§1. Жедел қызмет көрсету
65. Ұйымдардың электр қондырғыларына жедел қызмет көрсетуді кезекші және жедел жөндеу жасайтын қызметкерлер жүзеге асырады.
66. Электр қондырғыларына жедел қызмет көрсетуге жедел қызмет көрсету сұлбаларын, лауазымдық және пайдалану нұсқаулықтарын, жабдықтардың ерекшеліктерін білетін және оқыған және білім тексеруден өткен тұлғаларға рұқсат беріледі.
Электрқондырғыларға қызмет көрсететін қызметшілердің электрқауіпсіздігі жөніндегі санаттық топтары осы Ереженің 9-қосышасында келтірілген.
67. Кезекші және жедел жөндеу қызметкерлері ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің электр шаруашылығына жауапты тұлғамен бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді.
Қажетті жағдайда кестені бекіткен тұлғаның рұқсатымен бір кезекшіні басқа кезекшімен ауыстыруға болады.
68. Жедел жөндеу көрсету қызметкерлер ішіндегі тұлға кезекшілікке келіп, алдындағы кезекшіден ауысымды қабылдау, ал жұмыс аяқталғаннан кейін кестеге сәйкес келесі кезекшіге ауысымды тапсырады.
Ауысымды тапсырмай кезекшіліктен кетуге рұқсат етілмейді. Кейбір жағдайларда жедел жөндеу қызметкерлерді арасындағы жоғары басшының рұқсатымен жұмыс орнынан кетуіне мүмкіндік беріледі.
69. Ауысымды қабылдау кезінде жедел жөндеу қызметкерлері мынаған міндетті:
1) нұсқаулықпен белгіленген көлемде, өз ушәскесіндегі жабдықтардың қалпымен және жұмыс тәртібімен сұлба бойынша танысуға;
2) апаттарды немесе олқылықтардың алдын алу үшін мұқият қадағалауды қажет ететін жабдықтар және жөндеуде немесе қорда бар болған жабдықтар туралы мәліметтерді ауысымды тапсырып жатқан кезекшіден алуға;
3) аспаптар, материалдар, бөлмелердің кілттері, қорғаныс құралдары, шұғыл қызмет көрсету жөніндегі құжаттама мен нұсқаулықтарды тексеріп, қабылдауға;
4) оның соңғы кезекшілігі кезінде өткен уақыт ішінде жасалған барлық жазбалармен және өкімдермен танысуға;
5) жорналда, тізімдемеде жазу жазып, сондай-ақ жедел қызмет көрсету сұлбасында ауысымды қабылдайтын тұлғаның және оны тапсыратын тұлғаның қолдарын қойып, қабылдауды ресімдеуге;
6) ауысым бойынша аға тұлғаға кезекшілікке кірісу туралы және ауысымды қабылдау кезінде байқалған олқылықтар туралы баяндауға.
70. Апатты жою, жабдықтарды ауыстырып қосу немесе оларды қосу және ажырату кезінде ауысымды қабылдауға және тапсыруға рұқсат етілмейді.
Апатты жоюға көп уақыт қажет болғанда ауысымды тапсыру әкімшіліктің рұқсатымен жүзеге асырылады.
71. Жабдықтар ластанған, жұмыс орны мен қызмет көрсету ушәскесі жиналмаған болса, ауысымды қабылдауға және тапсыруға рұқсат етілмейді.
Жабдықтар ақаулы болған жағдайда немесе олардың жұмыс тәртібі бұзылған кезде осы электр қондырғысына жауапты тұлғаның немесе жоғары тұрған тұлғаның рұқсатымен ауысымды қабылдауға мүмкіндік беріледі. Ол туралы жедел жорналда жазу жазылады.
72. Жедел қызмет ететін қызметкерлер ішіндегі тұлға өз кезекшілігі кезінде оған тапсырған ушәскедегі барлық жабдықтарға түзу қызмет көрсету және апатсыз жұмыс істеу үшін жауапты болып табылады.
73. Жұмыс тәртібі бұзылғанда, электржабдықтар бүлінген немесе апат болған жағдайда жедел қызмет ететін қызметкерлер бағынышты қызметкерлер көмегімен жұмыс тәртібін қалпына келтіру үшін дербес және дереу түрде шара қолдануға және ауысым бойынша аға тұлғаға немесе электр шаруашылығына жауапты тұлғаға болған оқиға туралы тікелей хабарлайды.
74. Кернеуі 1000 вольттан төмен емес радио және телевизиялық хабар беру станцияларында кезекші ауысымның құрамында кемінде 2 адам болуға тиіс. Олардың аға маманының электр қауіпсіздігі бойынша V – ші санат тобы, ал қалған кезекшілерде санат тобы ІІІ-тен төмен болмауға тиіс.
Жабдықтар бірнеше іргелес бөлмелерде орналасқан жағдайда олардың әрқайсысында бір кезекші болуы керек. Олардың біреуі аға маман міндетін атқарады. Егер жабдықтар бірнеше бөлмелерде орналасса, онда жеке кезекшілерге электр қауіпсіздігі бойынша V біліктілік санаты бар бір ортақ кезекші қосылады.
75. Кернеуі 1000 вольтқа дейін радио және телевизиялық хабар беру станцияларында қабылдау радиостансаларында, радиобюрода, радиохабар тарататын коммутациялық-тарату аппараттары (КТА) орналасқан бөлмелерде, радиобақылау орындарында кезекші қызметкерлер ішіндегі тұлғаларда кемінде ІІІ-ші біліктілік санаты, ал ауысымның үлкенінде кемінде ІV-ші біліктілік санаты болуы керек.
76. Жетуге жолы қиын аудандарда орналасқан, қызмет вахталық әдіспен көрсетілетін ретрансляторларды есептемегенде, ұйымдарға (жұмыс көлемі шамалы болған жағдайда), қуаттылығы аз (1 киловаттқа дейін) телевизия ретрансляторларына және қуаттылығы 5 киловаттан аспайтын радиотаратқыштарға шұғыл қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ автоматтандырылған және қашықтан басқаратын радиокәсіпорындардың жабдықтарының параметрлері мен жағдайын мезгіл-мезгіл бақылау жүргізу кезінде қызмет көрсету үшін электр қауіпсіздігі бойынша кемінде ІV-ші біліктілік санаты бар бір адамға (жеке өзіне) рұқсат беріледі.
77. Ұйымның жедел қызмет көрсететін қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мына жағдайлар сақталады:
1) ақаулы жабдықтардың орнына қосылатын қордағы жабдықтар болу;
2) техникалық құралдар орналасқан бөлмелерде телефондар мен өрт сигнализициясының жабдықтарын орнату;
3) кезекшінің шақыруы бойынша жабдықтардың бүлінген жерлерін жөндеу үшін авариялық-қалпына келтіру бригадаларын ұйымдастыру.
Кезекшілер ретінде ұқсас жұмыс орнында еңбек өтінімі бар инженерлік-техникалық қызметкерлер немесе электрмонтерлар тағайындалады.
Техникалық құралдарға жеке адам жедел қызмет көрсеткен жағдайда қоршаудың артына кіру, блок қойылған ушәскелердің ішіне кіру, таратқыштардың немесе басқа жабдықтардың есіктерін ашу, кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізу және қандай да бір бүлінген жерлерді жөндеу (оның ішінде таратқыш қоршауының артында орналасқан шамдарды ауыстыру), сонымен бірге қауіптілігі жоғары және аса қауіпті бөлмелерде өлшеу, жылыту және тұрмыстық электр аспаптарын электр жүйесіне қосу құқы берілмей, пайдалану іс-әрекеттерін (қосу, ағытылу, ауыстыру, қор жабдықтарына ауысу) жабдықтар шкаптарының тек қана сыртқы жағынан жасауға рұқсат беріледі.
Қауіптілігі жоғары бөлмелерде электр желісіне өлшеу, жылыту және тұрмыстық электрқұралдарын қосу жеке орнатылған автоматтандырылған айырғыштар арқылы рұқсат етіледі.
Жеке жедел қызмет көрсетуге ауысу іс-шараларын орындау кезінде ұйымның басшысының келісімен ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.
78. Ұйымдардағы жөндеу-алдын алу жұмыстарын құрамында кемінде екі адам бар бригадалар (топтар) орындайды.
1000 Вольттан жоғары кернеуі бар жабдықтарда жұмыс жүргізгенде бригада (топ) жетекшісінде электр қауіпсіздігі бойынша кемінде V біліктілік санаты, ал 1000 Вольттан төмен кернеуі бар жабдықтарда жұмыс жүргізгенде кемінде ІV біліктілік санаты болуға тиіс.
Жабдықтарда жұмыс жүргізетін жедел жөндеу қызмет бригадасының (тобының) мүшелерінде электр қауіпсіздігі бойынша кемінде ІІІ –ші біліктілік санаты, ал механикалық (слесарлық, сантехникалық) жүмыстар жүргізетіндерде – кемінде ІІ біліктілік санаты болуы керек.
79. Радиоқондырғыларын байқау және оларды ауыстырып қосу үшін жүргізу кезінде кезекші қызметкерлерге шкаптарды ашуға, 42 Вольт жоғары кернеуі бар ток өткізетін бөлшектеріне жанасу мүмкіндігі болмағанда шамдардың қызу кернеуін түсірмей блоктарды шығаруға рұқсат беріледі.
80. Радиошамдарын ауыстырғанда (қуаты аз, қадалы істіктермен цоколі бар радио шамдарын есептемегенде) бұл шамдардың қызу кернеуі өшіріледі.
81. Суымаған шамдарды ауыстырғанда күйіп қалмау үшін қызмет көрсететін қызметкерлер мақта қолғаптарын немесе биялайын пайдаланады.
82. Радиокәсіпорындардың электр қондырғыларына қызмет көрсету жұмысына қатысы жоқ және наряд немесе өкім бойынша жұмыс жүргізбейтін тұлғалар техникалық бөлмелерге тек қана кезекші ауысымның қызметкері немесе цех басшысы оларды ертіп апарып және қадағалап тұрған жағдайда кіреді.
Станция және цех басшылары болмаған жағдайда ауысымның үлкені тиісті құжаттары бар болғанда инспекторлық және техникалық қызметкерлерді станцияның техникалық бөлмелеріне кіргізуге құқылы.
83. Электр қондырғыларының барлық түрлерін байқауды бір тұлға жүргізеді:
1000 Вольт және одан жоғары кернеуі бар қондырғыларда электр қауіпсіздігі бойынша V біліктілік санаты бар, ал 1000 Вольтқа дейін қондырғыларда IV біліктілік санаты бар әкімшілік-техникалық қызметкер;
осы электр қондырғысына қызмет көрсететін электір қауіпсіздігі бойынша ІІІ біліктілік санаты бар кезекші қызметкерлер ішіндегі жұмыскер.
Электр қондырғыларына жеке түрде байқауды жүргізуге рұқсат етілетін әкімшілік-техникалық қызметкерлер ішіндегі тұлғалардың тізімі кәсіпорын басшысының өкімімен белгіленеді.
84. 1000 Вольтқа дейін кернеуі бар электр қондырғыларын бір тұлға байқаған кезінде ескеретін плакаттарды және қоршауларды алып тастауға, қоршаудың артына өтуге, ток өткізетін бөлшектеріне тигізуге, оларды сүртуге және тазалауға, тапқан ақаулықтарды жөндеуге құсат етілмейді.
85. Кезекші қызметкерлер ішіндегі тұлғаларға электр күшін беретін қалқандар, іске қосу құрылғылары, басқару пульттары мен басқа да 1000 Вольтқа дейінгі электр күшін беретін қондырғылардың есіктерін байқау үшін жеке өзі ашуға рұқсат беріледі. Байқау кезінде сақ болып, ток өткізетін бөлшектерге жанаспай жүру керек. Ағымдағы пайдалану тәртібінде жүргізетін жұмыстарды есептемегенде қандай да бір жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.
86. Байқау барысында бір тұлғамен жөндеуге жатпайтын ақаулықты тапқан жағдайда бұл ақаулықты тапқан қызметкер ол туралы ауысымның үлкеніне дереу түрде хабарлауға және тапқан техникалық ақаулықтар жөніндегі журналда тиісті жазу жазылады.
87. 1000 Вольттан жоғары кернеуі бар қондырғыларды байқаған кезінде ТҚ камераларына жеке өзі кіруге, қоршаулардың артына өтуге, қандай да бір жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Камераларды босағада немесе кедергінің алдында тұрып, байқау керек. Қоршаулардың артына өтіп, тарату құрылғыларының камералары мен ұяларына байқауды жүргізу үшін, өтетін жерлерде қашықтығы еденнен оқшаулағыштардың төменгі фланецтеріне дейін 2 метрден кем болмаған, 1000 Вольт кернеуі бар қоршамаған ток өткізетін бөлшектеріне дейін 2,5 метрден кем болмаған және 35 киловатт кернеуі бар бөлшектеріне дейін 2,75 метрден кем болмаған жағдайда теқ қана электр қауіпсіздігі бойынша кемінде ІV біліктілік тобы бар тұлғаға қажетті жағдайда рұқсат беріледі. Қашықтығы көрсетілген қашықтан аз болса қоршаудың артына өтуге тек қана электр қауіпсіздігі бойынша кемінде ІІІ біліктілік тобы бар тұлғаның қатысуымен осы Ереженің 10- қосымшадағы талаптарды сақтағанда рұқсат беріледі.
88. Электр қондырғылары орнатылған әрбір бөлменің кемінде екі кілт жиынтығы болуы тиіс. Олардың біреуі сақталған болып табылады. ТҚ орнатылған бөлмелердің кілттері ұялар мен камералар есіктеріне келмеуге тиіс.
89. Кілттер жедел жөндеу қызметкерлердің есебінде болады. Шұғыл қызмет көрсететін тұрақты қызметкерлері жоқ электр қондырғыларының кілттері басқару пунктінде ауысым бойынша жедел қызмет көрсететін қызметкерлер ішіндегі аға тұлғада болады. Кілттер қолхат жазылғаннан соң, беріеді:
1) байқауды жүргізу кезінде жеке өзі байқауды жүргізуге рұқсат берілген тұлғаларға, сондай-ақ жедел қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін қызметкерлер ішіндегі тұлғаларға, оның ішінде электр бөлмелерінде жұмыс жүргізіп жатқан ауысымға кірмейтін тұлғаларға;
2) наряд немесе жарлық бойынша жұмыс жүргізу кезінде жұмыс үшін жауапты басшыға, жұмыс жүргізетін тұлғаға немесе қадағалайтын тұлғаға.
Кілттер кіру рұқсатын рәсімдеу кезінде беріледі және күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін нарядпен бірге қайтарылып отыруға тиіс.
Шұғыл қызмет көрсететін тұрақты қызметкерлері жоқ электр қондырғыларда жұмыс жүргізу кезінде кілттер жұмыс толық аяқталғаннан кейін келесі күннен кішіктірмей қайтарылуға тиіс.
90. Ауысымды телефон арқылы қабылдайтын және тапсыратын жедел жөндеу қызметкерлері ішіндегі тұлғаларға ғана электр бөлмелеріне кіру үшін жеке кілттерді ұстауға рұқсат етіледі.
Электроқондырғыларда пайдаланылатын қорғаныс құралдарының сыналу және қолданылуы және оларға қойылатын техникалық талаптар
91. Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі және жоғары электрқондырғыларында қызмет көрсету кезінде, электр тоғымен зақымданудан, жоғары кернеулі электрлі алаңдардан сақтануда ұжымдық және жекелей, сонымен бірге жеке қорғаныс құралы пайдаланылады
92.Электрқорғаныс құралдарына жататындар:
1) оқшаулаушы штангілердің барлық түрі (жедел, өлшеуіш, жерге қосушылар);
2) оқшауландыратын және электрөлшеуіш тістемелері;
3) кернеу көрсеткішінің барлық түрлері (түйіліссіз, импульсті газразрядты шам, қызу лампасы;
4) кернеу барлығының түйіліссіз сигнализаторлары;
5) оқшауланған құрал;
6) диэлектрлі саусақты биялайлар, ботылар мен галоштар, оқшауландырылған тіреулер;
7) қорғамалы қоршаулар (қалқа, қалқандар, оқшауланған жапсырмалар, қақпақтар);
8) тасымалды жерге қосқыштар;
9) электрқондырығыларда сынау және өлшеу жұмыстары жүргізіл барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар мен құралдары (фазалардың сәйкестігін тексеретін кернеу көрсеткіші);
10) плакаттар мен қауіпсіздік белгілері;
11) басқа да қорғаныс құралдары, кернеуі 1000 Вольт электртораптарда және 110 киловатт және жоғары қондырғыларда кернеу астындағы жөндеу жұмыстарына арналған оқшауландырылған құрылғылар мен құралдар (полимерлі және иілгіш оқшауланғыштар; оқшауланғыш сатылар, шынжыр арқандар, телескоптық мұнаралар мен тіреулердің үстемесі, тасымалға және потенциалды түзеуге арналған штангілер, иілгіш оқшауланған жапсырмалар мен жабулар).
93. Оқшауланған электрқорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Кернеуі 1000 Вольттан жоғары электрқондырғыларда негізгі электрқорғаныс құралдары-оқшаулауы қондырғының жұмыс кернеуін сенімді ұстап тұратын және олардың көмегімен кернеудің астындағы тоқ келетін бөлікке жансуға болады.
Қосымша электрқорғаныс құралдары- - элетр тоғымен зақымданудан қосымша сақтандырғыш қызметін атқаратын және қосымша олардың көмегімен кернеудің астындағы тоқ келетін бөлікке тікелей жансуға болмайды.
Кернеуі 1000 Вольттан жоғары электрқондырғылардағы негізгі электрқорғаныс құралдарына жататындар:
1) оқшаулаушы штангілердің барлық түрі
2) оқшауландыратын және электрөлшеуіш тістемелері;
3) кернеу көрсеткіштері;
4) электрқондырығыларда сынау және өлшеу жұмыстары жүргізілу барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар мен құралдары (фазалардың сәйкестігін тексеретін кернеу көрсеткіші, кабель тесуге арналған құрылғы, кабельдің ақауын көрсетуші аспаптар және т.б.);
5) басқа да қорғаныс құралдары, кернеуі 110 кВ және жоғары қондырғыларда кернеу астындағы жөндеу жұмыстарына арналған оқшауландырылған құрылғылар мен құралдар (полимерлі және иілгіш оқшауланғыштар; оқшауланғыш сатылар және т.с.с.).
94. Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электрқондырғыларда жұмыс істейтін қосымша электрқорғаныс құралдарына жататындар:
1) оқшаулаушы штангілер;
2) оқшаулайтын және элетрөлшейтін қысқаштар;
3) кернеудің көрсеткіштері;
4) диэлектрлі перчаткілер;
5) оқшаулайтын құралдар;
95. Кернеуі 1000 Вольттан жоғары электрқондырғыларда жұмыс істейтін негізгі электрқорғаныс құралдарына жататындар:
1) диэлектрлі перчаткілер;
2) диэлектрлі ботылар;
3) диэлектрлі кілемдер;
4) оқшаулаушы жапсырмалар мен тіреулер;
5) оқшауланған қақпақтар;
6) тасымалға және потенциалды түзеуге арналған штангілер.
96. Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электрқондырғыларда жұмыс істейтін қосымша электрқорғаныс құралдарына жататындар:
1) диэлектрлі галоштар;
2) диэлектрлі кілемдер;
3) оқшауланған жапсырмалар мен тіреулер;
4) оқшауланған қақпақтар.
Қорғаныс құралдарының электрлік сынақтарын пайдалану нормалары мен мерзімдері осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген.
§ 2. Жұмыс жүргізуге қойылатын талаптар
97. Электр қондырғыларында жүргізетін барлық жұмыстар қауіпсіздік шаралары жағынан:
кернеу түсіріп орындайтындарға;
ток өткізетін бөлшектері мен олардың қасында кернеуді түсірмей орындайтындарға;
кернеуі бар ток өткізетін бөлшектерінен алыс қашықтықта кернеуді түсірмей орындайтындарға бөлінеді.
1000 Вольтқа дейін және одан жоғары кенеуі бар электр қондырғыларында бір мезгілде жұмыс жүргізгенде жұмыс санаты 1000 Вольттан жоғары кернеуі бар электр қондырғыларына сәйкес анықталады.
98. Кернеуді түсіріп жүргізетін жұмыстарға тоқ өткізетін барлық бөлшектерінен кернеуі түсірілген электр қондырғысында (немесе оның бөлшегінде) жүргізетін жұмыстар жатады.
99. Тоқ өткізетін бөлшектерде және олардың қасында кернеуді түсірмей жүргізетін жұмыстардың қатарына бұл бөлшектерінде тікелей жүргізетін жұмыстар жатады.
3-35 киловатт кернеуі бар электр қондырғыларында бұл жұмыстарға адамдардан және олардың қолданылатын аспаптары мен айлабұйымдарынан, уақытша қоршаулардан ток өткізетін бөлшектеріне дейін 0,6 метрден кем қашықтықта; жұмыс істеп және тасымалдап жүрген тетіктер мен жүк көтергіш машиналардан, жүк ұстайтын айлабұйымдар мен жүктердің арқандарынан – 1,0 метрден кем қашықтықта жүргізетін жұмыстар жатады.
Ток өткізетін бөлшектерде және олардың қасында кернеуін түсірмей жүргізетін жұмыстарды кемінде екі тұлға орындауға тиіс. Олардың ішінде жұмыс жүргізетін тұлғада электр қауіпсіздігі бойынша кемінде IV біліктілік тобы, ал басқалардың кемінде IІІ біліктілік тобы болу тиіс.
100. Кернеуі бар ток өткізетін бөлшектерден қашақ жерде кернеуді түсірмей жүргізетін жұмыстарға жұмыс істейтін адамдардың және олардың пайдаланатын жөндеу жабдықтары мен аспаптарының Ереженің 99 тармағында көрсетілген қашықтықтан кемірек кездейсоқ жақындау мүмкіндігі жоқ және ондай жақындаудың алдын алу үшін техникалық және ұйымдастыру шараларын қолдауға (мысалы, үнемі қадағалауға) талап етпейтін жұмыстар жатады.
101. Электр қондырғыларындағы жұмыс келесідей шарттарды сақтап, жүргізілуге тиіс:
1) жұмыс жүргізу үшін уәкілетті тұлғаның өкімі (ауызша, телефон арқылы, жазбаша, наряд арқылы) берілуге тиіс. Кезекші қызметкерлердің ағымдағы пайдалану тәртібінде жүргізілетін жұмыстары есептелмейді;
2) жұмыс бастамай тұрып жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары орындалады.
Ағымдағы пайдалану тәртібінде жүргізетін жұмыстардың тізбесін бас инженер бекітеді.
102. Қызметкерлерге кернеу жойылғаннан кейін оның қалыпты және апатты жағдайда да ескертусіз электр қондырғыларына берілу мүмкіндігін берік түрде есте сақтаулары керек.
103. Ұзын заттарды (баспалдақтарды) ток өткізетін бөлшектері қоршамаған тарату қондырғыларына аса сақ болып, екеулеп кіргізіп және жұмыс жүргізу үшін пайдаланып, жұмыс басшысының тұрақты қадағалауымен жүру керек.
104. Сақтандырғыштарды қою және алу негізінен кернеу түсірген кезінде жүргізіледі. Кернеуі бар, бірақ қуаты жоқ жағдайда сұлбасында коммутация аспаптары жоқ қосылыстарға сақтандырғыштарды қоюға және алуға рұқсат беріледі.
Кернеуі мен қуаты бар жағдайда 1000 Вольт кернеуі бар электр қондырғыларында кернеу трансформаторының сақтандырғыштарын және тығын түрдегі сақтандырғыштарды алуға және қоюға рұқсат беріледі.
105. Кернеуі бар сақтандырғыштарды алу және қою кезінде төмендегілерді пайдалану қажет:
1000 Вольттан жоғары кернеуі бар электр қондырғыларында оқшауландыратын тістеуікті (штанганы), диэлектрикалық қолғапты және қорғайтын көзілдірікті (масканы);
1000 Вольтқа дейін кернеуі бар электр қондырғыларында оқшауландыратын тістеуікті немесе диэлектрикалық қолғапты, ал ашық ерігіш кірістірме бар болғанда қорғайтын көзілдірікті (масканы).
106. 1000 Вольттан жоғары кернеуі бар электр қондырғыларында ток өткізетін бөлшектерінде және олардың қасында кернеуді түсірмеген жағдайда жұмыстар адамды ток өткізетін бөлшектерінен немесе жерден оқшаулау үшін қорғаныс құралдарын пайдаланумен жүргізіледі.
107. 1000 Вольтқа дейін кернеуі бар электр қондырғыларында ток өткізетін бөлшектерінде және олардың қасында кернеуді түсірмеген жағдайда жұмыс жүргізгенде төмендегіні істеу қажет:
жұмыс орнының қасында орналасқан, кездейсоқ жанасу ықтималдығы бар кернеулі ток өткізетін басқа бөлшектерін қоршау;
диэлектрикалық галоштарды киіп немесе оқшауландыратын түпқоймада әлде диэлектрикалық алашада тұрып жұмыс істеу;
оқшауландыратын сабы бар аспаптарды қолдану (бұрауыштардың өзегі де оқшауландырылуы тиіс), ондай аспап болмаған жағдайда диэлектірлік қолғапты пайдалану.
108. Ток өткізетін бөлшектерінде кернеуді түсірмей оқшауландыратын қорғаныс құралдарының көмегімен жұмыс жүргізгенде төмендегіні істеу қажет:
қорғаныс құралдарының оқшауландыратын бөлшектерін сабынан шектеме сақинаға дейін ұстау;
қорғаныс құралдарының оқшауландыратын бөлшектерін екі фазаның ток өткізетін бөлшектері арасында оқшаулағыштың үстіңгі бойымен түйісу немесе жерге тұйықталу қауіпсіздігі пайда болмауы үшін орналастыру;
құрғақ және таза оқшауландыратын бөлшектері және бүлінбеген лакпен зақымдалмаған қорғаныс құралдарын пайдалану.
109. Электр қорғаныс құралдарын (оқшауландыратын штангалар мен тістеуіктер, электр өлшеуіш тістеуіктер, кернеу көрсеткіштері) пайдаланып жұмыс жүргізгенде бұл құралдардың оқшауландырылған бөлшегінің ұзындығымен белгіленетін қашықтыққа ток өткізетін бөлшектеріне адамға жақындауға рұқсат беріледі
110. Егер электр қондырғыларында адам тік тұрған кезінде ток өткізгіш бөлшектерге дейінгі арақашықтық 0,6 метрден кем болған жағдайда бұл жерде еңкейіп жұмыс істеуге тыйым салынады. Қоршалмаған ток өткізгіш бөлшектердің жанында жұмыс жүргізу барысында бұл бөлшектердің артында немесе екі жағында тұруға тыйым салынады.
111. Жоғары қауіпсіздігі бар бөлмелерде наряд немесе өкім беретін тұлғалармен анықталатын қосымша қауіпсіздік шараларын қолданып, ажыратылмаған тоқ өткізгіш бөлшектерде жұмыс жүргізіледі.
Жұмыс аса қауіпті емес бөлмелерде ажыратылмаған тоқ өткізгіш бөлшектерінің кернеуі 12 Вольттан аспаған жағдайда жүргізіледі.
§ 3. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары
112. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес орындалады
Электрқұрылғыларда атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралар қатарына жататындар:
1) жұмыстарды наряд - жұмысқа жіберу рұқсаттамасы
2) жұмысқа жіберу туралы рұқсаттама;
3)жұмыс барысындағы тұрақты қадағалау;
4) жұмыс барысындағы үзілістерді, басқа жұмысқа ауыстыру туралы жарлықтарды, жұмыстың аяқталу мезгілін ресімдеу;
113. Наряд бойынша атқарылатын электрқұрылғыларға қызмет көрсету жұмыстары мынадай:
1) кернеудің қуатын азайтып барып атқаратын жұмыстар;
2) тоқ жүріп тұрған бөлшектер мен оның айналасында жұмысты тоқ кернеуіе азайтпай атқаратын жұмыстар;
114. Жұмыстың қауіпсіздігіне наряд беретін тұлға, ушаске (ауысым) бастығы болып саналады.
115. Наряд беруге құқылы адамдардың тізімі бас инженермен немесе ұйымның электршаруашылығына жауапты тұлғамен бекітіледі.
Аталған тұлғалар кернеуі 1000 вольттан жоғары электрқондырғыларда V және кернеуі 1000 вольтқа электрқондырғыларда IV төмен электрқауіпсіздік бойынша топтары болуға тиіс.
Сонымен бірге электрқауіпсіздігі бойынша IV кем емес тұлғаларға тізілімі бас инженермен белгіленген бірқатар жұмыстарды жасауғанұсқаулар беруге құқылы.
Ушаскенің (ауысым) бастағы кернеуі 1000 вольттан жоғары электрқондырғыларда жұмыс жасаған кезде электрқауіпсіздігі IV топтан, кернеу 1000 вольттан төмен электрқондырғыларда ІІІ төмен кем болмауы тиіс.
116. Жұмыс толық аяқталған соң жұмыс орны тәртіпке келтіріледі, жұмыстың аяқталғаны туралы нарядтқа қол қоятын ушаске (ауысым) бастығымен қабылданып алынады және кезекші қызметшіге нарядты тапсырады.
§ 4. Тоқ жүріп тұрған немесе соған жақын жерлердегі кернеуді алып тастап жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар
117. Кернеуді алып тастау кезінде ережеге сай жұмыс орнын дайындау үшін көрсетілген тәртіпте мынадай тиісті техникалық іс-шаралар орындалады:
1) коммутациялық аппарат өздігінен іске қосылып немесе кернеуді жіберуде кеткен кемшіліктер мен кедергілер болған жағдайда тоқты тез арада тоқтату шараларын қолға алу;
2) қол жетегі және алыстан басқарылатын коммутациялық аппараттарда тыйым салынған плакаттар ілу;
3) жерге қосу қондырғысын орнатуда тұрғандарды (адамды) электр тоғымен зақымданудан сақтау үшін, тоқ келетін бөліктердегі кернеудің алынып тасталғанын тексеру;
4) жерге қосу қондырғысын салу (жерге қосылатын аяқтарын орнатып, ол жоқ жерлерге тасымалды түрін орнату)
5) сақтандыру плакаттары ілініп, қажет болған жағдайда тоқ жүріп тұрған жоғары кернеулі бөліктер жұмыс талаптарына сәйкес жерге қосу қондырғысы салынғаннан кейін немесе салынғанға дейін қоршау.
Электр қондырғысын орнату барысында қажеттілік туғанда, екі немесе одан да көп қызметкерлер жедел қызмет көрсетеді, ал негізінде сол пунктің түгенделген ауысымындағы тиісті жұмысты екі адам атқаруы керек. Ал кернеуі 1000 Вольттан жоғары электр қондырғысына тасымалды жерге қосу құрылғысын салып қайта қосып не болмаса қате жасалған құрылғылардан тоқты ажырату мүмкіндігі қажет болмаса, қондырғы бойынша жалғыз тұлға қызмет көрсете алады.
118. Кернеулігі 1000 Вольттан жоғары электр қондырғылары бар өндіріс орындарындағы кернеуді ажырату жұмыстары жүргізілгенде төмендегі нұсқаулар орындалуы керек:
1) жұмыс түрлері жүзеге асырылатын тоқ жүргізілген бөліктер;
2) Ереженің 106 тармағында көрсетілгеніндей жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жабдықтауға арналған құрал-сайманы, жүк машиналары бар жұмыскерлер жүргенде, қоршалмаған бөліктердегі жүріп тұрған тоқтың өшірілуі.
119. Жұмыс орнына коммутациялы аппараттардың көмегімен кернеу түсетін және де кернеуі 1000 Вольтан жоғары электр қондырғысының әрбір қырында аппараттың өзіне қондырылып, серіппелердің көмегімен автоматты түрде іске қосатын ажыратқыштардан басқа, тоқ өткізгіш сымдар мен шиналардың шешіліп, ағытылуынан, ажырағыштардың өшірілуінен, сақтандырғыштан алынуынан, сымдардың ажыратылуынан, қуат сөндіргішінен алынғанынан пайда болған тоқтан ажыратылған жер көрініп тұруы керек.
Электрқондырғымен жұмыс істеуге бөлінген өндіріс ушаскелерінде кернеулі трансфоматорлар мен қуаты күшті трансформаторларда айнымалы тоқтың кері өзгерісін жою үшін де, кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі қондырғылар да тоқтан ажыратылуы керек.
120. Кернеуі 1000 Вольттан жоғары электрқондырғыларының жұмыс орнына кернеу түсіп, коммутациялық аппарат істен шығып немесе өздігінен тоққа қосылуының алдын алуда орындалатын іс-шаралар:
тоқ қуатының ажыратқыштары, бөлінгіштері және тоқтан өшіретін тетігіндегі қол жетектері істен шыққан күйі механикалық құлыпқа салынуы керек;
оперативті штангімен басқарылатын стационарлы қоршаулардың тоқтан ажыратқыш құрылғыларында механикалық құлып болады;
алыстан басқарылатын коммутациялы аппараттардың тартпаларындағы қуаты күшті және жедел іске қосылушы тоқтың тізбектерін бір-бірінен ажыратылады.
Ауа толтыратын жетектерде, одан басқа тоқты тартып жеткізетін тұрбадағы сығылған ауаны жауып, клапанды механикалық құлыпқа салып, одан сығылған ауа шықса да, төмен түсіретін тығыны ашылған күйі қалады;
ауыр салмақты және серіппелі жетектерде тоққа қосылған салмақ немесе серіппелері жұмысқа жарамсыз күйде болады.
121. Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі жұмыс жүргізілетін бөлікте орналасқан электр қондырғылардың кернеуі жан-жақтан коммутациялық аппараттардан қол жетектері арқылы тоқтан ажыратылуы керек, ал ажыратылмаған жағдайда сызбадағы сақтандырғыштың соңғысынан бастап ағытады.
Сақтандырғыш сызбасы жоқ коммутациялық аппараттардың қателесіп қосылуының алдын алу үшін, тұтқалар мен шкаф есіктерін жауып, батырмаларды орап, тоқтан ажыратылған түйілістер арасындағы бастырмаларды (жапсыру) қондыру шаралары жасалуы керек. Іске қосқыш катушкалардың жоқтығынан алыстан басқарылатын коммутациялы аппараттың тоқ кернеуін тоқтан ажыратуға рұқсат етіледі.
Егер аппараттардың құрылыс қызметі мен жұмыс сипаты мүмкіндік берсе, жоғарыдағы іс-шаралардың барлығын кабельдердің соңын тоқ өткізгіштен ажырату арқылы және де жұмыс жүргізілуге тиіс жерлердегі жабдықтардың немесе коммутациялы аппараттың тоқ өткізгіштерін ажырата отырып орнын ауыстыруға болады.
Электр сымдарын және кабельдердің соңын тоқтан ажыратуды басшылықтың рұқсатымен санаты электр қауіпсіздігі жөнінен
ІІІ-тен төмен емес санат дәрежесі қызметкер жүзеге асыра алады. Жазатайым жанасу қаупі бар жұмыс орнына жақын орналасқан тоғы бар жерлердің кернеуін тоқтан ажыратып немесе қоршалады.
122. Кернеу қуаты 1000 Вольттан жоғары жетектердегі ажыратқыштарды, бөлінгіштерді және тоқ өшіргіштерді қажетті істен шығару жұмыстары аяқталысымен, алыстан басқарылатын құрылғының батырмасы мен кілттеріне, жұмыс орнын дайындау барысында тоқтан ажыратылған, бірақ кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі коммутациялы аппараттарда «Қосуға болмайды. Жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді.
Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электр қондырғы ушаскелерінде тоқтан бөлінгіштер, автоматтар болмағандықтан, ескерту плакаттарын орнату барысында кернеу түсу қаупінен сақтау үшін, тоқтан ажыратылған сақтандырғыштың өзіне ілінеді.
123. Жазатайым жанасу қаупі бар тоқтан ажыратылмаған бөліктерді жұмыс жүріп жатқан уақытта қоршап қою керек. Уақытша қоршауға ағаштан немесе басқа да ажыратқыш қасиеті бар материалдан жасалған кедергі қалқанды пайдаланылады.
Уақытша қоршалған жер мен тоқ жүріп тұрған бөліктердің ара қашықтығы Ереженің 99 тармағында көрсетілгеніндей болу керек. 6-15 кВ кернеуі бар электрқондырғылардағы бұл ара қашықтықты қажет болған жағдайда 0,35 метрден азайтуға болады.
Уақытша қоршаудың қажеттілігі, оның түрі, тәсілдері жергілікті жердің шарттарына, жұмыс сипатына орай, жұмыс орнын дайындаған және сол жұмысқа жауапты тұлғаның қатысуымен анықталады.
Уақытша қоршау орындарында “Тоқта. Кернеу” деп жазылған плакаттар ілінуі керек.
124. Торланған, еңкіш қалқан тәрізді арнайы жылжымалы қоршауларды пайдалануға рұқсат етіледі, егер де олардың құрылысы қондыру барысында қауіпсіздікті, беріктік пен орнықтылықты қамтамасыз етер болса.
125. Егер электр қондырғы жабық түрде болса, оның жұмыс орнына жақын немесе қарсы жерінің торлы және толық қоршалған ұяшықтарына “Тоқта. Кернеу” деп жазылған плакаттар ілінуі керек. Егер бұл ұяшықтар қоршалмай, оның үстіне жанынан жұмыскерлер өтетін жол болмаса, оларды сақтандыру плакаттары ілінген жылжымалы қалқандармен қоршау қажет. Бұл жылжымалы қалқандар қауіп төнген жағдайда қызметкердің ғимаратжайдан шығып кетуіне бөгет жасамайды.
126. Тоқты бөліп таратқыш құрылғылардың ашық түрінде, сонымен бірге май толтырылған жабдықтардың ашық қондырғыларында тоқ жерден бастап жүргізіледі, ал егер жабдықтар құрылыс пен іргетастарға қондырылса, онда жұмыс орны «Тоқта. Кернеу» деп жазылған плакаттары ілінген арқанмен қоршалуы керек. Плакаттағы жазулар қоршалған кеңістіктің ішіне қаратылып ілінуі керек. Қоршалған кеңістік ішінде жұмыс істейтіндер үшін жол қалдырылады.
Егер тоқты бөліп таратқыш құрылғылардың өткізгіштері мен барлық жабдықтарынан кернеу алынып тасталып, тек сызықтық ажыратқыштарда қалса, оларды «Тоқта. Кернеу» деген плакаттары бар арқандармен қоршайды. Бұл плакаттар қоршалған кеңістіктің сыртына қарап тұрады.
127. Көрші жердегі кернеу астында жұмыс жүріп жатқан бөлікке өту үшін тоқты ашық бөліп тарататын құрылғыларының жалпы құрылысында /мысалы портты түрінде/ немесе май толтырылған жабдықтардың ашық қондырғыларының ұяшықтарына «Тоқта. Кернеу» деп жазылған плакаттарды көрінетін жерлерге ілінеді. Бұл плакаттарды басшылықтың рұқсаты бойынша электрқауіпсіздігі жөнінен санаты ІІІ-тен төмен емес жедел жөндеу немесе жөндеу қызметкерлері құра алады.
Жұмысты жүзеге асыратын маман көтерілетін құрылыстың төменгі жағына «Мінуге болмайды. Тоқ бар» деген плакат ілінуі керек.
Жұмыс орнына көтерілетін құрылыс пен стационарлы баспалдаққа «Мінетін жер-осы» деген плакат ілінуі керек.
128. Жұмыс істеуге дайындалған жерлердің бәріне жерге қосу қондырғысы салынып және сол орындар қоршалғаннан кейін "Жұмыс істеуге рұқсат" деген плакат ілінеді.
129. Жұмыс уақытында қызметкерлерге уақытша қондырылған қоршаулар мен плакаттарды алып тастауға немесе орнын ауыстыруға, сондай-ақ тиісті ушаскелердің аумағына кіруге тыйым салынады.
130. Электрқондырғыларында кернеуді алып тастау жұмыстарының барлық түрі басталмай тұрып, жұмыс жүретін ушаскелерде тоқ кернеуінің жоқтығын тексеріп алу керек. Электрқондырғыларды орнату бөлігін жүзеге асыру жұмыс орындарындағы тоқтың ажыратылып, барлық фазалар мен әрбір фаза және жер немесе нөлдік тоқ өткізгіш сымдар арасында тоқ кернеуінің жоқтығын тексеру жұмыстарына тыйым салынған плакаттар ілінгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
131. Электрқондырғыларында тоқ кернеуінің жоқтығын тексеру үшін, зауытта жасап шығарылған аспап қолданылу керек. Ал аспаптың дұрыстығын қолданбай тұрып, арнайы құралдармен немесе кернеу астында орналасқан тоқ жүріп тұрған бөліктерге жақындату арқылы тексеруге болады.
Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электрқондырғыларында тоқ кернеуінің жоқтығын тексеру үшін, барлық фазалар мен әрбір фазалар арасындағы кернеу мен жерге қосылған қондырғылар жабдығы немесе жерге қосушы (нөлдік тұйықтыққа тіреуші) тоқ өткізгіштері арқылы қадағаланады. Алдын ала тексерістен өткен вольтметр қолдануға рұқсат етілгенмен, бақылау шамдарына рұқсат етілмейді.
Керенуі 1000 Вольттан жоғары электрқондырғыларында кернеу көрсеткіш аспапты міндетті түрде диэлектрлік биялаймен ұстау керек.
Егер жақын жерде кернеу астында орналасқан тоқ жүретін бөліктер болмай немесе басқа жағдайлар болып, кернеу көрсеткіш аспаптың дұрыстығын сол жұмыс орнында тексеру мүмкіндігі жоқ болса, оны басқа жерде орналасқан электрқондырғысында тексеруге болады.
Егер осындай жолмен тексерілген аспаптың соғылғаны анықталса, оны қайта тексеріп алмай қолдануға тыйым салынады. Тоқтан ажырытылған техникалық жабдықтағы кернеудің жоқтығын барлық фазада жүзеге асырып, ал тоқ үзгіш пен айырғыштың түгел алты фазасынан қысқаш арқылы тексеру қажет.
Егер жұмыс орнында электр тізбегінің үзілген жері болса, кернеудің жоқтығы үзілген жердің екі жағынан тоқ жүріп тұрған бөліктерде тексеріледі.
Үнемі тұратын қоршаулар кернеудің жоқтығын тексермей тұрып ашылып және алынып отырылады.
132. Аппараттардың тоқтан ажыратылып тұрғанынан белгі беріп тұратын стационарлы құрылғылар (үнемі қосылып тұратын вольтметр) сол көрсеткіштердің немесе әрекеттердің негізінде кернеудің жоқтығына ықпал жасай алмайтын қосымша құралдар ғана.
Кернеудің бар екенін білдіретін аспаптардың нұсқауы сол электрқондырғысының жанына жақындауға болмайтынының міндетті белгісі болып табылады.
133. Электрқондырғылардағы тоқ кернеуінің жоқтығын тексеру 1000 Вольттан жоғары кернеуі бар жерде жұмыс істей алатын электр қауіпсіздігі жөнінен санаты ІV –тен төмен емес және кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі қондырғысы бар жерде жұмыс істейтін санаты ІІІ-тен төмен емес бір қызметкеріне рұқсат беріледі.
134. Абайсызда кернеу берілген жағдайда жұмыс істеп жүргендерді тоқпен зақымданудан сақтау мақсатында, жерге қосу құрылғысын электрқондырғының жан-жағынан кернеу түсуі мүмкін деп, сонымен бірге кернеудің айнымалы өзгерісінің болдырмау үшін ажыратылған бөліктерінің әрбір фазасына салады. Әрбір жағынан салынған бір жерге қосу құралы жеткілікті болып саналады.
135. Жерге қосу құралдарын орнату жерлері таңдалғанда, олар кернеу астында орналасқан тоқ жүретін бөліктерден жерге қосу құрылғысы көрінетін сызығымен бөлініп тұруы керек.
Тасымалды жерге қосу қондырғылары орналасқан жерлер кернеу астында қалып, тоқ жүріп тұрған бөліктерден жерге қосқыштың салынуы қауіпсіз болатындай ара қашықтықта орналасуы керек.
136. Тоқты бөліп таратқыш құрылғылардың жабық түріне жерге қосудың қондырғысына арналған орындардағы тоқ жүріп тұрған бөліктеріне салу қажет. Ол орындарды бояуынан тазаланып және қара сызықтармен белгіленеді.
137. Қауіпті немесе жерге қосу құрылғысын салу мүмкін болмайтын электрқондырғылардағы тоқты бөліп таратқыш жәшіктер, жекелеген типтердің жинақталған ажыратқыш құрылғылар жұмыс орнын барысында қауіпсіздік шаралары қабылданады. Ол шаралар: тоқтан айрылғыш жетекті құлыппен бекіту, жоғары ажыратқыштардың түйіскен жерін резеңке қалпақтармен немесе тоқ өткізбейтін материалдан жасалған қатты жапсырмамен қоршау.
Ондай электрқондырғылардың тізімін ұйымның бас инженері анықтап және бекітеді.
138. Егер де электрқондырғыларға басқа тоқ көздері немесе тоқтың айнымалы өзгерісі әсер етіп, кернеу түсуі мүмкін деп табылып, электрқондырығын барлық жағындағы кабелдер, шиналар мен тоқ өткізгіш сымдар тоқтан ажыратылатын болса, сонымен бірге жабдықталған жерге тоқ кернеуі жүргізілмесе, ол жерге жерге қосу құралы қажет болмайды. Ал ажыратылған шиналар, кабелдер мен тоқ өткізгіш сымдарының соңы өте қысқа бекітіліп және жерге қосылуы керек.
139. Кернеуі 1000 Вольттан жоғары электрқондырғыларында:
пышақ іспеттес жерге қосқыш аспаптарды қосу рұқсаты санаты ІV –тен төмен емес жедел немесе жедел жөндеу тобының қызметкерлерінің біреуіне беріледі;
тасымалды жерге қосу құрылғысын салу үшін ІІІ-тен төмен емес электрқондырғының сызбасымен танысқан және қажетті тапсырмаларды орындаған жөндеу қызметкерінен болады;
пышақ іспеттес жерге қосу құралын тоқтан үзу және тасымалды жерге қосу құралын алып тастауды санаты ІІІ-тен төмен емес жедел немесе жедел жөндеу қызметкері жүзеге асырады.
140. Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электрқондырғыларындағы жерге қосу құралын сал және алып тастау операцияларының барлығын санаты ІІІ-тен төмен емес электр қауіпсіздігі жөніндегі топтың жедел немесе жедел жөндеу тобының бір қызметкеріне рұқсат беріледі.
141. Жерге қосу құралы тоқ кернеуінің жоқтығы тексерілгеннен кейін салынады.
Кернеудің жоқтығын тексермес бұрын іштей қарау арқылы тексерілген тасымалды жерге қосу құралының жинақтары жерге қосу құралы салынуға дайындалған жерден табылып және "Жер" деп жазылған қысқышқа жалғанады.
Тасымалды жерге қосу құралдарының қысқыштары жерге қосыла тоқ жүретін бөліктерге ажыратқыш штангілердің көмегімен салынады. Ол қысқыштар сол шатнгімен немесе қолмен бекітіледі, бірақ бекіту барысында міндетті түрде диэлектрлік саусақты биялайды, ажыратушы құралдар болады.
142. Жерге қосу құралы үшін ондай шараға қатысы жоқ басқа да бір тоқ өткізгіш сымдарды пайдалануға болмайды, сонымен қатар жерге қосуды бұраумен жалғауға рұқсат етілмейді.
143. Жерге қосуды ағыту жұмысы кері тәртіппен жүзеге асады: бірінші-тоқ жүріп тұрған бөліктерден жерге қосылу процесі алынады, екінші-жерге қосылушы құрылғыдан үзіледі.
144. Егер атқарылып жатқан жұмыс сипаты қажет етсе, онда жұмыс орнын дайындау барысында салынған жерге қосу құралдарын уақытша ағытуға болады. Жұмыс жасау кезінде ол бола тұра жұмыс орындалмаса жерге қосу құрылғылары алынады. Жерге қосу құралын уақытша алып тастау және орнату жұмысын санаты ІІІ-тен төмен емес электр қауіпсіздігі жөніндегі топтың жедел қызметкері немесе сол топтың басқаруымен бригада мүшесінің өкілі жүзеге асырады.
Кернеуі 1000 Вольттан жоғары электр қондырғыларындағы жерге қосу құралын уақытша алу және қайта қондыру жұмыстары жедел қызметкерсіз жүзеге аспайды. Басшы жедел жөндеу қызметкері болмаған жағдайда ол жұмысты жауапты жетекші немесе сол жұмысты жасаушы маман немесе сол маманның басқаруындағы санаты ІІІ-тен төмен емес топтың бригада мүшелері атқара алады.
145. Тасымалды жерге қосу құралдарының кешені нөмірленіп және сол үшін белгіленген орындарда сақталады. Тасымалды жерге қосу құралдарын бөліп өлшеу және төсеуге арналған орындар сол жинақтардағы нөмірмен сәйкес келетіндей нөмірмен қамтамасыз етіледі.
146. Жерге қосу құралдарының салынуы мен ажыратылуы туралы, пышақ іспеттес құрылғының тоққа қосылып және ажыратылғаны туралы толық мәлімет жедел тіркеу журналы мен нарядқа алынуы керек.
Барлық тасымалды жерге қосу құралдары нөмірлері бойынша салынған жерлері көрсетіліп есепке алынады.
7. Шығырлармен жабдықталған радиоқұрылғыларға қызмет көрсету барысында қойылатын талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |