Дәріс №12 page maker редакторы жоспар



жүктеу 42,43 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі42,43 Kb.
#5419

ДӘРІС № 12

PAGE MAKER РЕДАКТОРЫ
Жоспар

  1. PageMaker редакторының қызметі

  2. PageMaker жұмыс істеу негіздері

  3. Графикалық элементтермен жұмыс істеу


МАҚСАТЫ:

  • Оқушыларға PageMaker редакторының қызметі туралы мағлұматтар беру.

  • Оқушыларды PageMaker жұмыс істеу негіздерімен таныстыру.


1. PAGE MAKER РЕДАКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Есептеуіш техниканың дамуындағы адамзат мәтін мен иллюстрациялар қолда бар жағдайда, баспа жүйесімен жұмыс істеуге кірісу керек. Мәтінді мәтіндік редакторда терген ыңғайлы, өйткені онда беттеу бағдарламасына қарағанда редакциялау, орфография мен грамматиканы тексеру мүмкіндігі молырақ. Иллюстрациялар кез келген графикалық редакторда дайындалуы мүмкін (кәсіби мамандар AdobePhotoShop бағдарламасына жиірек қолданады). Одан кейін мәтін мен иллюстрацияларды импорттап, баспа жүйесімен жұмыс істеуді бастауға болады. Біз үйренетін Adobe фирмасының Pagemaker баспа жүйесі – ең кеңінен тараған беттеу бағдарламаларының бірі.


2. PAGE MAKER ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ

Іске қосу: Пуск - Программы - Adobe- PageMaker- Adobe PageMaker

Жаңа жарияланым жасау үшін Файл-Новый командасын орындау керек. Құжаттар параметрлері терезесі пайда болады. Формат өрісінде жарияланымның соңғы нұсқасы басылып шығатын қағаз пішімі таңдалады. Осы өрісті көрсеткіші бар батырманы шерту стандартты пішімдер тізімін ашады. Тізімнің ең соңында Заказной жолы бар. Бұл жолды таңдау өлшемдері стандарттыдан басқаша екенің Размер-дің екі өрісінде берілетінін көрсетеді. Бір терезеде жарияланым бетінің ені, екіншісінде биіктігі енгізіледі.

Ориентация өрісінде қағаздың қалай орналасатыны көрсетіледі: Книжная немесе Альбомная. Одан әрі Варианты параметрлер тобы келеді, Бірінші беттің нөмері, Беттер саны, Бет өрістері. PageMaker жүйесінде объект аталатын мұндай «кірпіштер» мыналар:


  • мәтіндік блоктар

  • иллюстрациялар

  • графикалық элементтер.


3. ГРАФИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

Графикалық элементтер дегеніміз – неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі Pagemaker жүйесінде инструменттер палитрасы көмегімен жасалады. Егер экранда Палитра инструментов жоқ болса, онда Окно-Показать инструменты командасын орындандандар.



Көрсеткіш инструменті (Стрелка) негізгі жұмыс құралы болып табылады. Объект н/е объектілер тобын ерекшелеуді, оларды жылжытуды н/е жоюды, өлшемдерін өзгертуді тек соның көмегімен жасауға болады.

Сызықтар. Көлденен тік сондай-ақ бұрышы 450 сызықтар «Перпендикуляр» инструменті көмегімен сызылады. Еркін бұрышты сызықтар түсіру үшін Линия интсрументі қолданылады. Осы инструменттің көмегімен Shift пернесін басып тұрып, сендер дәлме-дәл көлденең, тік немесе 45 сызықтар жасай аласыңдар.

  1. Инструменттер палитрасынан қажеттісін таңдаңдар. Меңзер (+) қалпын алады.

  2. Жолақтың кез-келген жерінде маусты шертіп, батырманы босатпай оны қажетті бағытта «созыңдар». Егер сызылған сызықтың ұзындығы мен еңістігі көңілден шықса, онда маус батырмасын босатуға болады. Жаңа ғана сызылған сызық белсенді объект болып табылады, оның ұштарында орналасқан шектеуіштер соның куәсі.

  3. Егер сызықтың қалыңдығы немесе фактурасы ұнамаса, оны түзету оңай. Объектіні ерекщеленген күйі қалдырып, Элемент-Линия командасын орындап, ашылған сызықтар стилі тізімінде қажет нұсқаны белгілеңдер. Сызықтар қалыңдығы пиксельдерде беріледі. Егер сендер қалағандай қалыңдықтағы сызықтар тізімде болмаса, онда Заказная нұсқасын пайдаланыңдар. Бұл жағдайда экранда сызықтың барлық сипаттамалары жеке-жеке берілетін қосымша терезе ашылады. Маус арқылы таңдалған сызық нұсқасы тұсына белгі қойыңдар.

  4. Сызық ерекшкленуін экранның сызықтан тыс жерінде шертіп, орындатпаңдар.

  5. Бұрынырақ сызылған сызықтың ұзындығын, бағытын, қалыңдығын және стилін өзгертіп, оны редакциялауға болады.

Тікбұрыш. Инструменттер палитрасынан «Прямругольник» инструментін таңдаңдар. Жолақтың кез-келген жерін мауспен шертіп, маус батырмасын босатпай, болашақ тікбұрыштың диагоналы бойынша қажет бағытта «созыңдар». Егер пайда болған фигураның өлшемдері талап етілетіндей болса, маус батырмасын босатыңдар. Төртбұрыш салу үшін Shift батырмасын басулы күйінде ұстаңдар.

Тікбұрышты бояуға – «фон құюға» және де оның шегі бойынша сызық стилін өзгертуге болады. Сызық түрін өзгерту үшін, сызықпен жұмыс істеу барысында өздеріңе танымал болған Элемент- Линия командасын қолданылады. Фонды өзгерту үшін Элемент- Фон командасы қажет.



  1. «Стрелка» инструментіне ауысып, тікбұрышты ерекшелеңдер.

  2. Тікбұрыш фоны мен шекараларын өзгерту Элемент- Фон и линия командасымен іске асырылады.

  3. Тікбұрыш өлшемдерін өзгерту үшін, мауспен шектеуіштердің бірін «ұстап алып», маус батырмасын босатпай, оны қажет бағытта жылжытыңдар.

  4. Тікбұрыш бұрыштарын жұмырлау үшін, Элемент- Скругленные углы командасын орындаңдар. Ашылған терезеде төртбұрыштың өздеріңе тура келетін нұсқасын шертіңдер де, ОК батырмасын басыңдар.

Мәтінді енгізу. Мәтіндік блоктар PageMaker бағдарламасының негізгі үш объектісінің бірі болып табылады. Мәтіндік блокты екі әдіспен:

  • пернетақтадан тікелей жарияланымға енгізу;

  • мәтін редакторында жасалған дайын мәтінді импорттау арқылы алуға болады.

Мәтіндік перне тақтадан тікелей жариялынымға енгізу . Инструменттер панелінен «Буква» инструментін таңдаңдар. Мәтін орналасуға тиісті басу жолағының бос жерінде мауспен тікбұрыш сызыңдар. Маусты босатқанда тікбұрыш жоғалып, жаңа ғана сызылған тікбұрыштың сол жақтағы жоғарғы бұрышында меңзер жыпықтап қалады. Жыпықтап тұрғанмәтіндік меңзер мәтін енгізілетін орынды көрсетеді.

Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. PageMaker редакторы қандай қызмет атқарады?

  2. PageMaker жұмыс істеу негіздері қанда

  3. Графикалық элементтермен қалай жұмыс істейміз

  4. Қандай құрал саймандарды білесіздер?



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 409 - 420 беттер

  2. «Информатикадан 30 сабақ» 34 - 54 беттер






жүктеу 42,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау