Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |