Медицина философиясы ғылыми білімнің ерекше саласы ретінде ХХ ғасырда кеңінен тарады, себебі философия мен медицинаның қосылу шекарасында болған зерттеу бағдарламаларының көптеп таралуына байланысты: емдеудің тәжірибелері мен техникасы қалыптаса бастады, өзіндік сауығу, ағзаның ішкі мүмкіндіктерін, адамзат рухының резервтерін, с.қ. психиканың ұрпақтан ұрпаққа берілетін құрылымын есепке ала отырып өзіндік жетілу (мысалы К.Юнгтың коллективтік бейсаналық архетиптері).
Қазіргі медицина философиясы әртүрлі принциптерге, әдістемелік негіздер мен философиялық амалдарды басшылыққа ала отырып бірнеше бағытта дамиды. Қазіргі таңда философия мен медицинаның қырында тұрған негізгі мәселелер – тұлғаның және ұлттың денсаулығы, салауатты өмір салты, қоғам мен табиғи ортаның адамзат ағзасына тигізетін патологиялық өзгерістері, адамзат руханилығының адам денсаулығының психикалық және физикалық негізі ретінде, «ғасыр індеттерінің» әлеуметтік себептері, дәрігер мен науқастың қарым –қатынас этикасы, қазіргі медицианың эстетикалық негіздері. (өнер емдеу әдісі ретінде, түс және дыбыс терапиясы, сұлулық пен үйлесімділік ағза тепе – теңдігін қалпына келтіруші тәсіл ретінде және т.б.)
ХХ ғасырда адамзаттың күнделікті мәселелерін шешу мақсатында философиялық және медицианлық мәселелерді біріктіру арқылы жүзеге асыруға болады деген ат салысқан көптеген атақты философтары мен дәрігерлерінің ішінде австриалық дәрігер мен философ З.Фрейдты, швейцар психиатры және мәдениеттанушысы К.Г.Юнгты, неміс-француз дәрігері және философы А.Швейцерді, неміс философы К.Ясперсті, орыс ғалымдары Ф.Угловты, Н.Амосовты, М.Норбековты, Г.Сельені және т.б. атауға болады
Сондықтан, философия мен медицина ғасырлар бойы өзіндік дамуы барысында бір –бірін байытып, өзара ауысады; білімнің жеке саласы ретінде медицина философиясы ХХ ғасырда ерекше өзекті және қалыптасқан болды, өзінің «бабаларын» – ұлы филосфтар мен ежелгі дәрігерлердің ең жақсы идеяларын талдап және қайта қарастырды.
«Қазіргі медицинаның негізгі теориялары қайткенмен де фундаменталды постулаттармен жалпы теориялық жүйелер позициясын анықтайтын медицина философиясымен байланысты. Себебі, қазіргі филсофиялық зерттеулер (философиялық антропология, сана философиясы, әлеуметтік философия) медициналық теорияның бейімделушілікке дайындығы (бейімделу теориясы – медицинаның жалпы биологиялық теориясы, бірақ медициан тек биологиялық бейімделулермен ғана айналыспайды, с.б. әлеуметтік бейімделу, яғни, адамынң қоғамдық өмірге бейімделуі), детерминизм теориясы (ағзада болып жатқан себептілік негіздер мен патологиялық процестердің байланысы), қалыпты(оптималды) өзіндік ретке келтіру мен жалпы патологияның теориясын негізге алады.
Достарыңызбен бөлісу: |