Ертегілердің бірі Тазша бала.
Басты кейіпкері Тазша бала болып келетін және балалар ұғымына жеңіл де әсерлі тиетін тазшалар жайындағы ертегілер көбіне балалар фольклорына жақын тұрады. Соларға тән. Көркем бейнелері мол тазшалар жайындағы ертегілер көбіне тапқыр ойға құрылған шешендікті білдіреді. Мысалы; "Тазшаның қырық өтірік" деген ертегіде хан алдында шарт жүгініп, өлімге басын бойлап нартәуекел деп отырған тазша бала қырық ауыз өтірікті мүдірмей айтып шыққан соң да, ханның кенеттен оқыс қойған сұрақтарына аса тапқырлықпен жауап береді. Бәйтеректің қысқа шығар ? - деген ханның сұрағына кішкентай тазша бала:
-Болса болар, түбінен таңертең ұшқан күйкетай басына кешке жетіп қонушы еді - дейді.
-Күннің қысқа шығар? - дегенде бала: -Болса болар, таңертең қашқан марал кешке бұзаулаушы еді,-деп ханның жетекші сұрақтарына да мүдірмей жауап береді. Өзінің тапқырлығымен өлімнен құтылады.
Дәулеті төмен өзі кедей болса да, ақыл - парасаты жағынан ханнан асып түседі. Халық даналығының ұтымды қасиеті, биік шоқтығы ұшқыр қиялы, эстетикалық идеялы осындай тапқырлығымен көрінеді. Оның балаларға ұтымды да қызықты жағы осынысында: "өтірік ертегі", "Балапанды барқын таз , "Тоқсанбай баймен тоғыз жасар бала" т.б өтірік әңгімелер мен өтірік өлеңдер бар. Осы әңгімелердің қайсысы болсада балаларды тапқырлыққа үйретеді де, алғырлыққа баулиды. "Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі балалар әдебиетіне жатады" деген І.Жансүгіров.
Балалардың логикалық ойларының дамуына әсер етеді. Қазақ ертегілеріндегі көп айтылатын тазшалар бейнесі сыртқы пішіні жағынан елеусіз жан боп көрінсе де, ақылы - ой, парасаты сөзге тапқырлығы бәрінен де асып түсіп отырады. Алдынан ажал тосып тұрса саспайтыны, жас тауып кететін балаларды қатты сүйсіндіріп, көп ойға қалдырады.
Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып, ханның жетекші сұрақтарына жауап берген соң, хан бұл баланың ақылына, тапқырлығына таң қалады. Баланы сөзден жаңылтып мерт ете алмағанына хан бір жағынан іштей қатты күйінеді де;
Сен бала бір міндеттен құтылдың. Сөзауар, тапқырлығың да бар екен. Қырық өтірікті сөзбен айттың, тағы да осындай қырық өтірікті өлеңмен айта аласың ба? - деді хан, сүріндірмесем, осы жерден сүріндірермін дегендей. Тазша бала оған да мүдірместен тіпті қиналмастан " айтсам айтармын" деп бірден төгілтіп жіберді.
Қамыстан жылқы ұсауға құрық қылдым, Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым. Бір талын сақалымның кесіп алып Көшкенде мал жаятын сырық қылдым. Дүненің ауыры үрген қуық, Жалғыз өзім көтердім аузын буып, Үлкеніне шіркейдің арба жіктім Ондай мықты көрмедім өзім туып.
Тазша баланың өтірік өлеңдері қиынан қисын тауып, осылай біріне - бірі жалғасып айтыла береді. Жоқтан барды қиыстырып айту арқылы да тазша бала еңбексіздіктен ерігіп отырған хандарды, сұлтандарды жоқтан өзгеге мәз етіп қояды.
Өтірік өлелдер аса қызықты да сыйымсыз, тіреуі жоқ сөздерге құрылғандықтан, тыңдаушының бәрінде қыран жапқан күлкіге көңіл сергітерлік ойын - сауыққа, думан сейілге айналдырып жіберді әсіресе, балаларды мәз – мейрам етеді.
Өтірік өлеңдер өзінің қызықтығы арқылы балаларды мәз -мейрам ету мен қатар, оларды нешеалуан жәндіктердің атымен олардың іс - әрекетімен, шама - шарқымен таныстырады, қағанақ пен қуыкггы кереметтей алып суреттегені, көбелекпен қасқыр өқуғаны, шымшықтың жұмыртқасын келі еткендер еріксіз күлдіреді.
Өтірік өлеңдердің тағы бір өзгешелігі - балаларды қиынан қиыстырып келтіретін тапқырлыққа үйретеді. Сөздің реті, орнын тауып қисынды сөйлеуге шеберлендіреді. ӨткенІ өтірік өлеңдерде әсері қисын тапқан көркем сөздер, жақсы теңеулер көп. Өтірік өлеңдердегі суреттелген көріністердің бәрі де әсіреселеу, шендестіру, бейнелеу арқылы беріледі. Түйедейді түймедей етіп көрсету арқылы оқыс көріністер жасайды.
"Ғажайып бақ" ертегісінің мазмұны халықтың тұрмыс-тіршілігін, өмірге, дүниеге деген әр алуан көзқарастарын білдіреді. Ертегінің оқиғалары қиялдан гөрі, өмірге анағұрлым жақын.
"Ғажайып бақ" ертегісінде халықтық сарын, халық мүддесін қорғайтын идея басым. Халық өз ортасынан шыққан еңбек адамдарының ісі мен әрекеттерін ардақтап отырады. Адамзат бойындағы ең асыл қасиет адалдықты сөз етеді.
Ертегі өз күндерін адал еңбектерімен өтеп жүрген екі дос Асан мен Қасен дейтін кедейлердің өмір-тіршіліктерімен басталады. Мал шаруашылығымен айналысатын Қасен бір күні жүтқа ұшырап, барлық малы қырылып, Асанмен қоштасып қайыр сүрауға кететінін айтқанда, Асан өзінің жан дегенде жалғыз досына қол үшын беріп көмектесетіндігі бала ойындағы "дос" деген ұғымды шыңдай түсіп, Асанның досына көрсеткен көмегіне дән риза болған жас өспірім адамдықтың ең бірінші сатысы адамгершілік, достық екенін бойына сіңіре бастайды.
Балалар ертегіні әрі қарай оқығанда, Қасеннің жер қазып жүріп бір қазан алтынға тап болғанын, оны досы Асанның үйіне апарып бергендігінен хабардар болады. Осы кішкене ғана оқиғаның бала санасына адалдық деген не екенін ұялатып олардың тек жақсы істерін үйреніп қана қоймай, өмірдің неше алуан қырлары мен сырларын түсінуге, әрі дүниені танып-білуге үйрететініне ықпалын тигізуі сөзсіз.
Ертегі желісінде алтынды екеуінің де алғысы келмей ұзақ таласатыны жайлы сөз болады. Соңында екеуі балаларын үйлендіріп алтынды соларға беруді ұйғарады. Үй болып жеке отау болған ұл мен қыздары аталары берген нәрсеге олар ие бола алмайтының өздерінің алтыннан да әртық асыл қазына махаббаттары бар екенін айтады. Ертегіні оқи отырып балалар сезім, сүйіспеншілік, махаббат сөздерінің адамгершілікпен ұштасып жатқанын байқайды. Ертегі одан әрі баланы қызықтыра түсіп, "енді алтынды кім алады, алтынды не істейді" - деген сүрақтар, баланың ой-қиялын әрі қарай ұштай түсуге көмегін тигізеді. Алтынның иесі кім болатынын білгісі келген екі дос, енді әділ қазыға жугінуге бір қарияның алдына барып, ақыл беруді сұрайды. Қария алдында төрт жас жігіт, яғни шәкірттері отырады. Қария не істеу керектігін өз шәкірттерінен сұрайды. Шәкірттердің бірі алтынды патшаға беру керектігін, екіншісі өзі алатынын, үшіншісі жерге көміп тастайтынын айтса, төртіншісі, алтынды сатып, оған дән сатып алатынын айтады. Қария шәкіртінің бұл ісіне дән риза болып, оны жолға шығарып салады. Жас жігіт жолда сауда керуенін көреді. Сол керуенде бір саудагер бір топ құсты қамап ұстап әкеле жатқанын көрген жігіт, одан құстарды қайда алып бара жатқанын сұрайды. Саудагер құстарды базарға сатуға алып бара жатқанын айтады да, женіне кете барады. Жас жігітті саудагердің бұл ісі қатты толғандырады, құстарға жаны ашиды, құстарды ат басындай алтынға әйырбастап алады да, құстарды бостандыққа жібереді. Міне, осы оқиғаның өзінде бала бойына қайырымдылық пен тіршілік атауының бәріне имандылық таныту керектігін сіңіре түседі.
Ертегі соңы әлбетте ете жақсы аяқталады. Жас жігітке құстар камектеседі, құлазығаң кең далаға бау-бақша егіп, ол мәуелі бау-бақшаның ішіне тек жарлы-жақыбайлар ғана кіріп жемісінен дөм тата алатыны, баланың бойындағы ұлы сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін жоғалтпауға, кішкентай жәндіктен бастап, барлық тіршілікке деген қамқорлық қасиеттерін одан әрі ұштауға тәрбиелейді.
Ертегі - бала жанын қоректендіретін рухани қор. Мейірім мен махаббатты, "сұлу сезім мен ұлы сенімді жүрекке егетін де осы ертегі.
Достарыңызбен бөлісу: |