Мектебінде



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет21/28
Дата16.05.2018
өлшемі0,82 Mb.
#14142
түріЛитература
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

104

105


-Сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. 

Сондықтан,  құрметті  сайыскерлер  өз  білімдеріңді 

дәл  әрі  көркем  тілмен  жеткізе  білулеріңе  тілектестік 

білдіреміз.  Сонымен,  сайысымызды  әділ  бағалайтын 

әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. 


2. 

3. 


Жүргізуші.

  -  Сайыстың  кезеңдерімен  таныстырып  өтемін. 

Алғашында ойынға қатысушылар өздерін таныстырып, 

дайындап келген өнерлерін паш етеді. Ойынның өзі 3 

бөлімнен тұрады. І бөлім «Қазақшаңыз қалай?» , ІІ бөлім 

«Кім жылдам» , ІІІ бөлім «Туған елім – Қазақстан». Әр 

бөлім, әр дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады. 

Бөлім соңында әділ-қазылар алқасы балдар нәтижесімен 

таныстырып отырады. 

- Ендігі кезекте сөз сайыскерлерде. 

I  топ  –  «Жас  қыран».  Ұраны:  Еркіндік  қыраны, 

шарықта!  

II топ – «Қанатты тұлпар». Ұраны: Биіктерге самғай 

бер!  Шолпанға жет!  

Жүргізуші.

- Ойынның негізгі кезеңдеріне көшейік. 

І  бөлім-«Қазақшаңыз  қалай?  Мақсаты:  оқушының 

қазақ тілінде сөйлеу, өз ойын толық жеткізу мәнерлерін, 

сөздік  қорын  анықтау.  Әр  топқа  мәтін  беріледі,  сол 

мәтіндерді  оқып,  аударып,  мәтін  бойынша  сұрақтар 

қою керек. (3 минут уақыт беріледі).

-  Сайыскерлер  дайын  болса,  ортаға  келіп  өз 

мәтіндерін айтып берсін.

4-сынып оқушыларына. 

1-топ – «Қыс».

Қыс түсті. Күн суытты. Даланы ақ қар басты. Балалар 

көк мұз үстінде коньки теуіп жүр. Кішкентай бір бала 

шанамен сырғанап барады. Екі бала шаңғы теуіп жүр.

2-тапсырма.  Мюнстенберг әдістемесі.

Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқ

уогшнәтижелдпжыл

(ағаш, шырша, дарын, отан, оқу, нәтиже, жел, жыл)

2-топ – «Дана мен Наташа».

Дана  мен  Наташа  бір  мектепте  оқиды.  Олар  – 

төртінші сынып оқушылары. Дана өте ақылды, зерек, 

тәрбиелі қыз. Наташа да сабақты жақсы оқиды. Олар бір 

үйде тұрады: Дана – екінші қабатта, Наташа – бесінші 

қабатта. Сабақтарын бірге оқиды.

 2-тапсырма.  Мюнстенберг әдістемесі

Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқ

уогшнәтижелдпжыл

(ағаш, шырша, дарын, отан, оқу, нәтиже, жел, жыл)

10-сынып  оқушыларына. 

1 топ. 1-тапсырма.

Орны  ауысқан  сөздерден  сөйлем  құрап  жазып, 

синтаксистік талдау жасаңыздар.

1. Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға.

2. Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек алдынан. 

3. Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.

2-тапсырма:

Б, Ұ, Ж, М, Б, А, Қ осы әріптерден сөз құра. 

Жұмбақ, жұм, бақ, бұқ, жұқ, ақ, бақа, жұма, бұқа

2-топ. 1-тапсырма:

Орны  ауысқан  сөздерден  сөйлем  құрап  жазып, 

синтаксистік талдауын жасаңыздар.

1. Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 

2. Олар, алмады, жұмыртқаны.

3. Қыздар, үйрек, кеткенде, ұяға, келді, ұшып.

 2-тапсырма:

«Әдептілік» сөзінен сөз құра: әдеп, тіл, тілек, тіле, 

тілік, епті, ілік,

Оқушылар  тапсырмаларды  орындап  болғанша 

-музыкалық үзіліс.

6-сынып оқушылары «Тамаша» биін билейді. 

Әділ-қазылар бағасын береді.

ІІ  бөлім-«Кім  жылдам?».  Мақсаты:  оқушылардың 

қазақ  тілі  сабақтарында  алған  білімдерін  тексеру, 

қойылған сұрақтарға бірінші болып жауап беру керек. 

Экранға назар аударайық.

4-сынып оқушыларына сұрақтар:




106

107


1. Жыл мезгілдерін атаңдар?

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Сенде қандай оқу құралдары бар?

4.  Бүгін неше сабақ болады?

5. Сыныпта не бар?

6. Сабақ сағат нешеде басталады?

7. Қазақ тілінде неше әріп бар?

8. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

9. Сенің ұлтың қандай?

10. Сенің ана тілің қандай?

11. Сабақта сендер не істейсіңдер?

12. Жуан дауыстыларды ата.

13. Жіңішке дауыстыларды ата.

Тест сұрақтар /слайд/

10-сынып оқушыларына сұрақ:

1.     Ұлттық музыкалық аспап (домбыра)

2.     Республика күні (25-қазан)

3.    Абай қанша нәрсеге асық болуды нұсқайды? Олар 

қайсылар? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

4.     Асар дегеніміз не? (көмек)

5.  Қазақтың атақты кино әртісі кім? (Шәкен Айманов)

6.    Үш би (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би)

7.     Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (XXI)

8.      Экологиялық  апатқа  ұшыраған  теңіз?  (Арал 

теңізі)

9.  Үш жүздің басын қосқан хан? (Абылай хан)



10. Тіл туралы заң қашан шықты? (1989 ж.) 

Екінші топқа қойылатын сұрақтар:

1. Республиканың рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2.  Қазақстан  шекарасы  қанша  шақырым?  (15  мың 

шақырым)

3.  «Қазақстан-2030»  стратегиясының  авторы 

(Н.Назарбаев)

4.     Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5.     Абай қанша нәрседен қашық болуды нұсқайды? 

Олар  қайсылар?  (өсек,  өтірік,  мақтаншақ,  еріншек, 

бекер мал шашпақ)

6.   Қобызда ойнаған күйші (Қорқыт)

7.    Абайдың шын аты  кім? (Ибраһим)

8.     Мемлекеттік туда белгіленген құс (бүркіт, қыран)

9.    Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)

10.  Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған жыл 

(1991 ж.)

- Әділ-қазылар, бағасын беріңіздер.

ІІІ бөлім-«Туған елім-Қазақстан». 

-  Оқушылар    өз  мемлекеті,  астанасы  жайлы 

мәліметтерді, өлеңдерді дайындап алып келді. Топтарға 

сөз  берейік.  Осы  сайыста  ата-аналардан  көмегі  де 

болады. 

  I  топ  –  «Жас  қыран».    Қазақстан  туралы  мәтін. 

«Туған жер» өлеңі.

  II  топ  –  «Қанатты  тұлпар».  Астана  туралы  мәтін. 

«Астана» өлеңі.

 - Әділ-қазылар бағасын беріңіздер. 

- Сайысқа қатысқан оқушылардың барлығын ортаға 

шақырайық. Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі. 

(марапаттау).

Жүргізуші.

 - Сонымен, қадірлі қонақтар, оқушылар, ұстаздар, 

сайысымыздың  жеңімпазы  анықталды.  Тіл  –  ұлттық 

қазынамыз,  байлығымыз.  Сондықтан  оны  қадірлеп 

атадан-балаға жеткізу-біздің міндетіміз. 

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Білдім деме, балам,

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған,

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған,

Көп  нәрсені  тоқиды,-  деп  Өтебай  Тұрманжанов 

ағамыз  жырлағандай  оқып,  білім  алудан  ешқашан 

жалықпайық!

«Аяулы мектебім» әні орындалады.

 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау