§1. Бұғаттаумен қамтамасыз жабдықтарды пайдалану
147. Жабдықтар сенімді және дұрыс орнатылған қоршаулары бар, есіктері жабылған және бұғаттары ішке енгізілген, дұрыс және шығырлары тоққа қосылған жағдайда ғана пайдаланылуы керек. Жабдықты пайдалану барысында кезекші қызметшілерге болтпен немесе бұранда арқылы біріктірілген қоршау панелдерін алып тастауларына рұқсат етілмейді.
148. Жабдықты тоқ желісіне қосқан сайын кезекші қызметшілер қоршауда адамның жоқтығына көзін жеткізіп, есіктерді жауып, бұғаттарды ішке енгізіп және механикалық бұғаттардың орнына орнатылатын бөлгіш кілттерін орнына қайта қондырғаннан кейін ғана әрекет жасалады.
149. Қажет болған жағдайда жабдық басқа қабаттарда бөлек – бөлек және әртүрлі жайларда орналастырылған болса, кезекші қызметші жабдықты қашықтан қосу түймесін 5 – 6 секунд бұрын 2 – 3 секунттық қашықтан қосылатын жабдықтардың маңайында жүрген адамдарға қауіпті ескертетін электрдыбыстық белгі береді. Дыбыстық белгі беру құралдары (сиреналар, «өкірмелер», қоңыраулар) қашықтан қосылатын жабдықтар орналасқан ғимаратжайдың түкпір –түкпірінен жақсы естілетіндей болып қондырылады.
150. Бұғаттау қою мерзімі өтіп кетпесе жабдықтарға жедел қызмет көрсету (таратушы аспаптарды қайта орнату) жұмыстарын атқару барысында қоршау ішіне кіру, бұғаттарды тартып шығару немесе шкаптарды ашу қажет болмаса, наряд толтырмай – ақ пайдалану құжаттамаларына жазу арқылы ғана істеуге болады.
151. Қоршау ішіне кіріп, шкаптарды ашу арқылы жұмыс атқаратын кезекші қызметшінің жұмыс бастар алдындағы міндеттері:
1) механикалық бұғаттардың бөлгіштері (МБА) тоқ көзінен ажыратылғанына, ал пышақ іспетті МБА –лар «Ажыратылған» қалыбында тұрғандығына көз жеткізіп алуы керек.
2) осы Ережелердің талаптарына сәйкес жұмыс жүргізілетін ушәскелерде кернеудің жоқтығын тексеруі керек;
3) қалдық тоқ кернеуі болуы мүмкін сүзекілердің конденсаторларын және жабдық тораптарын разрядтау;
4) жұмыс жүргізілу жоспарланған ушәскеде кернеу түсіргіш ілгек іліп қоюға міндетті;
5) антенналық жолдың тоқ желісінен ажыратылғанына және антенналық коммутатор немесе антенна жағынан жоғары жиіліктегі кернеу жабдыққа жетпейтініне көз жеткізілуі керек.
152. Жабдықты қарап шығу және оны қайта құрау кезінде тетіктерін айырбастау үшін кезекші қызметшілерге бұғаттарды тартып шығаруға, шкаптарды ашуға және шамдардың қызу кернеуін, басқару жүйесінің қорек көзінің кернеуін алдын ала түсіріп алмайынша қоршау шеңберіне кіруге, кернеу астында қалған тоқжүргізгіш бөлшектерге таяну ықтималдығы жоқ жағдайда шығырлар мен дыбыстық белгі беру жүйесінің кешенімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі
Радиошамдарының қызулық кернеу және басқару жүйесінің жабдықтарын тазалау және жөндеу барысында бұғаттаулар мен дыбыстық белгі беру құралдары тоқ көздерінен ажыратылады.
153. Түзеткіш аспап сүзекісінің сақтандырғыштарын ауыстырғанда кезекші қызметші кернеу түсіргіш ілгек арқылы сақтандырғышы істен шыққан конденсатордың кернеуін түсіріп, кернеу түсіргіш ілгекті конденсаторлар батареясының ортақ сымына қондырылады.
§ 2. Бұғаттауды пайдалану тәртіптері.
154. Төменде көрсетілген таратқыштардан басқасының барлығында тәуелсіз электрлік және механикалық бұғаттау болады.
Түзеткіштердің жұмыс кернеуі 1000 В - тан кем емес және 5 киловатт қуатты пайдаланатын таратқыштарда тек қана жалғыз механикалық бұғаттау коюға рұқсат етіледі
155. Бұғаттардың басқару және белгі беру жүйелерінің тізбектерінің электірқуатымен қоректенуі бөлгіш трансформаторлар арқылы таратқыштардың ортақ торабынан жүзеге асырылуы керек. Бұл трансформаторларға УБС жүйесіне жатпайтын тоқ өнімін тұтынушылар жалғанбауға тиісті.
Электірлік бұғаттау тізбектерінің қоректенетін кернеулік мөлшері 220 Вольттан аспауы қажет.
Электір бұғаттары тізбектерінің оқшаулану қалпын әрбір сым мен жерге жалғаған нүктелер арасында тұрақты бақылау 5 мА – дан аспайтын тоқ тұтынғыш екі вольтметр арқылы жүзеге асырылады.
Керекті жерлерге қол қол жеткізу құралдарының құлыптары таратқыш аспаптармен бірге жеткізілетін арнайы кілттермен ашылып жабылатын болуы керек.
Аспаптар бөлмесінде орналастырылған таратқыштарға қол жеткізу құралдарының құлыптарының кілттері басқа таратқыш құралдарының құлыптарын ашпауы керек.
156. Электр бұғаттарының тізбектерінің оқшаулау кедергілері 500 КОМ – нан кем болмауы керек.
157. «Төқкөзінен ажыратылған» қалпында тұрған ҰТ(ДВ), ОТ(СВ) және УҚТ(УКВ)- диапазондықтар таратқыштың жоғары жиіліктегі фидерлердің шығар ауыздағы жерге қосқыштарын қамтамасыз етуі керек.
158. Бұғаттардың қызмет атқару жағдайын екі айда бір реттен сирек емес, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қоғамдық инспекторын қатыстыра отырып оқтын – оқтын мына көлемде тексеріп отырады:
механикалық бұғаттар тетіктерінің, құлыптар мен кілттерінің, жетектерінің сыртқы жай –күйін қарап отыру;
бұғаттардың электр тізбектерінің оқшаулық кедергілерін тексеріп отыру;
сүзекілердің разрядтау құрылғыларының дұрыстығын тексеру;
бұғаттар қызметінің дұрыстығының іс жүзінде тексерілуі;
Электірлік және механикалық бұғаттар қызметінің дұрыстығын іс жүзінде тексеруді жөндеу тобының (бригаданың) неғұрлым тәжірибелі инженері және кезекші ауысымның аға маманы әрбір профилактикалық байқаудан кейін, бұғаттау арқылы тұйықтау әрекеттерінен соң, жөндеу және үйлестіру жұмыстарынан кейін жүзеге асырылып отыруы керек. Бұғаттаудың дұрыстығы есіктердің біртіндеп ашылуы немесе тоқкөздеріне толығымен қосылып тұрған жабдықтардың «телефон» режимінде «сығымдалу қалыбында» немесе модуляция бермей – ақ «телеграф» режимінде сақтық кілтін пайдалану арқылы тексеріледі.
Бұғаттаудың мезгілдік тексеру нәтижелері осы Ереженің 13-қосымшасында көрсетілген тиісті кесімдермен рәсімделеді. Бұғаттардың профилактикалық және жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізілген мезгілдік тексерістерінің нәтижелері жедел тіркеу жорналына жазылады
Бұғаттаудың тексеріс кезінде мәлім болған барлық ақаулары қолма қол жөнделуге тиісті.
159. Бұғаттау жүйесінде жүргізілген электромеханикалық немесе электромонтаждау жұмыстарынан кейін, сонымен қатар бұғаттау немесе олардың басқа бөлек тізбелері жаңылыс істеген жағдайда толық көлемді тексеріс пен сынақтар жүргізіледі.
160. Егер пайдалану барысында бұғаттау жүйесінде ақаулық мәлім болған жағдайда ауысым бойынша аға қызметші қолма қол ақаулықты жөндеу үшін шара қолдануы керек. Егер ақаулықтарды жедел түрде жөндеу мүмкіншілігі болмайтын болса, ішінара немесе толық ажыратылған бұғаттаумен уақытша жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұғаттау жүйесінің бірі (электрлік немесе механикалық) істен шыққан жағдайда ауысымның аға қызметшісі тиісті есіктер мен шкаптарға «Тоқта! Жоғары кернеу» деген ескертпе плакат іліп, ол жөнінде стансаның (ұйымның) техникалық басшысына баяндап және жедел тіркеу жорналына тиісті жазба жасауы керек. Электрлік немесе механикалық шығырлар (немесе электр шығыры жоқ жабдықтың құрамына кіретін механикалық шығырлар) бір мезгілде істен шығатын болса ауысымның аға қызметшісі жоғарыда аталған шаралардан басқа кезекші қызметшілердің біріне шығыры істен шыққан жабдықтың жанынан шықпастан жабдыққа жақындап келе жатқан адамдарды істен шықан жабдық туралы ескертіп тұруды қатаң тапсыруға тиіс. Пайдалану барысында байқалған шығырлардың ақаулары жабдықтың жуық арадағы үзілісінде жөндеоуге тиісті. Бұғаттаулардың ақауларын жуық арадағы үзілісте жөндеу мүмкіндігі болмаған ерекше жағдайларда бас инженердің (цех басшысының) рұқсатымен ескерту плакаттары ілініп, ал жедел тіркеу жорналында шығырнаманы айналып өту қажеттілігі туралы жазба жасалып,содан кейін жабдық қайтадан іске қосылады. Ақаулықтарды жөндеу кезінде бұғаттауларды кезектен тыс тексеру толығымен жүргізіледі және сол туралы кесім жасалады
161. Механикалық бұғаттаудың сақтық кілттері мен тарату құрамына кіретін май толтырылған қондырғылардың ашық қоршаулы құлыптары арнайы жәшікте сақталады да кілттер ауысымның аға маманының қолында жүреді. Кезекшілік тапсырылғанда сақтық кілттері тізім бойынша құжатталып өткізіледі.
162. Бұғаттау жүйесін тексеру таратқыштардың қоректендіруші кернеу көзінен ажыратылғанында және электр бұғаттаулардың түйіскен жерлерінің тұйықталғанында жүргізіледі. Ондай жағдайда электр бұғаттаулардың оқшаулану қалпын тексеретін ішке енгізіліп орнатылған вольтметрлер және конденсаторлар жерден ажыратылуы керек. 500 Вольт немесе 1000 Вольттік оқшаулықтар кедергісін өлшеу мегомметр арқылы жасалуы қажет. Тізбектердің оқшаулықтарының 42 Вольттен аспайтын номиналды кернеуін өлшеу жұмыстарын төменвольттік мегомметр арқылы жүргізуге болады.
§ 3. Үйлестіру және алдын ала жөндеу жұмыстары.
163. Алдын ала жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын барлық қажет (жұмыстың қандай түріне жататындығына байланысты) ұйымдастыру және техникалық шаралар орындалады.
Үйлестіруші бригаданың басшысы мен оның орынбасарының электірқауіпсіздігі жөнінен Ү – ші, топ жетекшісінің ІҮ –шіден кем емес, ал бригада мүшелерінің санаты ІІІ санаттан кем болмайды
Үйлестіру жұмыстары 1000 Вольттан жоғары кернеу астында атқарылатын жағдайда электрлік және механикалық бұғаттаулардың барлығы толығымен алдын ала сынақтан өткізіліп, ол жөнінде алдын ала сынақ кесімінде жазылғаннан соң іске қосылады.
Жұмысқа жіберуге рұқсатты ауысымның аға қызметшісі береді және ол туралы жедел тіркеу жорналына тіркеп ауысымның аға қызметшісінің және жөндеу бригадасының бригадирінің қолдары қойылады. Жұмысқа жіберер алдында ауысымның аға қызметшісі үйлестіруші бригаданың құрамын, оның мүшелерінің электірқауіпсіздігі жөнінде санаттарын тексереді және нұсқаулық жасайды.
Ауысымның аға қызметкері жөндеу-алдын алу жұмыстарына станса толық тоқтағаннан кейін араласа алады.
164. Жедел тіркеу жорналына рәсімдеп барып ауысым басшысы механикалық бұғаттардың сақтық кілттерін жұмыс ұйымдастырушының қолына табыс етеді.
Техникалық бақылауды немесе үйлестіру жұмыстары аяқталғаннан соң ауысымның аға қызметшісі жедел тіркеу жорналына жаза отырып сақтық кілттерін қабылдап алады.
165. Пайдалану мен әкімшілік қызметшілеріне жабдықтың бұғатталған ушәскелерінің кілттерін жеке ұстауға рұқсат етілмейді.
166. Радиоқондырғылардың жаңа бекітілген жиіліктерге бейімдеп ауыстыру жұмыстары (хабар тарату торабы өзгергенде) электірқауіпсіздігі жөнінде Ү – ші санаты бар ИТЖ – ның осы жабдықтарына жауапты адамның басқаруымен атқарылады; бригада мүшелерінің электірқауіпсіздік жөнінде ІІІ – тен төмен емес санаттары болуы керек.
167. 1000 Вольттан жоғары кернеуді қосуды талап етпейтін үйлестіру жұмыстары (басқару жүйесін, шығырлау және дабыл жүйесін,аз қуаттағы каскадтар), сонымен қатар үйлестірілетін механикалық және монтаждау жұмыстары электірқауіпсіздігі жөнінде ІҮ – тен төмен емес санаттағы инженерлік – техникалық қызметкердің басшылығымен атқарылуға тиіс.
1000 Вольттан жоғары кернеуді қосуды талап ететін үйлестіру жұмыстарын электірқауіпсіздігі жөнінде Ү – ші санаттағы инженерлік – техникалық қызметкердің басшылығымен атқаруға рұқсат етіледі.
Үйлестіру жұмыстарының үзіліссіз атқарылу уақыты 7 сағаттан аспай және мүмкіндігінше күндізгі мезгілде атқарылады.
168. Жабдықтың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып (тартпалы шығырлар, панелдер) үйлестіру жұмыстары мен тартпалы шығырлардың, панелдердің ақауларын анықтау 1000 Вольттан аспайтын кернеу астында жүргізіледі( жалғамалы түтіктердің көмегімен).
169. Үйлестіру жұмыстарының үзілістері арасында (жұмыс күні аяқталып немесе басқа да себептермен) барлық кернеу көздері ажыратылып, ажыратқыштар мен айырмалар тоқ көздерінен ажыратылғаннан кейін, және айырмалар мен ажыратқыштардың жетектерінде «Тоққа жалғауға болмайды – адамдар жұмыс істеп жатыр» деген ескертпе плакаттар ілініп қойылады.
170. Тартпалы шығырнамалар кестесі жүйесіне өлшегіш аспаптарды жалғағанда қоршау сыртына қауіпті кернеудің шығып кетпеуін қадағалау керек, ашып айтқанда – адамның өміріне қауіп төндіретін сымдар, құралдар және тағы басқалар жерге және бір біріне қатысты жоғары кернеу астында қалып қоймауын қатаң қадағаланады. Сонымен бірге кернеу астындағы өлшегіш аспаптарға таянуға рұқсат етілмейді.
Қалыпты жағдайлардан тыс уақытта үйлестіру жұмыстары жүріп жатқанда 1000 Вольт немесе одан да жоғары кернеудегі тоқ көздеріне шығыры алынған есіктің біреуі ашық болса арнайы сыртқа шығаратын түтік арқылы бөлек шығырды іске қосуға рұқсат етіледі. Бұндай жағдайда үйлестіру – жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқан жабдық ғимараттың қалған басқа бөлмелерінен тасымал қоршаулармен бөлініп қоршалып қойылуы керек және қоршауларда «Тоқта.Жоғары кернеу» деген плакаттар ілініп тұруы қажет.
§4. Құрылыс – монтаж ұйымдары атқаратын үйлестіру –жөндеу жұмыстары
171. Үйлестіру жұмыстарының алдында ушаске бастығы (прораб) жедел тіркеу жорналына тиісті рәсімдеу жазбаларын енгізіп, үйлестіру бригадасының басшысын, оның орынбасарын, топ жетекшілерін тағайындауға және бригада құрамын анықтауға міндетті. Кәсіпорында кезекші қызметшілер жоқ болған жағдайда жедел тіркеу жорналы үйлестіру бригадасының басшысында сақталады.
172. Үйлестіру жұмыстары бригада (топ) жетекшісінің немесе оның орынбасарының нарядынсыз атқарыла береді.
Үйлестірме – жөндеу бригадасының (топтың) жетекшісі мен оның орынбасары екеуі бірдей болмаған жағдайда үйлестіру – реттеу жұмыстарын атқаруға тыйым салынады.
173. Таратқыш құрамына кіретін май толтырылған ашық жабдықтардың қоршауларына және жабдықтың жалпы қоршау ішіне құрылыс – монтаждау жұмыстарын атқару үшін жұмыс атқарушы адамдарды үйлестіру бригадасының басшысы (немесе үйлесірме – жөндеу бригадасы басшысының рұқсатымен топ жетекшісі)жүзеге асыра алады. Басшы жұмыс жүргізілетін жабдықты кернеу көзінен ажыратып және оның қапылыста қосылуының алдын алатын шараларды қолданылады.
Жұмысқа жіберу әрекеті жұмыстың басталған уақытын бригада жетекшісінің қолында сақталатын жедел тіркеу жорналына жазу арқылы рәсімделеді.
Жұмыстардың атқарылғаны үшін жауапты адам (прораб, бригадир) жұмыстың қабылданғанын жазбаша түрде жорналға енгізіп растауы керек.
Үйлестірме – жөндеу жұмыстары жүргізілетін жабдықтарда монтаждау және құрылыс жұмыстары жұмысқа жіберу туралы рұқсат берілгеннен кейін ғана атқарылуға тиіс.
174. Үйлестіру – жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиісті жабдықтарда құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін жауаптьы атқарушы жұмыскерлерді жұмыс орнынан алып шығып, жұмыс орнын тазалап, ретке келтіргеннен кейін жұмыстың аяқталған уақытын көрсетіп, жорналға жазады.
175. Жұмысқа жіберуге рұқсат етуші адам (бригада, топ жетекшісі) қажетті қауіпсіздік шараларының орындалуына, сонымен қатар жұмыс белгіленген ушәскеде қапылыста кернеу қосылып кетпеуіне қоса жауап береді. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмысқа рұқсат беруші қоршау ішінде немесе жабдықтың бұғатталған ушәскелерінде адам немесе бөгде заттардың болмауын тексеріп, кейіннен жабдықты кернеу көзіне қосуға дайындайды.
Жабдықты кернеу көзіне тек жоғарыда аталған шарттарды орындап және құрылыс – монтаждау жұмыстарының аяқталғандығы туралы мәліметті жорналға жауапты орындаушы тіркегеннен кейін ғана қосуға рұқсат етіледі.
Жұмысқа жіберу туралы рұқсат және жұмыс аяқталғандық туралы рәсімдеу әрекеттерін бастан аяқ бір тұлғалар ғана жүзеге асырады.
176. Үйлестіру жұмыстары жүріп жатқан жақын маңайларда қандай да болмасын құрылыс – монтаждау жұмыстарын (сырлау, сылақ, слесарлық)жүргізуге рұқсат етілмейді.
177. Егерде жабдықты реттеу және үйлестіру барысында механикалық немесе монтаждау жұмыстарына қажеттілік туындаған жағдайда үйлестірме – жөндеу бригадаларының құрамына электірқауіпсіздігі жөнінде санаты ІІІ – тен кем емес жөндеу қызметшілері тартылуы мүмкін. Бұл жұмыстарды атқару барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет шаралар қолданылады.
§ 5. Радиоқондырғылардағы апатты жағдайларды қалыпқа келтіру жұмыстары
178. Апат болған жағдайда немесе кейбір жабдықтардың ақауын жөндеуді кейінгіге қалдыруға болмайтын ал қалдырған жағдайда апатқа ұшырататын жұмыстарды ретке келтіруге наряд жазбаса да рұқсат беріледі:
1) кезекші қызметкерге (кернеуі 1000 Вольттан жоғары қондырғыларда жұмыс істейтін екіден төмен емес);
2) егер нарядтың жазылуы мен дайындалуы апат салдарын жою жұмыстарының ұзаққа созылуымен байланысты болса, кезекші қызметкердің бақылауындағы жөндеу қызметкеріне;
3) кезекші қызметкер бос болмаған жағдайда жұмысты жөндеу қызметкеріне атқару рұқсаты беріледі. Ол үшін сол радиоқондырғыда қызмет атқаратын, V санаты бар электрқауіпсіздігі жөніндегі техникалық әкімшілік қызметкерінің жауапкершілігімен бақылауы міндетті түрде қажет болып табылады.
179. Жұмыстар жұмыс атқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей, барлық техникалық шаралардың орындалуы арқылы жүзеге асырылуы керек.
Кезекші қызметкердің апат салдарын жоюға арналған жұмыстарға қатысуы үшін (қатысып немесе нарядсыз жұмыс істеп жүрген жұмыскерлерді бақылап жүрсе де) лауазымы жоғары қызметкер рұқсат беруі керек.
180. Жабдықтау барысындағы тоқтап қалу жұмыстарын қысқартып, апаттар мен зақымдануды жою үшін, айналма тізбектер мен уақытша жалғау құрылғыларын қолдануға рұқсат етіледі.
181. Уақытша жалғанған жерлер мен айналма тізбектер жабдықтаудың электрлік және механикалық бұғаттауларының кестесін бұзбау керек.
182. Уақытша жалғанған жерлер мен айналма тізбектерді құру барысында кернеуі 1000 Вольттан жоғары тоқ өткізгіш сымдар толығымен жабдықталған жердегі қоршау сыртына салынып немесе 2,5 метрден төмен емес биіктікке берік етіп ілінуі қажет.
Егер мұндай жалғанған жерлер үшін металл қабығы бар кабелдер қолданылса, ол кабелдің әр сымының ұшы жерге берік орнатылуы керек.
183. Уақытша жалғанған жерлер мен айналма тізбектерді құру үшін қолданылатын кабельдер мен тоқ өткізгіш сымдарында зақымдалған тізбектегі кернеу мен тоққа сәйкес оқшаулағыыш мен қимасы болу керек.
184. Кезекпен жұмыс істейтін қызметкер уақытша жалғанған жерлер, айналма тізбектер және басқа де апатты жоюда атқарылған жұмыстар жайында жедел тіркеу журналына толығымен түсіру керек. Сондай-ақ, кезекші қызметкер өз ауысымында уақытша қалыпқа келтірілген жабдықтау ушаскесін қауіпсіз пайдалану ережесімен танысады да, ал кезекті тапсыру кезінде қызметкерлердің назарын оны қауіпсіз пайдалану ережесіне аударады.
185. Уақытша қалыпқа келтірілген жабдықтау бөлімдеріне техникалық байқау қайта жүрігілмей тұрып, уақытша жалғанған жерлер мен айналма тізбектерді тоқтан ажырату керек.Уақытша жалғанған жерлер мен айналма тізбектердің тоқтан ажыратылғаны туралы мәлімет жедел тіркеу журналына алынуы қажет.
8. Жер серігі байланыс стансалары және жылжымалы радиостансаларына қызмет көрсетудегі еңбек қорғау талаптары
§1. Жер серігі байланыс стансалары.
186. Антенналық құрылым жүйесі бойынша техникалық қызмет көрсету барысындағы жұмыстарды құрамы екі адамнан төмен емес бригада атқаруы керек.
187. Тіректі-бұрмалы құрылғыны (ТБҚ) құру алдындағы қажетті шаралар:
1) ағытып тастау:
электржетек жүйелерінің қажетті жабдықтарының барлығын;
тіректі-бұрмалы құрылғысының сыртындағы жетек бұғаттарын;
2) жетек бұғаттарының тоқ үзерлерінде, жетекпен басқарылатын бағандарда «Қосуға рұқсат етілмейді - Жұмыс жүріп жатыр» деген плакаттар ілінуі керек.
188. Жұмыс жүргізбес бұрын антенна айнасына:
1) антеннаны тігінен қою арқылы қондыру:(“Зените”/
2) 186,187 тармақтардың талаптарын орындау;
3) тоқ таратқыштардағы электрлік және механикалық жүйелерді ажырату;
- ДСЖ қуатының азығын тоқтан өшіру (діңгектің сигналды жарығы);
- көшіргі құралдарының азығын ажырату;
4) тоқ таратқыштарға, ДСЖ коммутациялық аппараттарына және көшіргілерге «Қосуға рұқсат етілмейді- Жұмыс жүріп жатыр» деген плакаттар ілінуі керек.
Жұмыс жүріп жатқан уақыт ішінде аппаратты тоқ таратқыш құрылғыларда кезекші жүруі керек. РМБ кілттері жұмысқа жетекшілік ететін қызметкерде болады.
189. Антенна айнасындағы жұмыстарды қас қарайған кезде және сақтандырғыш белдікті, арқанды және қорғамалы касканы пайдалана отырып жүзеге асыру керек. Антенналық жүйе құрылысына көтерілген кезде арнайы қажетті құрал-саймандары мен бекіту монтер сөмкесінде болады.
190. Антенна айнасындағы қарды тазалау жұмыстары 190 тармағындағы талаптардың орындалу шартымен жүзеге асырылады.
Жұмысты жүзеге асыру барысында тұтқасы ұзын етіп жасалған мәуесектер мен бекіткіштерді қолдану қажет. Қызмет көрсетуші маманның үстінде арнайы тігілген киім мен қорғау каскасы болу керек. Еңкіш орнатылған антенна айнасының астында тұруға тыйым салынады.
191. Кез келген жұмыстың алдында қызмет көрсету алаңдары мен баспалдақтары қардан, мұздан, кір мен майдан тазартылуы керек. Қызмет көрсету алаңдарына көтерілу жұмыстары аяқталған соң, люктарды жауып қою керек.
192. Антенналық жүйе құрылымында техникалық қызмет көрсету жылдамдығы жел жылдамдығының секундына 10 метрден көп болмауы керек.
193. Аппаратты жөндеу және қызмет көрсетуде кернеуі 42 Вольттан жоғары емес, дәнекерлеуші және тасымалды электр шамдарын пайдалану керек.
194. Электр жүйелері, және ТБҚ-ның сырты сияқты барлық құралдар жерге қосу құрылғысының тұйықталған түйісімен берік жалғануы керек. Жабдықтану мен жерге қосылғының тұйықталған түйісі арасындағы өтрелі кедергінің барынша маңыздылығы 0,1-4 Ом-на көп болмауы тиіс. Өтпелі кедергіні тексерістен өткізу жұмысы жылына бір рет, сонымен бірге әрбір жөндеу немесе жабдықтардың орнын ауыстырған кезде де тексерілуі керек.
195. Жинақтық жұмыстарды жүргізген кезде міндетті түрде алдын ала қарастырылған жүк көтергіш құралдар мен ілгектерді қолдану қажет.
196. Антенналық жүйе бойынша техникалық қызмет көрсету барысында рұқсат етілмейтін шаралар:
1) антеннада жұмысты жалғыз жүргізуге;
2) антенна маңында атқарылатын жұмысқа тікелей қатысы жоқ тұлғалардың қатысуына;
3) хабартаратқыштан немесе өзге де тоқ көздерінен (өлшемді генератор) антеннаға қуат беру барысындағы кез-келген жұмыстарды жүргізу;
4) электржалғағыш көмегімен антеннаны бұрау барысындағы жұмыстарды атқаруға.
§ 2. Жылжымалы телевизиялық стансалар, жылжымалы дыбысжазу стансалар, ұшқыр телевизиялық спутниктік стансалар және жылжымалы радио стансалар
197. Зақымдау қаупінің дәрежесіне байланысты жылжымалы телевизиялық станциялар, жылжымалы дыбысжазу станциялары, ұшқыр телевизиялық спутниктік станциялар және жылжымалы радиостансалар (бұдан әрі-станса) орналасқан ғимаратжайлар өте қауіпті болып саналады.
198. Стансалар бойынша қызмет көрсетушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тоқ жүрмейтін металды электрқондырғы бөліктері тоқтан ажыратылу барысында зақымдалуына байланысты кернеу астында қалуы мүмкін болғандықтан жерге қосылу керек.
199. Жерге қосу құрылғысының тұйықталған түйісін өлшеу жұмыстары жылжымалы радиостансалар күшейіп өрістеген сайын атқарылып отырады. Егер радиостанса бір орында жылдан артық тіркеуде болған жағдайда, жерге қосу құрылғысының тұйықталған түйісін жер қыртысының тоқты неғұрлым аз өткізу мерзімінде жылына бір рет өлшейді.
200. Дизельді қондырғыларда қызмет көрсететін механик шу естіртпейтін құлақшын киюі керек. Жерге қосылған шанағы жоқ машинада жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
201. Отынның толық жанып кетуінен сақтану үшін, қуаты азайған аккумулятордан азық алып, қыздырылған құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
202. Қыздыру қондырғысын пайдалану барысында, міндетті түрде, түтін шығатын тұрбасы бар қыздырылған құрал мен тұншықтырғышы бар көліктің түтін шығатын тұрба қозғаушысының жалғанған жерінің саңылаусыз екендігіне ерекше назар аударылу қажет.
Көлік қозғаушысымен жұмыс істеу барысында шанақтың есігін және люкты міндетті түрде жабылады.
Қыздырғыштың люгын жұмыс істеу барысында ашуға болмайды.
9. Фидерлі және діңгекті –антенналы құрылысты пайдалану барысындағы қауіпсіздік талаптары
§ 1. Жалпы талаптар
203. Діңгекті-аннтеналы құрылысты жөндеу және қызмет көрсету (ДАҚ) осы Ереженің талаптарын орындай отырып, бас инженермен бекітілген қызмет көрсету немесе нұсқаулық жобаларына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Биіктікке жұмыс істеуге жұмыстың осы түріне рұқсаты бар , сондай-ақ осы Ереженің 12-тармағына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.
204. Қоршалмаған құрылыстағы және қоршау сыртына шығып істейтін жұмыстарды биіктікке шығатын топ атқарады.
Өздігінен жоғары шығатын жұмыстарға жасы 18-ден кіші емес, медициналық тексерістен өтіп, жарамды болып саналған, осы сала бойынша жылдан төмен емес еңбек өтілі және 3-тен төмен емес тарифтік разряды бар арнайы мамандар жіберіледі. Биіктікте атқарылатын жұмыстарға бірінші рет жіберіліп отырғандар бір жыл бойы кәсіпорын басшысының бұйрығымен тағайындалған тәжірибелі мамандардың тікелей бақылауында жұмыс істейді.
Биіктікте атқарылатын жұмыстарға жер бетінен 5 метр биіктікте орындалатын, төменгі жағында жұмыс жүріп жататын жоғарғы жерге бекіткіштер мен төсеулер салу, құрылысқа тікелей қатысы бар монтаждау немесе жөндеу шаралары кіреді. Жұмысты атқаратын қызметкерлердің биіктен құлап кетуінен сақтаудың негізгі құралы-сақтандырғыш белдік болып табылады.
205. Діңгек пен мұнара айналасын пайдалануда шекарасы тіреу негізінің 1/3 биіктігіне тең болатын қашықтықта орналасқан зона қауіпті болып табылады.
Мұндай қауіпті зонада жұмыс істеу рұқсаты сондай жұмыстармен тікелей байланысы бар, әрі қорғамалы дулығаны қолданатын мамандарға беріледі.
Радиостансаларды, телеорталықтарды, теледидарлық ретрансляторларды тарататын антенна алаңдарында, сол сала бойынша қызмет көрсету жұмысымен байланысы жоқ мамандардың қатысуына рұқсат етілмейді.
206. ДАҚ-қа көтерілуге тыйым салынатын жағдайлар:
42 Вольттан жоғары кернеу ажыратылмаса;
нажағай жарқылдап тұрған уақытта;
көктайғақта, қатты жауында, қар көшкіні немесе тұман кезінде;
сақтандырғыш белдігі карабин бесікшесіне ілгектелмесе;
желдің жылдамдығы секундын 10 метрден жоғары болса;
қас қарайған уақытта;
қайта сынау мерзімі өткен жүк көтергіш құрылғысында;
жарамсыз шынжырлы арқандарда
орнықты емес шығырларда;
сақтандырғыш белдік пен қорғамалы дулыға болмаса.
Қайырма люкпен, тұтас жабулармен қоршалған тұрбалы тіреулер (бағандар) аралығына бір уақытта біреуден артық маманның кіруіне рұқсат етілмейді. Оның үстіне люктар жабық болуы керек.
207. Қараңғы мезгілде бағандарда (тіреу) апатты және басқа жағдайларды болдырмау жұмыстарын атқару үшін жоғары ұйым басшысының рұқсаты қажет және тиісті жарық көзімен қамтамасыз етіледі.
208. Антеннаға жауапты маман мыналарды орындауы керек:
1) сақтандырғыш белдігін киіп және бағанда жұмыс істеу уақыты ішінде құрылысқа шынжырмен бекітіліп тұруы керек. Діңгекке тырнақтармен көтерілу барысында тартпалары бекітілген бугельден қауіпсіз өту үшін, қос шынжырлы белдікті қолдануы қажет;
2) тіректерде қажетті жөндеу жұмыстары баған құрылысына сақтандырғыш белдікпен бекітілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Бағандарды (тіректерді) сырлау жұмыстары сатыдан, төсеме астынан немесе бесікшелерден басталады;
3) металды шегесіз табаны бар арнайы аяқ киім және қорғамалы дулығамен жұмыс істеуі керек. Ондай киімдерді кимеу рұқсаты шеберханаларда атқарылатын жұмыстарда, ал жер бетінде қауіпті емес зоналарда ғана беріледі.
209. Фидерлі-антенналы құрылғыларда жұмыс істеу кезінде брезент қолғаптарды қолдану керек.
210. ДАҚ-тағы жоғары шығатын жұмыстарды екі діңгекші маман жүзеге асыратын болса, оның біреуі бақылаушылық қызмет атқарады.
Бақылаушы маман қауіпті емес жерде тұрып, ағаш бағандарда жұмыс болып қалатын жағдайда өзімен монтер белдігі мен тырнақтары болу керек.
211. Дәнекерлеу жұмыстарын жүк көтеретін құрылғының инвентарлы бесікшесінен бастап жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Ол жұмысты жүзеге асыру үшін ИТ түрі бар изолятор арқылы жүк таситын шынжырлы арқанға бесікшенің ілінуі мен оның құлап қалмауын қадағалайтын шаралар орындалуы керек.
212. Күн бұлттанып нажағай жарқылдаған уақытта жерге қосқыштардың жанында тұруға тыйым салынады. Сонымен бірге, антенна алаңындағы жұмыстар доғарылып, адамдарды ғимарат ішіне көшіру қажет. Жерге қосу құрылғылары бар жерлерге "Тоқта. Кернеу" деп жазылған ескерту плакаттары орнатылады.
213. Бір мезгілде бірнеше таратқышы бар радиоорталықтарында, бағандарда, антенна және фидерлердегі жұмыстар сол орынға ЭДС-ң аз мөлшердегі үйлесімін қамтамасыз ететін тасымалды жерге қосқыштар орнатылғаннан кейін жүзеге асырылады.
214. Қабылдау орталықтарының антенна-фидерлі құрылғыларға нарядсяз, жедел жорналда жазылу арқылы жүзеге асырылады.
215. Антенналық құрылғылардағы жұмыстың алдында ауысымдағы кезекшінің үлкені осы Ереженің 14 қосымшасында көрсетілген нарядқа сай техникалық шараларды алдын ала орындап, жұмыс жүргізіліп жатқан жерге кіруге рұқсат береді.
216. Антеннаның коммутаторына тоқты ағытушы маман "Тоқты қосуға болмайды. Жұмыс жүріп жатыр." деп жазылған тыйым салу плакаттарын іледі.
217. Егер бір антенналы таратқыш аспап пен фидерлі антеннадағы жұмыстарды тоқтан ажыратылған таратқыштарда атқаратын болса, онда бұл жұмыстар нарядсыз, жедел тіркеу жорналына жазылуы арқылы орындала алады.
Мұндай жағдай болған кезде ауысымдағы кезекшінің үлкені таратқыштың механикалық бұғаттың ажырағышы мен тоқ үзерін істен алып және оған "Қосуға болмайды.Жұмыс жүріп жатыр" деп жазылған ескерту плакаттарын іледі.
Сабы бар шығырлы таратқышта шығырдың тоқтан үзер немесе ажыратқыш құлпының кілтін жұмысқа жауапты жетекшісіне жедел тіркеу жорналына қол қойғыза отырып беріледі.
218. Бірнеше фидерлі порталдар мен фидерлі тіректердің біреуі ғана кернеу астында болса, ондай жерде наряд бойынша екі адам жұмыс істеуі керек. Олардың біріншісінде электрқауіпсіздігі жөнінен IV-тен төмен емес, ал екіншісінде ІІІ-тен төмен емес санат дәрежесі болуы керек.
Жұмыс жүріп жатқан таратқыш антенналарының фидерлі ушаскесіндегі қарсы фазалы тоқ өткізгіш сымдар екі жағынан өзара өысқартылып және жерге қосылуы керек.
Егер төменгі фидер кернеу астында болса, онда жоғары фидерде жөндеу және басқа да жұмыстарға рұқсат етілмейді.
219. Коммутацияның сызбасы мен кез келген коммутаторларда антеннаны қайта қоспас бұрын, алдын ал таратқыштағы анод кернеуін тоқтан ажырату керек. Қызметкер маман антенна алаңындағы, антенна күркелерінің ішіндегі немесе техникалық мекемелердегі фидерлі сызықтарды қайта қосу жұмыстарын радиоорталықтағы коммутация жүйесі мен сонда орнатылған жабдықтардың ерекшелігі қарастырылған нұсқауға лайық етіп жасалады.
Фидерлі бағанда немесе бөлек ғимаратжайдағы антеннаны қайта қосар алдында кезекші маман таратқыштағы анод кернеуін тоқтан ажыратып, фидерге жерге қосу құрылығысын салғаннан кейін, шығыр ажыратқышына "Қосуға болмайды. Жұмыс жүріп жатыр" делінген плакат ілінеді.
Штурвалды жетекпен жабдықталған, басқа антеннаға өту жұмысы қайта қосқышсыз жүзеге асырылса, онда жерге қосу құрылғысы фидерге салынады.
Таратқышқа анодты кернеу наряд жабылғаннан кейін түсуі мүмкін. Кезекші жерге қосқышты ажыратып және тыйым салынған плакаттарды алады.
220. Хабар таратушы радиоорталықтарындағы фидерлі-антенналы құрылғыларды жөнге келтіріп және кернеу астындағы антеннаның немесе фидердің бөліктеріне жетектермен байланысын өлшеу жұмысын электрқауіпсіздігі жөнінде ІІІ,IV санат дәрежесі бар мамандар атқара алады.
Жұмыстар наряд бойынша орындалады.
Жөнге келтіру немесе өлшеу жұмыстарының алдында электрқауіпсіздігі жөнінде IV санаты бар маман антеннада және фидерде тұрақты кернеудің жоқтығына және статистикалық зарядтардың ағылуына бағытталған жиілігі жоғары дроссельдердің жұмысқа жарамдылығына (дұрыстығына)көз жеткізуі керек.
Хабар таратушы радиоорталықтарындағы АФҚ-ны жөнге келтіруде қолданылатын өлшеуші құралдар мен индикаторлардың айрылғыш тұтқалары болуы керек.
221. Телевизияға, УКВ ЧМ таратқыштарына, радиорелелі стансаларға қатысты қоса атқарылатын фидерлі–антенналы құрылғының тірегіндегі жұмыстардың орындалу реті жұмыс орнындағы ЭВП кернеуі белгіленген нормадан аспаған жағдайда жүзеге асырылады. Басқа жағдайларда тиісті жұмыстар лайықты таратқыш құрылғылар тоқтан ажыратылғанда жүзеге асырылуы керек.
222. Ағаш діңгектер, зәкір және фидерлі бағандардың жер бетіндегі шіріген қабатының қалыңдығы 10% диаметр және одан көп болған жағдайда, ауыстыруға болатын жұмыстар жүзеге асырылады.
223. Шіріген зәкірлерді, тартпаларды ауыстыра отырып, оларды алдын ала ескі зәкірге жақын етіп орналастырылған жаңа орынға көшіру керек.
224. Тұрақты тартпаларды уақытша тартпалар орнатылғаннан кейін ғана алып тастау керек.Тіреулерде тартпаны ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта аталған жерде болуға тыйым салынады.
225. Жерден ажыратылған діңгекті-антенналар негізі жабылатын есігі бар қоршаулармен қоршалуы керек. Қоршауға «Тоқта.Жоғары кернеу» деген ескертпе плакаттар ілінуі керек. Қоршаудың есігінің кілті кезекші ауысымның бастығында болады және жедел тіркеу жорналына жазып, қол қойылғаннан кейін ғана басқа адамға табыс етіледі.
226. Антеннаға жауапты діңгекші маман қажет болған жағдайда қабылдап – жеткізуші радиостансамен, мегафонмен немесе телефон сияқты байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі керек.
227. Биіктігі 16 метрден жоғары емес тіреулерге «тырнақтармен» көтерілуге ғана рұқсат етіледі. Биіктігі 16 метрден асатын тіреулерге қол немесе электржетекпен жұмыс істейтін көтермелердің бесікшесімен ғана (егер тіреудің ұзындығы 60 метрден асатын жағдайда), лифтімен (бар болатын болса) немесе арнайы соғылған баспалдақтармен көтерілуге рұқсат етіледі.
228. Фидер, сонымен қатар, басқа да құрылғылардың сымдары мен жерге дейінгі қашықтық осы Ереженің 15- қосымшадағы талаптарына сәйкес болуы тиіс.
229. Діңгекті –антеннада жұмыс істеу кезінде бесікшеде жұмыс істеп жатқанда оның құралдары бесікшенің құрылғыларына байланып қойылуы керек.
Ұсақ құралдар мен тетіктер бесікшеге бекітіліп қойылған монтер сөмкесінде жатуы керек.
Тіреудің құрылғыларына құралдарды, басқа да заттарды қоюға болмайды.
230. Антен өрістерінде және хабар таратушы радиостансалардың ғимаратжайларында күшейткіш тербелмелі металдан жасалған құрылғылардың, шынжырбаулардың және сымдардың электрмагнитті өрістер бағыттаған электрқуатының көзінен мүмкін болатын тұтанғыш заттардың жануы мен жарылуының адамдарды зақымдамайтындай шараларды қолданып отырып жұмыс атқаруға міндетті.
Электрмагниттік өрістерден өрбуі ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында техникалық құралдардың жұмыс кестесімен сәйкестендіріп барып жұмыстарды атқарған дұрыс.
Қауіпті аймақтарда жарылғыш – тез тұтанғыш материалдардың сақталуына, ұңғыма – жарылғы жұмыстарды жүргізге тыйым салынуы керек.
Бағытты кернеулерден сақтану үшін қызметшілер мен жабдықтарды қорғау әдісі ретінде төмендегілерді пайдаланған жөн:
монтаждау крандарының жүк арқан жиілігіндегі негізгі салмақты көтеретін шынжырбауларды оқшаулау( оқшаулағыштар арқылы секцияларға бөліп тастау);
металлқұрылғыларын және құрылғылардың оқшауланбаған (ашық)бөліктерін, сымдардың орамаларын жерге қосу;
электртізбектерін конденсаторлар арқылы шунттау;
Тоқөткізгіш тізбектерге және жоғары жиіліктегі нұсқалр мен элементтерге жалғау;
жабдықтар мен құрылғылардың экрандалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |