Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Сотта жасалған іс жүргізу келісімінің құрылымы және мазмұны



жүктеу 6,76 Mb.
бет40/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

631-бап. Сотта жасалған іс жүргізу келісімінің құрылымы және мазмұны

1. Сотта жасалған іс жүргізу келісімі нысаны және мазмұны бойынша осы Кодекстің 618-бабы екінші бөлігі 1) – 8) тармақтарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Егер сотталушы қылмыстардың жиынтығын жасағаны үшін айыпталса, онда келісімде әрбір қылмысы үшін жазаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі.

3. Егер сотталушыға үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалса, онда келісімде түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері де көрсетіледі.

4. Келісім оған прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қол қойғаннан кейін жасалды деп есептеледі.

5. Прокурор қол қойылған келісімді сотқа береді және істі келісу іс жүргізуі шеңберінде шешу туралы өтінішхат береді.


632-бап. Сотта жасалған іс жүргізу келісімімен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның іс-әрекеттері

1. Судья ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі және істі келісу іс жүргізуінде қарау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық істі алып, заң талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін бекітеді және істі келісу іс жүргізуінде қарау туралы қаулы шығарды;

2) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін бекітуден бас тартады және істі жалпы тәртіппен қарауды жалғастырады;

3) егер сот қылмыстың саралануымен, азаматтық қуыным мөлшерімен келіспесе, жаңа келісім жасауға мүмкіндік бере отырып, қылмыстық істі прокурорға қайтарады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармашасына сәйкес шешім қабылдаған жағдайда сот осы Кодекстің 627-бабының тәртібімен сот талқылауын жүргізеді.


14-бөлiм. Алқабилердiң қатысуымен iстер бойынша iс жүргiзу
65-тарау. Жалпы ережелер
633-бап. Алқабилердiң қатысуымен iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi

Сот алқабилердiң қатысуымен қарайтын қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу осы бөлiмде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодекстiң қағидаларына сәйкес жүргiзiледi.


634-бап. Алқабилердiң қатысуымен соттың қарауына жататын iстер

1. Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99 (екінші бөлігінің 15) тармағында), 171 (төртiншi бөлiгiнде), 175, 177, 178, 184, 253 (төртiншi бөлiгiнде), 260 (бесінші бөлiгiнде), 282 (төртiншi бөлiгiнде), 292 (төртiншi бөлiгiнде), 293 (төртiншi бөлiгiнде), 294 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстердi, сондай-ақ соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы iстердi қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы iстердi алқабилердiң қатысуымен қарайды.

2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бiрнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған болса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99 (екінші бөлігінің 15) тармағында), 171 (төртiншi бөлiгiнде), 175, 177, 178, 184, 253 (төртiншi бөлiгiнде), 260 (бесiншi бөлiгiнде), 282 (төртiншi бөлiгiнде), 292 (төртiншi бөлiгiнде), 293 (төртiншi бөлiгiнде), 294 (төртiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген қылмыстарды, сондай-ақ соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар туралы iстердiқоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстардың ең болмағанда бiреуi кiрсе, айыпталушының өз iсiнiң сотта алқабилердiң қатысуымен қаралуына құқығы бар.

3. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталса, егер олардың ең болмағанда бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiшхат бiлдiрсе, алқабилердiң қатысуымен сотта оны қарау барлық сотталушыларға қатысты осы бөлiмде көзделген қағидалар бойынша жүргiзiледi.



635-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы

Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилердiң қатысуымен сот бiр судьяның және он алқабидiң құрамында әрекет етедi.


636-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу

Алқабилердiң қатысуымен бүкiл сот талқылауы барысында мемлекеттiк айыптаушыға, жәбiрленушiге, сотталушыға және оның қорғаушысына, сондай-ақ процестiң басқа да қатысушыларына осы iстi қарауға қатысушы алқабилер белгiлеген тәртiптен тыс араласуға тыйым салынады.


637-бап. Соттың iстi алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат

1. Осы бөлiмде көзделген қағидаларға сәйкес, қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхаты бойынша жүргiзiледi.

2. Сотқа дейінгі тергеудi жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттерінің іс жүргізуі аяқталғаннан кейiн күдіктіге iстiң барлық материалдарын таныстыру кезiнде оған соттың оның iсiн алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат беру құқығын, сондай-ақ соттың алқабилердiң қатысуымен шығарған үкiмiне шағым жасау және шағымды қарау ерекшелiктерiн қоса алғанда, осындай өтiнiшхатты қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсiндiруге мiндеттi.

3. Күдіктінің iстiң барлық материалдарын танысу үшiн ұсынған кезде, сондай-ақ келесi кезеңде, оның iшiнде сотта iстi алдын ала тыңдауда, бiрақ соттың басты сот талқылауын тағайындауына дейiн оның iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат мәлiмдеуге құқығы бар.

4. Күдіктінің өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы не өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауына құқығын пайдаланудан бас тартуы туралы өтiнiшхаты күдіктіге тергеу әрекеттерi мен оның құқығын түсiндiрудiң аяқталғандығын хабарлау туралы хаттамада көрсетіледі. Кейiннен мәлiмделген өтiнiшхатты күдікті (айыпталушы) жазбаша түрде жазады және ол соттауына осы iс жататын сотқа дереу жiберiледi.

5. Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейiн айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхаты қабылданбайды.

6. Айыпталушы алдын ала тыңдау жүргiзiлгенге дейiн және алдын ала тыңдау барысында өз iсiн алқабилердiң қатысуымен қарау туралы мәлiмдеген өтiнiшхатынан бас тартуға құқылы. Айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхатынан бас тартуы алдын ала тыңдау барысында өтiнiшхат расталғаннан кейiн қабылданбайды.
66-тарау. Сот отырысын тағайындаудың ерекшелiктерi
638-бап. Алдын ала тыңдау өткізу

Осы Кодекстің 634-бабының бірінші бөлігінде аталған істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу күдіктінің, айыпталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының болуына немесе болмауына қарамастан міндетті.


639-бап. Алдын ала тыңдау өткiзудiң ерекшелiктерi

1. Судья алдын ала тыңдауды мiндеттi түрде сотталушылардың, оның ішінде iстi алқабилердiң және олардың қорғаушыларының қатысуымен қарау құқығы тиесілі емес адамдардың қатысуымен жеке-дара өткiзедi.

2. Судья сот отырысы басталарда қай iстiң қарауға жататынын жариялайды, отырысқа қатысушы адамдарға өзiн таныстырады, кiмнiң мемлекеттiк айыптаушы, қорғаушы, хатшы екенiн хабарлайды, сотталушының жеке басын анықтайды, мәлiмделген қарсылықтарды шешедi. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау қорытындысын жария етедi. Судья сотталушыға айыптаудың түсiнiктi болғанын не болмағанын анықтайды, қажет болған жағдайларда оған айыптаудың мәнiн түсiндiредi және ол iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы берген өз өтiнiшхатын растайтынын не растамайтынын сұрайды. Егер істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімделмесе, судья сотталушыға оның осы сот отырысында тікелей мәлімделуі мүмкін екенін түсіндіреді. Сотталушының ауызша өтініші сот отырысының хаттамасына енгізіледі, жазбаша өтінішхат іске тігіледі. Сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өз өтінішхатынан бас тартуы, сондай-ақ оның осындай өтінішхатты мәлімдегісі келмейтіні сот отырысының хаттамасында не іске тігілетін сотталушының жазбаша өтінішінде көрсетіледі.

3. Егер сотталушы оның iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өз өтiнiшхатын растаса, онда судья осы өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы шешiм қабылдайды, бұл ретте басқа сотталушылардың пікірі ескерілмейді және мемлекеттiк айыптаушы, жәбiрленушi, сотталушы және оның қорғаушысы мәлiмдеген басқа өтiнiшхаттарды қарауға көшедi.

4. Қажет болған жағдайда дәлелдемелер ретiнде пайдалануға болатындығын тексеру үшiн iс материалдары алдын ала тыңдауда жария етiлуi мүмкiн.

5. Егер сотталушы iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өз өтiнiшхатын растамаса, осы Кодекстiң 321-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген басқа да негiздер болмаған кезде судья алдын ала тыңдау аяқталды деп жариялайды. Iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 42-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

6. Судьяның iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы қаулысы түпкiлiктi болып табылады. Қаулы одан әрi iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауынан сотталушының бас тарту себептерi бойынша қайта қаралмауға тиiс.
640-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот отырысын тағайындау кезiнде алдын ала тыңдау тәртiбiмен шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi

1. Алдын ала тыңдау қорытындылары бойынша судья осы Кодекстiң 322 – 327-баптарында көзделген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

2. Егер сотталушы істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатты мәлімдесе немесе бұл туралы бұрын мәлімделген өтінішхатты растаса, судья сот отырысын тағайындау туралы қаулыда сот iстi алқабилердiң қатысуымен қарайтындығын көрсетедi және осы сот отырысына шақырылуға тиiс алқабилерге кандидаттардың санын айқындайды, олардың саны жиырма бестен кем болмауға тиiс.

3. Судья алдын ала тыңдау нәтижелерi бойынша осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес iс материалдарынан дәлелдемелер ретiнде рұқсат етуге болмайды деп танылған нақты деректердi алып тастайды.


641-бап. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабилерге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдаудың тәртiбi

1. Iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауға тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн судья сот отырысының хатшысына оларды алқабилерге iрiктеу үшiн сот отырысына саны қаулыда көрсетiлген алқабилерге кандидаттардың келуiн қамтамасыз ету туралы өкiм бередi.

2. Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейiн төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бiрыңғай және қосалқы (жылдық) тiзiмдерден алқабилерге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргiзедi.

3. Бiр адам алқаби ретiнде сот отырыстарына жылына бiр реттен артық қатыса алмайды.

4. Қылмыстық iстi қарауға қатысу үшiн алқабилерге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейiн олардың тегi, аты, әкесiнiң аты және мекенжайы көрсетiле отырып, алдын ала тiзiм жасалады, оған сот отырысының хатшысы қол қояды.

5. Алдын ала тiзiмге енгiзiлген алқабилерге кандидаттарға, сот талқылауы басталғанға дейiн жетi тәулiктен кешiктiрiлмей сотқа келетiн күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама тапсырылады.

6. Хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге мiндеттi.

67-тарау. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабилерге

кандидаттарды iрiктеу
642-бап. Жалпы ережелер

1. Кандидаттар арасынан алқабилердi iрiктеу осы Кодекстiң 350 – 363 -баптарының талаптары орындалғаннан кейiн:

1) төрағалық етушiнiң алқабилерге кандидаттарды iстi қарауға қатысудан босатуы;

2) өздiгiнен бас тарту туралы мәселелердi шешу;

3) қарсылық бiлдiру туралы мәселелердi шешу;

4) алқабилерге кандидаттарға дәлелсiз қарсылық бiлдiру арқылы жүзеге асырылады.

2. Сот отырысының хатшысы төрағалық етушiге алқабилерге кандидаттардың сот отырысына келуi туралы баяндайды және алқабилерге кандидаттың әрқайсысына оның тегiн көрсете отырып билет жазып бередi.

3. Төрағалық етушi алқабилерге кандидаттардың алдында:

1) өзiн таныстырып;

2) тараптарды таныстырып;

3) қандай iс қаралуға жататынын хабарлап;

4) алқабилердiң мiндеттерi мен олардың осы қылмыстық iстi қарауға заңға сәйкес қатысу тәртiбi туралы хабарлап, қысқаша сөз сөйлейдi.

4. Алқабилерге кандидатты iстi қарауға қатысудан босату туралы мәселенi объективтi шешу мақсатында төрағалық етушi алқабилердi iрiктеу кезiнде кандидаттарға жәбiрленушi, айыпталушы және оның қорғаушысы жазбаша нысанда ұсынған сұрақтарды, сондай-ақ өзiнiң қалауы бойынша, алқабилер алқасын құру үшiн маңызы бар басқа да сұрақтарды қоюы мүмкiн. Прокурор кандидаттарға сұрақтарды өз бетiнше және ауызша нысанда қояды.

5. Алқабилерге кандидат iстi қарауға қатысу үшiн iрiктеу кезiнде төрағалық етушi қойған сұрақтарға шынайы жауап беруi, сондай-ақ оның талабы бойынша өзi туралы және iске қатысушы басқа адамдармен қатынастары туралы қажеттi өзге де ақпараттар беруге тиiс.

6. Төрағалық етушi алқабилерге кандидаттардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн кемсiтетiн сұрақтар қоймайды.

Төрағалық етуші алқабилерге кандидатқа кейбір сұрақтарды қоюға құқылы, ал кандидат процеске басқа да қатысушылар мен залда қатысып отырған адамдар үшін сұрақ пен жауаптың қолжетімді болмауын сақтай отырып, оған жауап беруге құқылы.

7. Алқабилерге кандидатты iстi қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелердi, сондай-ақ өздiгiнен бас тартуларды және алқабилерге кандидаттарға мәлiмделген қарсылық бiлдiрулердi төрағалық етушi кеңесу бөлмесiне кетпей тұрып, сот отырысының хаттамасына судьяның қаулысын енгізе отырып жеке-дара шешедi.

8. Егер сотқа шақырылған алқабилерге кандидаттардың жиырма бесiнен азы келсе не сот талқылауына қатысудан олардың кейбiреулерiн босатқаннан кейiн немесе төрағалық етушi судья өздiгiнен бас тартулар мен қарсылық бiлдiрулердi қанағаттандырғаннан кейiн олар он жетiден азайып қалса, төрағалық етушi сот отырысының хатшысына алқабилерге кандидаттар құрамының жетiспейтiн санын қосалқы тiзiмнен толықтыру туралы өкiм бередi. Бұл жағдайда алқабилерге қосалқы кандидаттарды шақыру үшiн сот отырысында үзiлiс жарияланады.


643-бап. Төрағалық етушiнiң алқабилерге кандидаттарды iстi қарауға қатысудан босатуы

1. Төрағалық етушi алқабилерге кандидаттарға олардың осы Кодексте белгiленген мiндеттерiн түсiндiредi, одан кейiн алқабилерге кандидаттардан алқабилер ретiнде iстi қарауға қатысуда оларға кедергi келтiретiн мән-жайлардың бар-жоғы туралы сұрайды.

2. Төрағалық етушi:

1) қылмыс жасады деген күдiктiлердi немесе айыпталушыларды;

2) сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамды, мылқау, саңырау, зағип адамдарды;

3) сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге ұйымдастырушылық не техникалық мүмкiндiктер болмаған кезде мүгедек болып табылатын басқа да адамдарды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби мiндеттерiн атқарудан босатады.

3. Төрағалық етушi процеске қатысушылармен талқыламастан, олардың ауызша немесе жазбаша өтiнiшi бойынша:

1) алпыс бес жастан асқан адамдарды;

2) үш жасқа толмаған балалары бар әйелдердi;

3) өзiнiң дiни нанымына байланысты сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысу өзi үшiн мүмкiн емес деп есептеген адамдарды;

4) қызметтiк мiндеттерiн атқарудан алаңдатылуы қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге едәуiр зиян келтiруi мүмкiн адамдарды (дәрiгерлер, мұғалiмдер, әуежолдарының пилоттары және басқалар);

5) сот отырысына қатыспау үшiн дәлелдi себептерi бар өзге де адамдарды алқабилер мiндеттерiн атқарудан босатуы мүмкін.

4. Төрағалық етушi алқабилерге кандидаттардан сотта қаралатын iстiң мән-жайлары туралы олардың хабардар екенін анықтайды.

5. Төрағалық етушi кез келген алқабилерге кандидатты осы адамға заңсыз көрсетiлген ықпал ету, онда теріс пiкiр болуы, ол iстiң мән-жайын iс жүргiзу көздерiнен емес, басқа көздерден бiлуi салдарынан оның объективтiлiгiне негiздi күмән келтiрiлсе, сондай-ақ алқабилерге кандидаттың алқаби ретiнде iстi қарауға қатысуы кезiнде объективтi болмау мүмкiндiгiн көрсететiн басқа да себептермен iс бойынша алқабидiң мiндеттерiн атқарудан босатады.


644-бап. Алқабилерге кандидаттардың өздiгiнен бас тартуы туралы мәселелердi шешу

Төрағалық етушi алқабилерге кандидаттардың қайсыбiрiн iстi қарауға қатысудан босату үшiн заңда көзделген себептердiң бар-жоғы туралы сұрайды. Келген алқабилерге кандидаттардың әрқайсысы оның алқаби мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн дәлелдi себептердi көрсетуге, сондай-ақ өздiгiнен бас тартуын мәлiмдеуге құқылы. Тараптардың пікірін тыңдап, төрағалық етуші алқабилерге кандидаттан өздігінен бас тартуды қанағаттандыру не бұдан бас тарту туралы қаулы шығарады.


645-бап. Алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiру туралы мәселелердi шешу

Алқабилерге кандидаттардың әрқайсысына мынадай жағдайларда, егер:

1) алқабилерге кандидат осы iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;

2) алқабилерге кандидат осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң өкiлi, азаматтық қуынушы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iс жүргiзуге қатысса;

3) алқабилерге кандидат жәбiрленушiнiң, азаматтық қуынушының, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы немесе жекжаты (аға-iнiсi, апа-қарындасы, ата-анасы және ерлi-зайыптылардың баласы) болып табылса;

4) алқабилерге кандидат осы iске жеке, тiкелей немесе жанама мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, прокурордың, жәбiрленушiнiң, азаматтық қуынушының, азаматтық жауапкердiң және олардың өкiлдерiнiң, сотталушының және оның қорғаушысының қарсылығы мәлiмделуге тиiс.

Тараптардың пікірін тыңдап, төрағалық етуші алқабилерге кандидаттан өздігінен бас тартуды қанағаттандыру не бұдан бас тарту туралы қаулы шығарады.
646-бап. Алқабилерге кандидаттарға дәлелсiз қарсылық бiлдiруі

1. Егер осы Кодекстiң 645-бабының талаптарын орындау нәтижесiнде сот отырысына қатысу үшiн алқабилерге кандидаттардың он жетiден астамы қалса, төрағалық етушi қалған алқабилерге кандидаттардың санын жариялайды, одан кейiн олардың тегi көрсетiлген билеттердi жәшiкке салады, билеттердi араластырады және жәшiкте он жетi билет қалу үшiн одан қанша қажет болса сонша билеттi алады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнің талаптарын орындағаннан кейiн төрағалық етушi мемлекеттiк айыптаушы, сондай-ақ сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы дәлелсiз қарсылықты жүргiзу үшiн алқабилерге кандидаттардың тегi көрсетiлген қалған он жетi билеттi бередi, оның нәтижесiнде алқабилерге он екi кандидат қалуға тиiс.

3. Мемлекеттiк айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы төрағалық етушi арқылы алқабилерге кандидаттардың кейбiреуiнен өзiн таныстыруын сұрауға құқылы.

4. Егер iске бiр сотталушы қатысса, дәлелсiз қарсылық бiлдiрудi алқабилерге екi кандидатқа – мемлекеттiк айыптаушы, одан кейiн алқабилерге үш кандидатқа сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы көрсетiлген кезектiлiкпен жүргiзедi.

5. Егер iске бiрнеше сотталушы қатысса, мемлекеттiк айыптаушы әрi кеткенде алқабилерге екi кандидатқа қарсылық бiлдiруге құқылы. Бұл ретте алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiру – сотталушылардың өзара келiсуi бойынша, ал осындай келiсу болмаған жағдайда, егер мүмкiн болса, қарсылық бiлдiрiлетiн алқабилерге кандидаттардың санын олардың арасында тең бөлу арқылы жүргiзiледi.

6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнің талаптарын орындау мүмкiн болмаған жағдайда, бiрнеше сотталушының алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiруi барлық сотталушының тектерімен бірге билеттердi жәшiкке салып, жеребе тастау арқылы жүргiзiлуге тиiс. Жеребе тастау қарсылық бiлдiрiлмеген алқабилерге кандидаттардың санына тең санда жүргiзiледi. Төрағалық етушi сотталушының тегi көрсетiлген билеттi жәшiктен неше рет алса, сотталушы алқабилерге кандидаттарға сонша рет қарсылық бiлдiруге құқылы.

7. Сотталушылардың кейбiрiнiң алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартуы басқа сотталушылардың алқабилерге кандидаттардың кемiнде он екiсi қалғанға дейiн оларға қарсылық бiлдiру құқықтарына шек қоюға әкеп соқпайды.

8. Мемлекеттiк айыптаушы, сотталушы немесе оның қорғаушысы алқабилерге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттерге дәлелдерiн көрсетпей-ақ, қойылған қолдарымен бекітілген «қарсылық бiлдiру» деген жазу арқылы алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiруi мүмкiн.

9. Сотталушы өзiнiң қорғаушысына алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiру құқығын жүзеге асыруды тапсыруға құқылы. Егер сотталушы өзiнiң алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартса, онда қорғаушы оның келiсiмiнсiз алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiруге өз бетiнше қатысуға құқылы емес.

10. Егер iске бiрнеше сотталушы қатысса, сотталушы немесе барлық сотталушы өзiнiң қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартқан жағдайда, алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiру жеребе тастау арқылы жүргiзiледi, оның барысында төрағалық етушi не сот отырысының хатшысы қанша алқабиге кандидатқа қарсылық бiлдiрiлуi мүмкiн болса, сонша қарсылық бiлдiрiлмеген алқабилерге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттердi жәшiктен алып тастайды.

11. Тараптар дәлелсiз қарсылық бiлдiрген алқабилерге кандидаттардың тегi көрсетiле отырып, билеттер iстiң материалдарына тiгiледi.


647-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру

1. Сотта iстi қарайтын алқабилер алқасы негiзгi құрамның (алқабилер алқасының құрамын құрайтын) он және екi қосалқы алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.

2. Алқабилер алқасын құру үшiн төрағалық етушi қарсылық бiлдiрiлмеген алқабилерге кандидаттардың тегiн көрсете отырып, билеттердi жәшiкке салады, оларды араластырады және бiр-бiрлеп он екi билеттi алады, әр алған сайын билетте көрсетiлген алқабилерге кандидаттың тегiн жариялайды. Егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететiн қандай да бiр бұзушылыққа жол берiлмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады. Бұл ретте жеребе тастау арқылы iрiктелген алғашқы он алқаби – негiзгi құрамның алқабиi, ал соңғы екеуi қосалқы алқаби деп есептеледi.

3. Қарсылық бiлдiру туралы мәселенi шешу кезiнде немесе алқабилер алқасын құру кезiнде оның құрылуының дұрыстығына әсер еткен қандай да бiр бұзушылыққа жол берiлсе, сондай-ақ бiр немесе одан да көп алқабиге мемлекеттiк құпияға рұқсат етуден бас тартылған жағдайда, төрағалық етушi алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабилерге кандидаттарға толық көлемiнде қайта iрiктеy жүргiзедi.

4. Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы iрiктелген он екi алқабидiң тегiн жәшiктен билеттер қалай алынса, сол тәртiппен сот отырысының хаттамасына енгiзедi. Жеребе тастау арқылы iрiктелген алқабилердiң тегi және олардың саналатын реттік нөмірі көрсетiле отырып, билеттер iс материалдарына тiгiледi.
648-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары

1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейiн төрағалық етушi алқабилердiң негiзгi құрамына жеребе тастаумен айқындалған тәртiпке сәйкес оларға бөлiнген алқабилер орындығынан орын алуды ұсынады. Алқабилердiң орындығы сот отырысы залында қатысып отырғандардан бөлек болуға және әдетте сотталушылар орындығына қарама-қарсы орналасуға тиiс. Қосалқы екi алқаби олар үшiн арнайы бөлiнген алқаби орындығына орналасады.

2. Алқабилер және қосалқы алқабилер осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сот отырысының залында сот талқылауы кезiнде ұдайы қатысады.

3. Егер сот талқылауы барысында, бiрақ алқабилер мен судья шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн алқабилердiң бiреуiнiң сот отырысына одан әрi қатыса алмайтындығы немесе төрағалық етушi оны сот отырысына қатысудан шеттеткенi анықталса, онда ол қосалқы алқабилердiң тегi көрсетiлген билет жәшiктен қандай тәртiппен алынса, сол тәртiппен қосалқы алқабимен ауыстырылады. Егер шығып қалған алқабилердi қосалқы алқабилермен ауыстыру мүмкiндiгi таусылған жағдайда, төрағалық етушi өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауыносы Кодекстiң 641-бабына сәйкес алқабилерге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңiне қайтарады.

4. Егер алқабилердiң бiреуiнiң сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, алқабидi ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі таусылған болса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабилерге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.

5. Кез келген алқаби осы Кодекстiң 650-бабының төртiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулердi сақтамаған жағдайда, iстi қараудың кез келген кезеңiнде iске одан әрi қатысудан шеттетiлуi мүмкiн.

6. Алқабидi шеттетудi тараптардың қатысуымен төрағалық етушi жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау