4
shuskaya_dolina@mail.ru
10 қыркүйек 2016 жыл
Шу өңірі
АНА
МЕН БАЛА
Ө
ткен жұма күні таңғы сағат алтыда үш көлікке жайғасқан са-
парлаушылар Төле би ауылындағы орталық алаңнан жолға
шықтық. Шулық делегацияны аудандық мәслихат хатшысы Ер-
жан Өмірәлиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазақбай
Байжұманұлы басқарып барды. Топта барлығы 26 адам болды. Жол ұзақ
болғандықтан, таңғы ас ішу үшін біз облыс орталығы – Тараз қаласына жет-
пей, жол бойындағы дәмханаға біраз аялдадық. Мұнан кейін сапарымызды
жалғастырып, облысымыздың Жуалы ауданына келіп жеттік. Бұл аудан
шағын аудан емес екен. Бірнеше ауылдарды артқа қалдырып, Оңтүстік
Қазақстан облысының шекарасына қалай жеткенімізді аңғармай қалдық.
Жуалы ауданының өзінде-ақ жол бойы бір-біріне жалғасқан жоталарға
көтеріліп отырдық. Сондықтан алдағы жолда да осындай тау бөктерлерінің
бірнешеуі тұрғаны түсінікті болып еді. Солай болды да...
Көрші облысқа табанымыз тигенде біз бірінші кезекте Қошқар ата жер-
ленген орынға келіп, оның әруғына құран бағыштадық. Мұнан кейінгі жол
ұлы баба – Бәйдібек бабаның кесенесіне әкелді. Бәйдібек Қарашұлы соңғы
мәліметтер бойынша 1356 жылы Ташкентте өмірге келіп, 1419 жылы біздің
аймақта дүние салған екен. Ол даңқты әрі әділ би және қазақ халқының
батыры болған. Бәйдібек би - ұлы хан Темірланның замандасы әрі серіктесі,
қазақ даласының философы, халық арасында Асан Қайғы атанып кеткен
кемеңгер, аңызшы Асан Сәбитұлының рухани пікірлесі болған. Аса зор
қабілеті мен ақылдылығының арқасында Бәйдібек би қарапайым жетім ба-
ладан өз заманындағы атақты биге айналды. Біз оның үш әйелінің бірі - Сары
бәйбіше және ұлдарының бірі жерленген кесенеге келіп, олардың рухына
тағзым еттік. Жерлесіміз Шүкірәлі молда о дүниелік болған жандардың ру-
хына арнап құран оқыды.
Мұнан кейін Бәйдібек би әрі батырдың үшінші әйелі Домалақ ана
кесенесіне бағыт алдық. Бұл әйел заты туралы ел арасында айтылып
жүрген аңыз-әңгімелер әлі көп. Қайырымды, қайсарлы болған анамыз дау-
лы мәселелерге де араласып, бітімгершілікпен шешімін табуға өзіндік үлкен
үлесін қосқан.
Әрі қарай «Ақ мешіт» үңгірінде болдық. Біз көтерілген биік таудың ба-
сында іші кең, тіпті кейбір жерінде ағаш өсіп тұрған үңгір таңданысымызды
тудырды. Аңыз бойынша мұнда бұрындары күтпеген жағдайдағы жауын
жеңген қазақтардың қоршаулы үлкен әскері болған.
Қас қарайған шақта біз Арыстанбаб кесенесіне атбасын тіредік. Ке-
сене маңындағы тарихи орынға жан-жақтан қонақтардың жиі келетінін
аңғардық. Мұнда бірнеше қонақ үйлер бой көтеріпті. Кесененің іші-
сыртымен таныса жүріп, көрші облыста шын мәнінде ұлы бабалар жерлен-
ген орындардың көп екендігі, бұл туризмді дамытуға ықпал ететіні жайында
ой келді. Жамбыл облысы да өз тарихымен мақтана алады. Тараз қаласын
айтпағанның өзінде өзге де аудандарда, тіпті ауданымыздағы Жайсан тауы,
көне Баласағұн қалашығы сынды тарихи орындар баршылық. Сондықтан,
өз өңірімізде де батыл түрде туристік кластерлерді дамытуға ізгілікпен,
іскерлікпен батыл қадам жасаудың аса қажет екендігін атап айтқан жөн.
Түнгі демалыстан соң, таңертеңмен Ерқоян батыр жерленген орынға
бағыт түзеп, жол жөнекей Укаш ата кесенесіне де аялдауды жөн көрдік.
Түстен кейін ислам дінін белсенді уағыздаушылардың бірі, ұлы
Арыстанбабтың шәкірті Қожа Ахмет Ясауидың кесенесін бетке алып,
Түркістан қаласына табан тіредік. Оның «Диуани-и Хикмет» шығармасы
бүкіл түрік әлеміне кеңінен танымал. Халықтық поэтикалық форма-
ларды қолданып, қарапайым тілде жазылған бұл шығармада исламдық
дүниетанымның негізгі тұстары, қоғамға әсері,
тағы басқа мән-мағына айтылған. Қожа Ахмет
Ясауи адамдарды ізгілікке, қайырымдылыққа
үндеп, екіжүзділік, өтірік пен сатқындықты
әшкерелеуге шақырды. Ол 1166 жылы қайтыс
болған. Дүние салғаннан кейін осы кесенеге
жерленіп, бұл орын мұсылмандардың жаппай та-
бынатын киелі орнына айналды.
Көптеген бейнебақылаумен қамтылған Қожа
Ахмет Ясауи кесенесінің ғимараты кең көлемді
күрделі композицияға толы. Алғашқы кесене
ХІІ ғасырдың екінші жартысында салынған. Он
төртінші ғасырдың тоқсаныншы жылдарын-
да Оңтүстік Қазақстан аумағын өзінің әлемдік
империясының құрамына қосқан Темір хан
Қожа Ахмет Ясауи моласының жаңа ғимаратын
тұрғызу жөнінде бұйрық береді. Билеуші Темір
түркістандық әулиеге зор ықыласпен қарады.
Сондықтан, дерек көздерінде көрсетілгендей,
ол кесененің негізгі параметрлерін, ғимараттың
бөліктері мен сәндік белгілерін өзі белгілеп
берген-ді.
ХVІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ хандарының
ескерткіштері халыққа рухани қызмет етуде.
Мұнда жан-жақтағы өңірлерден келген көптеген
зиялы адамдардың басқосулары, жиында-
ры өткізіліп тұрған. Ішкі және халықаралық
мәселелер талқыланған. Қожа Ахмет Яса-
уи кесенесі қазақтардың жоғары үкіметінің
мәртебелі тағы іспетті болған.
Кешке қарай біз екі топқа бөліндік. Оның бірі
Шу жаққа бет алса, екінші топ көптеген қызықты
мәліметтер мен көріністерге толы Оңтүстік
Қазақстан
облысының
Абай
ауылындағы
қасиетті тас орнын көруге аттанды.
Жексенбі күні таңғы сағат төртте яғни,
сапардың үшінші күнінде өзіміз үшін көптеген
беймәлім жайлардан хабардар еткен сапарымыз-
ды табысты аяқтап, өңірге оралдық. Көрші облы-
ста жүрген кезімізде-ақ, топ мүшелері танымдық
әрі рухани маңызды жоспарды ұйымдастырғаны
үшін аудан әкімі Рүстем Дәулетке зор алғыстарын
білдіріп жатты.
-«Жүз рет естігенше, бір рет көрген
артық»-дегендей,
барлығын
өз
көзімізбен
көргендіктен, бұл сапар маған ұнады. Қарт
адамдарға қажетті қамқорлық жасаған Рүстем
Дәулетке айтар алғысымыз зор. Осындай са-
парды ұйымдастыруы оның адамсүйгіштігі мен
көрегенділігінің дәлелі болса керек. Барлығы
көңілден шықты,-деп барлық қатысушылар аты-
нан Қазақбай Байжұманұлы аудан басшысына
алғысын білдірді.
Нұржан ҚАДЫРБЕКОВ.
Суретте: киелі орындарға сапар кезіндегі
көріністер.
Суреттер автордікі.
Төле би-Түркістан-Төле би.
Мәдени мұра
ӨТКЕНДІ ТАНЫП-БІЛМЕЙ, БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАУ ҚИЫН
АУДАН ӘКІМІ
РҮСТЕМ ДӘУЛЕТТІҢ
БАСТАМАСЫМЕН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚОЛДАУЫМЕН
ӨҢІРІМІЗДЕГІ БІР ТОП
ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ,
ҚАДІРЛІ АҚСАҚАЛДАР
МЕН ӘЖЕЛЕР ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ-
НА САПАРЛАП ҚАЙТТЫ.
МҰНДАҒЫ МАҚСАТ
– ТАРИХИ ОРЫНДАР-
МЕН ТАНЫСЫП, ҚАЗАҚ
ХАЛҚЫНА БЕЛГІЛІ
ТҰЛҒАЛАР ЖЕРЛЕНГЕН
ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР -
КЕСЕНЕЛЕРДЕ БОЛЫП,
ЖАН ДҮНИЕНІ РУХАНИ
ЖАҢҒЫРТУ ЕДІ.