Мүбарак мерекенің орны бөлек



жүктеу 372,75 Kb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата25.05.2018
өлшемі372,75 Kb.
#17308
1   2   3   4   5   6

«Жеріңді  баптай  білсең,  егінді  қаптай  білесің»-демекші,  бүгінде  егін  егіп, 

өнім  алып  жатқандар  қатары  көбеюде.  Солардың  бірі  Қонаев  ауылының 

тұрғыны,  «Малик»  шаруа  қожалығының  иесі  Халит  Азизов.  Жүкті  жұмыла 

көтергенде жеңіл болатынын әу баста ұққан Маликовтар отбасы еңкейген ата-

дан еңбектеген балаға дейін егіншілікпен айналысып, кәсіптің нәсібін көруде. 

-Шаруа  қожалығын  ұйымдастырғанымызға  он  екі  жыл  болды.  7  гектар 

жеріміз бар. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді»-демекші, бұл кәсібіміз отбасы-

мызды  асырауда.  Балаларым,  немерелерім  де  таң  атқаннан  қас  қарайғанша 

жәрдемдеседі. Бірліктің арқасында көріп отырған нәтижеміз де жаман емес,- 

дейді Халит Маликович.

Жақсы өнім алу үшін әр жылда сапалы тұқым сеуіп, ауыспалы егіс жүйесін 

сақтаған. Биыл біраз жоңышқа мен жүгеріні егіп, басым көпшілігіне қарбыз ек-

кен. Әдетте қарбызды Ресейге тасымалдайтын кәсіпкер биыл жиналған өнімнің 

150 тоннасын Астана қаласына жіберген екен. Оның айтуынша, бір қарбыздың 

салмағы 18-20 келіні тартқан. 

-Қарбыз күнді сүйеді. Тоқсан күнде піседі. Оны төрт рет суарған жеткілікті. 

Ыстықты сүйетін дақылды жатқызып емес, тұрғызып, күн көзіне қаратып өсірген 

жөн,-деді қожалық иесі.

Келесі жылдан бастап егіс көлемін ұлғайтып, мол өнім алуды көздеп отыр. 

«Кәсібің – нәсібің»-деген осы болса керек.

(Өз тілшіміз).

 

3



-бетте

5

shuskaya_dolina@mail.ru



10 қыркүйек  2016 жыл

Шу өңірі


Әділет  органдарына  адвокаттар  мен  нотариустардың  көмегіне  мұқтаж, 

бірақ, өздерінің тегін құқықтық көмек алуына құқылы әрі кімге жүгіну қажет 

екендігін  білмейтін  азаматтар  жиі  келіп  жатады.  Басқарма  қызметкерлері 

азаматтарға  түсініктеме  беріп,  сонымен  қатар,  құқықтық  көмек  және  кеңес 

алуы үшін адвокат немесе нотариустарға жолдайды. Осы аталғандарға бай-

ланысты,  ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен 

бекітілген  «Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  білікті  заң  көмегін  алу 

тетіктерін  жетілдіру»  жөніндегі  2016-2017  жылдарға  арналған  кешенді  жо-

спарына  негізделіп,    Жамбыл  облысы  әділет  департаментінің    аудандағы  

ауылдық  округ  тұрғындарына  аумақтық  әділет  органдары  өкілдерімен,  ад-

вокаттар,    нотариустар  және  сот  орындаушыларымен  көрсетілетін  тегін 

заң көмегін беру мақсатында  жоспар құрылған болатын. Аталған жоспарға 

сәйкес, аудандық әділет басқармасы өкілдерінен, жергілікті нотариус, адво-

каттар және сот орындаушыларынан құралған тегін және білікті заң көмегін 

көрсету мақсатында құрылған құқықтық–насихаттау және білікті заң көмегін 

көрсету тобымен үстіміздегі жылдың  маусым айынан бастап  ауылдық елді 

мекендерге  аталған  кеңестермен шығу  науқаны  басталып кеткенін айта кет-

кен жөн. 

Бүгінгі таңда ауданда жылдар бойы түрлі заң салаларында қызмет атқарған 

білікті заңгерлерден құралған 9 адвокат, 9 нотариус және  2 жеке сот орын-

даушылары аудан тұрғындарына өз қызметтерін  көрсетіп келеді. Жоспарға 

сәйкес, қазіргі күні  аталған топ Шу қаласы,  Алға, Ақсу, Төле би, Көкқайнар, 

Бірлікүстем, Жаңа жол, Ескі-Шу, Тасөткел ауылдық округтерінде болып, ондағы 

халықтың түрлі салалар бойынша қойған көкейтесті сұрақтарына  жауаптар 

берілді.  Тұрғындар  тарапынан  негізінен  мүлікті  заңдастыру,  мұрагерлікті 

рәсімдеу,  алимент  өндіру,  шаруа  қожалықтарына  тиесілі  жер  мәселелері, 

азаматтық хал-актілері саласы бойынша сұрақтар  жиі қойылады.

Халықпен кездесу барысында  ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтер бой-

ынша түскен сұраныс-сауалдардың көптігіне байланысты  алдағы уақытта топ 

құрамы  аудандық  ХҚКО  өкілдерімен  толықтырылып,    қалған  10  елді  мекен 

тұрғындарымен кездесу өткізілмекші. 

Осы  орайда,    аудандық  әділет  басқармасы  ауылдық  округ  әкімі  аппа-

раты  тарапынан      ауыл  тұрғындарына    өздерінің  көкейтесті  сұрақтарымен 

жүгінуіне мүмкіндік туғызып,  аталған  іс-шараның ұйымдастырылуына  ықпал 

ететіндігіне зор сенім  арта  отырып,  жоспарға сәйкес құрылған  елді мекен-

дерге шығу кестесін аудан тұрғындарының  назарына ұсынады.

 Айнаш ЕРҒАЗЫ,

аудандық әділет басқармасының бас маманы.

«Нұр  Отан»  партиясы  Шу  аудандық  филиалы  «Шоқпар»  бастауыш  партия 

ұйымының ұйымдастыруымен партияның «Бақытты балалық шақ» жобасы ая-

сында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған  қайырымдылық  іс-шара  негізінде  №18  Мұхтар  Әуезов 

атындағы орта мектеп директоры Ғ.Мустапаеваның  демеушілігімен бір оқушыға 

мектеп  сөмкесі  мен    оқу  құралдары  табыс  етілді.  Қайырымдылық  акцияға 

Шоқпар селолық округінің әкімі Б.Бетбаев, ауыл имамы Б.Майтиев қатысып, мек-

теп директорына алғыстарын білдірді.  

 Ш.ТЕМІРБЕКОВА,

«Шоқпар» бастауыш партия ұйымының төрайымы,

мектеп психологы.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы 

биыл      ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай,  «Бақытты  балалық  шақ  мекені» 

атты ұранмен өтуде. Бұл іс-шараға Төле би  /а/ атындағы орта мектептің ұжымы 

да бір кісідей атсалысып,  оқушылардың мектепке келуіне қамқорлық жасады. 

«Бұрынғының  кісісі  –  бүгінгінің  кішісі»-деген  аталы  сөзден  нәр  алған  ауыл 

азаматтары Ж.Оспанов, Б.Қайранов, М.Садырбаев, Т.Дүйсенбаев, Г.Айманбетова  

және  ауылдағы  мемлекеттік  мекеме  басшылары    бірінің    баласы,  бірінің 

немересіндей  болған,  көз  алдында  жүрген    мұқтаж  жандардан  өз  көмектерін 

аяған жоқ. 

Әлеуметтік  қолдауды    қажет  ететін  жанұяларға  бұл  қамқорлықтың  өзі  көп 

көмек екені даусыз. Балаға қамқорлық - баршаның ісі.

Д.ҚУАНДЫҚОВА, 

Төле би атындағы орта мектептің әлеуметтік маманы.

ШУ АУДАНЫ  БОЙЫНША 

ЕРЕКШЕ ҚАУІПТІ, 

ЗИЯНДЫ ЖӘНЕ КАРАНТИНДІК 

НЫСАНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ 

МЕН  ДАМУЫНА 2016 ЖЫЛДЫҢ  

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА БОЛЖАМ

Ауылшаруашылық  дақылдарының  

зиянкестері

Итальян 

прусы. 


