2”МЕРКІ ІРІМШІК ЗҚАУЫТЫ” ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы.
Меркі ірімшік зауытының негізі – 1936 жылы құрылған. Ол ауылшаруашылық өнімдерін оның ішінде сүт өнімдерін өндіретін аудандағы алып кәсіпорындардың бірі.
Алғашқыда зауыт ғимараты арнайы белгіленген үйлерде орналасты. 1954 жылы Меркі ауданында тәулігіне 40 тонна сүт өндіретін алып жаңа ірімшік зауыты салынды. 1970-1980 жылдар арасында зауыт 800 тонна сүт 800 тоннадан 1200 тоннаға дейін ірімшік жылына 40-60 тоннаға дейін май өндірді.
Меркілік ірімшік зауытының аты біздің ауданымыздан тыс басқа да аймақтарға тарай бастады, бұны сол жылдардағы көптеген көрмелерге қатысқандағы туралы марапат қағаздары дәлелдейді. Қайта ұйымдастыру жылдарында біздің өндірістік кәсіпорын белгілі себептерге байланысты көптеген қиындықтарды бастан өткізді. Кәсіпорын бір кездері тығырыққа келіп тірелді, яғни мемлекет алдындағы қарыздар тағы басқалар, сондай-ақ шикізаттың әкелуі бұзылып, өнімді өткізуде көпшілік қиындықтарға тап болды. 1977 жылдың аяғында зауыт ААҚ «Меркі ірімшік зауыты» болып аталып, ауданда сондай-ақ облыс деңгейінде алдынғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорынның басшылығында – Айтуленов Дастан атты азамат. Бүгінгі таңдағы күрделі экономикалық өмірдің ағымына сіңіп кету үшін ол өз кезегінде кездейсоқ шешімдер шығарып, оның қарқынды дамуы мен өндірілетін өнімнің өсуіне әкеліп отыр. Қазіргі таңда зауыт «Костромдық», «Голландық», «Ресейлік», «Меркілік», «Ойталдық» ірімшіктерін сондай-ақ, ерітілген «Янтарь» айран, қаймақ, ірімшік, шаруа майын және тағы басқа, сүт тағамдарын шығарады. Кәсіпорын сәтті жұмыс істеуі үшін, оны қажетті мөлшерде жоғары дәрежелі шикізатпен қамтамасыз ету керек. Сондықтан бұл араға ең бірінші орынға сүт тапсырушылармен жұмыс істеу жоспары шығады. Шикізаттың тапсырылуы және онымен дер кезінде есептесу кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қазіргі кезде сүт тек қана Меркі ауданынан емес, сонымен қатар Т. Рысқұлов, Қырғызстан Республикасынан, Ұлан өңірінен, Жуалы аудандарынан және тағы басқа көптеген аймақтарынан тапсырылады. Бүгінгі таңда зауытта шамамен 120 адам тұрақты қызмет атқарады. Негізгі мамандар үлкен жұмыс өтілі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі қызметкерлер. Осыған байланысты мамандардың көп уақыты өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға арналған. Осы мақсатта 2004 жылы ірімшік өндіретін бөлімшелердің іші-сырты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа пластикалық әйнектермен жасалған есік, терезелер орналастырылады, құбырлардың техникалық қайта салынуы жүргізілді.
Сонымен қатар өндірілетін өнімнің сапасының жоғары деңгейге жетуінің тағы бір себебі ол өндірісте ешбір химиялық және өзгеде қосындыларсыз тек қана экологиялық таза өнімді пайдалану болып табылады. Сондықтан, рынокта өнімге деген сұраныс өсуде, оның ішінде Қарағанды, Астана, Алматы, Тараз, Байқоныр қалаларын мысалға келтірсек болады. Талмай-қажымай атқарған жұмыстың нәтижесі өндіріліп жатқан өнімнің сапасының артуына септігін тигізді. 2005 жылы «Food Экспо - 2005» атты халықаралық көрмеде алты бірдей алқамен және жоғарғы сапалы «Костромдық», «Янтарь», айран, қаймақ, ірімшік өнімдері атты дипломды иеленді. Осы тектес жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысудың нәтижесінде көпшілік компаниялар мен фирмалар бізді танып, одан әрі бізбен қатынасуға ерік білдірді. 2005 жылы зауыт халықаралық сапа стандарттарды енгізуді айқындайды. Соған сәйкес халықаралық тәуелсіз сарапшыларды шақырды, ал олар өз кезегінде барлық сапа көрсеткіштерін түпкілікті тексеріп, ірімшік өндірісін халықаралық деңгейге шығаруды растайтын USO-9001-2000 атты сертификатымен куәландырды.
Яғни, бұл халықаралық нарықта сауда жасауға толық құқықтарға ие екенімізді растайтын куәлік USO сертификаты біздің мақсатымыздың орындалуының алғы шарты еді.
Зауытта жұмысшылардың кәсіптік біліктілігін арттыруға байланысты аттестациялар жүргізіліп отырады және өзінің біліктілігін шет елдерде арттыруға мүмкіншіліктері бар.
Зауыт басшылығы аудандағы ең бірінші болып жалақыны көтеріп, ай сайынғы жалақының үстінен берілетін сыйақының мөлшерін белгіледі. Зауыттың аумағында асхана жұмыс жасайды.
Онда зауыт жұмысшыларына қандай болмысын тағам 50% жеңілдікпен беріледі. Жыл сайын жұмысшылардың балаларын жазғы демалыстарда Тараз, Бішкек қалаларына, оның ішінде аквопарктерге кәсіпорынның қаражаты есебінен жіберіп отырады. Келесі кезекте дене сауықтыру шаралары тұр. Қазір «Меркі ірімшік зауытында» барлық жарыстарда зауыттың атын қорғап жүрген өзіміздің команда бар. Құлмағамбетов Мұраттың бастамашылығындағы командасын мақтанышпен айта аламыз.
Зауыттың тарихына және жұмысына өте үлкен үлестерін қосқан аяулы да ардақты ардагерлеріміздің құрметіне жыл сайынғы қарттар күні мерекесінде ардагерлерге үлкен дастархан жайылып, арнаулы сыйлықтар беріліп тұрады. Қазіргі таңдағы «Меркі ірімшік зауытының» қол жеткізген табыстарын оның президенті Айтуленов Дастан мырзамен байланыстыруға болады.
Биыл сүт шекерн шығаратын өндіріс цехын іске қостық. Сүт шекері тамақ өнеркәсібіне кеңінен қолданылады (балалар тағамдары, сусындар, дәрі-дәрмек жасау үшін). Лактоза өндірудің жылдық көлемін 50 тоннаға жеткізіп, 15 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі кездегі зауыттың алдында тұрған көкейкесті мақсаттарының бірі – қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа құрал-жабдықтарды лизинг тәртібімен алу. Сондықтан бүгінгі таңда осындай мақсаттарға жету үшін Меркі ірімшік зауытының ұжымы талмай қызмет етуде.
“Меркі ірімшік зауытының” негізгі өндіріс процесі сүт өндіру болып табылады.Сүт тек цехта ғана өндіріледі және олар сүттің тазалығын дәлелдейтін ыдыстарға құйылады.Соңынан арнайы қондырғыларда салқындатылып ыдыстарға құйылады.Осы жағдайлар оның таза болуына ықпал жасайды.
Тоңазытқыштарға,ыдыстарға және тағы басқаны пайдалана отырып,одан да жоғары қысымды қолданумен сипатталады.
Ряжена
Қаймақ
Кострономдық Голландық
Ойталдық
Меркілік Сурет3.Өндірістік технологиясына сипаттама
1. Негізгі технологиялық цехтар
- Цехтар – кешенді құю қондырғысы.
- сүт пісіру цехы.
- сүтті салқындату бойынша – салқындату цехы.
2. Көмекші цехтар
Кез келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.
Кәсіпорындағы өндіріс процессі дегеніміз- шикізатты өңдеп,тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.
Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай:
-негізгі;
-көмекші;
-қызмет көрсетуші;
-басқару.
Негізгі процес технологиялық болып табылады,яғни бұйымдардың шамасы,өлшемі,физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне қарай:
Қолмен атқарылатын операция;
Машина-қолмен;
Машиналық;
Автоматты;
Ақпаратты болып бөлінеді.
Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталады. Технологиялық операция – бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын процесінің бөлігі.
Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.).
Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім
шығармайтын процесс, оған қатыстылар:
Тасымалдау;
Қоймалық операциялар;
Технологиялық операциялар.
Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.
Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы – көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамсыз етуді талап етеді.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:
Жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандыруды тереңдету – еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
Үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
Қатар даму - өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат – еңбек аясын кеңейту;
Аралас даму принципі – бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;
Үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;
Ырғақтылық – технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы.
“Меркі ірімшік зауытының” басқару-әкімшілік ұйымдастыру құрылымына сипаттама беретін болсақ, басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде, ол өзінің осы ісіне лайық әрекет етеді.
Күрделі және өнімнің еңбек сиымдылығы жоғары өндіріске маманданған іріленген кәсіпорындар, әдетте ,ондаған цехтардан, лаборатория мен бөлімдерден тұрады. Олардың қызметін үйлестіре жүргізу үшін басқарудың күрделі иерархиялық құрылым құрылады.
Кәсіпорында басқарудың ұйымдық құрылымы төмен тұрған органның жоғары органға бағыну принциптерін сақтау негізінде жасалады. Мысалы, цехтық зертхана немесе цехтық бугалтерия жетекшілері зауыттың орталық зертханасына немесе кәсіпорынның бас бухгалтеріне бағынады.
Еңбек бөлінісі атқарушылық белгілері бойынша кәсіпорындар:
-материалды-техникалық қаитамасыз ету;
- маркетинг және өнімді өткізу;
- қаржы;
- жоспарлау;
- бухгалтерлік есеп және есеп беру;
- өндірісті техникалық дамыту;
- басқару бөлімдерінен тұрады.
Ірі және әр тараптандырылған кәсіпорындарда бұдан басқа жекелеген өнім түрлері өндірісін басқару үшін арнайы органдар немесе мамандандырылған цехтарды басқару бөлімдері жасақталады.
Кәсіпорында басқару органының осындай екі бағыттағы қызмет түрі бірдей шамада қолданылады.Олар жеке тұлғалар мен органдарға кәсіпорынның жарғысы немесе аталған тұлғалар мен органдардың нақтылы қызметтері жөніндегі ережелер негізінде бекітіліп беріледі.
Кәсіпорын әкімшілігіне директор басшылық етеді.Оны кәсіпорын иесі тағайындайды.
Директор өкілеттілігінің белгілі бір бөлігін өзінің орынбасарларына жүктейді:
өндіріс бойынша;
коммерция және қаржы жөнінде;
инженерлік –техникалық салада;
кадр және басқада.
Көбінесе кәсіпорында директор орынбасарларының қызметін қандай мәселелер болмасын 2-3 адам атқарады.
Орта және шағын кәсіпорындарда , керісінше, директордың бір ғана орынбасары болады. Директор немесе оның орынбасарлары өздеріне жүктелген міндеттерді жеке өздері ғана емес:
арнайы бөлім;
цех;
лаборатория;
бюро топтарындағы мамандардың көмегімен атқарады.
Директордың инженерлік-техникалық мәселелер жөніндегі орынбасарына:
- жобалау –конструкторлық бөлімі;
- технологиялық бөлімі;
- техникалық бақылау бөлімі;
- бас механик;
- бас энергетик;
- зертханалар бөлімі бағынады.
Көрсетілген техникалық бөлім және зертхананың шартты түрде басқару органдарына жатқызуға болады , олардың міндеттеріне негізінен инженерлік – техникалық қамтамасыз ету кіреді.
Технологиялық бөлім:
- жаңа бұйымдарды өндіру технологиясын жете зерттейді және оның жетілдірілген түрін өндіріске енгізеді;
- цехтарда технологиялық тәртіптің сақталуын бақылайды;
- өңделген бұйымдардың сапасын жоғарлатуға және өңдеуге кеткен шығын мөлшерін неғұрлым азайтуға тиісті амалдар қолдану жұмыстарын ұйымдастырады, атқарады.
Техникалық бақылау бөлімі:
- өндірілген өнімдердің сапасына жаппай бақылау жасауды жүзеге асырады;
жұмыс орындарына өнім сапасын күнделікті жедел бақылайды;
кәсіпорында келіп түскен материалдар мен басқа да бұйымдардың сапа жағынан кірістік бақылауын ұйымдастырады;
жобалау- конструкторлы және технологиялық бөлімдермен бірлесе отырып, кәсіпорындарда шығарылған өнімдерге куәлік береді.
Бас механик пен бас энергетик қызметі:
кәсіпорын ауқымында түрлі қызмет көрсетеді;
жөндеу, технология, энергетика, жылу жабдықтары мен бір қалыпты қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
кәсіпорында электр мен жылу энегриясын таратуды жолға қояды ;
Кадрлар бөлімі, әдетте, директордың бір орынбасарына немесе директордың өзіне бағынады.Оған:
қызметкерлерді жұмысқа алу және жұмыстан босату тәртібін сақтау тапсырылады;
қызметкерлердің жұмысқа тіркейді;
кадрларды оқытады және қайта даярлайды;
еңбектің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулар береді.
Жоғарыда кәсіпорындағы басқару қызметінің жалпы мәселелері қарастырылады.Көлемі жағынан шағын кәсіпорындарда аталған атқарымдар бір-екі қызметтердің күшімен де орындалуы мүмкін.
Кестені қарастыратын болсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екенін байқаймыз. Соны 1-ші кесте бойынша талдайық.
Кесте 1- Кәсіпорынның техника – экономикалық
көрсеткіштерін талдау.
№
|
Көрсеткіш
|
өлшем
бірлік
|
2004
|
2005
|
Ауытқуы
+/-
|
өсуі
кемуі %
|
1
|
өнімді өткізуден түскен табыс
|
тг
|
189267494
|
193946690
|
+4679196
|
102.5
|
2
|
өнімнің өзіндік құны
|
тг
|
169782066
|
177635625
|
+7853559
|
104.6
|
3
|
Жалпы табыс
|
тг
|
19485428
|
17486593
|
-1998835
|
89.7
|
4
|
Кезең шығындары
|
тг
|
16465612
|
22753373
|
+6287
|
138.1
|
5
|
Негізгі қызметтен түскен табыс
|
тг
|
3019816
|
-5266780
|
-2246964
|
174.4
|
6
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
|
тг
|
120119
|
937491
|
817372
|
780.4
|
7
|
Салық салғанға дейінгі табыс
|
тг
|
3139935
|
-4329289
|
-1189
|
137.8
|
8
|
Корпоративтік салық бойынша шығындар
|
тг
|
10842
|
-
|
10842
|
-
|
9
|
Салық салғаннан кейінгі табыс
|
тг
|
3129093
|
4329289
|
1200
|
138.4
|
10
|
Төтенше жағдайдағы табыс
|
тг
|
522001
|
-
|
-522001
|
|
11
|
Таза табыс
|
тг
|
2607092
|
-4329289
|
-1722197
|
166.0
|
12
|
Қызметкерлердің орташа тізімі
|
адам
|
120
|
135
|
+15
|
112.5
|
13
|
Еңбекақы қоры
|
Тг
|
13472640
|
17010000
|
15662736
|
126.2
|
14
|
Орташа айлық еңбекақының мөлшері
|
Тг
|
9356
|
10500
|
+1144
|
112.2
|
Кестені қарастыратын болсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екенін байқаймыз.
1-ші көрсеткіш-өнімді өткізуден түскен табыс деп аталады және ол 2004 жылы 189267494 мың теңгеге жеткен, ал оның себебі 2005 жылы тауар шығару көлемі ұлғайтылды және жаңа технологияларды қолдану арқылы өнімнің өзіндік құны төмендетіліп отыр.
2-ші көрсеткіш-өткізілген өнімнің өзіндік құны.Базалық жылы ол 169782066 мың теңгені құраса,есептік жылы бұл көрсеткіш 177635625 мың теңгеге дейін көтеріліп отыр.Өзіндік құнның жоғарлауының себебі жаңа технологияларды қолданудан болуы мүмкін.Сонымен қатар шикізатқа, электрэнергияға кететін шығындардың жоғарлауына әсер етуі мүмкін.
3-ші көрсеткіш-бұл жалпы табыс.2004 жылы 19485428 мың теңге болған болса, 2005 жылы ол 17486593 мың теңгеге төмендеген.Базалық жылмен салыстырғанда 199883 мың теңгеге жеткен.Базалық жылмен салыстырғанда 199883 мың теңгеге төмендеген.Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың көбеюі, өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі болуы мүмкін.
4-ші көрсеткіш-кезең шығындарына тоқталатын болсақ,бұл көрсеткіш есептік жылы 22753373 болған болса, базалық жылы 164656612 мың теңгеге жоғарылап отыр.Есепті жылы шығындар 6287 мың теңгеге дейін жоғарлауда. Оның себебі 2005 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың жоғарлауы болуы мүмкін.
5-ші көрсеткіш-негізгі қызметтен түскен табыс.Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда пайда 1744 есе, яғни 2246964 мың теңгеге өсіп отыр.2004 жылы негізгі қызметтен түскен табыс 5266780 мың теңгеге жетіп отыр.Себебі табыс өсіп отыр.
6-шы көрсеткіш-Негізгі емес қызметтен түскен табыс.Бұл көрсеткіш бойынша есептік жылы базалық жылмен салыстыратын болсақ 817 есеге жоғарылап отыр.
7-ші көрсеткіш-Корпоративтік салық бойынша шығындар.Базалық жылы 10842 мың теңге болған, ал есепті жылы 14095 мың теңге болды. Екі жыл арасында 3253 теңгеге көтерілген.
8-ші көрсеткіш-Салық салғанға дейінгі табыс. Бұл көрсеткіш бойынша 2004 жылы 3139935 мың теңге болса, ал 2005 жылы 4329289 мың теңгеге жеткен. Есепті жыл базалық жылмен салыстырғанда 1189354 мың теңгеге көбейген.
9-ші көрсеткіш-Салық салғаннан кейінгі табыс. Кестеде көрсетілгендей 2004 жылы 3129093 мың теңге болса, есептік жылы 4329289 мың теңгеге көтерілгенін көреміз.
10-ші көрсеткіш-Төтенше жағдайлардағы табыс. Бұл көрсеткіш бойынша базалық жылы 522001 мың теңге болған, есептік жылы ешқандай төтенше жағдайлар болмаған.
11-ші көрсеткіш-таза пайда деп аталады.Кестеден көріп отырғанымыздай, базалық жылмен салыстырғанымызда есептік жылы таза пайда 166,0 есеге өсіп отыр, яғни ауытқушылық 1722197 мың теңгені құрап отыр.Бұның негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2005 жылы өсіп отыр.
12-ші көрсеткіш-Қызметкерлердің орташа тізімі.Базалық 2004 жылы қызметкерлердің тізімдік саны 120 адам болса,ал есептік жылы бұл көрсеткіш 15 адамға өсіп,135 адамға жетіп отыр.Бұның басты себебі өндіріс көлемін ұлғайтуға байланысты жаңа еңбек күші қажет болды, сонымен қатар жаңадан сатып алынған техникалар жұмысқа алынады.
13-ші көрсеткіш-еңбекақы қоры 2004 жылы 1347264 теңге болған болатын, ал 2005 жылы ол 17010000 теңгеге өсіп отыр.Бұл ауытқудың басты себебі 2005 жылы шаруа қожалығы қызметкерлерінің саны өскен болатын.Осы көрсеткіштің еңбекақы қорының өсуіне әсері мол.
14-ші көрсеткіш-Орташа айлық еңбекақы мөлшері.Базалық жылы бұл көрсеткіш 9356 мың теңге болса, 2005 жылы ол 1144 теңгеге жоғарылап 10500 теңгеге дейін жетті.Бұған шаруа қожалығы ынталандыру жұмыстары көп әсерін тигізеді, яғни жұмысты жақсы істеген қызметкерлерге жалақы деңгейін біршамаға өсіріп отыр.
Кәсіпорынның еңбекақы төлеуді ұйымдастыруын талдау.
Жалақы еңбегі үшін марапаттаудың және кәсіпорын қызметкерлерін ынталандырудың негізгі нысаны.Жалақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған.
Зауытта жұмысшылардың еңбегі мерзімдік сыйлықақы жүйесімен төленеді, тапсырманы 100 % орындағанда сыйлықақы тарифтік жалақының 6 % - на тең.
Кесте 2- Қызметкерлердің жалақы қорының құрамы
Жылдар
|
Тарифтік ставка мен лауазымдық айлықақы бойынша есептелген жалақы
|
Ынталандыру сипатындағы төлемдер
|
Жұмыс істемеген уақыт үшін ақы төлеу
|
Жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша сыйақылар
|
Жыл сайынғы және қосымша еңбек демалыстарының төлемдері,пайдаланылмаған демалыстың өтемі
|
2004
|
13677,9
|
380,5
|
152,3
|
380,5
|
152,3
|
2005
|
13900,7
|
498,0
|
242,8
|
498,0
|
242,8
|
Зауытта барлық жұмысшыларға жақсы жағдай жасалған. Жұмысшыларға жарты құнын төлеп, курорттарға демалуға мүмкіндік берілген. Шаруа қожалығында жұмысшыларға асханамен жабдықталған.
Еңбекақы ай сайын кешіктірілмей беріліп тұрады. Жұмысшылардың еңбекақысы мерзімдік формада төленеді. Он екі айда бір рет төленетін бір айлық демалыс беріледі.
Мерзімдік ақы төлеу – қызметкерлердің еңбегіне олардың нақты істеген уақытына сәйкес олардың біліктілігі мен еңбек жағдайын ескере отырып ақы төлеу.
Мерзімді ақы төлеу нысаны,мына жағдайларда қолданылады:
-егер жұмысшы өнім өндіруді арттыру процессіне тікелей араласа алмай,ең алдымен машинаның, аппараттың, агрегаттың өнімділігін анықтаса.
Іскерлік маркетинг жүйесі мен өнімді сату және зауыттың қазіргі заманға сай технологияның құрал-жабдықтары “Меркі ірімшік зауытының”тұтынушылық және өндірістік жеңісін жоғары деңгейде ұстауға жол ашуда.
“Вернер”және “Пфлайдер”сияқты сүт өнімдерін шығаруға арналған ең жақсы құрал- жабдықтар шығарушылардың алдыңғы қатарлы құрал- жабдықтардың болуы, басқа да өнімдердің түрлерін шығаруға толық мүмкіншілік береді.Зауыт сүт өнімдерін өндіру үшін шикізат өндіретін шетел, сонымен қатар жергілікті өндіріс құрылымдарымен жұмыс істейді.
“Меркі ірімшік зауыты”сүт өнімдерін өндіретін зауыттың өз фирмасының жеке машина паркі және техникалық базасы орталықтандырылған жеткізу жүйесі бойынша тұтынушыларға сүт өнімдерін мезгілінде жеткізіп тұруға толық мүмкіншілік туғызады. Көлігінің қолайлылығының арқасында зауыт тұтынушыларына өзі жеткізеді.
Зауыт өнімдері жеке саудаға,едәуір ірі комарциялық ұйымдарға жеке меншік дүкендер торабына жеке кәсіпкерлер арқылы түседі. Өнімнің ірі бөлігі жеке фирмалық бөлімдерде немесе дүкендерде сатылады. Тұрақты тұтынушыларының арқасында -әскери бөлімдер, балалар үйлері, бала бақшалар сияқты мемлекеттік мекемелер бар.Зауыттың бұл тұтынушыларға тендірде жеңіп алған жеңісінің арқасында қолы жетті.
Сапалы зауыт өнімдерін жарнама арқылы өткізуге және зауыт имиджін көтеруге, сүт өнімдерін тұтынушылар үшін тартымды ететін фирмалық өнім орауыштарының сәнділігі мен оның сыртқы түріне көп көңіл бөлінеді.
Сүт өнімдерін сату саласында қазіргі маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде және халыққа қызмет көрсетудің түрлерін үнемі жетілдіріп түрлендіріп отырады.
Қолайлы бағаның қойылуы және тұтынушылармен қарым-қатынас концепциясы серіктестер мен сатып алушылар мен өзара сенім деңгейінің ынтымақтастығымен қамтамасыз етеді. Бәсекелестің ішкі нарықта өндірістік баға саясатын талдау негізінде мүмкіншілігінің барынша сүт өнімдерінің бағасын төмендету стратегиясы жүргізіледі. Мұның барлығы зауыт өндіретін сүт өнімдерінің бағасын тұтынушыларға өте қолайлы етеді.
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.
Өндіру көлемі мен өткізу көлемі бір – бірімен байланысты көрсеткіш болып табылады. Өнімді өндірудің шектеулілігі мен сұраныстың көп кезінде бірінші орынға өнімді өндіру көлемі шығады. Ал бәсекелестердің көбейіп нарықтың қаныққан шағында өндіріс көлемі өндірістік бағдарламаны жасаудағы басты фактор болып табылады. Кәсіпорын өнім өндіргенде тек өткізе алатын өнім көлемін өндіруі қажет.
Өндіру көлемінің және өткізуді оның сапасы кәсіпорынның шығынына, табысы мен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да ол көрсеткіштерді талдау үлкен рөл атқарады. Оның негізгі міндеттері өнім өндіру мен өткізудің динамикасын және жоспардың орындалу деңгейін талдау. Бұл көрсеткіштерге басқа факторлардың әсерін анықтау. Өнімді өндіру мен өткізуді көбейтетін ішкі шаруашылық қорларын анықтау. Анықталған қорларды тиімді бөлудің шараларын ұйымдастыру.
Өндіру мен өткізу көлемі натуралды және құндық түрде анықталуы мүмкін. Өндіріс көлемінің жалпылама көрсеткіштерін құндық талдау арқылы алуға болады.
Өндіру көлемінің негізгі көрсеткіштері болып жалпы және тауарлы өнім болып табылады.
Жалпы өнім – аяқталмаған өндірісті қосқандағы кәсіпорынның барлық шығарылған өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің қосындысы. Тауарлық өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының кірмейтіндігінде. Аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының құрылымы бойынша кейбір кәсіпорында тауарлық өнім мен жалпы өнім сәйкес келеді.
Өнім өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе төлеумен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы және нақты қазіргі бағамен көрсетілуі мүмкін. Нарық экономикасы жағдайында бұл көрсеткіш алғашқы орында болды. Өнімді өткізу өндіріс пен тұтынушы арасында байланыстырушы бірлік болып табылады. Өнімнің нарықта жаппай сатылуы мен оған сұранысқа байланысты оның шығарылу көлемі де анықталады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымыз тамақ жасау саласындағы Қазақстанда сүт өнімдерін өндіретін өндірістік бірлік болғандықтан оған сұраныс өте жоғары, оның негізгі тұтынушылары Қазақстанның және басқа елдердің негізгі өндіруші және өңдеуші саласындағы компаниялар болып табылады. Сондықтан да кәсіпорындағы өнім көлемін өндіру сұранысқа ғана емес өндіріс қуатына да сүйенеді. Қазіргі кезде шет елдерден техниканың жаңа түрлерін алуға көптеген алғы шарттар жасалды. Талдауды өндіріс пен өткізудің натуралды және құндық түрдегі динамикасын талдаудан бастасақ:
Кесте 3 -Өнімді өндіру мен өткізудің динамикасын талдау.
№
|
Көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі
|
2004ж
|
2005ж
|
%-к өсу қарқыны
|
+,- ауытқуы
|
1
-
-
|
Өндіру көлемі
Құндық түрінде
Натуралды түрінде
|
мың тг
тонна
|
190945,0
3000,0
|
257274,0
4285
|
134,7
142,8
|
+66329
+1285
|
2
-
-
|
Өткізу көлемі
құндық түрінде
натуралды түрінде
|
мың тг
тонна
|
189267,5
2850
|
193946,6
3100
|
102,4
108,7
|
+4679,1
+250
|
Достарыңызбен бөлісу: |