Мәдениет және өнер институтының директоры



жүктеу 0,57 Mb.
бет3/4
Дата16.02.2018
өлшемі0,57 Mb.
#9871
1   2   3   4

4.Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра «Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» тьютор Сүндетқалиева Ә.А

(аты-жөні)


Пән «Қуыршақ театр режиссурасы»

(пән атауы)

Кредит саны 2







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту





кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж


3




30 %







2

Большому театру кукол 50 лет. Л., Искусство, 1982 г

1




10%







3

Иванцова Л., Коржова О. Мир кукольного театра.Россия. Ростов – на – Дону., 2003 – 320 ст


1




10%







4

Кружок театра кукол. Метод.пособие.Под общей редакцией Л.Г.Шипет. М., 1967 г


1




10%







5

Кирилова Е.И., Латышева Н.А. Речевое обучение актера – кукольника. Уч.пособие. Л., 1989 г


1




10%







6

Образцов С. Моя прфессия. М., Искусство, 1981 г


1




10%







7

Образцов С. По ступенькам памяти. М., 1987 г


1




10%







8

Соломоник И.Н. Традиционный театр кукол Востока и России. М., 1983 г


1




10%







9

Что же такое театр кукол? : Сборник статей. Составитель Полянова О.И. М.: 1990. – 208 с., с ил.


1




10%







10

Что и как в театре кукол. Составитель И.Н.Жаровцева. Изд. «Искусство». М., 1969 г


1













5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ


Тақырыбы: Режиссураға кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

1.Режиссура – қуыршақ театрының негізгі мамандықтарының бірі.

2.К.С.Станиславский мен Вл.И.Немирович – Данченкомен жасалған режиссура туралы ғылым.

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Режиссура – қуыршақ театрының негізгі мамандықтарының бірі.К.С.Станиславский мен Вл.И.Немирович – Данченкомен жасалған режиссура туралы ғылым.Режиссер мамандығын даярлау, олардың жетілу процесін қадағалау, идеялық позициясын көркем көкжиегін айқындап отыру, әдістемелік ізденістерін басшылық ету ұстаздардың негізгі мақсаты болуға тиіс. Өйткені олар болашақ сахна жетекшілері, театр ұжымын ұйымдастырушы, театр өнерінің идеялық – көркемдік мазмұнын дамытушы.

Қуыршақ театрының негізгі аспабы – театр қуыршағы. Суретші бейнелейді, актер сахналық әрекет арқылы жан бітіреді, режиссер қажетті компоненттерді білгірлікпен пайдалана отырып, біртұтас творчетволық ансамбль құрып спектакль дайындап шығарады.

Сондықтан режиссура мамандығын даярлау, олардың жетілу процесін қадағалау, идеялық позициясы көркемі көкжиегін айқындап отыру, әдістемелі ізденістерін басшылық ету ұзтаздардың негізгі мақсаты болуға тиіс. Өйткені олар болашақ сахна жетекшілері, театр ұжымын ұйымдастырушы, театр өнерінің идеялық – көркемдік мазмұнын дамытушы.

Өнер академиясының басты міндеті қуыршақ театры өнерінің режиссерларын даярлауда К.С.Станиславский мен Вл. И.Немирович – Данченконың М.М.Королев пен С.Образцовтың әдістемелік ілімдерін басшылыққа ала отырып спектакль сомдау процесінің бейнелік шешімдерінің әдіснамысына баулу шешуші роль атқарады.

Сонда ғана логикалық ойлау жүйесі мен көркемдік сипатын тұтасқан қуыршақ театры өнерінің сұлу да сырлы, сан қырлы ғажайып өзіндік ерекшелігі спецификасы – болашақ мамандардың санасына ұялайды.

Режиссер курсының негізгі мақсаты актерлармен жұмыс істеу тәсілін оқып, үйреніп, актер творчествосы арқылы көрермендерге спектакль идеясын жеткізу. Ол үшін режиссер роль сомдаудың көп қырлы техникасын, қуыршақ театры өнерінің ерекшелігін, тәсілін терең меңгеруі керек. Болашақ режиссерлардың творчестволық деңгейінің жоғары болуына, театр ұжымына басшылық ете алатын сатыға көтерілуіне ұстаз тарапынан шеберлік пен парасаттық өте қажет.
Тақырыбы: Қуыршақ театр өнері

Дәрістің мазмұны:

1. Қуыршақ театры өнерінің ерекшелігі, спецификасы.

2. Қуыршақ театрының әлем мәдениеті тарихындағы ролі.

3.Қуыршақ театрының тарихына шолу жасау.Ресейдегі Петрушка театры. Қазақстан Республикасындағы қуыршақ театры. Мемлекеттік қуыршақ театры.

1840 жылдан бастап әр түрлі очерктер, естеліктер, күнделіктер беттерінде жылдар өте басты әрі негізгі орыс халықтық қуыпшақ театрының қаһарманына айналған Петрушка есімі Укусов Петр Иванович (ол әрі ванька Рататуй) атала бастайды. Петрушкамен койылған комедия өте аз уақытта бүкіл елге таралып, атағы шыға бастайды. «Петрушечник» сөзі «кукольник» сөзімен парапар еді. Жәрмеңке немесе халықтық қыдырыстарда бір уақытта бірнеше Петрушка театрының әртістері дүйім жұрттың назарында әрі күніне бірнеше рет комедиясын көрсетеді.

Петрушка театрымен қойылған комедиялар әр түрлі жағдайларда көрермен назарына ұсынылды. Ең кең таралғаны – «жүретін » Петрушка. Қуыршақшы мен музыкант-көмекші қажетті құралдармен, барлық заттармен жәрмеңкеден жәрмеңкеге көшіп жүріп, өнер көрсеткен әрі күндік тамақтарын тауып отырған. Сонымен қатар, сол уақыттарда да кішкене топ болып қала ішіне, қала сыртындағы елді-мекендерге шығып жүрген артистік құрамдар да болған. «Петрушка» театрына қосымша ретінде гаер-гимнаст, «үйретілген құс» немесе маймылдар өнер көрсетіп жүрген.

Халық арасындағы кең танылымы, «Петрушка» қуыршақ театрына деген халықтың сүйіспеншілігін сол кездегі 19-20 ғ.ғ. бас кезіндегі басылымдарда жарияланып отырған.

Петрушка туралы комедияның ерекшелігі сол – оның қойылым сценарийі бір болса да,әрдайым бірнеше нұсқада қойылып жүрген. Петрушка туралы дәстүрлі комедияның басты сахнадары: Петрушканың сахнаға шығуы, қалыңдықтың сахнасы, ат сатып алуы мен оны тексеруі, Петрушканың емделуі, әскери борышта шынығуы және соңғы сахна. Әдетте көрсетілім қалтарыс артынан көңілді әуен, күлкі естіліп, кейін Петрушка көрінетін. «Армысыздар, достар! Мен келдім...»,-деп көрерменмен амандасуын бастайтын болған.


Тақырыбы: Театрдың синтетикалық табиғаты

Дәрістің мазмұны:

1. Қуыршақ театры – синтетикалық театр өнері.

2. Театр – ұжымдық өнер.

3.Қуыршақ театр өнерінің көрермендері – балалар. Қуыршақ театр спектакльдерінің балаларға беретін тәрбиелік мәні.

Қуыршақ театры табиғаты драма театры өнеріндей синтетикалық театр болып саналады. Өйткені мұнда драма театрындағыдай өнердің барлық түрлері таза формада болмасада керекті формада музыка, би, пластика, живопись, бейнелеу өнері және т.б өнерлерден құралған.

Қуыршақ театры да ұжымдық өнер. Ұжымдық өнер дейтініміз спектакль жасауда драматург, режиссер, суретші, композитор, актерлар, қуыршақ жасаушы цех жұмыскерлері және т.б бір жұмылып бір ғана тұтас спектакль шығаруда жұмыстанады. Қуыршақ жасаушылардың өзара қарым – қатынасы тығыз шығармашылық байланыста болуы керек. Қуыршақ театрының негізгі көрермендері жас сәбилер. Сондықтан әрбір спектакль салмақты, тәрбие алуға тұраралық көркемдік сипаты дәрежесінде қойылуға тиіс. Олай дейтін себеміз, сәбилердің рухани болмысуының өсуіне, ана тілін қастерлеуіне, ұлттық ойлау мәдениеті мен халықтың өзіндікерекшеліктерін түсінуіне ықпал тигізетін өнердің ең ірі саласы – театр. Осыдан барып болашақ режиссерларды сәби көрермендердің эстетикалық талғамын да тәрбиелеуші деп ұғынамыз. Сондықтан режиссер дүниежүзілік балалар әдебиеті мен драматургиясын өнер тарихын музыка өнерін терең білуге міндетті.


Тақырыбы: Қалтарыс (ширма) және декорация түрлері, оны жасау принциптері

Дәрістің мазмұны:

1. Қуыршақ театрының өзіне ғана тән сахнасы – қалтарыс (ширма). Қалтарыстың техника ретінде атқаратын ролі.

2.Қалтарыс түрлері.

3.Қуыршақ театрының декорациясын жасау әдісі.

Қуыршақ театрының өзіне ғана тән сахнасы – ширма (қалтарыс). Ол еденнен адам бойының биіктігіндей ғана көтерілетін, үсті ашық қалтарыс. Оның арға жағында актерлер жүреді. Ал қуыршақ ойыны сол ширманың үстінде өтеді.

Ширма әр түрлі болады, олардың құрылысы да әр түрлі – жеңіл жасалатыны да, күрделісі де бар. Ал мектепте ең жеңіл, әрі оңай жабылатын ширманы пайдаланған жөн. Солардың жеңілдеу түрі ағаштан жасалған төрт рама (кереге) қатарластырыла бір-бірімен топса арқылы жалғастырылады. Раманың түсі көзге жағымды, қаракөк немесе жасыл түсті матамен қапталғаны дұрыс болмақ. Бұл көтергенде жеңіл, құрғанда оп-оңай, екі-үш минутта-ақ орнатыла салады. Оны жасағанда да қымбатқа түспейді. Егер көлемді ширма керек болса, онда ортасына қосымша рама жалғастырылып, ұзартуға болады.

Ширмадағы әр керегенің көлденеңі 60-70 сантиметр, ал биіктігі – ойнайтын балалардың қол мөлшеріндей болуы қажет. Шымылдықтың ар жағында ойнап жүрген актерлердің ширма ернеулерінен бастары көрінбей тұруы тиіс. Ал ширма өте биік болса, онда актерлерге қиындық түседі: қуыршақты көтере ұстау, орнату ауыр, қол тез талады.

Кейде қуыршақ ойынын жандандыра түсу үшін, не болмаса оқиғаның қай жерде жүріп жатқанын көрсету үшін ширма сыртында «фон» деген нәрсе қажет болады. Оны жасау үшін ширманың шетін планкалармен (таяқщалармен) үстінен жалғастырып, арасын қосу керек. Сол көлденең тақтайға мата ілінеді. Мата аспан түстес шымқай көк немесе сұрғылт түстес болғаны жөн. Сонда алдында ойнап жүрген қуыршақтар көрермендерге айқын көрінетін болады.

Пьеса желісімен сахнада қуырщақ жасырынатын бұта, ағаш, шетен қажет болса, оларды бөлек штативке қондырған жөн. Болмаса, рама ағаштарына тағы планка жалғасиырып, соған орнату керек. Мұндайда декорация (ағаш, бұта) жеңіл зат – қатты қағаз, картон, жұқа фанерден жасалуы керек. Қалтарыстың үстіңгі жағынан шымылдық құрылады. Оны екі түрлі етіп жасауға болады.

Бір қатарлы ширмада сахналық кеңістік аз болады, актерлер ойнап жүрген жер тарлық етеді. Ал, ширмадан алыс кетсе, қуыршақтар көрінбей қалуы мүмкін. Сондықтан сахнаны терең тереңдету үшін бірінші қатардан кейін 40-50 сантиметр әріректе (төрге қарай) екінші қатар құрылады. Ол алдындағы қатардан сәл биігірек болуы тиіс. Оны «план» деп атаймыз, немесе қуыршақ сахнасының тілімен айтқанда «грядка» дейміз. Сахнада бір мезгілде ондай планның үш-төртеуін құруға болады. Және кейінгілері алдаңғылардан ылғи сәл көтеріңкі болуы шарт. Қатар алыстаған сайын актерлер жүретін жер де көтеріңкі болуы керек. Ол үшін арнайы жасалған сәкі іспеттес «станоктар» жасалады.


Тақырыбы: Көркем шығарманы талдау

Дәрістің мазмұны:

1. Драматургия – қуыршақ театры режиссері шығармашылығының түп негізі.

2.Сюжет, оқиға, фабула, тартыс, идея, түпкі мақсат. Кескіндеме шығармаларын талдау.

Драматургия – қуыршақ театры режиссері шығармашылығының түп негізі. Қуыршақ театр режиссері пьеса қоярда ерекше роль атқарады. Режиссер спектакль қоярдағы жұмысын төрт этапқа бөлуге болады.



  1. Пьесамен жұмыс.

  2. Қуыршақ және декорация эскиздары бойынша суретшімен жұмысы.

  3. Үстел басында және ширмада актерлермен жұмыс.

  4. Спектакльді монтаждау. (музыка, жарықпен репетиция)

Пьеса таңдауда режиссер келесі мәселелерге көп көңіл бөлу керек:

  1. Пьесаның тақырыбы, идеясы, тәрбиелік мәні;

  2. Балалардың жасы;

  3. Пьесаның қуыршақ театрына арналғаны;

  4. Пьесаның сюжеті көп диалогтар мен әректтерден тұруы;

  5. Пьесаның түпкі ойын ашуда қойылымда қандай қуыршақ түрімен шешкен жөн және т.б;



Тақырыбы: Драмалық шығарманы режиссерлік талдау

Дәрістің мазмұны:

1. Режиссерлік талдаудың негізгі бөлімдері.

2. Драматург пен режиссердің қарым – қатынастарының бірлігі.

3.Пьеса бойынша режиссерлік экспликациялар жасау.

Режиссерлік талдаудың негізгі бөлімдері. Түпкі ойдың алғашқы пайда болуы. Шығарманың тақырыбы мен өзектілігін анықтау. Тақырыптың идеясын ашу.

Шығарма жазудың тарихи жағдайын оқу. Тарихи, ғылыми, әдеби, публистицистикалық, мемуарлық, иконографиялық, аудио, видео және интернет материалдарын оқу. Жеке бақылауларды пайдалану.

Идеялар мен түпкі мақсатты анықтау. Драматургтің ой танымы. Драматург пен режиссердің қарым – қатынастарының бірлігі.

Пьеса бойынша режиссерлық экспликациялар жасау.


Тақырыбы: Жан – жануарлар табиғатын бейнелеу

Дәрістің мазмұны:

1. Жан – жануарлардың тұлғасы.

2. Олардың мінез құлықтары. Сыртқы пішіні. Дауысы, үн ырғақтары. Қимыл – қозғалысындағы пластикасы. Іс - әрекеттері.

Атап айтқанда, жан – жануарлар мен өлі заттар табиғатын бейнелеуге арналған этюдтардың қуыршақ театры өнері ерекшелігін түсунуде үлкен мән бар. Жан – жануарлардың мінез – құлқына арналған жаттығуларда, этюдтарда студенттердің творчестволық елестету қабілеті өзінің психофизикалық табиғи тұлғасы арқылы жануарлардың психофизикалық ерекшеліктерін бейнелеп көрсетуге бағытталуы тиіс, бұл бірінші саты болса, өлі заттар табиғатын тірілту процессіне елестетумен бірге көркем қиялдау элементі ұштасу керек.

Жануарлардың өмір сүру барсыныдағы пластикалық көркем тұлғасы сомдалу керек.
Тақырыбы: Қуыршақ жүргізу техникасын актерлік шеберлікпен сабақтастыру тәсілі

Дәрістің мазмұны:

1. Қуыршақ кейіпкерді, оның қимыл – қозғалысқа ендіру тәсілін актер шеберлікпен сабақтастыру тәсілі.

2.Актер шеберлігі элементтері: елестету, қиялдау, сенім.

Тақырыбы: Өлі заттар табиғатын тірілту

Дәрістің мазмұны:

1. Актердің табиғи пластикасы. Елестету, ойлау, қиялдау.

2. Оқиға құрастырып, мазмұн тудыру.

Қазіргі заман театр спектаклінде ойыншы – қуыршақтың рөлін әр түрлі заттардан, актердің «тірілтуі» арқылы ойнайды немесе сомдайды. Олар: тұрмыстық заттан бастап ( иіссудың қорабы, ескі ойыншық, веер, гүл, т.б) арнайы жасалған бутафорға дейін. Сонымен қатар, спецификалық қуыршақ түрі де бар, олардың құрылысы арнайы театрландырылыған қойылымдарға жасалған.


Тақырыбы: Қуыршақ театры өнеріндегі сахналық әрекеттің психотехникалық процессі

Дәрістің мазмұны:

1. Психотехника процессі.

2. М.М.Королев «Қуыршақ театры өнері» негіздері.

3.Суретші мен актер қатынасы. Режиссер шеберлігі.

Қуыршақ театры өнеріндегі сахналық әрекеттің психотехникалық процессі жайында айтатын болсақ, ол өте қажет нәрсе.

Жан – жануарлардың мінез – құлқына арналған жаттығуларда, этюдтарда студенттердің творчестволық елестету қабілеті өзінің психофизикалық табиғи тұлғасы арқылы жануарлардың психофизикалық ерекшеліктерін бейнелеп көрсетуге бағытталуы тиіс, бұл бірінші саты болса, өлі заттар табиғатын тірілту процессіне елестетумен бірге көркем қиялдау элементі ұштасу керек.


Тақырыбы: Марионетка және тростты қуыршақ жасау және дұрыс қолдану технологиясы

Дәрістің мазмұны:

1. Марионетка және тростты қуыршақтар құрылысы, ерекшеліктері.

2.Оларды жасау технологиясы.

3.Қуыршақтарды спектакльдерде жүргізу техникасы.

Басқа қуыршақтарға ұқсамайтын қуыршақ түрі бұл – марионетка. Марионетка қуыршағы бүгінгі күнде жіптегі қуыршақ. Француз тілінен аударғанда «Marion, Marionette» деген сөз « кішкентай мүсін» арқылы Аве Марияны орта ғасыр қуыршақ мистериясында бейнеленген.

Марионетканы пенопласттан, картоннан желімдеп, пароллоннан қиып жасауға болады. Балалар қуыршақты қолдағы заттан: бантиктен, тенистік және резина шарлардан, әр - түрлі қораптардан, шыршаның тікенектерінен жасағанды қызық көреді. Ал, ағаштан жасалған қуыршақ әрі мықты, әрі сенімді болады.

Марионетканы қуыршақ - актері жоғарыда тұрып, жіп немесе сым арқылы басқарады. Ең оңай марионетка – сымдағы марионетка. Мұндай қуыршақтың басы мен денесі біртұтас етіп, қатты бекітіледі. Ал қолы мен аяғы бос қозғалуға икемді болуы керек. Оның басына темірден жасалған ұстағыш бекітіліп, осы сым арқылы қуыршақ марионетканы қозғалысқа әкеледі. Мұндай қуыршақтың қозғалысы шектелген.

Ал, марионетканың ең қиын түрі бұл - жіптегі марионетка. Мұндай қуыршақтың иығы, белі, тізесі, мойыны, шынтағы, қолының білегі, табаны жіпке байланады да, жіптің шеті арнайы ағаштан жасалған крестік құрал – вагаға бекітіледі.

Қуыршақты құрастырып болған соң вагаға жіппен іліп, ұзындығын жерде тұрып анықтайды. Қуыршақтын қимылын ваганың көмегімен орындайды, ал вага шынтақтың бүгілу бойында болуы керек. Іліндіні (жіп, сым) қуыршақ пен ваганың арақаштығынан басталуынан анықтайды. Оны негізінде екі кісі жасаған жөн. Біреуі ваганы бір қалыпта ұстаса, екіншісі байлайды. Жіпті ауырлық көп түсетін жерден бастаған жөн, егерде қуыршақ адам болса – бастан, иықтан, ал егерде аң болса – арқасынан бекітеді.

Қуыршаққа костюм сыртқы пішінінің сыртынан тігіледі. Киімі бос болу керек. Себебі: қимылына кедергі келтірмей, жіптің жүруіне етпеуі керек. Бәрін мұқият тексеріп, алдын – ала газеттен пішіп алған дұрыс. Қатені көріп, дұрыстауға болады.

Вага – бұл өзіндік басқару жүйесі, саусақпен жіпті анықтап алып, актер сол қолымен жіпті қозғап, әр – түрлі қимыл жасап, қуыршақты қиын іс - әрекет жасауға бағындырады. Маионетканың жұмысын жайғана жаттығудан бастау керек. Яғни, қуыршақты бұрылуға, жүруге, жүгіруге үйрету керек. Негізгі қиындықтар қимыл заңын игеруде. Ол үшін мыналарды есте ұстау керек:


  • Марионетканың техникалық жағдайын және оның істей алатын қимылын анықтап алу керек.

  • Марионетканың нақты қимылы, ырғағы,тікелігі оқылған текстіге тікелей байланысты болуы керек.

  • Статистикалық жағдайын, нақты қимылымен кезектестіру керек, ол қуыршақтың сылбырауын сақтайды.

  • Қуыршақ үлкен қашықтықты жылдам меңгереді, ол үшін оны ауада секіртіп немесе қалықтатып, жіпті бос қылдырады.

Марионетканы адам бейнесіне қарап жасаған. Марионетканы адам кейпін ссалу арқылы қозғалысқа келеді, ал адам болса өз өнері арқылы табиғатты бейнелейді. Марионетка адамды салу арқылы адам жолымен жүріп келеді. Адамды салу арқылы ол өзіне тән көркем образ яғни өзінің құпия өмірін жасайды және өз қимылдарын көркем шығармашылық образға айналдырады.

Тростың қуыршақтың сыртқы корпусында (ашық немесе тығылуы) немесе қуыршақтың ішінде орнатылуы мүмкін. Оның басы қолғапты қуыршақ секілді(жүргізушінің қолымен) немесе арнайы жасалған трост – гапита бастың ішімен жүргізеді. Тростық қуыршақ сонымен қатар көлеңкелі театрда да қолданылады.



Тақырыбы: Актер – қуыршақ театрындағы орталық шығармашылық тұлға.

Дәрістің мазмұны:

1. Актер – қуыршақ театрындағы орталық шығармашылық тұлға.

2.Режиссердің актермен жұмыс істеу принциптері.

Актер – қуыршақ театрындағы орталық шығармашылық тұлға болып саналады. Өйткені қуыршақ театрының актері жансыз қуыршаққа жан беріп тірілтетін сол адам. Ал, режиссерлық жұмыс әдісін түсіндіру, бағыт беру болып табылады.

Спектакль қоярда режиссер мен актер тығыз байланыста жұмыс жасайды. Актер спектакльге дайындық болмастан бұрын қуыршақты көрмейді. Тек дайындықта жүргізетін қуыршағымен танысады. Содан кейін қуыршақтың образын ашуда жұмысын бастайды. Осы жерде ізденіс процессі жүреді. Актер қуыршақтың қимыл қозғалысын, дауысын меңгереді.
Тақырыбы: Қол (қолғап ) және бес саусақты қуыршақтарын жасау технологиясы мен жүргізу техникасы.

Дәрістің мазмұны:

1. Қол (қолғап ) қуыршақтарынының құрылысы. Бес саусақты қуыршақтарының құрылысы.

2.Оларды жасағанда қолданылатын материалдар.

3.Қол (қолғап) қуыршағын жасау технологиясын меңгеру.

4.Қуыршақтарды жүргізу техникасы.

Қолғапты қуыршақ – қуыршақ жүргізушінің қолына киіледі және саусақ пен білек арқылы қозғалысқа әкелінеді. Қолғапты қуыршақтың техникалық жүргізуі қуыршақшының білегінен кішкене ғана үлкен болу керек. Қолғапты қуыршақтың классикалық нұсқасы – орыс Петрушка қуыршағы.

Ерте кезде қыдырып жүретін күлдіргіш – петрушниктер ширмасыз жүрген. Ол кезде актердың белінде мата орнатылып, матаның шеті қуыршақшының басынан жоғары орнатқан. Осылай ол қойылым көрсететін болған. Петрушка сияқты қолғапты қуыршақтар басқа елде де дамыған. Олар: Италияда – Пучинелла; Англияда – Панч; Францияда – Полишинель; Германияда – Гансбурст; Турцияда – Карагез, яғни Қаракөз; Чехославакияда – Кашпарек.

Көптеген зерттеушілердің ойынша басқа қуыршақ түрлеріне қарағанда ең алғаш пайда болған бұл қолғапты қуыршақ деген пікірлерін айтты.

Саусақты қуыршақ – оны басқаш «өзінмен бірге болатын, театр» деп атайды. Сахна – алақанның өзі, ал саусаққа бастар, декорациялар немесе кішкентай қуыршақтар киіледі. Оларды арнай дайындайды немесе теннистік шариктен және керек емес лақтырып тастайтын заттардан ( шампунның басы, қыстырғыш заттар) және т.б заттардан жасалады.
Тақырыбы: Авторлық өлең ертегілерімен жұмыс жасау әдісі


жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау