2
shuskaya_dolina@mail.ru
10 қыркүйек 2016 жыл
Шу өңірі
1
-бетте
(“ҚазАқпарат” ).
облыста
Елдос Сметов пен Кәрім
Көкірекбаев Тараздағы велошеруге
қатысты.
Таразда өткен «Тәуелсіздік -
тірегім!» атты дәстүрлі велошеруді
ұйымдастырушылар Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына арнады.
Велошеру «Достық» алаңынан
басталды. Жарыс жолы облыс
орталығының орталық көшелерін
көктей өтіп, «Әулие-Ата» әуежайына
дейінгі аралықты алып жатты.
Шеруге барлығы 700 адам
қатысты, оның ішінде об-
лыс әкімі Кәрім Көкірекбаев,
оның орынбасарлары, аудан
әкімдері, құқық қорғау және сот
органдарының қызметкерлері,
өңірлік басқармалардың және қала
кәсіпорындары мен ұйымдарының
өкілдері, студенттер қатысты.
ххх
2014 жылы Жамбыл облысы,
Қордай ауданында Тәуелсіздік күніне
орай ашылған алтын кенін өндіріп,
қайта өңдейтін «Central Asia Gold
Production» ЖШС бүгінде Көгадыр
алтын кенішінде табысты еңбек
етуде.
«Central Asia Gold Corp»
жобасының құны - 2,1 млрд теңге.
Жоба үдемелі индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасы
бойынша аймақтық индустри-
яландыру картасына енгізілген.
«Бизнестің жол картасы - 2020»
бағдарламасы бойынша несиенің
пайыздық жарнасын субсидиялау
келісімі бекітілген. Өңірдің 160
тұрғыны тұрақты жұмыспен
қамтамасыз етілген.
Аталған өндіріс зауыт қуатын
толық игеру арқылы алтын
кенішінен жылына 600 мың тонна
кен игеруді жоспарлаған. «Central
Asia Gold Production» ЖШС өнім
өндіруінің жобалық қуаты - жылына
500 келі катод алтыны немесе Доре
қорытпасы. Геология комитетімен
келісім бойынша, жер қойнауын
зерттеу үшін тағы 120 шаршы
шақырым алынды және алдағы
уақытта өнеркәсіп қуатын жылына
бір тонна алтын және 900 мың
тонна кен өндіруге дейін арттыру
қарастырылған.
ххх
Жамбыл өңірінің агроқалыптасуы
үшін Байзақ ауданы, Бурыл ауы-
лында өткен семинар барысында
Жамбыл облысындағы қызылша
шаруашылығы саласының әлеуеті
туралы айтылды.
Семинарды Жамбыл облысы
кәсіпкерлер палатасы мен «Атаме-
кен» ҚР ҰКП агробіліктілік орталығы
ұйымдастырды.
Жамбыл облысы аймақтық
кәсіпкерлер палатасының баспасөз
қызметінің хабарлауынша, «Қант
қызылшасын өсірудің инновациялық
технологиялары» семинары
барысында қатысушылар - шаруа
қожалықтарының басшылары
қант қызылшасын өсіру процесіне,
агротехникалық жұмыстар
кестесіне, еңбек сыйымдылығы мен
тиімділігіне қатысты көптеген жаңа
әрі пайдалы ақпаратқа қанық болды.
- Тыңайтқыштар өсімдік мұны
қажет ететін кезде және кең көлемде
пайдаланылуы керек,-деді ауыл
шаруашылығы ғылымдарының кан-
дидаты Ерлан Күлкеев. - Сондықтан,
минералды тыңайтқыштарды
уақытылы және оңтайлы мөлшерде
пайдалану қант қызылшасының
өнімділігін арттыратын
бағыттардың бірі болып саналады.
Оның айтуынша, тәжірибелік
«Адлер» шаруа қожалығы бекер
таңдалып отырған жоқ. Онда
көктемнен бері «Еврохим-Қаратау»
компаниясының тыңайтқыштарын
пайдалану бағытындағы жұмыстар
жүргізілген.
-Нәтижені өздеріңіз де көріп
отырсыздар,-дейді «Адлер» ШҚ
басшысы Юрий Шейрер көлемдері
әртүрлі үш алқаптан алынған
қызылша тамырларын көрсетіп
тұрып. - Инновациялардың
арқасында біз гектарынан 80-90
тоннаға дейін қызылша жинап,
рекордтық өнім алуды көздеп отыр-
мыз.
Құрамына жеті адам кірген
мұндай комиссия біздің ауданы-
мызда 2011 жылы құрылған. Бүгінгі
таңда аудан әкімінің орынбасары
Е.Бегалиев комиссияның төрағасы,
өзім комиссия хатшысы ретінде ау-
дан тұрғындарымен тәрбиелік мәні
бар шаралар өткізу арқылы қызметті
жүйелі жүзеге асырып келеміз.
Аудандық комиссияның соңғы жыл-
да атқарған істері жөнінде атап айтар
болсақ, ағымдағы жылы аудандық
Мәдениет үйінде «Қыз тәрбиесі -
ұлт тәрбиесі» атты кездесу өтті. Бұл
кездесуге аудан жастары, мектеп
директорларының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары,
жоғарғы
сынып
оқушылары, колледж студенттері
мен 500-ге жуық жасөспірімдер
қатысты. Сонымен қатар, Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің профессоры, педаго-
гика ғылымдарының кандидаты, «Асыл
арна» телеарнасындағы «Әжемнің
әңгімесі» хабарының жүргізушісі Са-
раш Қоңырбаева, белгілі журналист
Жарқын Сәленұлы, ауданымыздағы
«Ұлағат отауы» қоғамдық бірлестігінің
мүшесі, филолог Т.Ибеева, «Нағыз
патриоттар» қоғамдық бірлестігінің
төрайымы Ғ.Әбітаева, аудандық ішкі
істер бөлімінің жедел уәкілі П.Ауелова
шақырылды. Мұнда аға буын өкілдері
қыз бала тәрбиесі жөнінде келелі
әңгіме өрбітіп, жастар мен ардақты
аналарымыздың арасында қызу ой
тартысы орын алды. Өз ойларын толық
айта білген жасөспірімдер көпті көрген
салиқалы аналарымыздан тәрбиелік
мәні бар өсиеттерге қанықты.
Тәрбиелік мәні зор тағы бір шара –
«Мерейлі отбасы» аудандық байқауы.
Оған өңір тұрғыны Тілеуқұловтар отба-
сы қатысып, көпшілік алдында отбасы
құндылықтарын шынайы насихаттап,
өнегелі тәрбиенің үлгісін көрсетті. Ал,
өзім ұйымдастырған ата-баба дәстүрін
жаңғыртып, өскелең ұрпақтың са-
насында
ұлттық
құндылықтарды
қалыптастыруға септігін тигізген, қазақ
ұлттық асханасының ұмыт қалған және
заманауиландырылған тағамдарының,
«Нео-фольклор»
киімдер
дизайнерлерінің
республикалық
конкурсының
аудандық
бірінші
кезеңінің де отбасы тәрбиесіне қосар
үлесі зор. Бұл бір жағынан «Астана
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне
іскер әйелдердiң қатысуы үшiн
дайындық жұмысы іспетті. Конкурстың
мақсаты - қазақ ұлттық асханасының
көпғасырлық
дәстүрлерiн
сақтау
мен насихаттау, ұмыт қалған ұлттық
тағамдарды қайта жандандыру, жаңа
заманауи тағамдарды қолға алу,
қазақтың ұлттық киiмдерiне құрмет
көрсету және оны қазiргi сән үлгiсiне
сәйкестендiру, киім дизайнерлерін
қолдау және олардың инновациялық
потенциалдарын жоғарылату үшін
жағдай жасау. Қазақстанның ұлттық
элементтері сәндік индустриясының
кәсіби ортасын дамыту болып та-
былады. Сонымен қатар, бұл байқау
қазақ ұлттық асханасына, ұмытылып
бара
жатқан
тағамдарға
деген
қызығушылықты, өз үйімізге, туған
жеріміз бен Отанымызға деген
сүйіспеншілікті арттыру міндетін алға
тартады. Қазақ ұлттық асханасының
тағамдарын мейрамхана кәсібі мен
қоғамдық тамақтану саласына тарату,
оны дайындау барысында пайдала-
нылатын экологиялық таза өнімдерді
сатып алу арқылы фермерлер, шаруа
қожалықтары мен диқандарға қолдау
көрсету. Қазақстанды бірегей тарихи-
мәдени мұралар елі ретінде танытуға
Отан отбасынан басталады
ықпал ету, сәннің көшпенділер
киімдеріндегі
дәстүрлі
өнермен
байланысқан әлемдік тенденциясын
жасау және тұрғындарды қазақ ұлттық
ою-өрнектерімен әрленген заманауи
киімге тартуға бағытталған. Байқаудың
алғашқы кезеңінде оған қатысушы
отбасылардың мүшелері бие, түйе
сауу әдісі, түрлі салқын тағамдар
мен ет тағамдары, көже, ыстық, сүтті,
тәтті тағамдар, ыстық және салқын
сусындар, ұн өнімдерінің дайындалу
әдістерін көрсетіп, қазақ халқының
азық-түлік қорынан дайындалатын
түрлі тағамдарымен байланысқан бай
дәстүрі мен ырымдары туралы айтты.
Ұлттық тағамдарды дайындау
кезінде мүмкіндігінше тиісті сертифи-
каты мен басқа да қажетті құжаттары
бар отандық азық-түлік өнімдерін
пайдалану арқылы сапалы тағамның
дайындалуына баса мән берілді. Со-
нымен қатар, қазылар алқасының
мүшелері байқауға қатысушылардың
сыртқы келбеті, жеке басының, жұмыс
орнының
тазалығын,
шикізатты
сақтауын, тағамды дайындау тәсілі мен
ережелерін бұзбауын, тағам қоспасын
дәл өлшеу арқылы бағасын берді.
Сондай-ақ, ұлттық киім байқауына ау-
данымыздан осы салада бірнеше жыл-
дан бері табысты еңбек етіп жүрген ди-
зайнер М.Байманасова қатысты.
Аудан әкімі жанындағы әйелдер
істері және отбасы-демографиялық
саясат жөніндегі комиссиясы мен
аудандық іскер әйелдер қауымдастығы
бірлесіп, жоспарға сәйкес, отба-
сы
құндылықтарын
насихаттауға
бағытталған
түрлі
форматта
тақырыптық бейнебаяндар, фото
слайдтар көрсетілімін ұйымдастырып,
дөңгелек үстел отырыстары мен се-
минарлар, кездесулер мен тәрбиелік
Отбасы қоғамның бір бөлшегі болғандықтан, оған мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетіліп отыра-
тыны заңдылық. Ол әр өңірдегі билік өкілдері арқылы жүзеге асады. Алайда, өмір болғандықтан, қоғамда түрлі
деңгейдегі отбасылардың болатыны рас. Бірінің шалқыған дәулеті болса, енді бірінің өмір сүру сапасы кедейшілік
деңгейден аспайды. Оған қоса отбасындағы жұмыссыздық, ажырасу, отбасы мүшелерінің денсаулығының еңбекке
жарамсыздығы немесе ішімдікке салынуы салдарынан балалардың тәрбиесіз өсуі, отбасындағы әйелдер рөлінің
әлсіздігі, тағы сол сияқты келеңсіздіктер кезігіп жатады. Осыған орай, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және
отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылған.
Оның мақсаты – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық комиссия
туралы ережесінде айқын көрсетілген. Нақты айтқанда, отбасындағы, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты
басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар
тұжырымдау, мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, отбасының
мүддесiн қорғау, әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және гендерлiк
және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен
ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.
қалдырмай, малын арнайы бақташыға табыстап, мал ұрланған жағдайда,
шығынды қайтаратындай бақташымен арада өзара келісімшарт жасалуы
қажет. Мал жоғалтқандар 20 күннен асқанда бір-ақ хабарласады. Ол қылмысты
уақытылы ашуға кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қылмысты болдырма-
уда «Көршілік бақылау» бағдарламасының да зор пайдасы бар. Сондықтан,
жергілікті полиция қызметкерлері оны да қызметте кеңінен жүзеге асыру
қажет,-деп атап өткен М.Байсеркенов өзге де маңызды мәліметтерден хабар-
дар етті.
Қылмыстың алдын алуда жергілікті полиция жергілікті қауым өкілдерімен,
әкімшілік қызметкерлерімен, учаскелік инспекторлармен бірлесіп жұмыс
жасағанда ғана нәтиже болатындығы айтылды.
Ал, Бауыржан Арынұлы ішкі істер органдары мен ветеринария саласы
өкілдеріне, әсіресе, сырға мәселесіне қатысты заң бұзушылықты болдырмау
жөнінде қатаң ескертті.
-Жергілікті полиция қызметін қолдау үшін Жамбыл облысына үкімет тара-
пынан үлкен ғимарат беріліп отыр. Біз ішкі істер министрлігімен, әр аймақтағы
әкімдіктермен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Бүгінгі кездесу жөнінде де облыс
әкімінің алдында есеп береміз. Әр өңірдегі қылмыс бойынша жергілікті по-
лиция мен әкім жауап береді. Сондықтан, бірлесіп жұмыс жасау қажет,-деп
ауданның бұл бағыттағы жұмыстарын қатаң сынға алды.
Сонымен қатар, облыстан келген қонақтар жиынға қатысушылардан
қылмыстың алдын алу бойынша қандай ұсыныстары барын сұрады. Осы
тұста Н.Сұлтанбаев, С.Таңсықов, А.Төлегенов, Б.Бетбаев, тағы басқалар малды
қараусыз қалдырған мал иелеріне айыппұл салу, мал тиеген жүк көліктерін
тексеріп, оған шара қолдану, малды ауласында соятындарға тексеріс жүргізу
сынды ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, аудан тұрғындары тарапынан өзге де
бірқатар өзекті сұрақтар қойылып, лайықты шешім шығару жөнінде келісімге
келді.
Жиынды қорытындылаған Ә.Балқыбеков облыстан келген қонақтарға
келелі кездесу өткізгені үшін алғысын білдіріп, айтылған сын-ескертпелер
мен олқылықтардың орнын толтыруға бірлесіп күш салатынын жеткізді.
Динара БАТЫРХАИРОВА.
Суретте: залдан көрініс.
Суреттер автордікі.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің басты құралы бо-
лып келеді. Бақыт аға мен Рабиза апайдың отбасында бұзылмайтын дәстүр
бар. Кеш батқанда бәрі басқосып, күні бойы атқарған істері мен болған
оқиғаларды талдап отыруды әдетке айналдырған. Ұл-қыздары ақтарыла
сөйлеп, ойларын бүкпей айтып, өзге ортадан алған әсерлерімен бөлісіп
отырады. Онда тұрған не бар дерсіз?! Ашыла сөйлескен сайын араларында
сыйластық пен сенім орнайды. Өнегелі отбасының ұйытқысы әрі тірегі бола
білген Бақыт пен Рабиза Рауия, Қуат, Жания, Перизат, Санжар есімді ұл-қыз
өсіріп, Сағи, Арсен, Адиет атты жиен-немерелерінің қызығына бөленуде.
Бақыт аға Далақайнар ауылдық округі, Т.Әшімбаев атындағы орта мектепте
талай жыл шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда
адал еңбегінің арқасында бейнеттің зейнетін көріп отыр. Ал, Рабиза апай
аталмыш мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып, еңбек етті. Соңғы жылда-
ры ауылдың «Кәусар» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Жалпы, қазақ ұғымында отбасындағы әкенің орны бір бөлек. Әсіресе,
қазіргі балалар үшін әкелердің қиналғанда қол ұшын беріп, ақылымен жол
көрсетіп, жетістіктері үшін арқасынан қағып, арманына қанат бітіретін жақын
жанашыр болуының өзі үлкен бақыт.
-Отбасында қандай шешім қабылдайтын болсақ та ұл-қыздарымызбен
кеңесіп, пікірлерін ескереміз. Жалпы, бала тәрбиелеудің құпиясы біреу ғана:
оларды қоғамның бір мүшесі ретінде бағалап, тыңдай білу керек,–дейді от-
анасы Рабиза.
Шаңырағы биік, босағасы берік Үстеміровтар отбасы мүшелері көппен
бірге таң атса, бірі қызметіне, бірі оқуына, кеш батса, үйіне асығады.
Кішілері үлкендерін, үлкендері кішілерін қуантып, жақсы жаңалықтарымен
бөліседі. Олардың әңгімелерінен бір-біріне деген құрмет, сыйластық пен
сүйіспеншіліктің лебі есіп тұрады.
Алтынай АБДРАИМОВА.
Суретте: отағасы Бақыттың алпыс жас мерейтойын тойлау сәті.
Түтіні түзу шаңырақ
маңызы бар бірқатар іс-шаралар
өткізді. Халықаралық әйелдер күні,
Балалар күні мерекелері де назар-
дан тыс қалмайды. Қайырымдылық
көмек ретінде сал ауруымен ауыратын
балалардың үйлерінде болып, көмекті
қажет ететін жандарға демеушілер
арқылы көмек көрсетуге ықпал етіп
келеміз.
Қандай шара болса да, атқарылған
істердің барлығының түпкі мақсаты
– аудан тұрғындары арасында от-
басы құндылықтарын насихаттауға
негізделген.
Оған
қатысушылар
өткізіл-ген шарадан аз да болса
өздеріне тәрбиелік сабақ алса, ол біздің
мақса-тымыздың орындалғаны. Біз тек
мәдени шаралар ұйымдастырып қана
қоймай, демеушілер арқылы мұқтаж
адамдарға қаржылай көмек беруді
де үнемі назарда ұстаймыз. Сондай-
ақ, жуырда үй иелері жат ағымға
ілескен отбасыларды аралап, олардың
балаларының жағдайын зерделеп, бір
отбасыға көмек көрсетілді. Қоғамдағы
әйелдер рөлін нығайту жұмыстарын
жүргізу, олардың мүддесін қорғау да
біздің қызметтің басты бағыттарының
бірі.
Әрине, жастай берген тәрбие –
жас қайыңды игенмен тең. Әке мен
шешенің атқарған әр ісінің мақсаты
мен мәнін түсінген бала ғана са-
налы азамат болып қалыптасады.
Ал тәрбиенің нәтижесі ата-ананың
қартайғанда көретін тыныштығы неме-
се қасіреті. Отан – отбасынан бастал-
са, отбасы - болашақ ұрпақтың алтын
бесігі екенін естен шығармайық.
Самал ОМАРОВА,
аудан әкімі жанындағы әйелдер
істері және отбасы-демографиялық
саясат жөніндегі комиссиясының
хатшысы.
Еліміздің өсіп-өркендеуіне үлгілі отбасылардың қосып отырған
үлесі орасан зор. Сондай өнегелі отбасылардың бірі – Үстеміровтар
отбасы. «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала –
жағасындағы құрақ». Отбасының өмірдегі орнын даналарымыз
осындай бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген. Аталы сөзде айшықталғандай,
біз бүгін отбасының жарасымды тұрмысы, өнегелі өрісі туралы сөз
қозғамақпыз.
Полиция қызметі
пәрменді болсын