Итальян 

прусының    имаголарының  жап-

пай  табиғи  өлуі        қыркүйектің    1-ші  

онкүндігінің басында байқалады.

Азиалық 

шегіртке. 

Азиалық 

шегірткенің  табиғи  өлуінің  басы  

қыркүйектің   1-ші  онкүндігі, жаппай 

өлуі 2-ші онкүндігінде байқалады.

Мақта көбелегі. Мақта көбелегінің  

3-ші ұрпағының жұлдызқұрттарының 

жаппай  қоректенуі    қызанақта 

қыркүйектің 

1-2-ші 

онкүндігінде 



байқалады.

Астық 


барылдауық 

қоңызы. 


Қыркүйек айында астық барылдауық 

қоңызының 

дернәсілдерінің 

арамшөптерде қоректенуі байқалады.

Сабақ  жегішінің  қоңызы,  күздік 

түн  көбелегі.  Қыркүйек  айында 

қызылшаның сабақ жегішінің қоңызы, 

күздік  түн  көбелегінің  6  жастағы 

құрттары қыстық орнына кетеді.

Күз  айының  келуіне  байла-

нысты 

және 


ауылшаруашылық 

дақылдарының    жиын-терін  болу-

ына  байланысты    зиянкестер    зиян 

келтірмейді  және  олардың  қыстық 

орындарына кетуі   байқалады.

Арамшөптер

Қыркүйек  айында  ауа  райы  жау-

ын-шашынды, ылғалды, жылы болған 

жағдайда  арамшөптердің    өсіп-

өнуіне, сабақтануына, шанақтануына, 

гүлденуіне,  ұрықтануына    ықпалын 

тигізеді.

Карантиндік нысандар

Қызғылт у кекіренің  ұрық шашуы  

қыркүйек  айында да жалғасады.

Арам сояудың жаппай  ұрықтануы  

қыркүйек  айының  1-ші  онкүндігінде 

тіркеледі, 

ұрықшашудың 

басы 


қыркүйек  айының  2-ші  онкүндігінде, 

жаппай ұрықшашу  қыркүйек айының 

3-ші онкүндігінде байқалады.

А.МҰҚАШЕВ,

ҚР  АШМ АӨК МИК 

«Республикалық фитосанитарлық

диагностика және болжамдар 

әдістемелік орталығы» РММ Шу 

аудандық филиалының басшысы.

Шу ауданы әкімінің орынбасары ТЖ комиссия төрағасы Н.Жақсыбаев мырза-

мен бекітілген жоспар бойынша аудан көлемінде 2016 жылдың 5 қыркүйегі мен 

5 қазаны аралығында тұрғын үй секторлары және жемшөп сақтау орындарында 

өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде. 

Тұрғындар  арасында  электр  және  газ  қондырғылары  мен  аспаптарын 

қолдану  ережесін  түсіндіру  жөніндегі  жұмыстарын  ұйымдастыру  мақсатында 

Шу ауданының ТЖ бөлімі, «Шу аудандық газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС, 

«Шу электр торабы» ЖШС, АІІБ және БАҚ өкілдері бірлесіп, аталмыш орындар-

да аралау жұмысын жүргізеді. Барлық білім беру мекемелерінің қызметкерлері 

оқушыларға  өрт  сөндіру  бөлімінде  ашық  есік  күнін    өткізіп,  экскурсия  жасау-

ын ұйымдастыруы қажет. Әрбір экскурсия алдында аудандағы өрт  жағдайына 

қысқаша сипаттама беріп, шаруашылық нысандарда және тұрғын үйлерде орын 

алған өрттерге, олардың шығу себептеріне мысал келтіре отырып, өрт сөндіру 

құрал-жабдықтарымен таныс болады. 

  Н.СМАЙЛОВ,

аудандық  ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау майоры. 

Болашақты бірге жасаймыз!

Қарбыз да табысқа кенелтеді

Заң көмегі аса қажет

мен  оқу  құралдарын  алып  берді.  Сондай-ақ,  облыстық 

мәслихат  депутаты  Г.Тұрлыбек,  аудандық  ардагерлер 

ұйымы  кеңесінің  төрағасы  Қ.Байжұманұлы,  аудандық 

мәслихат  депутаттары    Н.Қадырбеков,  С.Бастаубаева, 

Д.Ахметов, 

С.Абдуманапов, 

Ж.Әбенов, 

Ә.Рахматова, 

А.Рахымбаева,  А.Мұқатаев,    бастауыш  партия  ұйымының  төрағалары 

А.Бименбетов,  Ж.Рысмендеев,  Ш.Сыздықбаева,  Н.Сұлтанбаев,  Р.Батырбеков, 

Т.Қадыр,  Ш.Төлегенова,  Ж.Тәжиев,  К.Егізбаев    жағдайы  төмен,  көпбалалы  от-

басынан шыққан және 46 жетім балаға  мектеп формаларын, сөмке және оқу 

құралдарын алып берді.

Е.РАХЫМҚҰЛОВ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі.

БІЗДІҢ СҰХБАТ

Адам  өміріне  қауіп–қатер  

төндіретін  тілсіз    жаудың    бірі 

–  өрт.    Аудандағы    төтенше  

жағдайлар  бөлімінің  бастығы  

Әміров  Ербол    Шалқарұлы 

өзінің  қызмет  жолын    2005 

жылы  бастаған.  Көкшетау 

техникалық    институтының 

түлегі,    Жамбыл      облыстық  

төтенше 


жағдайлар  

департаментінің  өрт  бақылау  

инженері, Шу  ауданы  төтенше  

жағдайлар    мекемесінің    бас-

шысы.

-Ербол  Шалқарұлы қазіргі  



таңда  ешкімнің    ескертуінсіз    адамзат    өміріне,  табиғат   

әлеміне лап  беретін өрт  шығу  жағдайлары орын алуда. 

Өртке қарсы  алдын алу шаралары қалай жүргізілуде?

-Біздің  жұмыс  Отан  шебінде шекара  күзетіп тұрған 

жауынгер    сияқты  тәуліктің    кез    келген    уақытында 

сақадай сай тұруды қажет етеді.

Бірер    минөт    уақыт    кешігудің  өзі    талай    шығын 

келтіруі  мүмкін. Өрт  жағдайы  барлық  мүмкіндіктің іске  

қосылуын  талап етеді.

Сондықтан    азаматтық-әскери  дайындығымыз 

әрдайым    өз  қалпында  болуы    күн    тәртібінен  үзілмей, 

үнемі  қадағалану  үстінде. Шыны  керек  қызметкерлерді 

көп мекемелер  жақтыра  бермейді. Себебі   белгілі. Тит-

тей    ұшқынның    алапат  өртке    айналуы  мүмкін    екенін  

ескерту  біздің    төл  міндетіміз.  Қоғамдық    орындар  мен 

мекемелердің  өртке  қарсы    алдын  алу  жұмыстары 

ешқашан күн  тәртібінен түскен емес. Кез келген  нысан-

дар мен  жеке  орындардың  қауіпсіздігін ескерту  біз үшін  

маңызды мәселе. Тұрмыс  қалдықтары, әсіресе, қазіргі тез  

тұтанғыш  заттардың  бейберекет  жатуы кез келген қауіп  

түріне  жатады.  Ескерусіз    тасталынған    темекі    қалдығы 

үлкен    өртке      себеп    болғанын    тәжірибемізден  көріп 

жүрміз.

-2013  жылдың  қазан    айында  «Шәймерден»  жа-



нармай  құю    бекетінде  өрт  шығу    салдарынан    болған 

оқиғада  Керімбай  Ғани  Орынбекұлының  ерлік    ісіне  

Елбасымыздың  өзі    Мақтау    қағазын    берді.  Алпыс  

тонналық жанармай құйылған цистернаның  жарылуына 

жол  бермеген  азаматтың ерен  еңбегі  бағаланды. Бірақ 

қазіргі  уақытта  елді  мекендерде  орасан  қаупі  бар жа-

нармай    құю  бекеттерінің    базар,  вокзал    секілді  халық  

көп    жүретін  жерлерге  жақын    орналасуына  қалай  баға 

берер едіңіз?

-Жаны  бар сөз. Еліміздің  басты байлығы – халық. Ал  

адамдар  өмірін  қауіпсіздендіру аса маңызды. Жергілікті  

әкімшілік, басқару және қадағалау органдары жұмылып 

жұмыс    жүргізуі  керек-ақ.  Рас,  қазір  елді  мекендердің  

ішінде  жанармай  құю    бекеттері  көбеюде.  Шу    қаласы  

халық саны, үй саны күннен-күнге  көбейіп келе жатқан 

елді  мекен.  Қала    мәдениетін    қазіргі    заманға    сай 

қалыптастыруды қазірден  бастап  қолға  алу шарт. Жол-

дар  тарылуда. Сауда-саттық үйлері  күн сайын көбеюде. 

Тіпті,  кейде шұғыл  шақыру  кезінде  көлік  кептелістерінен  

баратын  жерге амалсыз кешігеміз.  Көп қабатты  үйлердің  

маңына тосқауыл  жасап қойған бетон  бөлшектер не үшін 

тұрғаны  белгісіз. Сіз  сұрап отырған  мәселе  маған емес, 

әкімшілік басқару  мамандарына  қатысты. Бірақ  тұрғын 

үйлер  орналасқан, халық  көп  жүретін  жерлерде  жанар-

май құю  бекеттерінің  орналасуы экологиялық  тұрғыдан 

да,  қауіпсіздік  мәселесімен де қарама-қайшы нәрсе. 

-Қазір  электр  күшін    пайдаланбайтын  ешқандай  

жұмыс түрі жоқ. Есесіне  қауіптілігі де аз емес.

-Бала  кезімде әкем  ылғи  сөз  арасында «Кездейсоқ  

оттан  сақта,  қатерлі  судан    сақта»-деп  айтып  отыра-

тын.  Ол    кезде    бұл  сөзге  онша    мән  бермегенбіз.  Қазір  

сол  сөздердің  мағынасын терең  түсінгендейміз. Оның  

үстіне  өзім  де    сол  от  пен  судың    қауіптілігін    ескерту 

жұмысындамын.

Жоғарыда  айтқанымыздай, біздің  жұмысқа  сырты-

мыздан сын  айтатындар  жетерлік. Қазір  құрылыс көп. 

Титтей  ғана  тоқ  өткізетін сымның  орасан залал әкелетін  

қаупін    ескертсең  немесе    тәртіптік    шара    қолдансаң 

әжептеуір  реніш  білдіріп жатады.  Бірақ,   бұл түсінген 

адамға  бәріміздің ортақ  қауіпсіздігіміздің  кепілі емес пе?

2014  жылы Шу  қаласы,  «Батыс» мөлтек  ауданындағы 

Қонаев    көшесінде  орналасқан  №18  тұрғын    үйдің    5-ші 

қабатындағы шатырын өрт  шалды. Біздің  қызметкерлер 

өрт оқиғасы орын алған жерге дер  кезінде жетіп, өртті 

ауыздықтады.  Себеп  -    электр    сымы.  Қазіргі    нарық  за-

манында    айла-амал  арқылы  жасалынған    тұрмысқа 

қажетті заттардың  сапасыз  түрлері де көбейді. Әсіресе,  

электр  құралдарын  орнатқанда  арнайы мамандардың  

нұсқауын орындаған жөн.

-Ербол  Шалқарұлы  кабинетіңізде  көптеген  мадақ,  

марапат  хаттар  ілулі тұр. Соның  ішінде Н.Назарбаевтың  

Алғыс    хаты  да  бар    екен.  Демек,  сіздің    мекеме 

қызметкерлерінің  ерен    еңбектері    ескерілуде  екені 

білінеді.

-Рас,  шұғыл    жағдайда  адам    ауырса  жедел  жәрдем 

қалай керек болса, адамзат  қоғамына, қоршаған  ортаға  

қауіп    туған    жағдайда    біздің    мекеменің    сайыпқыран 

жігіттері  сақадай  әзірлігімен,  жанқиярлық  ерліктерімен  

көзге түсуде. Мәселен, Дархан Садыров, Руслан Түнтаев, 

Ғани Керімбаев, Марат Құсайынов, Тілеужан Исқақов өз  

әріптестерінің мақтанышы. Біздің  жігіттер  өте  қарапайым. 

Ерлік  істесе оны жай күнделікті жұмыстың бірі деп санай-

ды. Әскери  дайындығымыздың  үнемі назарда болуының 

арқасында    тез,  әбжіл  қимылдайтын    жігіттерге  облыс  

басшылығының  да    берген  Мадақ  қағаздары  жетерлік. 

Дегенмен,  өрт өшіріп мадақтанғанымыздан гөрі  өрттің  

болмағанын  тілейміз. Ауыл  болсын, қала болсын  кез кел-

ген  мекеме,  қоғам  азаматтары  ескеріп,  жайсыз  істердің 

алдын  алып жүрсе,  төтенше  жағдайдың  болуы да азаяр 

еді.


-Әңгімеңізге  көп  рахмет.  Жұмысыңызға  сәттілік 

тілейміз!

Сұхбаттасқан Несіпхан  ҚОҢЫРБАЕВ.

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

БІЗДІҢ СҰХБАТ

№ 

       Елді мекеннің атауы 



 

           Шығу күні, уақыты

 

шу

  



ауданы

 

бойынша



 

Шоқпар ауылдық округі 



 

08.09.2016 ж. 

сағат 11.00

Далақайнар ауылдық округі  



 

08.09.2016 ж. 

сағат 14.30 

Жаңақоғам  ауылдық округі 



 

22.09.2016 ж 

сағат 11.00

Өндіріс ауылдық округі 



 

07.10.2016 ж. 

сағат 11.00

Қорағаты  ауылдық округі 



 

19.10.2016 ж 

сағат 11.00

Ақтөбе  ауылдық округі 



 

19.10.2016 ж. 

сағат 14.00  

Бірлік ауылдық округі  



 

10.11.2016 ж 

сағат 11.00

Дулат  ауылдық округі 



 

10.11.2016 ж. 

сағат 14.00

Қонаев ауылы 



 

 

24.11.2016 ж 



сағат 11.00

10 


Балуан Шолақ ауылдық округі   

24.11.2016 ж. 

сағат 14.00

ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ

Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

102 ХАБАРЛАЙДЫ



  * * *   

  * * *   

  * * *   

Төле би атындағы орта мектепте де «Мектепке жол» акциясы өтуде.  Алғашқы 

болып қол ұшын созған «Стоматолог» емдеу орталығының директоры К.Смағұлова 

болды.  Клара  Саяққызы  бір  оқушыны  31мың  теңге  көлемінде  мектеп  формасы, 

спорт киім, аяқ киім, жейде, сөмке т.б. қамтамасыз етті. Аудан әкімдігі мәдениет 

және тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы М.Базарова бір  оқушыны 25 мың теңге 

көлемінде мектепке қажетті киімдер мен оқу құралдарымен қамтамасыз етті. «Шу 

аудандық баспасы» ЖШС-нің директор-бас редакторы Н.Қадырбеков бір оқушыға 

10 мың теңге, Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қ.Үрпеков 15 мың теңге 

көлемінде  қаржылай  көмек  берді.  Жеке  кәсіпкер  А.Қартайғанова  бір  оқушыға 

сөмке, жейде берді. Үй шаруасындағы жанашыр жан Г.Есжанова бір оқушыны мек-

теп формасымен қамтыды. Сондай-ақ, Төле би атындағы орта мектептің ұстаздары 

да өз үлестерін қосуда. А.Аймамбетова бір оқушыға мектеп формасын алып берсе, 

А.Жансүгірова 10 мың теңгеге сөмке, оқу құралдарын алып берді. Мектеп дирек-

торы Т.Қадыр бір оқушыға мектеп формасын алып беріп,  6 оқушыға демеушілік 

көрсетіп, мектеп формасымен қамтыды. 

Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар атынан қол созған қайырымды азаматтарға 

шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

И.ИЕМБЕРГЕНОВА,

Төле би атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы (Шу қаласы).




жүктеу 372,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау