Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Өзара түсіністік қағидаты негізінде құқықтық немесе өзге де көмек көрсету



жүктеу 6,76 Mb.
бет36/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42

560-бап. Өзара түсіністік қағидаты негізінде құқықтық немесе өзге де көмек көрсету

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде құқықтық немесе өзге де көмек шет мемлекеттің сұрау салуы негізінде көрсетілуі немесе Қазақстан Республикасының орталық органы өзара түсіністік қағидатында сұратуы мүмкін

2. Қазақстан Республикасының орталық органы шет мемлекетке осындай сұрау салуды жібере отырып, жазбаша түрде сұрау салынатын тарапқа осындай құқықтық көмек түрін көрсету туралы оның сұрау салуының болашақта қарастырылатынына кепілдік береді.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптың болашақта өзара түсіністік қағидатында Қазақстан Республикасының сұрау салуын қабылдауға және қарауға жазбаша кепілдігі болған кезде ғана шет мемлекеттің сұрау салуын қарайды.

4. Қазақстан Республикасының орталық органы өзара түсіністік қағидатында құқықтық көмекке жүгінген және шет мемлекетке құқықтық көмек көрсеткен кезде осы Кодексті басшылыққа алады.

5. Шет мемлекетпен халықаралық шарт болмаған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салынатын тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды дипломатиялық жолмен жібереді.


561-бап. Орталық органдар

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы немесе уәкілетті прокурор сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізген кезде құқықтық көмек туралы, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы, адамдарды ұстап беру, уақытша ұстап беру немесе транзиттік тасымалдау туралы, адамдарды уақытша беру туралы, сотталғандарды және медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары қолданылған психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шеккен адамды беру туралы, үкімдерді тану және орындау туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау слауларын қарайды.

2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот ісін жүргізу уақытында құқықтық көмек туралы соттардың сұрау салуларымен (тапсырмалармен) жүгінеді және шет мемлекеттер соттарының тиісті сұрау салуларын қарайды.
562-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу

1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) құзыретті орган осы Кодекстің және (немесе) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартының талаптарына сәйкес жасайды.

2. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар тиісті бланкіде жазбаша нысанда жасалып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және тиісті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

3. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында айқындалған тілге, ал ол болмаған кезде – сұрау салынатын тараптың ресми тіліне немесе осы тарап үшін тиімді басқа тілге аудармасымен қоса беріледі.

4. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) Қазақстан Республикасының орталық органы шет мемлекетке почтамен, ал кідіртуге болмайтын жағдайларда электронды, факсимильді немесе өзге де байланыс құралымен жіберіледі. Мұндай жағдайда сұрау салудың түпнұсқасы оны электронды почтамен, факсимильді немесе өзге де байланыс құралымен жіберген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей почтамен жіберіледі.

5. Сұрау салуды (тапсырманы) жіберуден бас тартылған жағдайда барлық материалдарды Қазақстан Республикасының орталық органы түзету керек кемшіліктерді жазып, немесе тапсырманы жіберудің мүмкін емес себептерін түсіндіріп, процесті жүргізетін тиісті органға қайтарады.

6. Қазақстан Республикасының орталық органы электронды, факсимильді немесе өзге де байланыс құралы бойынша сұрау салушы тараптан түскен сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарауға қабылдай алады. Осындай сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау оның түпнұсқасы жөнелтілгені немесе берілгені расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Шет мемлекеттің құзыретті органына сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) орындалған материалдары Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салудың түпнұсқасын алғаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін.
563-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және беру

1. Сұрау салынатын тарап Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) орындау тәртібімен берген заттай дәлелдемелер осы Кодексте белгіленген тәртіппен сақталады және егер өзге туралы уағдаластыққа қол жеткізілмесе, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғаннан кейін сұрау салынатын тарапқа қайтарылады.

2. Сұрау салушы тараптың құзыретті органына сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібімен беру кезінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін, егер Қазақстан Республикасының аумағында оларды сотқа дейінгі тергеу және басқа қылмыстық іс жүргізу бойынша сот талқылауы үшін пайдалануға қажеттілік болмаған немесе үшінші тұлғалардың тиісті мүлікке құқығына қатысты заңды талаптары немесе оған қатысты дау болмаған жағдайда, сұрау салушы тараптан оларды Қазақстан Республикасына қайтаруды талап етуден бас тарта алады.
564-бап. Ресми құжаттардың жарамдылығы

1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) байланысты жіберілетін құжаттар, егер оларды сұрау салушы немесе сұрау салынатын тараптың құзыретті органының ресми адамы тиісті нысанда жасаса, куәландырса және құзыретті органның мөрімен бекітілсе, қосымша куәландырусыз (заңдастырусыз) Қазақстан Республикасының аумағына қабылданады.

2. Шет мемлекетте жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізуге қатысушының іс жүргізу мәртебесі Қазақстан Республикасында сұрау салуды (тапсырманы) орындау кезінде осы Кодекстің қағидалары бойынша қосымша анықтауды қажет етпейді.
565-бап. Шет мемлекеттің аумағынан алынған дәлелдемелердің жарамдылығы

Шет мемлекеттің аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды) орындау барысында оның лауазымды адамдары алған немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара қағидат негізінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (өтінішхатқа) қоса Қазақстан Республикасына жіберілген, белгіленген тәртіппен куәландырылған және берілген дәлелдемелер, егер оларды алу кезінде әділ сот ісін жүргізу қағидаттары, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары бұзылмаса, жарамды деп танылады.


566-бап. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар

1. Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды) орындау жүктелетін Қазақстан Республикасының сотқа дейінгі тергеу, прокуратура, сот органдарын және өзге де мекемелерін ұстауға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе:

1) қылмыстық процеске қатысушыларды, оның ішінде адамдарды уақытша берген жағдайда сұрау салушы тараптың аумағына шақыруға;

2) сараптамалар мен зерттеулер жүргізуге;

3) қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

4) сұрау салушы тарапқа берілген адамды үшінші мемлекеттің аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға байланысты құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) орындау кезінде туындайтын шығыстар, сұрау салушы тараптың есебінен өтеледі.
59-тарау. Құқықтық көмек
567-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың) мазмұны мен нысаны

1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма):

1) тапсырманы берiп отырған органның атауын;

2) тапсырма жiберiлiп отырған органның атауы мен мекенжайын;

3) тиісті халықаралық шартқа немесе өзара түсіністік қағидаттарын сақтауға сілтемені;

4) құқықтық көмек сұратылып отырған қылмыстық істің атауын;

5) қылмыстық іс жүргізу нысанасы болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарының толық мәтіні жазылған оның құқықтық саралануын, қажет болған кезде – iс-әрекетпен келтiрiлген залалдың мөлшерi туралы деректердi;

6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарының толық мәтіні жазыла отырып, хабарланып отырған күдік келтіру, айыптау туралы мәліметтерді;

7) тиісті адам туралы, атап айтқанда оның аты мен тегі, іс жүргізу мәртебесі, тұрғылықты немесе келген жері, азаматтығы туралы, заңды тұлғалар үшін олардың атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтерді, тапсырманы орындауға ықпал ете алатын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ осы адамның қылмыстық іс жүргізу нысанасымен байланысын;

8) анықталуға жататын мән-жайларды, сондай-ақ сұрау салынып отырған іс жүргізу әрекеттерінің, құжаттардың, заттай және өзге де дәлелдемелердің тізбесін және олардың қылмыстық іс жүргізу нысанасымен байланысының негіздерін;

9) іс жүргізу әрекеттерін орындау кезінде қатысуы қажет деп есептелетін адамдар туралы мәліметтерді және осы қажеттіліктің негіздерін қамтуға тиіс.

2. Куә, жәбірленуші, сарапшы, күдікті немесе айыпталушы ретінде адамнан жауап алу туралы сұрау салуға (тапсырмаға) адамға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында құзыретті орган куәландырған осы Кодекстің тиісті баптарының үзінді көшірмесі қоса беріледі. Адамға қоюға болатын сұрақтар тізбесі немесе адамнан алу қажет мәліметтер де сұрау салуға (тапсырмаға) қоса беріледі.

3. Осы Кодекске сәйкес прокурордың немесе соттың санкциясын не мүлікті тәркілеуді талап ететін іс жүргізетінлік әрекеттерін жүргізу туралы сұрау салуға (тапсырмаға) оларды жүргізу туралы құзыретті органдардың дәлелді шешімдерінің түпнұсқалары немесе куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
568-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) қарау

1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) қарау нәтижелері бойынша:

1) оның орындалуын сотқа дейінгі тергеу органына, прокуратураға немесе сотқа тапсыруға;

2) шет мемлекеттің іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдана отырып, сұрау салуды (тапсырманы) орындау мүмкіндігіне;

3) егер бұл Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтіретін болса, сұрау салуды (тапсырманы) орындауды кейінге қалдыруға;

4) осы Кодекстің 571-бабында көзделген негіздерде сұрау салуды (тапсырманы) орындаудан бас тартуға;

5) егер сұрау салуды орындаудың шығыстары қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зияннан айқын түрде асатын немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына айқын жауап бермейтін болса, егер бұл Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ережелеріне қайшы келмесе, сұрау салуды (тапсырманы) орындау мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдайды.

3. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы) қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, сұрауды салуды (тапсырманы) орындау үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органына жібереді. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының орталық органы құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) орындау кезінде сұрау салушы тараптың құзыретті органы өкілінің қатысуына қатысты шешім қабылдайды.

4. Тиісті прокурор өз өкілеттіктерінің шегінде құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың) тиісінше, толық және уақытында орындалуын қамтамасыз етуге қатысты нұсқау беруге құқылы. Прокурордың берген нұсқаулары Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті органының орындауы үшін міндетті болып табылады.
569-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) қарау нәтижелері туралы хабарлама

1.Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма) қанағаттандырылған жағдайда Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы) орындау нәтижесінде алынған материалдардың сұрау салушы тарапқа берілуін қамтамасыз етуге міндетті.

2. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тарапқа бас тарту себептерін, сондай-ақ сұрау салу (тапсырма) қайтадан қаралуы мүмкін талаптарды хабарлайды және сұрау салуды (тапсырманы) қайтарады.

3. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) қанағаттандырудан бас тарту үшін немесе оны орындауды кейінге қалдыру үшін негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараппен белгілі бір шектеулерде сұрау салуды орындау тәртібін келісе алады. Егер сұрау салушы тарап белгілі бір шарттармен келіссе, тиісті тарап осы шарттарды орындағаннан кейін сұрау салу қанағаттандырылады.


570-бап. Құпиялылық

1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе осы Кодекстің 558-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараптың өтініші бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) алу фактісінің, оның мазмұнының және оны орындау нәтижесінде алынған мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қолдануға құқылы.

2. Қажет болған кезде сұрау салуды (тапсырманы) орындау нәтижесінде алынған құпия мәліметтерді сақтау шарттары мен мерзімдері келісіледі.

3. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган Шет мемлекеттің құзыретті органына материалдарды беру кезінде осы Кодекске және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осындай материалдарды пайдалануға қатысты шектеулерді белгілей алады.

4. Егер құқықтық көмек туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) Қазақстан Республикасында орындау нәтижесіндемемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтер алынса, бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының немесе оларды Қазақстан Республикасына берген өзге мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмейтін жағдайда, құпия ақпаратты өзара қорғау туралы шарт болған кезде ғана және оларда көзделген талаптар мен қағидаларға сәйкес, олар сұрау салушы тарапқа берілуі мүмкін.
571-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) орындаудан бас тарту

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, сұрау салушы тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде, егер:

1) сұрау салуды (тапсырманы) орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін болса немесе Қазақстан Республикасының егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке немесе өзге де мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса;

2) сұрау салушы тарап осы саладағы өзара түсіністікті қамтамасыз етпесе;

3) сұрау салу (тапсырма) Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын әрекетке қатысты болса;

4) сұрау салу (тапсырма) оның нәсілдік белгісі, саяси, діни және өзге де нанымы, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, тұратын дері бойынша, тілдік немесе басқа да белгілері бойынша адамды қудалау, соттау немесе жазалау мақсатында жіберілді деп есептеуге негіздер жеткілікті болса, сұрау салуды (тапсырманы) орындаудан бас тартылуға тиіс.
572-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау тәртібі

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган өзіне белгіленген тәртіппен берілген құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.

2. Сұрау салуды (тапсырманы) орындау кезінде, егер бұл Қазақстан Республикасының осы мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шет мемлекеттің іс жүргізу заңнамасының нормалары қолданылуы мүмкін.

3. Егер құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма) орындалмайтын болса, алынған құжаттар оны орындауға кедергі болған себептер көрсетіле отырып, сұрау салушы тарапқа белгіленген тәртіппен қайтарылады.


573-бап. Арнайы рұқсат етуді қажет ететін іс жүргізу әрекеттері

Егер сұрау салуды (тапсырманы) орындау үшін прокурордың немесе соттың санкциясын талап ететін іс жүргізу әрекеттерін жүргізу қажет болса, мұндай іс-әрекет тіпті сұрау салушының заңнамасында бұл көзделмесе де, осы Кодексте көзделген тәртіппен тиісті санкция алынған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сұрау салушы тараптың өтініш жасаған материалдары осындай іс жүргізу әрекеттеріне санкция беру туралы мәселені шешу үшін негіз болып табылады.


574-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы

1. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес қатысуға рұқсат берілген шет мемлекеттің құзыретті органының өкілі Қазақстан Республикасының аумағында кез келген іс жүргізу әрекеттерін дербес жүргізуге құқылы емес. Мұндай өкілдер іс жүргізу әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға тиіс.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген адамдардың іс жүргізу әрекеттерін жүргізу кезінде қатысуға және мәлімдеме жасауға және іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасына енгізілуге жататын олардың жүргізілу тәртібі туралы ескертулер енгізуге, тергеушінің, анықтау органының, прокурордың немесе соттың рұқсатымен сұрақтар қоюға, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдана отырып, жазбалар жасауға құқылы.
575-бап. Құжаттарды тапсыру

1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма) бойынша осы сұрау салуға (тапсырмаға) қоса берілген құжаттар мен шешімдер осы бапта белгіленген тәртіппен сұрау салуда (тапсырмада) көрсетілген адамға тапсырылады.

2. Тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы) орындау үшін құжаттарды тапсыру үшін адамды шақырады. Егер адам дәлелсіз себептермен келмесе, оған осы Кодексте көзделген тәртіппен күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.

3. Тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот құжаттардың адамға тапсырылғандығы туралы олардың тапсырылған жері мен күнін көрсете отырып хаттама жасайды. Хаттамаға құжаттар тапсырылған адам құжаттарды алу кезінде арыздарын немесе ескертулерін жазып, қол қояды. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда да бөлек растау қағазы жасалады, оған құжаттарды алған адам және оны тапсыруды жүзеге асырған адам қолдарын қояды.

4. Адам тапсырылуға жататын құжаттарды алудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы хаттамада көрсетіледі. Бұл ретте тапсырылуға жататын құжаттар тапсырылды деп есептеледі, бұл туралы хаттамада көрсетіледі.

5. Егер тапсырылуға жататын құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болмаса және сұрау салуда (тапсырмада) көрсетілген адам білмейтін тілде жасалса, ол адамның құжаттарды алудан бас тартуға құқығы бар. Мұндай жағдайда құжаттар тапсырылған жоқ деп есептеледі.


576-бап. Уақытша беру

1. Егер қылмыстық іс бойынша айғақтар беру немесе өзге де іс жүргізу әрекеттеріне қатысу үшін күзетпен ұстауда отырған немесе шет мемлекеттің аумағында бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және осы қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауапқа тартылмаған адамның қатысуы қажет болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган осы адамды Қазақстан Республикасына уақытша беру туралы өтінішхат жазады.

2. Сұрау салынған тарап адамды уақытша беру туралы өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда, мұндай адам оны беру үшін іс жүргізетінлік әрекеттері жүргізілгеннен кейін шет мемлекетпен келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.

Уақытша берудің келісілген мерзімі жеткіліксіз болған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган оның аяқталуына дейінгі жиырма тәуліктен кешіктірмей Қазақстан Республикасының орталық органына шет мемлекетпен келісу үшін аталған мерзімді ұзарту туралы өтінішхат жібереді.

3. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау туралы немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі Қазақстан Республикасына уақытша берілген адамды Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеп жатқан адамды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген шарттарды сақтай отырып, шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші бойынша шет мемлекетке уақытша беруге болады.

5. Осы адамның жазбаша келісімі болған кезде ғана адамды уақытша беру жүзеге асырылады.
577-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адамды шақыру

1. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адам Қазақстан Республикасының аумағында іс жүргізетінлік әрекеттерін жүргізу үшін құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың) негізінде шақыру қағазымен шақыртылады. Мұндай адам шақырту туралы күнібұрын хабардар етіледі. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушы мен сотталғаннан басқа, шақыртылған адамға шақыруға байланысты шығыстардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі туралы хабарланады.

2. Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген, шақырту бойынша келген куә, жәбірленуші, азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сарапшы өзінің азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін орын алған әрекеті үшін немесе үкімдердің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе басқа да іс жүргізетінлік мәжбүрлеу шаралары оларға қолданылмайды.

Мұндай адамдар олардың айғақтарына байланысты куә, жәбірленуші ретінде немесе олар шақырылған қылмыстық іске байланысты сарапшылар ретінде жауапқа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе жазалауға ұшырамайды.

3. Шақыртылған адам, егер ол қылмыстық процесті жүргізетін органның оның қатысуымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізудің қажеті жоқтығы туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он бес тәуліктің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көрсетілген өзге мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, немесе егер ол оған өз еркімен қайтса, осы бапта көзделген кепілдіктерден айрылады. Осы адам өз кінәсінен мұмкіндігі болып тұрса да Қазақстан Республикасының аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.
578-бап. Бейнебайланыс жүргізу арқылы іс жүргізу әрекеттерін жүргізу

1. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша іс жүргізу әрекеттері мынадай жағдайларда:

1) шақыртылатын адамның шет мемлекеттің құзыретті органына келуі мүмкін болмаған;

2) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер бойынша бейнебайланыстың көмегімен адамның тұратын жері бойынша жүргізіледі.

2. Бейнебайланыс жолымен іс жүргізу әрекеттері мұндай тәртіп Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қағидаттарына қайшы келмейтін шамада сұрау салушы тараптың іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен орындалады.

3. Сұрау салушы тараптың құзыретті органы бейнебайланысты жүргізу кезінде аудармашының қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

4. Егер іс жүргізу әрекеттерін жүргізу уақытында осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіптің бұзылғандығы анықталса, қылмыстық процесті жүргізетін орган бұл туралы іс жүргізу әрекеттеріне қатысушыларға хабарлайды және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау мақсатында оны тоқтата тұрады. Іс жүргізу әрекеттері рәсімге қажетті өзгерістер сұрау салушы тараптың құзыретті органымен келісілгеннен кейін ғана жалғастырылады.

5. Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасы және бейнеақпаратты жеткізгіштер сұрау салушы тараптың құзыретті органына жіберіледі.

6. Осы бапта көзделген қағидалар бойынша Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуы бойынша бейнебайланыстың көмегімен іс жүргізу әрекеттері жүргізіледі.


579-бап. Мүлікті іздестіру, оған тыйым салу және тәркілеу

1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың) негізінде Қазақстан Республикасының құзыретті органдары қылмыстық жолмен алынған мүлікті, ақшалар мен құндылықтарды, сондай-ақ күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталған адамға тиесілі мүлікті анықтау және оған тыйым салу мақсатында осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерін жүргізеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікке тыйым салынған кезде сот осы мүлікке қатысты шешім қабылдағанға дейін оны сақтау мақсатында қажетті шаралар қамтамасыз етіледі, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарланады.

3. Сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша табылған мүлік:

1) осы Кодекстің 573-бабының талаптары сақтала отырып, тыйым салынуы және қылмыстық іс жүргізу бойынша дәлелдеме ретінде немесе иесіне қайтару үшін сұрау салушы тараптың құзыретті органына берілуі мүмкін;

2) егер бұл сұрау салушы тарап сотының заңды күшіне енген үкімінде немесе өзге де шешімінде көзделсе, тәркіленуі мүмкін.

Мүлікті тәркілеу туралы сұрау салушы тарап сотының үкімін немесе өзге шешімін тану осы Кодекстің 610-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес тыйым салынған мүлік сұрау салушы тарапқа берілмейді немесе, егер бұл мүлік Қазақстан Республикасында азаматтық немесе қылмыстық істі қарау мақсатында қажет болса, оны беру кейінге қалдырылуы немесе уақытша болуы мүмкін немесе заңда көзделген өзге де негіздер бойынша шетелге шығарылмауы мүмкін.

5. Осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлік осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа кезде, Қазақстан Республикасының кірісіне беріледі.

6. Қазақстан Республикасы орталық органының өтінішхаты бойынша сот осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлікті, сондай-ақ оның ақшалай баламасын:

1) қылмыс арқылы келтірілген залалды жәбірленушіге өтеу үшін тәркілеу туралы шешім қабылдаған сұрау салушы тарапқа;

2) тәркіленген мүлікті немесе оның ақшалай баламасын бөлу мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау