1.2. Социалисттік жұмысшы партиясынң ( СЖП) құрылуы. Ондағы идеялық бағыттар.
Жұмысшылар мен буржуазия арасындағы қайшылықтардың асқынуы жұмысшы табының белсенділігінің орасан зор өсіп кетуіне әкелді. Негізіннен бұл күрес экономикалық сипатта өтті. Бірақта оның кейбір көріністері, келешекте жұмысшылардың саяси партиясының құрылуына қолайлы жағдайдың жасалғанын көрсетті. Жұмысшы қозғалысының жандануына және социалисттік топтардың құрылуына үлкен әсер тигізген 1 Интернационалдың американдық секцияларының құрылуы және қызметі болды. Оның қызметінің нәтижесінде 1876 ж. АҚШ - да елдің барлық социалисттік ұйымдарын біріктірген АҚШ Жұмысшы партиясы құрылды. 1877 ж. бастап ол өзін Социалисттік жұмысшы партиясы (СЖП) деп атай бастады.
Социалисттік қозғалыс бөтен шынайы социализм идеяларына қарсы ағымдармен күрес барысында дамыды. Бұл социализмге жат ағымдармен күрес жұмысшы қозғалысының мынандай негізгі мәселелері бойынша жүрді: жұмысшылардың революциялық ролі; саяси партияның саяси ролі мен сипаты; социалисттік революцияның даму жолдары; партияның капитализмге қарсы легалдық және нелегалдық күресі; пролетариаттың табиғи одақтастары туралы.
Құрылғаннан кейін бірінші онжылдықта АҚШ-ғы СЖП лассальяндықтардың ықпалында болды, себебі оның құрамында неміс иммигранттары басым болған еді. Интернационалдың платформасында тұрған марксисттердің қарсылығына қарамастан, американ социалисттік қозғалысында басшылықты лассальяншылдар алып алды. СЖП - ның ұлттық орынбасары болып лассальяншы Ф. Ван Гаттен тағайындалды.
Лассальяншылдар өздерімен бірге американ социалисттік қозғалысына қоғамдық прогресстегі капиталисттік мемлекеттің атқаратын ролі бойынша өзінің ұсақ буржуазиялық қате көзқарастарын ала келді. Олардың көзқарасы бойынша, капитализмнің дамуы социализмнің орнауына жол ашады, себебі орталықтанған өнеркәсіппен пауперленген жұмысшы табының санының өсуі - социалисттік қайта құруларды ( реформаларды) жасауға негіз болады. Бірақта социализмді құру үшін, капиталисттерден билікті тартып алу керек, ал оның негізі және бір-ақ жолы бар - "бәріне бірдей, тікелей дауыс беру, сайлау хүқын енгізу". Бұл сайлау хүқына ие болған жұмысшылар, сайлау барысында заң шығару және атқару саласындағы қызмет ететін мекемелерде көпшілік орындарды жаулап алады. Сондықтан мемлекет барлық билікті өз қолымен жұмысшыларға бере салады. Қантөгіссіз, бейбіт жолмен автоматикалық тұрде жұмысшылар саяси билікке ие бола салады.
Бұл лассальяндықтар үсынған схемада пролетариаттың саяси қозғалысы тек сайлау барысындағы әкімшілік пен парламентте орын алу үшін күрес ретінде бейнеленді. "Сайлау бюллетені арқылы біз өз көзқарасымызды білдіреміз. Біздердің негізгі мақсатымыз, - сайлау барысында социалистерді сайлап, жұмысшыларға тиімді заңдарды жариялау" - деп айтылған еді. Лассальяндықтардың сайлау барысында шығарған бір үндеуінде олардың жұмысшы қозғалысында ұстанған негізгі принциптері осындай еді [11].
Олар пролетариаттың саяси күресін тек сайлауға қатысуымен шектесе, жұмысшы табының экономикалық күрес жүргізуіне мүлдем қарсы еді. Олардың бағдарламасында пролетариаттың стачкалық және забастовкалық күресін қолдау туралы баптар жоқ еді. Жұмысшы табының экономикалық күресін қолдамау келешекте социалисттік партияның бұқара жұмысшы қозғалысынан алшақ қалып сектаға айналуына әкелер еді. Лассальяншылдарға қарама-қарсы марксисттер жұмысшылардың экономикалық күресін қолдап отырған еді. Кейін СЖП құрылғанда марксисттердің талабы бойынша оның бағдарламасына экономикалық күресті қолдау туралы арнайы бап енгізілген еді: "Пролетарлық таптардың экономикалық азат етілуі - біздің негізгі мақсатымыз және оған жету үшін біз барлық күрес тәсілдерін қолданамыз" - деп жазылған еді ол бапта [12].
Марксисттердің әрекеттеріне қарамастан СЖП ХІХ ғ. 80 ж. аяғына дейін лассальяншылдардың ықпалынан арыла алмады. Бірақта өзінің практикалық қызметінде СЖП марксисттердің ықпалымен кәсіподақтық қозғалыс пен саяси күресті ұйымдастырып отырды. Сондықтан бұл уақыттағы құрылған көптеген кәсіподақтар Ф. Фонердің айтуынша социалисттік партияның ықпалында болды [13]. Мысалы 1882 ж. құрылған Нью-Йорктың Орталық жұмысшы одағының бағдарламасында жұмысшы табының экономикалық және саяси күресті қатар жүргізу керектігі туралы марксисттік принцип бекітілген еді. Социалисттер оған басшылық етті және оның тәуелсіз жұмысшы саясатын жүргізуіне көмегін беріп отырды. АҚШ-ның көптеген ірі қалаларында осы уақытта СЖП ықпалындағы ірі кәсіподақтар құрылды. Жұмысшы қозғалысына социалисттік партияның ықпалы бүдан да көп болар еді, егерде партияның өзінің ішінде алауыздықтар болмаса.
ХІХ ғ. соңғы ширегінде АҚШ-ғы социалисттік қозғалысында анархисттік бағыт айқын көріне бастады. Ол СЖП-ның ХІХ ғ. 80 ж. басындағы сектанттық догматикалық бағытты үстануынан және жұмысшы табының алдында тұрған нақты мәселелерді шеше алмауынан туған еді. Бұл уақытта АҚШ-да көптеген анархисттік топтар қурылды. Американ анархизмінің идеологы болған, 1882 ж. Германиядан АҚШ-на көшіп келген И. Мост еді. Ол Еуропада күйреген бакунизм идеясын АҚШ-да жаңғыртуды көздеген болатын. АҚШ-ғы ұсақ буржуазиялық орта анархизм идеяларының кеңінен тарауға қолайлы болды.
ХІХ ғ. 80 ж. басында Американың көптеген ірі қалаларында СЖП бөлініп шыққан анархисттік топтар құрыла бастады. Олардың негізгі мүшелері шетел иммигранттары болды. 1883 ж. Питсбургте болған сьезде бұл топтардың басын қосып И. Мост Халықаралық жұмысшылар ассоциациясын құрды. Олар кейін өздерін "Қара Интернационал" деп атайтын болды. Бұл сьезде анархисттердің кредосы жарияланған Манифест қабылданды. Онда келешекте " мемлекеттің жойылып, оның орнына өзара тауарлар мен айырбас жасайтын Өнеркәсіптік ұйымдар билейтін экономикалық жүйенің орнатылатыны" туралы айтылды [14].
Легальдық саяси күрестің нәтижелеріне көңілі қалған социалисттердің бір тобы анархисттерге еліктеп революциялық қайратты іс-әрекетке көшуге шақыра бастады. Анархисттердің идеяларын Орталық, Батыс штаттардағы социалисттердің көсемі А. Парсонс және атақты социалисттік оратор және журналист А. Шпис қолдай бастады. Олар бұл штаттардың жұмысшыларына ықпал еткөн Чикагодағы анархисттер клубын құрды. Көптеген анархисттер шығарып жатқан газеттердің ішінде еңтанымал болған "Аларм" газеті еді. Клубтар анархисттік идеяларды кеңінен насихаттап отырды, демонстрациялар мен митингтер ұйымдастырды. Олар сөйлеген сөздерінде жұмысшыларды саяси күрестен бас тартып, капиталистік қоғам мен өнеркәсіптің тәртібін бұзатын іс-ірекеттерді жасауға шақырды.
Кейінгі оқиғалар, анархисттік идеялардың американ социалисттік қозғалысына қандай зиян келтіргенін анық көрсетті. Өздерін социалисттер - революционерлер деп атаған анархисттердің жүргізген шанқиған насихаты мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттері Американың билеуші топтарына социалисттерге қарсы саясат жүргізуге сылтау болды. Солардың қызметінің нәтижесінде Чикаголық бір топ социалист-революционерлерді, мемлекетті жоюға ұмтылған әрекеттер жасадыңыздар деп жалған кінә тағып тұрмеге жапқан болатын. Анархисттердің бағдарламасындағы экстремисттік үрандарды пайдаланып, үкімет социалисттік қозғалысқа қарсы шабуылын бастады. Кейбір мемлекетке жарамсақтанған кәсіподақтар да бұл социалисттерге қарсы күреске қосылып кетті [15].
"Хеймаркет ісінен" кейін басталған полициялық қудалаулар анархисттердің қызметін шамалы шектеді. Көптеген анархисттік клубтар, газеттер, журналдар жабылды. ХІХ ғ. 90 ж. анархисттер өзінің принциптерін насихаттауды тоқтатты. Бірақта олар енді активтік іс-әрекеттерден бас тартып, тек 1895 ж. "Аларм" газетін жапқаннан кейін жарық көрген "Рэбел" газетінің беттерінде жүргізілген дискуссиялармен шектелді. Олар жұмысіиы табының ұйымдасқан күресін сынға алды, марксисттер қолданған парламенттік саясаттың принциптеріне қарсы шықты[1б].
Анархизммен күрес барысында СЖП 188б ж. "Социализм мен анархизм - анатагонисттік жаулар" деген ортақ атаумен брошюра шығарды. Онда "күштеу" деген терминге марксисттік анықтамалар берілген еді және анархисттер мен марксисттердің оны түсіну мен қолдануындағы айырмашылықтары ашылып берілген еді. Бірақта СЖП көсемдері анархизмнің таптық мәнін және американ жұмысшы және кәсіподақтық қозғалысында кең таралуының себептерін толық ашып бере алмады.
Лассальяншылдар мен анархисттердің үгіті және олардың фракциялық қозғалысы жұмысшы қозғалысындағы социалисттердің позицияларын әлсіретті. Бірақта бүтіндей алғанда социалисттердің жұмысшы қозғалысындағы беделі жоғары бола берді. Сондықтан ол АҚШ - ғы социалисттік қозғалыстың дамуының стимулы болды. АҚШ - ғы жұмысшы қозғалысының дамуына зер салып бақылаған Ф. Энгельс 188б ж. басында Ф. Зоргеге былай деп жазған болатын; " Ақыр аяғында айтсақ, Америкадағы социалисттік қозғалыс әжептәуір табыстарға жетті" [17].
Бұл табыстар 1886 ж. Нью-Йорк қаласының муниципалдық мекемелеріне сайлау барысында көрінді. СЖП шақыруы бойынша жұмысшылар сайлау барысында Г. Джорджтың кандитатурасын қолдайды. Оның сайлау платформасы социалисттік болмағанымен, социалисттердің дұрыс есептері бойынша, ол жұмысшы табының тәуелсіз саяси әрекеттеріне қозғау салар еді. Осы сайлау барысында Г. Джордж республикандық партияның өкілін жинаған дауыстары бойынша асып түсті. Өзінің бұл жемісіне ол социалисттердің жұмысшылар арасында жүргізген қызу насихаттының арқасында жеткен еді. Бүтіндей алғанда социалисттер жұмысшы табының ХІХ ғ. 80 жж. ірі қимылдарында көрнекті роль атқарды. " Бұл уақытта СЖП Америка штаттарындағы жаппай көпшілік жұмысшы қозғалысының тікелей және белсенді қатысушысы болды" [18].
1889 ж. АҚШ - ғы СЖП лассальяншылдар фракциясының толық жеңіліумен аяқталды. Партияның басшьілығына келген жаңа көсемдер оның бағдарламасына көптеген түзетулер енгізді. Біріншіден, кооперативтерге мемлекеттің тарапынан көмек көрсету қажеттілігі туралы бап алынып тасталды. Социалисттердің кәсіподақтарда жұмысты күшейту туралы бап енгізілді. Бағдарламаға бұл бапты енгізуге АЕФ көсемі С. Гомперс қарсылық білдірді, бірақта оған қарамастан ол енгізілген еді. Соның нәтижесінде социалисттердің кәсіподақтардың жұмысына ықпалы күшейе бастады.
ІІ -ТАРАУ. ХІХ Ғ. 70-90 ЖЖ. АҚШ - ҒЫ СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫС.
2.1. Социалисттік жұмысшы партиясының (СЖП) Американ еңбек федерациясының (АЕФ) реформизміне қарсы күресі.
АЕФ - нің пролетариаттың тәуелсіз саяси қозғалысына ұстанған идеологиялық мақсаттары социалисттердің мақсаттарынан мүлдем өзгеше еді. С. Гомперс жұмысшылардың социалисттік сана сезімінің оянуына қарсы болды, сондықтан тред-юнионисттік идеология реформисттік теориялардың тар шеңберінен шыға алмай қойды. ХІХ ғ. 80-90 жж. жаппай көпшілік жұмысшы қозғалысының өрлеуіне байланысты социалисттердің бұл консервативтік идөологияны сынауы негізгі мақсатқа айналды. Жұмысшылар арасындағы СЖП жүргізіп жатқан социалисттік насихатты нәтижелі болу үшін, тред-юнионисттік идеологияның ықпалын жою қажет еді. Бұл мақсатты жүзеге асыруды өз қолына алған 1850 ж. бастап СЖП - ның басшылығына келген Д. Де Леоне болды.
Ол ХІХ ғ. аяғы мен XX ғ. басында американ социалисттік қозғалысына зор ықпалын тигізген кісі еді. Де Леоне социалисттік прессаның маңызы мен рөлін көтөрді, баспасөзге партияның жеке меншігін жариялады. 20 жыл бойы өзі редакторы болып ағылшын тілінде шығарған " Пипл" газеті американ жұмысшыларының арасында күнбе-күн өз беттерінде социализм идеяларын насихаттап отырды, пролетариаттың таптық сезімін оятып отырды. Бірақта сонымен қатар, ол АҚШ - ғы социалисттік қозғалысқа көп зиян әкелген қателіктерді де жіберді [19].
ХІХғ. 90 ж. АҚШ - да тред-юниондар құрылып бітті. 1889 ж. СЖП - нің сьезіндегі қабылданған қарарда социалисттердің тред-юниондармен байланысын бекіту керектігі айтылған еді. Бірақта ХІХ ғ. 90 жж. СЖП бұқара жұмысшы қозғалысынан оқшауланып қалды. Социалисттерге қарсы бағытта турған АЕФ басшылары Де Леоне басқарған СЖП жұмысшы және фермерлік қозғалысына қатысты жіберген догматикалық және сектанттық қателіктерін бетіне басып, социалисттік партияның халық алдында беделін түсіріп отырды.
Де Леонеде фермерлік қозғалысты дұрыс бағалай алмаған еді. Ол фермерлерді "орта", "коррупцияланған" өткінші тап және олардың меншігін социалисттік революция барысында тәркілеу керек деп есептеді. Фермерлерге осы көзқарасына байланысты ол СЖП мүшелерін популисттік қозғалысты және оны басқарып отырған Халық партиясын қолдамауға шақырды [20].
АЕФ көсемі С. Гомперс социалисттерді тред-юниондарды социалистік қозғалысқа "интегрировать" етемін деп жатыр деп жала жатты. С. Гомперстің бұл бағыты және СЖП - ның кәсіподақтарға қарсы үстанған саясаты ХІХ ғ. 90 жж. социалисттік қозғалыстың дағдарысын туғызды. Сондықтан 1892 ж. сьезде социалисттер өздерінің ұйымдасқан жұмысшылардан алшақ қалғанын және пролетариат арасында беделінің түсіп кеткенін мойындауға мәжбүр болды.
Бұл қателікті түзету үшін СЖП басшылары социалисттерді тредюниондарда социалисттік идеяларын насихаттауды күшейту және ұлттық кәсіподақ ұйымдарында СЖП ықпалын өсіруге шақырды. Бұл Де Леоненің тред-юниондарға қатысты үсынған тактиканы "іштен бұрғылау" тактикасы деп атады. Шамалы уақыт бойы бұл тактика жемісті болды. Жергілікті тред-юниондардағы жүргізілген социалисттік насихаттың нәтижесінде 1893 ж. АЕФ сьезінде жаңа бағдарламада гомперсизмнің негізгі идеялары алып тасталынған еді және 10 бабында еңбек қуралдарын ұлттандыру талабы қойылған еді [21].
Бірақта бұл тактика арқылы СЖП АЕФ басшылары мен жергілікті ұлттық ұйымдардың оппортунизмін жоя алмады. Сондықтан Де Леонө бұл тактикадан бас тартты. СЖП тред-юниондарда социалисттік насихатты жүргізуді тоқтатты, пролетариаттың экономикалық күресін қолдауды қойды. Бұл Де Деоне басқарған СЖП жіберген қатерлі қатесі еді. Сонымен қатар, Де Леоне экономикалық күресті жүргізіп жатқан жұмысшылыр ұйымдарын сынай бастады. Соның нәтижесінде СЖП қолдап тұрған соңғы ұлттық кәсіподақ (ОГ) ОРГИ -де бас тартты. Енді социалисттер барлық тред-юниондардан оқшауланып қалды. Осы уақыпа Де Леоне кәсіподақтарға қатысты жаңа тактиканы сырттан қысым жасау" немесе "екі жақты юнионизмді" қолдана бастады.
1895 ж. Де Леоненің ұсынысы бойынша жаңа жұмысшы одағы құрылды. Ол "Жұмысшы одақтары мен кәсіподақтық ұйымдардың социалисттік Альянсы" деп аталды. С. Гомперс оны СЖП заңсыз ұрпағы" деп атаған еді. Оның ұйытқысы болған Нью-Йорк жұмысшы федерациясы, орталық штаттардың кейбір жұмысшы одақтары мен неміс және еврей тред-юниондары еді. 189б ж. СЖП сьезінде бұл жаңа кәсіподақтың ұлттық хатшысы Г. Кун оны өзінің мақсаты мен сипаты бойынша революциялық кәсіподақ деп бағалады. Бұл Альянстың мүшелерінін саны 15 мыңға жетті [22].
АЕФ цехтік одақтарына қарама-қарсы құрылған социалисттік Альянс "таза" және "қарапайым" тред-юнионизмнің дәстұрлі және консервативтік формаларымен күресуге бағытталған еді. Бірақта құрылған уақытынан бастап - ақ ол мақсаттарына жете алмады. Бұл Альянсты құрғанда Де Леоне ол арқылы АЕФ-ның оппортунизімін жеңіп, АҚШ кәсіподақтық қозғалысын СЖП тәуелді еткісі келген еді. Бірақта бұл догматикалық саясат нәтижелі болмады. Альянстың мәнін түсіне бастаған жұмысшылар одан шыға бастады. 1898 ж. баяғы 15 мың мүшеден 4-5 -ақмың мүше қалды [23].
Социалисттік Альянсты құрғанда СЖП басшылары мен идеологтары "таза" және "қарапайым" тред-юниондарға қарсы "дұрыс инициативаны" ұсынуды көздеген еді. Олар социалисттерді ішінен "іріп-шіріген" жұмысшы одақтарын тастап, жаңа "революциялық одақтарды" құруға шақырды. СЖП 1Х сьезді партияның мүшелерін көне кәсіподақтардан шығаруды ұсынды ( бұл әлі талап емес, ұсыныс еді). Бірақта бұл ұсыныс СЖП ішінде қызу дебаттарға әкелді. Бұл мәселе бойынша партия ішінде Де Леоне және оның "екі жақты юнионизм" тактикасына қарсы бағыт қалыптасты.
2.2. Соцалисттердің фермерлік қозғалысы мен Халықтық партияға көзқарасы.
ХІХ ғ. 70 жж. теміржол корпорациялары, банкирлер, саудагерлер фермерлерді қанауды күшейтті. Соның нәтижесінде ХІХ ғ. 70-90 жж. фермерлердің таптық күресі күшейді. Американ фермерлерінің монополисттік капиталға қарсы күресі ХІХ ғ. 70 жж. грөйнджерлер мен гринбеккерлер қозғалыстарында көрінді. ХІХ ғ. 80 ж. олардың орындарына фермерлік альянстардың қозғалыстары келді. 90-шы жылдары фермерлік қозғалыстың нәтижесінде жаппай көпшілік саяси ұйым - Халық партиясы 1892 ж. құрылды. Де Леоне басқарған СЖП өзінің 1893 ж. сьезінде Халық партиясына қаталтұрде қарсы шықты.
СЖП Халық партиясын "плутократияның үстемдігі сияқты, пролетариаттың мақсаттары мен мүддесіне қарама-қарсы тұрған партия" деп сипаттады. Келешекте меншігін ұлттандыратын өткінші тап, фермерлер, социалисттердің ойынша, жұмысшылармен одақтасқанда тек пролетариатқа айналып кетпеуін көздейді. Сондықтан 1893 сьездің қарарында " жалдамалы еңбекшілердің табы еш уақытта бұл фермерлік фзғалысты қолдай алмайды" деп жазылып қойды. СЖП қатардағы мүшелері популисттермен одақтасып кетпеу үшін Де Леоненің үсынысы бойынша СЖП секцияларының мүшелеріне Халықтық партиясымен байланыс жасауға қатаң тиым жасалды [24]. Партияның басшыларының Халық партиясынан бойын аулақ үстауы қатардағы социалисттердің наразылығын туғызды. Көптеген қатардағы социалисттер бұл партияны қолдап, оның мүшелерінің арасында социалисттік идеяларды насихаттауға шақырды. Сондықтан СЖП басшыларының үстанған саясатына қарамастан кейбір социалисттер-марксисттер оны қолдай бастады.
Популисттерді, сонымен қатар СЖП бағдарламасы мен жарғысын қолдаған, бірақта оның мүшелігіне кірмеген американ интелигенциясының кейбір өкілдері де қолдады. Де Леоне оларды "ұйымдаспағандар" деп атайтын еді. "Индивидуалисттік" социалисттер, Халық партиясына мүше болып, онда социалистік қозғалыстың шектелгендігін, кәсіподақтарға көзқарастарының дұрыс еместігін түсініп отырсада, бұл халық қозғалысына қолдау көрсетті.
"Индивидуалисттік" социалисттер арасында көзге түскен Генри Ллойд еді. Өз заманының ең оқымысты азаматы, атақты публицист, аты шулы "Байлық қоғамға қарсы" еңбектің авторы, ол 90-шы жылдары популисттік қозғалыста маңызды прогрессивті роль атқарды. Ол жұмысшыларды фермерлік қозғалысты басқаруға шақырды, себебі олар " фермерлерге қарағанда қазіргі экономикалық және әлеуметтік дамудың тенденцияларын анығырақ түсінетін еді және бұл қозғалысты радикалдық бағытта дамытар еді" [25]. Оның ойынша, фермерлер келешек саяси билік үшін күресте жұмысшы табының табиғи одақтасы болар еді. Ол жұмысшылар мен фермерлер арасында одақ құруға шақырды. 1894 ж. шілдеде Г. Ллойд және М. Дж. Морган басқарған социалисттер Спрингорилдегі кәсіподақтар конференциясында жұмысшы-популистік одағын құрды. Конференция барлық жұмысшыларды 1894 ж. аяғында болатын сайлауда " халықтың еңбек құралдарына қоғамдық меншігін жариялауды" қолдаған Халық партиясының депутаттарына дауыс беруге шақырды.
Жұмысшы-популисттік блоктың құрылуы монополияларға қарсы халықтың күресіндегі ілгері басушылық еді. Олардың бағдарламасында халықтың тресттерге қарсы күресі, олардың меншігіне халықтың ұжымдық меншігін орнатумен байланыстырылған еді. Бір апта өткеннен кейін, 12 шілде 1894 ж. Спрингорилд бағдарламасының негізінде Чикагодағы құрылған жұмысшы-популисттік блок, Иллинойс және ботен де штаттарда құрыла бастады. Қатардағы социалисттер мен қатар Халықтық партияны социалисттердің көсемдері де қолдай бастады. Пульман стачкасының басқарушысы Ю. Дебс, митингте теміржолшыларды популисттерді қолдауға шақыра отырып былай деген еді: "Мен популиспін, біз барлығымыз бірігіп көне 2 партияға енді есін жия алмайтындай етіп соққы беруіміз керек. Мен көне демократпын және оны мақтан етемің. Мен барлықтарыңызды сайлауға келіп, Халық партиясының өкілдерін қолдауға шақырамын" [26].
Жұмысшылардың фермерлерді қолдап олармен одақтасуының себебі мынада еді:
Олар бірігіп үкіметпен күрескен еді;
Бірігіп қәсіподақтарда қызмет ететін еді;
Фермерлер әр жағдайларда жұмысшыларды қолдап отырған еді.
1894 ж. бойы жұмысшы-популисттік блоктар Иллинойс штатынан басқа Небраска, Висконсин, Нью-Йорк, Огайо, Индиана, Минесотта, Масачусетс, Монтана, Техас, Калифорнияда құрылды.
Социалисттер фермерлер арасында өз принциптерін насихаттай бастады. Әсіресе социалисттік идеяларды таратуда табысқа жеткен Г. Ллойд пен М.Дж. Морган болды. Олардың насихатының ықпалы зор болды. Көптеген Илийнойс, Айова, Минесотта және Солтүстік Дакотадағы штаттарда' өткен митингтерде фермерлер Г. Ллойдтың сөздерін ұйып тыңдайтын еді. Ол тресттерді ұлттандыру керектігін, жұмысшы-популисттік блоктың саяси билікке жеткенде ғана халық қапиталдың үстемдігінен айрылатынын насихаттады.
Жұмысшылар, фермерлер, социалисттер бірігіп қызмет еткенінің нәтижесінде 1894 ж. сайлауда Халық партиясы зор табысқа жетті. Ол 1892 ж. жиналған даустан 1894 ж. 1,5 млн. даус артық жинады. Негізіннен бұл дауыстарға ол өнеркәсіптік орталықтарда ие болды. Мысалы, Кук округінде, Чикагода Халық партиясына дауыс берген жұмысшылардың саны 1892 ж, салыстырғанда 20 есе өсті, 2 мың дауыстан 34-40 мыңға дейін Халық партиясы үшін Пөнсильванияның, Батыс Виргинияның, Йлийнойс және Огайоның шахтерлері дауыс бөрді. Сан-Францисконың мэрі болған популисттердің кандидаты А. Сатро, өзінің жеңісі үшін ұйымдасқан жұмысшыларға алғыс айтқан болатын.
Жұысшы-популисттік блоктың қызметінің нәтижесінде Техас популисттері Заң шығару жиналысына 22 өзінің кандидатын өткізді. 12 популисттік кандидат Конгреске өтті.
Жұмысшы қозғалысының өсуі және оның фермерлік қозғалыспен ұштасуы үстем таптардың қорқынышын туғызды. Буржуазия бұл Іқозғалысты басуға әрекет жасады. 1894 ж. бастап армия мен полиция күштері күшейтілді. Ірі индустриялық орталықтарда қару-жарақ арсеналдары салына бастады. Халықпен күресу үшін буржуазия топтаса бастады. Сонымен қатар, буржуазия Халық партиясын ішінен іріп-шіріте бастады.
1894 ж. бастап Халық партиясының ішінде екі бағыт қалыптасты: I консервативтік және радикалдық. Консервативтік бағыттың көсемдері Таубенек пен Уивер болды.
Консервативтік бағыт социалисттердің партияға тигізіп жатқан ықпалымен күреске шықты. Олар негізгі популисттік талаптардан бас тартып, Халық партиясының қызметін тек күміс ақшаны енгізу үшін күреспен шектегісі келді. Консервативтік күштерді нығайту үшін олар Халық партиясына "байсалды" мүшелерді: бизнесмен, адвокаттар, сатушыларды шақыра бастады.Халық партиясында қалыптасқан екі бағыт негізгі саяси мәселелер бойынша жіктелді. Егерде радикалды популисттер кәсіподақтарды, стачкаларды, жұмыссыздардың Вашинггонға жорығын қолдаса, консервативтік көсемдер бұлардың барлығына қарсылық білдірді. Әсіресе Таубенек-Уивердің тобының ызасын алған Орталық, Батыс штаттарында жұмысшы-популисттік одақтар құрған социалисттер еді. Олар Халық партиясының шынайы досы болған, оның бөтен буржуазиялық партияларға қосылмай тәуелсіз қызмет етуін қалаған социалисттерді партиядан құғындай бастады. Тек қана жұмысшылар мен социалисттерді Халық партиясынан қуып, жұмысшы-популисттік блокты ыдыратып олар партия басшылығына келе алатын еді. 11894 ж. желтоқсанында Сент-Луисте өткен Халық партиясының конференциясында Г, Ллойд бастаған жұмысшы-популисттік блоктың жақтаушылары Таубенек-Уивер тобының 1 шабуылына тойтарыс берді. Халық партиясының .бағдарламасына жұмысшы-популисттік блок ұсынған мынадай жаңа талаптар енгізілді: жер иеліктерінің көлемін іріктеу; жұмысшылар стачкаларын әскердің күштерімен басу тәжірибесін тоқтату; барлық монополияларды қоғамдық меншікке айналдырып мемлекет билігіне беру және т.б. Сент-Луис конференциясында жұмысшы популисттік блок мынандай ұрандар ұсынды: "Мисионерлер мен монополиялардың билігі жойылсын!", "Халықтың мүддесі мен адамдар құқықтарын қорғау үшін алға!"АЕФ барлық жұмысшыларды популисттермен саяси одаққа бармауға шақырды. АЕФ бұл саясатын өте ұтымды пайдаланып Халық партиясының консервативтік бағыттағы көсемдері радикалдық жұмысшылар мен социалисттерді Халық партиясының ұйымдарынан қуа бастады. Социалисттерге қарсы бағытталған компаниялар басталды. Популисттік жиналыстар мен газеттердің беттерінде егерде социалисттер сайлауға араласпаса біздер (Халық партиясы) сайлауда көбірек дауысқа ие болар едік деген пікірлер айтыла бастады. Кейбір ораторлар, социалисттердің Халық партиясына мүше болғандағы көздеген мақсаттары - оны Американың социалисттік партиясы деп жариялау - дей бастады. Кейбір асыра сөйлегендерді, қатардағы популисттерді қорқытып "социалисттік епископтар" М. Дж. Морган және басқалар популисттік қозғалысқа Чикаго коммунасын ұйымдастыру үшін кірді деп жариялады.
Консерваторлар мен радикалдар 189б ж. популисттердің ұлттық сьезінде шайқасуға дайындық жүргізді. Бұл сьезд президенттік сайлауға Халық партиясының өкілінің атын атау керек еді. Сьезд қарсаңында Халық партиясының консервативтік басшылары АҚШ демократиялық партиясымен, олардың босстарымен саяси келісімге көліп, олардың кандидаты Уильям Браунды қолдады. Солтүстік Каролинада шығатын популисттік газет " Прогрэссив фермер" бұл Таубенек-Уивер тобының әрекеттерін Халық партиясын Уол-Стрит демократтарының табан астына жығуы деп бағалады.
Радикалдық бағыт президентікке Ю.Дебстің кандидатурасын ұсынды. ГД.Ллойд, Дебстің жеңісіне кәміл сенген жұмысшылар мен фермерлерді ол үшін дауыс беруді ұсынды. Бірақта Ю. Дебс өз кандидатурасын алып тастады. Бұл іс-әрекетім.ен ол солшылдардың қанатын кесті.
22 шілде 1896 ж. Сент-Луисте ашылған сьезде консервативтік топ алдау, қорқыту, антидемократиялық тәсілдерін пайдаланып, сьезд делегаттарын У. Брайанаға дауыс беруге итермеледі. Оп 1363 дауыстың 1042 ие болды. Сөйтіп Халық партиясының сьезді президенттікке демократиялық партияның кандидатурасын ұсынды. Радикалдардың айтуынша, "Халық партиясын залым саясатшылар сатып жіберді". Сьездің шешімдерін қорыта келе Г.Д.Ллойд былай деген еді: "Таубенек пен Уивер екі жыл бұрын Халық партиясын құртуды жоспарлаған еді, енді Сент-Луисте олар дегеніне жетті [27].
Өзінің қатарына 2 млн. адам жинаған Халық партиясы жұмысшылармен социалисттердің ықпалымен көптеген табыстарға жеткен еді. Ең негізгісі олар жұмысшы-популисттік одақтар вдылғаннан кейін жеке меншікті жойып, еңбек құралдарына қоғамдық меншікті жариялауды "талап етті. Бұл фермерлік қозғалыстағы социалисттердің ықпалының көрінісі еді. ХІХ ғ. соңындағы АҚШ-ғы фермерлік қозғалыс жеңілске ұшырады. Оның көптеген себептері бар. Соның ішіндегі маңыздысы, социалисттік идеялардың фермерлерге кең таралмауы. Ал оның өзі американ жұмысшы қозғалысының әлсіздігіне байланысты еді. Фермерлер қозғалысына жұмысшылар басшылық ете алмады, себебі олардың өзін басқаратын революциялық партия болмады. Фракцияларға бөлінген, әлсіреген СЖП фермерлік қозғалысқа басшы болмақ түгіл оған қарсы шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |