Негізгі сұрақтар:
Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.
Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:
- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;
- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;
- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.
Бұл айтылған жұмыстардың қай түрі болмасын (сырға, белдік, алқа, т.б.), өндірістік оқыту техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Негізгі бөлігі ағаштан жасалып, сырты былғарымен, сүйекпен әрлеп, кейде күмістеліп, әсем өрнектеліп істелінеді. Беттеріне оюлардың түрлерін бедерленіп сырланып, сүйекпен жапсырылып орналастыру.Әбдіре - сандықтың түрі. Сүйек ағаштарды қарағайдан жасалып, сырты былғарымен немесе темір қаңылтырмен қапталып, жұқа күміс жолақтар жүргізіледі. Сыртқы формаларын әр қилап, оюлап нақыштап келтіру. Лақты – бояу материалдарының түрлерімен салыстыру, ағаш бұйымдарының бетіне механикалық түрде және қолмен жағу арқылы үйрену.
Сабақтың міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық-шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:
- аудиториялық жұмыс;
- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;
- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.
Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Өндірістік оқыту сабағында сәндік-қолданбалы өнер орындау, сонымен қатар арнайы тақырыптарға дәрістер оқылады.
СОӨЖ тақырыбы: Қазақ халқының сандық түрлерімен кітапханалардан танысу.
Мақсаты: Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі суреттемелер салу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жастар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып қолданбалы өнерден студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.
Өткізу барысы: Ұзақ мерзімге арналған сәндік-қолданбалы жұмыстардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, көлемін анықтау, стилизациялау, күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның қағаз бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.
Әдістемелік нұсқаулар:
Ағаш төсек-беттері рельефті оюлармен жіңішке жолақтармен әшекейленіп ойылып, кейбіреулері түсті бояулармен боялып, сүекпен, күміспен қапталған.
Жастық ағаш - сырт жағынан оюланады. Геометриялық немесе өсімдік бейнелерін пайдалану.
Сабақ барысында студенттер лакты бояу материалдарын ағашқа жағып көріп, бір уақытта оның технологиясымен, әрі жасаған жұмыстарды салыстыру арқылы материалдарының да ерекшеліктерімен таныс болады.
Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға түрлі зергерлік жұмыстарды қараған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуына осы тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде салынған графикалық бейне, арнайы металды таңдау, көлем, ерекшелігі, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.
Жұмыстар орындау кезінде оюдың композициясына, пластикасына, мазмұнына көп көңіл бөлінеді. Себебі, оның композициялық шешімін табу арқылы өзіңнің ішкі ойыңды жеткізе аласың. Қолданбалы өнерді орындау үдерісінде неден бастау керек және де оған келетін металдың, асыл тастың ерекшеліктерін ескерген дұрыс. Бұл жөнінде оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады.
Әдебиет: 5,9,10,15,18,22,23
8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖОҚ
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1. Ағаш түрлері. Ағаштың құрылымы мен қасиеттерін сипаттау.
Ағаш тұқымдарын сипаттап ажырата білу.
Ағаш кемістіктерін анықтау мен оларды жоюдың тәсілдерін меңгеру.
Ағашты кесу және тілу әдістерін игеру.
Ағашты кептіру тәсілдерін жасау.
Жасанды ағаш материалдарын жасалуы мен қолданылуы.
Желім түрлері мен желімдеу әдістері.
Ағашты әрлеу тәсілдері.
Лак және бояу түрлері және оларды қолдану.
10. ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖОҚ
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.
Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.
Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті долбар, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған суреттер қойылады (үй тапсырмаларын қарындаш, ұштық, тушь, жұмсақ материалдар, фломастер, акварель бояуының қара түсімен орындауға болады).
Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:
- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;
- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;
- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;
- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.
жатқызамыз.
Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
Бағалау саясаты:
№
|
«Зергерлік жұмыс» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы (долбар, нобайлар)
|
2
|
30
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Аралық бақылау жұмысы (Реферат, жеке тапсырма түрінде)
|
6/9
|
15
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
3
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі (Сабаққа қатысу, берілген жұмыстарды орындау)
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан
(Үй жұмысымен жеке және аудиториялық жұмыс көрмесі)
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқаулар бойынша өтеді. (Аралық бақылау max.60%, емтихан 40%, барлығы 100%.
Қорытынды емтихан үй жұмыстары мен жеке және аудиториялық жұмыстардың көрмесімен бағаланады.
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді. Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық графикалық жұмыстарды, тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады.
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. Қола дәуірі кезеңіндегі зергерлік бұйымдар
2. Есік обасынан, Бесшатыр қорғандарынан табылған заттардың айырмашылығы неде?
3. «Зер-зар» парсы тілінде қандай мағынаны білдіреді?
4. Зергерлердің соғатын заттарының түрлерін ата
5. Қарапайым және күрделі пішіндерді біз қалай түсінеміз? Мысал көрсетіңіз.
6. Әйелдердің әшекейі? Мысал көрсетіңіз.
7. Осьтік сызық деген не?
8. Әр түрлі материалдарды қолдану әдістері.
9. Сақина жасаудағы симметрияның маңыздылығы неде?
10. Үшөлшемділік, көлем, пішінді қалай түсінесіз?
11. Сәйкестіктер жөнінде білетін мағлұматыңыз?
12. Геродот шығыс скифтерін қалай атады?
13. Сақ шеберлері қандай аңдардың стилінде мүсіндер орындады?
14. Қазақ жерінде қай металдар көне заманнан бастап қолданылады?
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. Қазіргі зергерлерлік бұйымдар ісінің түрлері? Мысал келтіріп көрсетіңіз.
2. Қазақтың халықтық ағаш бұйымдарынан жасалған өнері
3. Қара түсті металдарды атап көрсет
4. Түсті металдар туралы не білесіз?
5. Жекелеген тапсырмалармен жұмыс жасаудын реті қандай?
6. Оқыту жүйесіндегі «сатылық» дегеніміз не?
7. Қарағайдан домбыраны қалай жасайды?
8. Көру аймағы дегеніміз не?
9. Емен мен қайыңның айырмашылығы
10. Рельеф дегеніміз не?
11. Перспектива нені зерттейтін ғылым, мысал келтіріп, түсіндіріңіз?
12. Ауа кеңістігі дегенді қалай түсінесің?
13. Сырға жасау жолы? Мысал келтіріңіз
14. Алтын мен күмістен жасалған бұйымдар? Мысал келтіріңіз.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.
Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:
барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;
сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференция.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
12. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЙЛІК ҚАМАТАМАСЫЗДАНДЫРУ ЖОҚ
13. АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТІЗІМІ
№218 (арнайы зергерлік шеберхана) аудитория, №7 оқу ғимараты.
Достарыңызбен бөлісу: |