84
85
Ә.ЫҚЫЛАСОВА,
Мұхтар Әуезов
атындағы орта мектеп.
Шығыс Қазақстан облысы,
Бородулиха ауданы,
Ново-Покровка ауылы
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫН
ҚАЙТАЛАУ
Сабақтың мақсаты: етістіктің рай категориясы
туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау,
теориялық білімін практикамен ұштастыру; ойлау,
қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,
аналарды қадірлеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық
жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: семантикалық карталар, оқулық,
схемалар, топ аттары, мақалдар жазылған таблицалар,
перфокарталар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар, бүгін біз сіздермен етістіктің райларын
қайталаймыз. Сендердің білімдеріңді тексеремін.
Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар. Сабақты
бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық. (Түрлі-түсті
парақтар бойынша қызылдар-ОТАН, жасылдар-
ТҰЛПАР болып екіге бөлінеді).
Ол үшін мына мақалдардың мәнін ашып алайық.
1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
- Бірінші мақал Отан туралы, екіншісі тұлпар
туралы екен.
- Ендеше топтың аттары – «Отан» және «Тұлпар».
Сайысымызды бастаймыз.
ІІІ. Ең алдымен, «Біліміңді байқап көр» сайысы
арқылы теориялық білімдеріңді тексерейік.
1. Етістіктің райлары дегеніміз не?
2. Етістіктің райлары мен шақтарының арасында
қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?
3. Етістік райларының қандай түрлері бар?
4. Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?
5. Бұйрық рай дегеніміз не, қалай жасалады?
6. Шартты рай дегеніміз не, қалай жасалады?
7. Қалау рай дегеніміз не?
8. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?
IV. Оқулықпен жұмыс (тақтада және дәптерде
орындау).
Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезек
шығарып, етістіктердің шағын анықтату.
Болатын –
ашық рай, ауыспалы өткен шақ.
Көрінеді – ашық рай, ауыспалы өткен шақ.
V. Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».
Фариза Оңғарсынованың ана тақырыбындағы
өлеңін (179-жаттығу) оқушыларға мәнерлеп оқыту.
- Өлең кім туралы?Авторы кім?
Ақынның басқа қандай өлеңдерін білесіңдер?
86
87
- Өлеңнен бұйрық рай, қалау рай, ашық райда
тұрған етістіктерді табыңыздар.
Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын
талдаңыздар.
Бұйрық рай: тыңда.
Қалау рай:салғың келеді, айтқың келеді.
Ашық рай: еккен, түлеткен, күл еткен, тұрған,
сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).
VI. Салыстыру. «Венн диаграммасы»
Қалау рай мен ашық райды салыстыру.
-ғы, -гі, -қы, -кі+кел
-са, -се+игі еді
-ғай, -гей, -қай, -кей
Бұйрық рай мен шартты райды салыстыру.
VII. Әр райға қатысты мақал-мәтел, нақыл сөздер
жарысы.
Адамды түсіне қарап таныма, ісіне қарап таны.
Не ексең, соны орарсың.
Мезгілі жетсе, мұз ерір.
Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисе игі еді,
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисе игі еді.
VIII. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей. Ойлан, тап. «Сәйкестік тесті»
Ойнады тұйық етістік
Бара жатыр есімше
Сұраған өткен шақ
Кесіп осы шақ
Байлау көсемше
Қатыспақ келер шақ
2-деңгей. «Кім жылдам?»
Семантикалық карталарды толтыру.
Етістік Ашық рай Қалау рай
Бұйрық рай
Шартты рай
Оқы
Жаз
Тыңда
Бар
Секір
Күре
Тоқта
Сұра
Айт
3-деңгей. Шығармашылық жұмыс.
а) Сөйлем мүшесін талдау.
Шәкәрім Стамбулда болған еді. Үйдің төңірегі
қобырап жатыр. Жақсы жаныңа жолдас болар.
Екеуінің әңгімесі аяқталмай қалды.
ә) Мақалдардағы етістік райларын анықта.
1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. Мың жүйрік арасында бір тұлпар шығады алға.
Түс – бұйрық рай, ІІ жақ, жекеше, қалыпты.
Шығады – ашық рай, ауыспалы осы шақ, ІІІ жақ.
4-деңгей. Семантикалық картаны толтыру. Өздік
жұмыс.
88
89
Мысал
-дар
Нақ
осы
шақ
Ауыс
-палы
келер
шақ
Болжал
-ды
келер
шақ
Мақ-
сатты
келер
шақ
Ауыс
палы
келер
шақ
Бұ-
рын-
ғы
өткен
шақ
Жедел
өткен
шақ
Ауыс-
палы
өткен
шақ
Мен
барған
мын
Сабақты бекіту. «Топтастыру»
- Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістік
райларының неше түрі бар?
Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: 180-жаттығу. «Бақыт»
тақырыбына ойтолғау жазып келу.
Тиімді әдіс-баршаға ортақ
А.ТЛЕУҒАЗИНА,
№ 9 орта мектеп.
Семей қаласы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ
САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ
«Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге
қол жеткізуіміз керек» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев айтқандай, дәуірлеген заманымызда ұрпақ
тәрбиесінде маңызды орын алатын сала-білім саласы
екені бәрімізге аян. Осы орайда мұғалім қауымына
артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі. Ұстаздың
жүгін адал орындау-біздің парызымыз. Ең алдымен,
мұғалімге керегі-өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін
үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың
мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен
пайдалану керек.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола
ма?» деген пікірімен бала өміріндегі ойыншығының
маңыздылығына көз жеткізуге болады. Ойын түрлері
көп. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында
ойын түрлерін қолдану - оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.