Мазмұны кіріспе І бөлім мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері 8


І БӨЛІМ МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯ БІРЛІГІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



жүктеу 0,64 Mb.
бет2/6
Дата14.02.2018
өлшемі0,64 Mb.
#9535
1   2   3   4   5   6

І БӨЛІМ МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯ БІРЛІГІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




1.1 Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұя бірлігінің педагогикалық негіздері


«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек».

Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан – жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз /ХV-XVI ғ.ғ./. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған. [5]

Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде гуманистер Витторино да Фельтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан – жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал-утопистер Томас-Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен-Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты даму деп қарастырды. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді. [6]

XVIII ғасырдағы француз философ-ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл – ой мен адамгершілік тәрбиесін қарастырды. Ж.Ж.Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым – қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.

Жан – жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл-демократиялық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтар да қолдады. Н.Г.Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді.

Жеке тұлғаның жан – жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:

-отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;

-ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;

-адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;

-еңбекте адал қарым – қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу,

-әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу,

-денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен /спортпен/ үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;

-табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с. [7]

Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары: ақыл – ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б. көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады. Бұдан арғы жерде бұлардың әрқайсысы жеке тарауларда қарастырылады.

Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материалдық та жағдайлар жасау қажет. Ол үшін:


  1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;

  2. Оқу – тәрбие беретін мекемелердің материалдық-техникалық базасын үнемі жақсартып отыру,

  3. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;

  4. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәдениет сарайлары, кітапханалар, лекторийлар т.б. ұтымды ұйымдастыру;

  5. Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесімен күн сайын айналысуын насихаттау, мүмкіншілік жасау. Спорт секцияларын ұйымдастырып, спорт залдарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету,

  6. Халықтың әл – ауқатын, тұрмыс – жағдайын, материалдық ахуалын жақсарту,

  7. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы кеңінен пайдалану. Аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту,

  8. Жастардың бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру, өздері қалаған шығармашылық жұмыстармен айналысуға барынша қолдау көрсетіп, жағдайлар туғызу,

  9. Тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Осы мәселелерді өскелең өмір талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің негізі болмақ.

Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салаларының міндеттерін жүзеге асыру, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Себебі, жеке тұлғаның қасиеттері жеке дара қалыптаспайды. Керісінше, олар әрдайым бір мезгілде, тұтастық принципіне сай құрылады. Сондықтан да тәрбие процесін жоспарлау, оның мазмұны мен әдістерін, сондай-ақ нәтижесін жүйелі есепке алу, бағалаудың бірлігін , өзара байланысын қамтамасыз ету әсіресе мектептің осы бағыттағы жұмыстарының негізгі бір буыны болып есептелінеді.

Кешенді көзқарас тәрбие үдерісінде және оны басқаруда жүйеліліктің болуын да қарастырады. Тәрбие процесін басқарудың нәтижелі болуы ондағы ішкі және сыртқы себеп-шарттарын және олардың өзара байланысын ескерген жағдайда болады. Ол үшін сол себеп-шарттардың жай-күйін және олардың ықпал ету жағдайын алдын ала білу қажет.

Қазіргі жағдайда тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.

Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің жұмысын ұйымдастыра жүргізудің де қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді. [8]

Кеңестік педагогиканың алғашқы қалыптасып даму кезеңдерінде тәрбие теориясының жалпы негіздерін жасауға, оның негізгі мазмұнын, принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсетуге бағытталса, 30 жылдардан бастап тәрбие беру қызметінің жеке түрлерін, ақыл – ой, атап айтсақ, қоғамдық – саяси, адамгершілік, эстетикалық, атеистік, еңбек тәрбиесі мәселелері ерекше маңызға ие болып, олардың қызметін жеке дара зерттеу, талдау жұмыстарына баса назар аударылды. Дегенмен де олардың қызметі бір – бірінен оқшау қарастырылды. Яғни, педагогикалық әдебиеттерде тәрбие беруге функциональдық тұрғыдан қарау кең етек алды. Тұлғаны біртұтастық (целостность) принципте қалыптастыру мәселесі жеткілікті түрде зерттелмеді.

Бүгінгі бұл мәселеге мақсатты көзқарас 70 жылдардың бастапқы кезеңінен бастау алып, педагогика ғылымдарында айрықша мәнге ие болды, соның нәтижесінде күні бүгінге дейін жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға жан – жақты ықпал ету қызметінің бірлігі мен өзара байланысына баса назар аударылуда. Мұндай көзқараста тәрбие салалары бір – бірінен оқшауланбай, тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы міндеттелінеді. Нәтижесінде тәрбиеленуші жас ұрпақтың сана – сезіміне, мінез – құлқына, іс - әрекетіне бір мезгілде жүйелі түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде индивид жан – жақты үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде дамиды.

Дегенмен де тәрбие салаларының өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән қасиеттері бар. Тәрбие процесінде оларды да ескермеуге болмайды. Бірақта олардың бәрі бірегей мақсатқа – жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Олай болса, жан – жақты үйлесімді дамыған адам деп - өзінің бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана – сезімі жоғары, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және қарекетшіл тұлғаны айтуға болады.

Қорыта айтқанда, тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын Мағжан Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай көзқараста тоқталамыз. [9]




жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау