596-бап. Адамды беру
1. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысын алғаннан кейін отыз тәулік ішінде этаппен айдауды және ұстап берілген адамды ол ұстап берілген мемлекеттің тиісті органына беруді ұйымдастыруға және орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлауға міндетті.
2. Ұстап берілген адамды беру уақытында шет мемлекеттің құзыретті органына оның Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауда болу мерзімі туралы хабарланады.
597-бап. Транзиттік тасымалдау
1. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің үшінші мемлекеттің осы мекемеге ұстап берген адамын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуы, ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуы сияқты тәртіппен қаралады.
2. Транзиттік тасымалдау туралы шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің сұрау салуларын қарау кезінде осы Кодекстің 592-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген мән-жайлар ғана экстрадициялық тексеруге жатады.
3. Транзиттік тасымалдау тәсілін тиісті ведомстволардың келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары айқындайды.
61-тарау. Қылмыстық қудалауды жалғастыру
598-бап. Қылмыстық іс жүргізуді шет мемлекеттің құзыретті органына беру тәртібі мен шарттары
1. Қазақстан Республикасынан тыс кеткен, шет мемлекетте орналасқан жері белгілі болған адам Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке қылмыстық іс материалдарын, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды (тапсырманы) жіберу туралы дәлелді қаулы шығарады. Іс материалдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде басқа мемлекетке істі жіберу туралы мәселені шешу үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкілетті прокурорға жіберіледі.
2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамды ұстап беру мүмкін болмаған немесе Қазақстан Республикасында осы адамды ұстап беруден бас тартылған жағдайда қылмыстық іс шет мемлекетке берілуі мүмкін.
599-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салудың (тапсырманың) мазмұны
1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуда (тапсырмада) мыналар қамтылуға тиіс:
1) шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің атауы;
2) процесті жүргізетін органның атауы;
3) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартына сілтеме;
4) оған сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма жіберілетін әрекеттің сипаттамасы;
5) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу уақытын, орнын және мән-жайын мейлінше анағұрлым нақты көрсету;
6) күдіктінің немесе сотталушының тегі, аты және әкесінің аты, туған күні мен туған жері, оның азаматтығы, сондай-ақ оның жеке басы туралы басқа да мәліметтер;
7) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың мөлшерін көрсету.
2. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (тапсырмаға) мынадай құжаттар:
1) қылмыстық іс материалдары;
2) қылмыстық заңның мәтіні, оның негізінде әрекет қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізу үшін едәуір маңызы бар басқа да заңнамалық нормалардың мәтіні;
3) адамның азаматтығы туралы мәліметтерқоса беріледі.
3. Құжат ісіндегі әрбір бет қылмыстық қудалау органының елтаңбалық мөрімен куәландырылуға тиіс.
4. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салумен (тапсырмамен) және осы баптың екінші бөлігінде көзделген құжаттармен бірге шет мемлекеттің құзыретті органына қолда бар заттай дәлелдемелер берілуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасында қылмыстық іс бойынша іс жүргізетін органда қылмыстық іс материалдарының көшірмелері сақталады.
600-бап. Шет мемлекеттерден қылмыстық іс жүргізуді қабылдау тәртібі мен шарттары
1.Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасындағы адамға қатысты қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы сұрау салуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды.
2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінен қылмыстық іс жүргізуді қабылдау мынадай:
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған және оның аумағында болған;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған және Қазақстан Республикасының аумағында болған, ал оны ұстап беру осы Кодекске немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес мүмкін болмаған немесе ұстап беруден бас тартылған;
3) Қазақстан Республикасында үкім шығарылған жағдайда, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам сол құқық бұзушылық үшін сұрау салушы тарапта қудалануға жатпаса, сұрау салушы тарап кепіл берген;
4) сұрау салуға қатысты әрекет Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық болып табылған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды қанағаттандырған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодексте көзделген тәртіппен тиісті құзыретті органға сотқа дейінгі тергеуді жүргізуді тапсырады, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарлайды.
601-бап. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тарту
1. Егер:
1) осы Кодекстің 600-бабының екінші бөлігінің немесе Қазақстан Республикасы халықаралық шартының талаптары сақталмаса;
2) осы адамға қатысты сол қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты Қазақстан Республикасында сот ақтау үкімін шығарса;
3) осы адамға қатысты сол қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты Қазақстан Республикасында сот айыптау үкімін шығарса, ол бойынша жаза өтелсе немесе орындалуда болса;
4) осы адамға қатысты сол қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу тоқтатылса немесе ол кешірім немесе рақымшылық жасауға байланысты жазаны өтеуден босатылса;
5) қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты іс жүргізу мерзімінің өтуіне байланысты жүзеге асырылуы мүмкін болмаса, қылмыстық іс жүргізу қабылданбайды.
2. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тарту кезінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің орталық органына бас тарту негіздемесімен бірге материалдарды қайтарады.
602-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды алғанға дейін адамды күзетпен ұстау
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша өзіне қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу жіберілген адам Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұсталуы мүмкін. Өтінішхатта ол бойынша көзделген жазалау шарасын, күзетпен ұстау туралы қаулыға сілтемені көрсетіп және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу қосымша ұсынылатындығын көрсетіп, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылатын заңнама туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Көрсетілген өтінішхатпен қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды алғанға дейін күзетпен ұстау туралы қаулыны почта немесе курьермен бір мезгілде жіберіп, коммуникацияның техникалық құралдары пайдаланыла отырып берілуі мүмкін.
2. Адамды күзетпен ұстау осы Кодекстің 590-бабында көзделген тәртіппен және қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес күзетпен ұсталатын адам, егер қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының құзыретті органы осы адам ұсталған күннен бастап қырық тәулік ішінде алмаса, прокурордың босатуына жатады, бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына дереу хабарланады.
62-тарау. Шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулыларын тану және орындау
603-бап. Қазақстан Республикасында танылатын шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулылары
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында мынадай жағдайларда:
1) жазасын өтеу үшін шет мемлекетте бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау кезінде;
2) шет мемлекеттің аумағында есi дұрыс емес күйде қоғамдық қауіпті әрекет жасаған, мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы оған қатысты шет мемлекет сотының шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау кезінде;
3) Қазақстан Республикасына ұстап берілген, шет мемлекеттің соты соттаған және жазасын өтемеген адамға қатысты;
4) Қазақстан Республикасы шет мемлекетке ұстап беруден бас тартқан, шет мемлекеттің соты соттаған адамға қатысты;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеу туралы мәселені шешу кезінде шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулылары танылуы және орындалуы мүмкін.
2. Шет мемлекет сотының азаматтық қуыным бөлігіндегі үкімін тану және орындау туралы мәселенің шешімі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен шешіледі.
604-бап. Жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айырылған сотталған адамдарды не психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарды өздері азаматы болып табылатын мемлекетте мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру негіздер
Қазақстан Республикасының тиісті шет мемлекетпен халықаралық шарт негізінде не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен қол жеткізген өзара келісім қағидаты негізінде өздерінің азаматтық тиесілігі мемлекетіне:
1) Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған шетелдік азамат, сол сияқты шет мемлекеттің соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы – одан әрі жазасын өтеу үшін;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық қауіпті әрекетті есі дұрыс емес жағдайда жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылумен ауырған, оған қатысты жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн болмаған, өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі бар шетелдік азамат, сол сияқты шет мемлекеттің аумағында қоғамдық қауіпті әрекетті есі дұрыс емес жағдайда жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылумен ауырған, жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн болмаған, өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шет мемлекеттің сотының шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматы мәжбүрлеп емдеуден одан әрі өту үшін берілуі мүмкін.
605-бап. Сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру талаптары
1. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген шетелдік азаматтарды беру сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның, олардың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының өтінішхаты бойынша, сондай-ақ сотталған адамның не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келісімімен тиісті мемлекеттің құзыретті органының өтініші бойынша, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда оның заңды өкілінің келісімімен бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтегенге не мәжбүрлеп емдеу аяқталғанға дейін жол беріледі.
2. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген шетелдік азаматтарды беру үкім немесе қаулы шығарған сотқа болып өткен беру туралы хабарлайтын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
606-бап. Сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру туралы мәселені шешу тәртібі
1. Егер сотталған адам шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі сотталған адамға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына немесе өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органына осы Кодексте көзделген негізде және тәртіппен өзін сол мемлекетте жазасын өтеу үшін беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры материалдарды зерделегеннен және тексергеннен кейін олар тиісінше ресімделген жағдайда және осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген шетелдік азаматтарды беруге қатысты шешімді қабылдайды, ол туралы шет мемлекеттің тиісті органына және оның бастамасы бойынша сол адамды беру туралы мәселені қараған адамға хабарлайды.
3. Шет мемлекеттің уәкілетті органынан сотталған адамды жазасын өтеу үшін немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын адамды қабылдауға келісетіні туралы ақпаратты алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тиісінше қылмыстық-атқару жүйесінің органына осы адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымнан шет мемлекетке беру орнын, уақыты мен тәртібін келісуді және беруді ұйымдастыру туралы тапсырма береді.
4. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген шетелдік азаматтарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаныңөтелмеген бөлігін неғұрлым жеңiл жаза түрімен ауыстыру, кешірім жасау, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы оларды өтінішхат беру құқығынан айырмайды. Осы мәселені Қазақстан Республикасында қарастыру үшін қажетті кез келген құжаттар немесе ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы үкімді орындау немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру мемлекетінің құзыретті органынан сұратылуы мүмкін.
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үкім шығарған сотқа сотталған адамды беру туралы қабылданған шешімді хабарлайды, сондай-ақ шет мемлекетте үкімді орындау нәтижелері туралы сотты хабардар етуді қамтамасыз етеді.
6. Қазақстан Республикасында рақымшылық жарияланған жағдайда, осы бапқа сәйкес сотталған адамды беру туралы ақпаратты алған сот мұндай сотталған адамға рақымшылық жасау туралы мәселені қарастырады. Қажет болған жағдайда сот үкімді орындау мемлекетінің құзыретті органдарынан рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселені қарастыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүгіне алады.
7. Осы баптың төртінші және алтыншы бөліктеріне сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, кешірім немесе рақымшылық жасауды қолдану, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тиісті шешімнің көшірмесін үкімді орындау немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру мемлекетіне жібереді.
607-бап. Берілген шет мемлекет азаматына қатысты сот үкімін өзгерту немесе күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы хабарлау
1. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру үшін шет мемлекетке берілген шетелдік азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы сотының үкімі өзгерген немесе оның күші жойылған, Қазақстан Республикасының соты тағайындаған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тоқтатылған немесе өзгерген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сотталған адамдарға рақымшылық немесе кешірім жасау актісі қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің уәкілетті органына тиісті шешімнің көшірмесін жібереді.
2. Егер үкімнің күші жойылса және жаңа сот талқылауы тағайындалса, ол үшін қажетті өзге де құжаттар бір мезгілде жолданады.
608-бап. Шет мемлекетке сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беруден бас тарту
1. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген шетелдік азаматтарды беруден, егер:
1) адам сол үшін сотталған немесе оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған әрекеттердiң бiрде-бiрi сотталған адам немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адам өзі азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша қылмыс болып танылған;
2) сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды халықаралық шартта көзделген жағдайларда беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлмеген;
3) егер сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру Қазақстан Республикасының мүддесіне залал келтірген;
4) сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болған;
5) егер берілетін адам үкімді орындайтын мемлекеттің азаматы болып табылмаған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерден басқа, Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған шетелдік азаматты беруден, егер:
1) жаза шет мемлекетте мерзiмiнiң өтуi салдарынан немесе осы мемлекеттiң заңнамасында көзделген өзге де негiз бойынша орындалуы мүмкін болмаған;
2) сотталған адамды беру туралы өтінішті алған кезде өтелмеген бостандықтан айыру мерзімі алты айдан аз болған;
3) сотталған адамнан немесе шет мемлекеттен азаматтық қуыным бөлігіндегі үкімді орындау кепілдігі алынбаған жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерден басқа, Қазақстан Республикасының аумағында есi дұрыс емес күйде қоғамдық қауіпті әрекет жасаған, оған қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы Қазақстан Республикасының сот шешімі бар шетелдік азаматты беруден, егер:
1) шет мемлекеттің заңнамасында медициналық сипаттағы ұқсас шаралар көзделмеген;
2) шет мемлекеттің қажетті емдеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі және тиісті қауіпсіздік шаралары болмаған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
4. Сотталған адамды шет мемлекетке жазасын өтеу үшін беру туралы шешім қабылданғанға дейін соңғысының уәкілетті органы сотталған адамның азаптауларға және адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен басқа да жазалау түрлеріне ұшырамайтынына кепілдік беруге тиіс.
609-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекеттің сот үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау
1. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың заңды өкiлдерi немесе жақын туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттiң құзыреттi органдары сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келiсiмiмен, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда – оның заңды өкілінің келісімімен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталған адамның жазаны немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізуді Қазақстан Республикасында өтеуi туралы өтiнiшхатпен жүгіне алады.
2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемелері осы Кодекстің 603-бабы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеуді көздейтін адамдарға қатысты шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жүгіне алады.
3. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алдында қозғағаннан кейін осы адамның Қазақстан Республикасында жазасын кейіннен өтеуі немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізуі және Қазақстан Республикасының азаматтығын растауы үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің тиісті органынан мәселені мәні бойынша шешу үшін қажетті құжаттарды сұратады.
4. Осы баптың бірінші, екінші бөліктерінде көзделген өтінішхаттарды қанағаттандырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы ұсынымды шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы шығарылған адамға қатысты оның тұрақты тұрғылықты жері бойынша аудандық немесе оған теңестірілген сотқа енгізеді. Осындай адамдардың тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде ұсыным Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орналасқан жері бойынша аудандық сотқа енгізіледі.
610-бап. Соттың шет мемлекет сотының үкiмiн орындауға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымын судья сот отырысында сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды қатыстырмай үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу үшін осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарайды.
2. Шет мемлекет сотының үкiмiн немесе қаулысын орындау туралы судьяның қаулысында:
1) шет мемлекет сотының атауы, үкiмнiң немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулының шығарылған уақыты мен жерi;
2) сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жерi, оның жұмыс орны және сотталғанға немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғанға дейiнгi айналысқан кәсiбi туралы мәлiметтер;
3) адам жасағанына кiнәлi деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы және оның қандай қылмыстық заңның негiзiнде сотталғандығы немесе оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғандығы;
4) сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн жауаптылықты көздейтiн Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы;
5) жазаның (негiзгi және қосымша) түрi мен мерзiмi, сотталған адам Қазақстан Республикасында өтеуi тиiс жазаның басталу және аяқталу мерзiмi; қылмыстық-атқару мекемесiнiң түрi, қуыным бойынша залалды өтеудiң тәртiбi; мәжбүрлеп емделудегі адамға қатысты қолдануға жататын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрі көрсетiлуге тиiс.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы қылмыс үшiн бас бостандығынан айырудың шектi мерзiмi шет мемлекет соты тағайындаған үкiм бойынша тағайындалғаннан аз болса, судья осы әрекетті жасағаны үшiн бас бостандығынан айырудың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген ең жоғары мерзiмiн белгiлейдi. Егер бас бостандығынан айыру жаза ретiнде көзделмесе, судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде белгiленген шекте осы қылмыс үшiн және шет мемлекет сотының үкiмi бойынша тағайындалғанға мейлiнше сәйкес келетiн жазаны айқындайды.
4. Егер үкiм екi немесе бiрнеше әрекетке қатысты болса, Қазақстан Республикасында бәрi бiрдей қылмыс деп танылмаса, судья шет мемлекет сотының үкiмi бойынша қылмыс болып табылатын әрекетке жазаның қай бөлiгi қолданылатындығын айқындайды.
5. Жазаны орындау туралы мәселені қарау кезінде сот тиісті өтінішхат болған жағдайда, азаматтық қуыным және іс жүргізу шығыстары бөлігіндегі шет мемлекет сотының үкімін орындау туралы мәселені бір мезгілде шеше алады.
6. Шет мемлекеттің соты үкiмнiң немесе қаулының күшiн жойған немесе өзгерткен жағдайда, шет мемлекетте не Қазақстан Республикасында шығарылған рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсiн Қазақстан Республикасында жазасын өтеп жүрген не мәжбүрлеп емделудегі адамға қолданылғанда соттың қайта қаралған үкiмін немесе қаулысын орындау, сондай-ақ рақымшылық немесе кешiрiм жасауды қолдану мәселелерi осы баптың қағидалары бойынша шешiледi.
7. Егер Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымын қарау кезінде сот жасаған әрекеті үшін сотталғаны не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаны Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыс болып табылмайды деген қорытындыға келсе не шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы мерзімінің өтуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіз бойынша орындалмаса, ол шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын танудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
8. Сот қаулысына заңды күшіне енген сот шешімін қайта қарау бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде шағымдануға немесе наразылық білдіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |