіп,  сол  сурет 

туралы  әңгіме  құратуға,  олардың  шығармаларының 

атын атап, сипаттама бере білуге болады.

«Тез  ойлан»  ойыны.  Үш  буыны  да  ашық  дауысты 

және  үшеуі  де  бір  дауыссыз  дыбыстан  құралатын  сөз 

тап. Ол қандай сөз? Кереге, терезе.

Үш дыбысты сөз ойла. Оның дауыстысы жуан, ашық, 

еріндік болсын. Мысалы: қол, жол, мол.

Сынып оқушыларының ішінен аты үндіден басталып, 

ашық,  жуан,  езулік  дауысты  дыбысқа  аяқталатынын 

тап: Роза, Лара, Майра.

Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз сабақты жандандырып, 

оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Ойын-әрекет  және  белсенділік.  Балалар  шаршаған 

мезетте  сергіту,  бой  жазу  жаттығулары  өте  пайдалы. 

Сергіту  ойындары  балалардың  сабақты  зейін  қойып 

тыңдауына,  ақыл-ойын  бір  нәрсеге  тұрақтандырып, 

саналы түрде білуге септігін тигізді.

Ойын  элементтері  оку  үдерісін  пысықтау,  жаңа 

сабақты  қорытындылау  кезеңдерінде,  қайталау 

сабақтарында  пайдаланумен  қатар,  ұйымдастыру 

кезеңінде пайдалану тиімді.

Білім  беру  жүйесінде  өмір  талабы  үш  тілді  білу, 

орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқытудың  сапасын 

жақсарту міндеттері қойылған. Оқушыларға қазақ тілін 

оқыту  мәселесі  олардың  қазақша  сөйлей  алатындай 

болып  шығуына  мүмкіндік  беруі  тиіс.  Бірыңғай 

жазу  жұмыстары,  жалаң  сөз,  жаттау  оқушыларды 

жалықтырады.  Ал  ойын  технологиясын  қазақ  тілі 

сабақтарында  тиімді  қолданудың  нәтижесін  келесі 

диаграммадан  көрулеріңізге  болады.  Бұл  өткен  оқу 

жылындағы  5  «А»  сыныптың  қазақ  тілінен  әр  тоқсан 

бойынша білім сапасының көрсеткіші.

Әдебиеттер:

1  Тілдерді  оқыту  үрдісінде  инновациялық 

технологияларды қолдану. -А., 2010ж.

2  Бастауыш  мектеп,  №3,  2003,  А.Әбішева 

«Ойын  элементтерін  пайдаланудың  педагогикалық 

ерекшеліктері».

3  Қазақ тілі (дидактикалық материалдар). Алматы 

кітап. 2010ж.




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау