Мазмұны Кіріспе. 1-тарау



жүктеу 1,23 Mb.
бет1/4
Дата02.03.2018
өлшемі1,23 Mb.
#10972
  1   2   3   4

Мазмұны
Кіріспе.

1-тарау. Тимуршылар қозғалысы - оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде.

1.1. Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының психологиялық негізі.

1.2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқушылар арасындағы көпшілік жұмыстарындағы белсенді іс-әрекеттердің мазмұны.
2-тарау. Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуы.

2.1. Оқушылардың тылдағы әлеуметтік-азаматтық іс-әрекеттері.

2.2. Оқушылардың мектепке қамқорлығы.

2.3. Тимуршылар қозғалысы-оқушылардың әлеуметтік-азаматтық

сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі.
Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар

Кіріспе
Жастардың бойында әлеуметтік-азаматтық сезімінің болуы қазіргі күн талабына сай тарихи тәжірибені қорытындылау - өзекті мәселе. Біздің ойымызша 30-40 жылдардығы қоғам құрылымының түбірлі өзгерістері Қазақстанның жаңа бағытта дамуы мектептердің оқу тәрбие ісіне үлкен ықпалын тигізді. Сондықтан қазіргі жағдайда қоғамды дамытудың тиімді жоладрын қарастырып жатқан бұрынғы тарихи әлеуметтік қарама қайшылық заңдылықтарды диалектикалық тұрғыдан жаңаша қарастыра білу көкейкесті мәселе болып отыр.

30-шы жылдардығы жастардың әлеуметтік тәрбие идеясы көрнекті педагог психологтар Н.К.Гончаров, Ф.Ф Королев, М.И.Колманова, З.И. Равкин, А.Э. Измайлов, И.О. Обидов, С.Д.Раджабовтың ғылыми мұраларында негізделеді. Бұл проблеменың теориялық жіне әдістемелік мәні Т.Н. Мальковская, В.А.Ситаров, А.В. Зосимовский, К.Д.Радина, А.В.Киричук, Ю.П.Сокольникова, М.Г. Тайчинов, Г.Н. Фидонов, Г.И. Шукина, Н.Н.Шарова, А.А. Деркач, И.С. Кон т.б. зерттеді.

Зерттейтін проблемазды жан-жақты меңгеруге Қазақстан Республикасның ғалымдары: Т.Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, Р.Ж.Ержанова, Б.Ы. Мұханов,а, А.С. Сыдықов, Р.Г. Лемберг, К.Б.Бержанов, К.Қ. Құнантаева, Г.М. Храпченковтың еңбектеріндегі ұлттық мектептердің өзіндік даму ерекшелік жолдары көмектесті.

Зерттелетін уақыт кезеңдерінің мәнін республикамыздың: С.Б.Баишев, М.К. Қозыбаев, Р.Б. Сүлейменов, Н.С. Сәрсенбаевтың еңбектерінде терең талдау берілген.



Зерттеу мақсаты: Қазақстан мектептерінің 40-жылдардағы оқушылардың іс әрекеті арқылы олардың әлеуметтік азаматтық көзқарасының қалыптасуындағы жетістігі мен тарихи тәжірибенің қазіргі таңда қайта жаңғырту арқылы мектеп оқушыларының бойында психологиялық педагогикалық маңызы.

Зерттеуіміздің көкейкестілігі: Ұлы Отан соғысының 60-жылдық қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарындағы Қазақстан оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезіміне тимуршылар қозғалысы арқылы қалыптасу барысын зерттеу мақсатында зерттеу жұмысының тақырыбын «Тимуршылар қозғалысы - оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімен қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде» деп тұжырымдадық.

Зерттеу болжамы: Қазақстан оқушыларының Ұлы Отан соғыс жылдарындағы тимуршылар қозғалысы арқылы әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың тарихи тәжірибесі арқылы оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін психологиялық әдістер көмегімен қалыптастырып жетілдіру.

Зерттеу пәні: Тимуршылар қозғалысы - психологиялық әдіс ретінде.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жеке бастың әрекетшілдігі; психология тарихының тұжырымдамасы; жастар жөніндегі теориялық-методологиялық еңбектер; жеке бастың әлеуметтік-азаматтық сезімі; қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және азаматтық қатынастарға тәуелділігі.

Зерттеу әдістері:

- зерттеу тақырыбымызға байланысты философиялық, әлеуметтік, психолго-педагогикалық әдебиеттерді талдау;

- озық тәжірибені зерттеп қорыту;

- мұрағат материалдарын, мектеп құжаттарын сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жоспары және оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптасуын зерттеуге арналған психологиялық әдістерге талдау жасау.



Зерттеу жұмысының міндеттері: 1940-жылдардағы педагогтардың еңбектеріндегі мәселе жақтарына ғылыми педагогикалық мінездеме беру.

Белгіленген уақыт аралығындағы Қазақстан мектептерінде оқушылардың әлеуметтік азаматтық көзқарасын қалыптастырудың тәжірибесіне сипаттама беру.

- Оқу мен сыныптан тыс жұмыстардығы оқушылардың әлеуметтік азаматтық тәрбиесінің мазмұнын, түрін, әдістерін ұйымдастыру жолдарын анықтау.

- Мектеп оқушыларының жекелеген әлеуметтік азаматтық ерекшеліктерін психолгиялық әдістемелерді қолдана отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.



Зерттеу обьектісі: 1945-ші жылдардағы Қазақстан оқушылары мен Шымкент қаласындағы СЕрубаев атындағы №24 мектептің 6 сынып оқушылары.

Зерттеу түйіні: қоғамның жастардың әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру қажөттілігі және қазіргі жағдайда мектептерде мұндай сапаны қалыптастыру үшін оқу-тәрбие жүйесін жетілдірі, сонымен қатар мектеп оқушыларының азаматтық тұрғыдан әлеуметті көзқарасын, 40-жылдардағы тарихи тәжірибесін жинақтау арқылы қазіргі мектеп оқушыларының бойында әлеуметтік азаматтық көзқарасын қалыптастыру барысында психолго-педагогикалық тұрғыдан талдау (анықтау).

Диплом жұмысының мәнділігі: Оқушылардың әлеуметтік азаматтық көзқарастарын қалыптастырудағы Қазақстан мектептерінің тарихи тәжірибесі қазіргі мектептер үшін психологиялық маңызы барлығы зерттеу жұмысының материалдары педагогикалық жоғары оқу орындарынң оқу тәрбие жүйесінде педагогика, психология тарихынан лекция, семинар, педагогика курсының тәрбие жұмысының әдістері тарауында, сонымен қатар мұғалімдердің білімін жетілдіру инсритуттарныда қолдануға болады.

Зерттеу кезеңдері: 1-кезең: (2002-2003ж.) Теориялық ізденіс педагогикалық-психологиялық әдебиеттер, зерттеу, жұмысының бағдарламасын жасау, 2-кезең: (2003-2004ж.) Жинақталған материалдарға талдау жасау арқылы оның ғылыми нәтижелерін қорытындылау. 3-кезең. (2004-2005ж) Ғылыми іс-тәжірибелік ұсыныстар мен қорытындылардың апробациясы және іс-тәжірибеге енгізуі тарату, ұсыныстар әзірлеу, диплом жұмысын даярлау.

Дипломдық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Зерттеу жұмысының апробациясы: диплом жұмысының зерттеу көрсеткіштері ОҚМУ студенттерінің ғылыми - практикалық конференциясында және психология кафедрасының отырысында талқыланды.

1-тарау. Қазақстан оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезімінің теориялық негізі. Оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі.
1.1. Философиялық және психолгиялық ғылымдарда берілген жеке бастың анықтамасының әртүрлілігіне қарамастан барлық тұжырымдамаларға тән мынадай ортақ негіздерді белгілеуге болады.

-Жеке бас өзінің дамуының белсенді субьектісі бола алады. Егер оның дамуында әлеуметтік іс-әрекеттің белсенбілігі жағдайында жүзеге асырылса.

-Жеке бас әлеуметтік қатынастардың нәтижесі, өнімі.

-Әлеуметтік қатынастар іс-әрекеттен тұрады, ал олар іс-әрекеттің қажетті әлеуметтік формасы тәжірибелік іс-әрекет пен әлеуметтік қатынастарда бір арнаға жинап, тарихи әлеуметтік жүйеде қалыптасады.

Оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімін қалыптастырудың теориялық және практикалық іс тәжірибелерін қазіргі мектеп оқушыларының оқу тәрбие процесінде басшылыққа алу, жылдардағы Қазақстан мектептерінің тәжірибесін тарихи талдау мен зерттеу.

Бұрынғы Кеңес үкіметінің белгілі педагогтары С. Д. Раджябов, И.О.Обидов, А.Э. Измаилов, Н.К.Гончаровтың еңбектерінде жоғары мақсатты жан - жақты дамыған адам дей келе біз қарастырған әлеуметтік азаматтық сезімін қалыптастыру түйінін ашып береді.

Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастыруға байланысты Б.М. Боданова, М. Г.Тайчинов, Б.Ы. Мұқанова (44) еңбектерінде негізделген.

А.В.Засимовский жеке адамның әлеуметтік белсенділігінің тууына әсер ететін жағдайларды ашып көрсетсе, ал Г.И. Щукина мен А.А.Деркач оқушы жастардың әлеуметтік азаматтық белсенділігінің көрініс табуы мен дамуы түрлі шақтарын (оқу процесінде, қоғамдық іс әрекетте т.б.) зерттеген.

Т.Н. Мальковская жеке адамның әлеуметтік азаматтық сезімін қалыптастыру процесі әрбір жас кезеңдерінде өрістейтін әлеуметтік - азаматтық сезім әлеуметтану өлшемінің жүйелі белгілі бір мақсат қоя отырып, әлеуметтік тәжірибесі мол адамдар мен жас жеткіншектердің кездесуі және іс әрекетке қатыстыруды жоғары бағалайды.

В.А. Ситаров төменгі класс оқушыларының әлеуметтік белсенділігін қалытастырудың педагогикалық жағдайы атты еңбегінде жастардың әлеуметтік белсенділігі туралы сөз етеді.

Қазақстан Республикасы бойынша оқушылардың әлеуметтік - азаматтық сезімі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асыру туралы Р.Ж.Иржанова, М.Н. Кузьмина, Б. Мұқанова (44) зерттеп қорытынды пікір айтқан.

А.В. Петровскийдің дәлелдеуінше «Әрбір жас кезеңге байланысты көп жоспарлы іс әрекет туғызып отыру және жүйесін жасау қажет»-дейді.

Іс-әрекет нәтижесінде оқушылар әлеуметтік нормаларды түсініп, өзі белсенді әрекет етеді және өз бетінше ерікті түрде жұмыс істеу құлшынысы артады.

Педагогикалық бір тұтастықта оқушылардың бейімділігі мен шеберлігін, білімін ғана қалыптастырмай жеке адамның әлеуметтік дамуын жүзеге асырады.

Б.Ы. Мұқанова оқушының белсенді әлеуметтік тұрақты және айнала ортамен қатынасы ішкі түйсік арқылы меңгеруі болып есептеледі-дейді. (41)

Л.П. Буева белгілі бір формада қалыптасқан іс әрекет пен қарым-қатынаста адамның қабілеті оның әлекметтік қажеттілігі мен мүддесі, арманы мен бағыт бейімділігі, іс-әрекетке түсіп, бұл оның болашақта өмір сүруінің шарты болып табылады. (17)

Жекө адам нормасын анықтаған кезде қоғам индивидтің дамуын басты мақсат етіп қояды. Жеке адам өз кезінде қоғамдық міндеттреді шешуге тікелей қатысу арқылы жеке санасын жетілдіре отырып қоғам мүшесі болып қалыптасады және дамиды.

Әлеуметтендіру туралы Г.М. Андрөева «Әлеуметтендіру бұл екі жақты процесс. Екіншіден индивид әлеуметтік ортамен берік байланыс жасай отырып, одан өзіне әлеуметтік тәжірибені қабылдайды. Екіншіден айнала әлеуметтік ортамен берік қатынасы арқылы онымен белсенді байланыс туғызу және өзінің бойында белсенді іс әрекетті қалыптаытыру»-дейді.(5)

Б.З. Вульфов «Азаматтық қасиет адамның өзіне және Отанын көркейтуге байланысты әлеуметтік жағдайларды шешудегі қызметінен көрінеді»-дейді.(40).

Азаматтыққа, азаматтық белсенділікке қоғамның түбірлі өзгеруіне құқықытық қоғамдық жүйеге айналуына қажетті деп есептейміз.

Азаматтық қасиеттерді қалыптастыру жолдаы зерттеушілер С.Бабаджанова, Н.И. Балдырев, Ч.М. Ермекова, Г.Ибрагимов, Л.И.Рувинский, В.А.Сухаменский, Д.Ш.Тұрсынов және тағыда басқалар оқу процесі еңбектегі қызметінде адамгершілік тәрбиесінде, отанжандылық және ұлтжандылық борышын өтеу барысында зерттеген.

Әлеуметтік - азаматтық сезім белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасады, оның өзгеруіне қарай мазмұны мен түрі өзгеріп отырады. Әлеуметтік азаматтық сезімнің қалыптасуы іс әрекеттің барысында жеке адам қалыптасады, оның жетекші күші сұранысы мен қажеттілігінде. Өмір сүруі еңбек ету үшін қажеттілігін қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік азаматтық сезімді қалыптастыру барысында қоғам мен жеке адамның сұранысы мен қажеттілігін зерттеп оны іс жүзіне асыру қажет.

Ұлы Отан соғысы жылдары әлеуметтік- азаматтық көзқарас-Отан үшін, жәңіс үшін өзін-өзі құрбандыққа берсе Тоқырау кезеңінде жоғарыдағылардың үкімін мүлтіксіз орындау болса, ал енді егемен құқықтың Республика кезеңінде - белсенді, саналы, шығарма-шылықпен ойлайтын азамат қажет. Біздің зерттеген түйінімізге қажетті уақыт 1941-1945 жылдардағы оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуы. Бұл жылдары әлеуметтік сезім қоғам мүшелерінің бойында тұрақты болды. Тарихи таным әлеуметтік даму мен азаматтық сезімнің қалыптасуының мәнін ашады.

Тарихи таным әлеуметтік - азаматтық сезімді қалыптастыруда екі функцияны атқарады. Олар:

1.Әр түрлі, қоғамдық қызметтегі адамдардың әлеуметтік санасы. Тарихи таным халықтың әлеуметтік қажеттілігін мәдени әлеуметтік этникалық жағынан канағаттандырып адамдардың ұрпақ жалғастығын қалыпта дамуын қарым қатынасын өзара түсінкшілігін мен тіл табысуына жағдай жасайды.

2. Қоғамдағы әлеумет қажеттілігін қанағаттандырады. Азаматтық әлеуметтік тарихты танып білу арқылы мінез құлықтың әр түрлі әлеуметтік бейнесі қалытасады. Тарихи кейіпкерлердің іс әрекеті арқылы әр түрлі тарихи оқиғалардың шешілу нәтижесін қоғамдық құрылысты дамытушы және басқарушы әлеуметтік топ. Белгілі бір уақыт барысында қоғамдық мінез құлықтың негізгі нормасын жүзеге асырып отырыды.

Жеке адамның әлеуметтік-азаматтық сезімі қоғамдық құрылысқа жауапкершілігі мен азаматтық борышты атқарудағы міндетінен көрінеді. Қоғам және жеке адамның қабілеті мен дамуы прогреске қарай бағытталуы тиіс. Ол педагогикалық басшылық арқылы қоғамның мақсат мүддесі мен оқушылардың талабына сай жүргізіледі.

Әлеуметтік-азаматтық дуниетаным адамның әдеті мен қажеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді(144). Қоғам мақсатына сай оқушылардың іс әрекетін халықтық мұқтажын өтеу, өзін өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыру.


1.2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқушылар арасындағы көпшілік жұмыстарының белсенді іс- әрекеттерінің мазмұны.

Фашистік Германия соғыс жарияламастан, тұтқиылдан Отанымызға шабуыл жасап, басқыншылықпен кірді. Олардың алдына қойған мақсаты Отанымыздың жерін жаулап алу, халқын құлы ету долында жауыздықтың қай түрінен болса да тайынбады.

Міне, осы кезде Бүкіл халқын жауды тойтаруға, оның зұлымдық ниетін бөгеп, жау күшін тас талқан етуге шақырды. Бұл шақыруға еліміздің үлкен кішісі түгелдей үн қосты. Соғыста біздің жауынгерлердің жеңісі, соғыстан алыс тылдағы жақындарымыздың армияны қару жарақпен қамтамасыз етуіне, оларға азық түлік жеткізе алуына, армия қатарын жаңа күшпен толықтырып отыруына және халық арасындағы достық, туысқандық көмекті нығайтуына, соғыс жүріп жатқан жерлерден көшіп келгендерге, оның ішінде балаларға ерекше қамқорлық жасауға байланысты болды. Барша кеңес азаматтарымен қатар Қазақстандық әке ағаларымыз Отанды қорғауға майданға аттанды. Қазақстан еңбекшілері еліміздің өзге халықтарымен бірлесе отырып, барлық күштерін Отан қорғау ісіне жұмсады. Кең байтақ Республикамызда істеліп жатқан барлық жұмыстар соғыс мүддесіне сәйкес қайта құрылды.

«Бәрі майдан үшін, жауды жеңу үшін!» - деген ұранмен еңбекшілеріміз майдан қажетін ойдағыдай өтеп отырды. Жер-жерде жасы жетпеген қаршадай балаға дейін майданға жіберуді өтініп, соғыс комиссариатының босағасын босатпады. Майдан ұрыстарындағы ерліктің үлгісі тылдағы еңбек ерлерінің ісінен ұласып жатты. Ұлы Отан соғыс кезінде жеткіншектер бұғанасы қатып, буыны бекінбей жатып, еңбекке араласып, ел байлығын еселеді. Тылдағы оқушылар да өздерін қажырлы еңбегінің даңқына бөледі. Мектеп партасындағылар тракторға, комбайн штурвалына отырып, колхоз даласында еңбек етті. Өнеркәсіп пен транспортта жұмыс істеді. Бұл жылдары біздің еліміздің оқушылары игілікті ұлы жұмыстардан ешқашанда қалған емес. Ұлы отан соғысының қиын қыстай кезінде оқушылар Отанымыздың ар-намысын, бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ерлік күрестерде қолдарынан келгенше үлкендерге көмектесті.

1941-1945 жылдарындағы соғыс жеке адамның адамгершілін қасиетінің жоғары болуын талап етті. Ұлы Отан соғысы мектептің ішкі ісімен оның оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын едәуір өзгертті. Республика кеңес және халық ағарту қызметкерлері арасында өзекті мәселелердің бірі ел басына төнген қатерді, неміс фашистерін жеңіп шығуда балаларды ұстамды берік мінезге тәрбиелеу, бұрынғыдан да гөрі оқушыларды еңбекке төселдіру, оларды оқу ісіне кедергі келтірмейтіндей ұйымшылдықпен көпшілік қоғам жұмысына тарту ісі қолға алынды.

Соғысқа дейінгі жылдарда балаларды Отан жандылық сезіміне тәрбиелеуде қол жеткен табыстар мектептегі тәрбие жұмысын тез арада соғыс мүддесіне сәйкес жаңаша айта құрылуға көмектесті. Соғыстың алғашқы жетістіктерінде-ақ республика баспасөзі бетінен әкелер ерлігінен нәр алған жасұландарды Отанжандылық істерінің кең өріс алғанын оқимыз.

Алматы облысының 58-ші мектебінің оқушылары республиканың барлық оқушыларын картоп тұқым жинауға шақырды.

Соғыстың ауырпалығына қарамастан, оқушылар білім алуға талпынып, мектеп мұғалімдерімен оқу мен тәрбие жұмыстарына көмектесіп, мектеп үйін жөндеп, қысқа отын даярлап оқу құралдарын жасаған.

Мұғалімдер бастаған мектеп оқушылары колхоз, совхоздардың егін далаларында жұмыс істеп, еліміздің қосымша мыңдаған пұт астық пен көкөніс тапсырды. Оқушылар жүздеген мың тонна метал сынықтарын мыңдаған килограмм дәрі дәрмектік өсімдіктер жинады, жауынгерлердің отбасын қамқорлықтарына алып, жас сәбилерін күтті, жаралы жауынгерлерде мейірімділікпен қамқорлық жасады. Көптеген балалар өздерінің жиған қаражаттарын танк, самолет, зеңбірек т.б. соғыс қаруларын жасауға берді.

Үйде ересек азаматтардың болмауынан оқушылардың тұрмыс еңбегіне ерте араласып, іні-қарындастарын күтуі, колхоз, совхоздардың ауыл шаруашылық жұмысына, оқу ісіне көмектесуі, материалдық тұрмыстың төмендеуі т.б. мектептің оқу-тәрбие жұмысын қиындатты.

Халық ағарту органдары оқушылардың қоғамдық белсенділігін және отанжандылық қарқынын барынша қуаттай және жетілдіре отырып, сонымен қатар мектеп ұжымының назарын балалардың сапалы білімі мен саналы тәртіп дағдыларын арттыруды талап етті. Әсіресе, мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, оларды терең біліммен қаруландыру, балалар арасында кластан және мектептен тыс жұмыстарды жақсартуға айрықша көңіл бөлді.

Негізінде бұл істің сәтті аяқталуын, балалар арасында оқушылар ұйымының беделі мен ықпалының артуына байланысты болатын. Содықтан оқушылар ұйымының жұмысын да соғыстың талабына сай қайта құрылуы қажет болды. Олардың жұмысына маңызды өзгерістер енгізілді. Ата-аналардың өндіріс орнында жұмыс істеп, бала тәрбиесіне айтарлықтай көңіл бөлінбегендіктен, жастардың мектеп оқушылары арасындағы жұмысты соғыс талабына сай құру міндеті қойылды.

Республика оқушыларының алдына: «Оқушылардың өз халқының адал ұлдары болуын, Отанның қас жауларына қарсы тұруға, оқу мен еңбекке, әскери қабілеттілікке, ұйымшылдыққа, қиыншылыққа төзе білуге үйрету»- міндеттерін қойды.

Мектептегі оқушылардың оқу мен әскери дене шынықтыру жұмысына, оларды еңбекке тәрбиелеуде, вожатыйлар мен оқушылар активтерінің оқуын дұрыс ұйымдастыру шаралары күн тәртібіне қойылды.

Аудандық және қалалық мектеп комиссияларының мақсаты да оқушылар штабымен бірлесе отырып, еңбек сүйгіш, денесі шыныққан, инабатты жас ұрпақтарды қалыптастыру еді. Мектеп жөнініндегі комиссия алқасы оқушылар жұмысын білетін маман адамдардан тұрды. Тәжірибелі маман адамдардың басшылығы арқасында, мысалы, Чернигов орта мектебінің оқушылары 1941-42 оқу жылының I жарты жылдығын толық үлгеріммен және танымдық дәрежесі «өте жақсы» деген бағамен аяқтады. Семиозер аудандық мектептер жөніндегі комиссияның төрайымы Черкова оқушылардың сапалы білім алу жолныда көп еңбек сіңірді.

Республикада жоғарыда аталған қаулы бойынша құрылған 3048 дружиналар 375 204 оқушыларды қамтыды.

Дружиналарда жұмыстың көбі ойын түрінде өткен, тамаша кеңес педагогы Антон Семеновия Макаренко: «Ойын-балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде, жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, ойын арқылы тәрбие алады»,-деген болатын

Штаб жарлығын орындамаған жауапсыз оқушы болған жоқ. Мұның өзі оларды саналы азамат болып өсуіне баулыды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан өнеркәсібінің, транспортының, ауыл шаруашылығының жұмыстарын соғыс жағдайларына қарай шұғыл құрылып, міндеттерінің өзгеруі, барлық халықпен бірге: «Бәрі майдан үшін», «Бәрі жеңіс үшін», -дегегі ұранға сай жұмыс істеді. Сондықтан басты міндет оқушылардың өз ісіне жауапкершілігін сезіну, тәртіптілік, ерлік, Отанын сүю, оның намысы қорғау, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік қасиетті әр жас жеке адамның бойына сіңіру еді.

Оқушылардың жұмысына басшылық етуде еңбек тәрбиесін, оқушылардың майданға көмегін, әскери дене шынықтыру жұмысын, оқушылардың оқуы мен тәртібін жақсарту маңызды мәселе болды.

Мектептегі тәрбие жұмысына сәйкес көпшілік ден шынықтыру жұмысының мазмұнын мен түрі соғыстың талабына ыңғайланып жүргізілді. 1941 жылы 6 қыркүйектегі ВКП(б) Орталық Комитетінің орта мектептегі 8-9 класс оқушылары үшін әскери және дене тәрбиесін күшейту туралы қаулысы халық ағарту мекемелерінің назарын аударды. ССРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1942 жылғы 24-ші қазандағы қаулысы бойынша «5-10 класс және техникум оқушыларының әскери бастуыш, әскерге дейінгі алдын ала дайындық» туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде: Мектептің жас түлектері Отанға шексіз сүйіспеншілік рухында, бағдарламада көрсетілгендей әскери қабілеттілігі бар, саналы, шыныққан жастарды, санитар, телефонист және телеграфист мамандығын меңгерген қыздарды даярлауға міндетті» - делінген.

Осыған орай мектептерде 1942-43 оқу жылынан бастап әскери дене шынықтыру дайындығына арналған сағат бөлініп, мектептерде әскери кабинеттер жабдықталды. Сабақты маман әскери жетекшілер жүргізетін болды. Әскери дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға тиісті әскерлік іске, санитарлық жұмыстарына дағдыланды.

Сөйтіп, мектеп қабырғасында оқушылар бастауыш әскери білім алатын болды. Әскери ереже оқушылардың кластан тыс жерде дене шынықтыру тәрбиесін жолға қоюға көмектесті. Бағдарлама бойынша 3-8 класс оқушылары бастауыш әскери дайындықтан өтті. Оқушыларды соғыс ісіне бейімдеуде жаңа бағдарлама нақтылы бағыт берді. Оқушылардың арасындағы жұмыс жүйесінде дене тәрбиесіне байланысты мынадай келелі мәселелер күн тәртібіне қойылды:

а) балаларды Отанын шексіз сүюі;

ә) жас өспірімдердің денесін шынықтырып, төзімтал етіп тәрбиелеу;

б) балаларды әскери істің айырылмас белгісі-азаматтық еріктерін, жоғары ұжымшылдық, батылдық, ептілігін, шыдамдыққа, ұйымшылдық, жолдастық қасиеттерді қалыптастыру;

в) әскери - дене шынықтыру дайындықтарының оқу бағдарламасы бойынша әрі қарай оқушылардың техникалық білімдерін, шеберліктерін, біліктерін жоғары сатыға жетілдіру қойылды.

Жоғарыда аталған өзекті мәселелерді шешуде Бүкілодақ Комитетінің дене шынықтыру және спорт жөніндегі «Оқушылардың білім, іскерлік және білік өрісі туралы» жоба оқушылардың жас және дара ерекшеліктері ескеріліп, пайдаланды. Мысал ретінде жобадан бір бөлім келтірейік.



Кесте №1

Оқушылардың әскери дайындығының іскерлік және білік өрісі туралы жобаның бір бөлімі.



10-11 жас

11-12 жас

12-13 жас

1 3-14 жас

14-15 жас

3-класс

4- класс

5-класс

6-класс

7-клас

Жарық

Қараңғыда

Картаны

Картамен

Жергілікті

жерде

жөн табу

оқи

азимут

жердің

жөн таба




білудің

бойынша

картасын

білу




шеберлігі

звено

сызу










бастап













жүру



Қызыл армияның 25 жылдығына байланысты Қазақстанда мектеп аралық әскери-спорт жарыстары өткізілді. Жарыстың бағдарламасына 5-7 класс оқушыларына: строй дайындығы, БГТО кешенінен жаттығулар, гранат лақтыру, 3-5 км қашықтық жерді шаңғымен өту, ұзындықтан секіру, 1-3 км жерге противогазбен жаяу жүру т.б. дайындықтан өтті. Жарысқа оқуға үлгеретін 5-10 класс оқушылары түгел қатынасты.

Жарыстың негізгі мақсаты мынадай еді:

а) мектептің Қызыл крест, Қызыл ай қоғамдары мен дене шынықтыру және спорт комитеттерінің әскери-дене шынықтыру жұмыстарына кең түрде жетілдіріп жақсарту;

ә) оқушыларды әскери - спорттық пайдалы дағдыларына шынықтыру.

Жарысқа дайындық кезінде балалардың көпшілігі ГТО, БГТО, ПВХО белгілеріне норма тапсырды, мектептердің ішкі жарысына спорт командалары қатысты. Осындай әскери бағыттағы ойындар аудан, облыс және республика көлемінде болып тұрды.

Жыл сайын мектептерде республикалық оқушылардың әскери бағыттағы «Н» - қаласы үшін шайқас», «Жауды талқандау», «Жау тылында», т.б. ойындар өткізілді. Ойын үстінде ержүрек партизандар, батыр-панфиловшылардың «Бір адым кейін шегінбе!», «Отан үшін алға!» - деген ұрандарын естіп, амбразура дзотын денесімен жапқан Қазақстан Матросовы Сұлтан Баймағанбетовтың ер тұлғасын көруге болатын. Мұндай тәрбиелік маңызы зор ойындар балаларды майдандағы жауынгерлердің батылдығына, табандыл ығына, қиыншылықты жеңе білушілік қасиеттеріне еліктеуге баулыды. Мысалы: 1942, 1943 жылы Қызыл армия күніне арналған республикалық әскери-техникалық «Жау тылына барлау», «Соғыс бұйрығы» (ойын штабын басқарған майор Новиков) ойынына 5-10 кластың оқушылары қатысты.

Ойын балалардың рухын көтерді, олар зерікпей ойынның қайталануын өтінетін кездері болған. Оқушылар осындай әскери спорттық ойындармен қатар, аса белсенділікпен кросс, эстафета, жорықтарға да қатысан. Осылардың барлығы балалардың денесін шынықтырудың кепілі болды. Әрі олардың көпшілігін дене шынықтыру және спорт жаттыңуларына тартуға себепші болды.

Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің Ү пленумы (1942 жыл, желтоқсан) оқушылар активтеріне, звено және отряд вожатыйлары, отряд және дружина штабының мүшелері әскери-спорттық біліктерді үйрету туралы шешім қабылдады. Сондықтан штаб дружиналарында 1943 жылдың 10 - наурыздан 5 -мамырға дейін сабақтан тыс уақытта оқушылар активтерімен әскери оқу екі сағаттан жүргізіледі. Әскери дайындық бағдарламасына 53 академиялық сағат бөлініп, оларды дене шынықтыру мен строй дайындығына, әскери өлеңдер мен ойындар, топография, тактика және атыс дайындығы, жай танкісін жоюдың әдісіне дайындап, Қызыл армияның жарғысымен таныстырды.

Оқу бағдарламасы оқушылар активтерін жүйелі білімге, көпшілігін әскери-қорғаныс өнерінің қоғамдық нұсқашыларын дайындады. Алматы қаласында 1943 жылы балаларға арналған спорт мектебі ашылды. Балалардың сабағына спортқа еңбегі сіңген мастерлер басшылық жасады. Оқушылар әртүрлі спорт секцияларына қатынасты. Спорт мектебі жанынан алғаш рет жас альпинистер тобы ұйымдастырылды. Қызылорда облысының спорт мектетебіндегі 480 әскери - техникалық үйірмелеріне 1350 оқушысы қатынасқан, 1943 жылғы жастардың жалпы жексенбіліктен балалардың жәрдем қорында 1171365 сом ақша жиналды. Жастардың сенбіліктер мен жексенбіліктерге аса белсене қатысуының нәтижесінде Қазақстанда оқушылардың пионер лагерлері 181-ден (1944 жыл) 207-ге (1945 жыл) дейін өсіп, жауынгер балаларына 4 592 тегін жолдама берген (313).

Сайып келгенде, дене тәрбиесінің мақсаты мектеп оқушыларының денсаулғын жақартып, оларды мектептің оқу-тәрбие жұмысына жұмылдырып, оқушылар арасында тәртіпті нығайту, олардың Отанжандылық күшейттім бағыттағы істерін ұйымдастыру болды.


жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау