Выготский: « Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек»- деген екен.
Негізгі мақсатымыз баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой- өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман : мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Тәжірибелі мұғалім ізденісті әр баланың жан- дүниесіне үңілуден бастайды.Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға түсіру- сезімталдық- көрегендік- сергектік-білімпаздық- ізденімпаздық- шығармашылық қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң,
әдіс- тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады.Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек.Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына , кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"- деп айтқан екен.
Олай болса, қызықты сабақтар- мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты.Ұстаз көкейінде шәкірттерді өзіне баулып алу үшін «Не істей аламын», «Не істеу керек»- деген сұрақ сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына , ал нәтижелер жобасы - практикаға енгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі- білім сапасы болмақ. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады.Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына , адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Оқыту үрдісі екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Оқудағы дербестілік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық пайда болуымен, назар мен ой-сана әрекетінің бағыттылығымен оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.
Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек.Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады.Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар,пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.
Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:
шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;
шығармашылық тапсырмалыр түрлі деңгейде болуы;
кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;
білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;
тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;
оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек;
Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.
Шығармашылық – оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады.Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп , танымдық белсенділігі арта түседі.Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін.Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік;
қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;
оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;
білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;
жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;
жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;
тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.
Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық прцестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді.Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.
Біздің пайымдауымызша, « шығармашылық дербестік – жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілетін.
Шығармашылық дербестік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Шығармашылық дербестік адам өмірінің жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады.
Жүйелі жүргізген зерттеулеріміз оқушының шығармашылық дербестігінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас , оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.Сонымен, шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады;
1.Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2.Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3.Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4.Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5.Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
6.Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
7.Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылық пен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.Жқғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық – оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де , интелектті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін.К.Д.Ушинский: ˝ еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен ?˝- деген.Ендеше , оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс.Олар:
Оқушының өз бетімен ізденуге , жаңа білім ашуға, проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы;
Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады.Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;
Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игеріліген білімнің жиі тексеріліп отырылуы;
Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға , оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді;
Н.И.Болдырев, М.А.Данилов еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызын оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып, талдау жасау арқылы өз беттерімен ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды.Ол үшін қойылған міндеттерді шешу жолдары дайын күйінде берілмей, оқушылар арқылы іздеп табылуы керектігі анықталған.Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу- балалардың ойлауын дамытады, оқуға қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады.Таным белсенділіг дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты.Егер балада бұл қасиеттер аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің міндеті.Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді.Жақсы нәтижелерге жету үшін ең алдымен дайындық және түсіндірме жұмыстарын тиянақты әрі жүйелі түрде жүргізу басты шарттардың бірі ретінде есептеледі.
ІІ тарау.Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.
2.1. Оқушылардың танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту , үйрету.Бұл педагогикалық мақсаттан туындайды.Педагогикалық мақсат дегеніміз – жас ұрпақты философиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім, тәрбие беріп, қоғамға қажетті азамат етіп шығару.
Мұғалімнің шеберлігі - өз пәнін жетік меңгерген, істің мәнін біліп, балалармен тіл табысып, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады.
Мұғалімнің шеберлігі үш қырынан көрінеді:
• Ұйымдастыра білу шеберлігі;
• Қарым – қатынас шеберлігі;
• Ықпал ету, баланың іс - әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.
Ұйымдастыра білу шеберлігі - әр ұстаздың өзінің атқаратын іс-шарасының мақсаты болып табылады.Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның сценариін жазып, әр қатысушыға рөлдерін бөліп, ойнап шығуы керек.Ол үшін әр шәкірт қалай ойнау керек екенін үйретіп, ақыл кеңес беріп, тапсырманы орындауына қатыстыруы тиіс.Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты рөл беріп, өзі де солардың ортасынан орын алып, қызмет ету.
Қарым – қатынас жасай білу шеберлігі – балалардың іс-әрекеті, қатынасы – тәрбиенің негізгі тетігі.Балалар өзара немесе ересектермен қатынас арқылы білім, тәрбие, үлгі-өнеге алады.Сондықтанда қатынас сауатты, маңызды, мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны оған қарым-қатынастағы ең бастысы- оның мазмұндылығында.
Мұғалімнің қарым-қатынастық элементтері:
қатынастың мақсаты мен мазмұны;
шәкірттерге сүйкімді болып, олардың сеніміне кіру;
ақ жарқын, ашық мінез танытып, ыстық суығына күйіну;
шәкірттердің рухани байлығына атсалысу;
шәкірттерді тыңдай білу, керек жерінде әдетті сақтай отырып, баланы дұрыс жолға бағыттау;
мұғалімде тіл байлығы болу керек, мәнерлеп айту, әңгімешіл, нақты дәлелді сөйлеу;
пікір сайыс кезінде әдетті сақтай отырып шындықтың бетін ашып, әділ баға беру;
мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б.
Қарым – қатынас жасай отырып, ықпал ету шеберлігі – мұғалім өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады.Сонымен қатар, мұғалім баланың іс-әрекетіне саналы түрде ұстаздық әдіс-тәсілдерді, тәрбиенің түрлерін қолдана отырып, бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдері болады.
Мұғалімнің шәкіртке ықпал етуінің үш жолы бар:дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу.
Шебер мұғалім -- әдіс – тәсілдердің көптеген түрлерін пайдалана отырып, балаға ықпал жасауға тырысуы керек.
Ұстаздық ықпал етудің әдіс – тәсілдері:
а) Ұстаздық өсиет; в)Ұстаздық ақыл – кеңес беру;
б) Ұстаздық үйрету; г)Ұстаздық өзіне тарту;
Сабақтағы оқушылардың танымдық қызметін басқарудағы шеберлік бірнеше факторларға тәуелді.Маңызды факторлардың бірі;
-оқушылар үшін пәнді қызықты ету;
- сабақтың танымдық мазмұнын жетілдіру;
- оқушылардың танымдық қабілетіне сәйкес кері байланыс жасау.
Шеберлік негізі- жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным және осы сапалар мен кіріге ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжірибе.
Шебер мұғалім оқушылардың сабаққа, білім алуға қызығушылығын қалыптастыру және дамыту үшін мынадай келесі ережелерді басшылыққа алады:
1.Оқушылардың танымдық қызметін дамыту ол үшін зерделенетін пәнге, ақыл-ой еңбегі процесіне қатысты оқу әдістемелік дидактикалық материалды даярлау арқылы ұйымдастыру;
2.Оқу еңбегі кез-келген еңбек сияқты түрліше өтілсе;
3.Шебер мұғалім зерделенетін пәннің қажеттігін маңызын және мақсаттылығын өзі терең түсініп модульдік жолменен игеруге мүдделі болуы;
4.Жаңа оқу материалы бұрынғы оқылған, игерілген оқу материалдары мен байланыстары болса оқушылар үшін соғұрлым қызықты;
5.Оқу қиын болуы керек.Дегенмен шамасы келуі керек.
6.Оқушылардың әрбір жұмысы жиі тексерілсе және бағаланса жұмыс істеу қызықты;
7. Оқу процесінде оқу материалының проблемалы мәселелері және оны шешудің жолдары шәкірттерге қатысты баяндалуы , қолданылуы пәнді игеруге ықыласты арттырады.
Осындай жұмыстарды танымдық қызметте басшылыққа алуы мұғалімнің оқу процесін басқаруын жеңілдетеді.Ең негізгісі сапалы меңгеруге жеткізеді.
Нағыз мұғалім қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып,толғанысқа келтіре алады.Мұндай ептілік өз пәнін тереңдей білген, өз білгендерін оқушыларға жеткізе алатын мұғалімге тән қасиет.
Шеберлікке жету кезеңдері келесідей: озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау; арнайы әдебиеттерді оқу; өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп бару, өзіндік сарап жүргізіп отыру.
Шеберліктің және бір маңызды көрсеткіші- оқушыларды белсенділікке ынталандыра білу,олардың қабілеттерін, дербестігі мен зерделілігін көтере түсу, балаларды сабақ барысында ой толғауға үйрету.
Мұғалімнің міндеті- оқуға қажетті ұнамды көңіл шарпуларының сол оқу процесінің өзінен пайда ету.Сол үшін де ол жұмыс түрлерін ауыстырып отырады, оқушылардың белсенділігіне қозғау салады, жарқын мысалдар, деректер пайдалануымен бала қызығуларын оятады.Бір жұмыс не әдіс түрін қайталай беруден оқушы жалығады, сондықтан да жаңа тәсілдерді іздестіру мұғалімнің шартты міндеті болуы қажет.
Шебер педагог – сабақ лекция, диспут сабағы, сабақ-экскурссия, қоғамдық
байқау сабақтары және т.б. өткізуіне ерекше назар аударады.Оқушылардың ойлануын арттыру мақсатымен мүмкіндіктері мол шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер лекциялық баяндауларда:
диалог құрады -
сұрақ қояды
қайталау
ұқсастықтарды табу т.б.
Оқушылардың оқу процесінде ақыл-ойының белсенділігіне сәйкес білім алу заңдылықтарына қатысты семинар сабақтары себепкер болады.Шебер мұғалімдердің практикада диспут сабақтары маңызды орын алады.Шебер мұғалімнің шығармашылық сипаттағы мәні ұстаз бен оқушылардың бірлескен ақиқатты іздестіру еңбегі ол мәдени ойлаудың зертханасы.Олар оқушылардың үздік ойларын , тапқырлығын ынталандырады.Сонымен бірге олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқушылардың сабақта білімдерін игеру процесін дұрыс ұйымдастыру үшін шебер педагог кері байланысты ұтымды ойластырады.Кері байланысты ұйымдастырудың мәнділілігі:
бақылау қабілетінің мәнділігінде;
оқушылармен пікір алысудың әрбір педагогикалық қадамдарын ойластыруда; ойлау амалдарының шебер байланыстыруында;
Педагогикалық еңбектің шеберлері әрқашан сабақтың тиімділігін арттыру
үшін мынадай шараларды жүзеге асыруы керек:
1. Ұйымдастырушылық кезеңге мейлінше аз уақыт жұмсау.
2. Жазбаша үй жұмысын сабақ үстінде тексеруге мейлінше аз уақыт бөлу.
3.Сабақ үстінде жеке оқушыдан ауызша сұрауға барынша аз уақыт жұмсау.
4. Сабаққа оқушының жаңа материалын меңгеруіне ықпал ететіндей өзіндік тапсырмаларды көбірек ендіру.
5.Оқушының өз бетінше меңгеруге қиналатын материалдары бойынша ауызша баяндауды пайдалану.
6.Міндетті түрде оқушыны сабақ үстінде өз бетінше білім алуға қабілетін дағдыға үйрету, кітаппен және т.б. қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету.
7.Үй жұмысының сипатын өзгерту.Алған білімін үй тапсырмасын орындауға шығармашылықпен ізденіспен пайдаланатындай оқушыны өз бетінше ойланып, жол табуға итермелейтіндей, сабақта алған білімді практикада қолданатындай тапсырмалар беру.
8.Жаңа оқу материалын сабақ үстінде бекітуге көңіл бөлу.
9.Үйде осы есте бекіту жұмысы онан әрі жалғасын табатындай тапсырмаларды көбірек беру.
10.Үйге практикалық мазмұндағы тапсырмаларды көбірек беру.
11.Үй тапсырмасын сол күні орындауға алғы шарттар жасау.
12.Тапсырманы түрлі бағытта беру.( ауызша немесе жазбаша)
13.Таңдауы мен бірге психологиялық талдау жасайтын тапсырмалар.
14.Топтық жұмыстар.
Шебер мұғалімдер өзінің пәнін терең білу менен бірге шәкірттерін толғандыратын, қызықтыратын мәселелерді білу керек.Атап айтқанда саясат ғылым, өнер,техника және спорт саласында.
2.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны және әдістемелік ұсыныстар.
Көптеген ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше топтайды.Біз жалпы оқыту әдістерін талдап, жүйелей отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы әдістер тобын мынадай негіз бойынша топтадық:
Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстүрлі әдістер жүйесі ( Е.Я.Голанд, И.Т.Огородников, С.П.Петровский) : сөздік әдіс (әңгіме, әңгімелесу, дәріс т.б.) ; көрнекілік (демонстрация, көрсету т.б.); практикалық ( сарамандық жұмыс, шығарма т.б.).
Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша – Лернер – Скаткин топтаған әдістер жүйесі: баяндау – иллюстративті әдіс, репродуктивтік әдіс, проблемалық баяндау әдісә, ішінара – іздену немесе эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдіс.
Мұғалім іс- әрекеті компоненті бойынша – Ю.К.Бабанскийдің әдістер жүйесі, бұл оқыту әдісіне 3 үлкен топ әдістер кіреді:
а) оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру ( сөздік, көрнекілік, практиаклық, репродуктивті және проблемалық индуктивті,
өзіндік жұмыс ).
б) бақылау және өзіндік бақылау әдістері ( ауызша және жазбаша бақылау, лабораториялық және практиаклық жұмыс бағдарламаланған бақылау, т.б).
в) оқу танымдық әрекеттегі мотивация және реттеу әдісі (қызығушыылқты қалыптастыру әдісі: танымдық ойындар, өмірдегі жағдайларды талдау; оқытуда жауапкершілік пен міндетті қалыптастыру оқытудың қоғамдық және жеке тұлғайлық маңызын түсіндііру, педагогикалық шарттарды ұсыну)
4. Оқушы мен мұғалімнің ішкі және сыртқы іс-әрекеттерінің сабақтастығы бойынша – М.И.Махмутовтың әдістер жүйесі: проблемалы дамыта отырып оқыту әдістері орта мектеп жағдайында жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда тиімділігі тәжірибе жүзінде анықталды.Әдісті нақты жағдайда қолдану үшін оны төмендегідей жоспар бойынша талданды: белгілері – анықтамасы – негізгі қызметі – ережесі – қолданылуы – басқа әдістерден айырмашылығы.
Оқу үрдісіндегі әдістердің маңызын физиолог И.П.Павловтың сөзімен көрсетуге болады, ол: ˝... жақсы әдіспен өте талантты емес адам да көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді˝,- деген болатын.Осы орайда біз педагогтың кәсіби біліктілік әлеуетінің құрылымының компоненттерін ғылыми зерттеулер негізінде көрсеттік.Педагогтың кәсіби біліктері әлеуетін анықтау педагогтың кәсіби білімдері, қабілеттері мен біліктері: белсенді ойлауы, өзінің ниеті мен жоспарын өмірде жүзеге асыру , нәтижеге жетуі ретінде белгілі болады.Педагоготың кәсіби біліктілік әлеуеті – бұл мұғалімнің біріккен әр алуан деңгейдегі әрекеті мен дайындық аспектілерін, кәсіби іс-әрекетке қатынасын білдіреді.Педагогтың кәсіби әлеуеті педагогикалық мамандыққа жүктелген міндеттерді орындаудағы еңбекте педагогикалық үрдістің мәнін жеке түсінуі мен оқу- тәрбиелеу әрекетін үйлестіру мүмкіндігі ретінде қаралады.
Сондай-ақ зерттеулер нәтижелері танымдық белсенділіктің көрсеткіштері мен өлшемдерін, даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Оқушының оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігінің деңгейлері
|
Оқушының оқу белсенділігінің сипаты.
|
1.Жоғары деңгей.
( шығармашылық)
|
1.Қалыптасқан белсенді танымдық ұмтылыстың болуы, құбылыстың маңыздылығына қызығушылық танытады.
2.Обьектіні тани біледі, сипаттай алады, танымдық міндеттерді өз бетінше қояды, тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, өз бетінше айқындайды.
3.Білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, белсенді іс-әрекет дербестігі сақталынады, өз әрекеттерін бақылап, өздігінен бағалайды.
4.Республикалық олимпиадаларға, әр түрлі білім сайыстарына қатысады; семинар сабақтарында баяндама, реферат жазады, зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.
|
2.Орташа деңгей
( эвристикалық)
|
1.Танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды, білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады.
2.Оқушылардың мотивін, мақсаттық қатынасы өзіндік жұмысқа шығармашылық компоненті ретінде қалыптасқан, бірақ өзіндік әрекетін басшылыққа алу керек.
3.Ынталық пен бейімділіктің өзара байланысы толық емес, танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша немесе мұғалімнің көмегімен орындалады.
|
3.Төменгі деңгей
( жаңғыртушы)
|
1.Танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды, өздігінен жұмыс істеуді қажетсінбеуі (тақтадан, сыныптасынан көшіреді), танымдық істің қандай да бір түріне қабілетінің болмауы жатады.
2.Оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді, тапсырманы үлгі бойынша баяу орындайды.
3.Танып білуде белсенділік танытпайды, қиыншылықты жеңу ниеті тқмен.
|
1-кесте. Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері.
Оқушыларды белсендіруде мұғалім оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын, сыныпта жақсы ахуал орнату, олардың ар-намысына тимеуді және жетістіктерін мақтау, тиімді әдістер арқылы, шығармашылық сабақтар ұйымдастыру , өзіндік жұмыс істеуге мүмкіндік беру т.б. қажет.
5 – сурет Оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру.
Қабілеттері мен қызығушылығын ескеру
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, белсенділік – адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Жаңа технология, дәстүрлі емес әдіс тәсілдердің маңызы жоғары,бірақ қазіргі кезеңде орта мектептерде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған, оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында жеке оқыту ( репетитор, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқыту, өз бетімен білім алу, алыстан білім алу), ұжымдық сабақтар ( шығармашылық сабақтар, семинарлар, мектеп лекциясы, конференция, олимпиада, экскурсия, іскерлік ойын т.б.), жеке ұжымдық жұмыстар арқылы (шығармашылық ай, пәндік және ғылыми апталықтар, жобалар), оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға болады. ( 6-сурет).
Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формалары.
Өз бетімен білім алу
Олимпиада
Жобалар
Практикум
Факультатив
Экскурсия
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар түрлерін төртке бөліп қарастыуды ұсынамыз:
• Танымдық
• Коммуникативтік
• Шығармашылық
• Әдіснамалық
Сабақ үстінде белсенділіктері қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетейік:
өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
пікірталастар мен талқылауларға қатысуы;
өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;
жолдасының жауабына пікір айту;
сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;
өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;
танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалықәрекетін талдау;
танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау.
Оқудағы белсенділік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке түрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен ( талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау т.б.), оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделеді.
Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық белсенділігін қалыптастырудағы әрекеттерінің міндеттеріне тоқталсақ:
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру;
білімді шығармашылқпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешуде шеберліктерін арттыру;
оқу тапсырмасын орындау үрдісінде оқу операцияларын қолдануға үйрету; оқытудың ғылымилығын арттыру;
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т.б.
Өзіндік жұмыс пен шығармашылық сабақтарды өткізу оқушының танымдық белсенділігін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Ауыл мектебінің білім ошақтарының қашықтығы мен білім алу кеңістігінің шектеулігіне байланысты оларды оқытуда алыстан білім алу тиімді болып табылады.
Қазір алыстан оқыту технологиясы және Интернет желісі көмегімен жүзеге асатын алыстан білім берудің кейбір мақсаттарына тоқталсақ:
1.Оқушыны жеке оқу пәні бойынша емтиханға дайындау;
2.Оқушыны жоғары оқу орнына түсуге дайындау;
3.Мектеп бағдарламасының тарауындағы немесе мектептен тыс курстар тақырыптарын терең оқыту;
4.Әр оқу пәнінен оқушының білім,білік , дағдыларының толымсыз тұстарын толықтыру, т.б.
Алыстан білім берудің 5 түрін бөліп көрсетуге болады:
1-түрі:˝Мектеп -Интернет˝
2-түрі:˝Мектеп-Интернет-Мектеп˝
3-түрі:˝ Оқушы-Интернет-Мұғалім ˝
4-түрі: ˝Оқушы-Интернет-Орталық ˝
5-түрі: ˝ Оқушы-Интернет ˝
Алыстан оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларының жеке білім алуына , оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруға жағдай жасайтын алыстан оқытудың 3 түріне тоқталып өтеміз:
1-і түрі: Оқушы-Интернет-Мұғалім. Бұл сабақ электрондық пошта, чат, веб-ресурстар көмегімен өткізіледі және тақырыпты немесе құбылысты терең оқытуды, жоғары оқу орындарына түсуге дайындауды мақсат етіп қояды.Сабақ алыстан оқыту курсы, семинарлар, консультациялар түрінде өтіледі.Оқытудың бұл түрі мектептегі қосымша оқыту қызметін атқарады.
2-і түрі: Оқушы-Интернет-Орталық.
Алыстан оқытудың бұл түрі білім беруде жеке тұлға ерекшеліктеріне сай оқытуға бағытталады.Теллекомуникация технологиясының міндеті-оқушылардың жеке бағдарланушылығын күшейту, оқушыларға жалпы білім беру дайындығының деңгейін, формасын, қарқынын таңдауға мүмкіндік беру.
Оқушылар бір мектепте оқымаса да, дистанттық орталықтан білім ала алады,жеке тұлғалық қабілеттеріне байланысты шығармашылық әлеуетін көтеруге мүмкіндік беріледі.Мұндай түрдегі алыстан білім беру жүйесін ұйымдастыру үшін аса қуатты құрал-жабдықтар, білім беру үрдісін басқаратын және оны жүзеге асыратын арнайы білім беру бағдарламалар, серверлер қажет.
Осы жағдайда білім беру алыстан оқытуды, жекелеп оқытуды және оқушының шығармашылығын қамтиды.
3-і түрі: Оқушы-Интернет.
Алыстан білім алудың бұл түрінде оқушы бір мезгілде бірнеше мұғалімдерден әр түрлі оқу пәндері бойынша білім ала алады.
Ауыл және қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелерін талдай отырып,оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білмеуі және оқу материалдарын талдау, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білмеуі байқалады.Алынған мәліметтерді талдай отырып, оқушылардың танымдық білігі өзіндік білім алуы төмен дәрежеде екенін көрдік.
Ауыл мектептерінің оқушылары компьютерді пайдалана білгенімен Интернетпен жұмыс жасап көрмегені белгілі болды.Қазір ХХІ ғасыр заманында ғылыми-техникалық прогрестің озық тәжірибелерін оқу үрдісінде қолданылады десек те,ауыл мектептері жағдайында бұл жүзеге аспай отыр.Интернет дүнижүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез-келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады.Мұның энциклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және жаңарып отырады.Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат жинайды, игереді.Сондай-ақ , олар жаңа технологиямен жұмыста пайдалы тәжірибе жинақтайды.
Орта мектептерде дәстүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында , өзіндік жұмыс ұйымдастырылады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарында мынадай тәсілдерді кең қолдана отырып , танымдық белсенділігін арттыру тиімді болады:
оқу материалындағы ортақ заңдылықтарды таба білу;
тапсырмаларды жүйелі беру;
өзін-өзі бақылай және өз жұмысын тексере білу;
қосымша ақпараттар жинау;
теориялық материалдарды практиакда қолдана алу т.б.
Орта мектептерде жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген зерттеулеріміздің қорытындысы мынадай болды: оқуға қызығушылығы төмен - 56% ( 10 сынып); өз ойын, пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған 43% (11 сынып); өз білімін іс жүзінде қолдана алмайды- 40% (10 сынып), негізгіні бөліп көрсете алмайды- 30% (11 сынып), қарапайым жалпылауды білмейді - 51% (10 сынып), күрделі емес тақырыпты, жағдайды өз бетінше талдай білмейді - 55% (10 сынып).
Эксперимент барысында 11 сынып оқушыларының арасында сауалнама, пікір алысу ұйымдастырылды.
Жауап бергендердің 12,2% танымдық деңгейін дамытатын болса, 57,3% "жоқ", 30,5%- " кейде" деген жауап қайтарды.
Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне , біліктері мен дағдыларын сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Ауыл мектептеріндегі оқушылардың өзіндік жұмыс істеу белсенділігі.
Сауалнама жауаптары.
Оқушылардың жауаптары
|
Бақылау сыныптары
|
Эксперимент сыныптары
|
10 (65)
|
11(70)
|
10 (65)
|
11 (70)
|
1. Өз бетінше білім аламын және белсенді әдістерін білемін
|
25%
|
28%
|
61%
|
67%
|
2.Өзіндік жұмыс кезінде оқу әдебиеттерін пайдаланамын
|
21%
|
27%
|
60%
|
67%
|
3.Ғылыми әдебиеттерді пайдаланамын
|
5%
|
7%
|
12%
|
15%
|
4. Мерзімді баспасөзбен жұмыс жасаймын
|
30%
|
32%
|
45%
|
55%
|
5. Интернетті пайдаланамын
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Көптеген оқушылар өзіндік жұмысқа мән бермейді.38%-і өзіндік жұмысты мүлдем жоспарламайды, 32%-і жоспар құрғанымен оны орындамай тастайды, 14%-і әр күнге жоспарлайды, 10%-і бір аптаға, 6%-і бір айға жоспарлайды.
Эксперимент барысындағы зерттеулеріміздің нәтижесін талдай келе мынадай қорытынды жасадық : орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін қайта қарау, танымдық белсенділікті қалыптастыруда оқыту үрдісіндегі әдіс-тәсілдерді арнайы ұйымдастыру- оқу үрдісін жетілдірудің негізгі басты шарты деген тұжырым жасадық.
Жоғарыда келтірілген педагогикалық әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру және педагогикалық іс-шаралар ( сынып сағаттары, сайыстар, диспут, шығармалар, танымдық тапсырмалар) ұйымдастырылуы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді, білім мен қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады, алған білімдерін практикада еркін пайдалануға , т.б. дағдыланады.
Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі бойынша жүргізілген педагогикалық оқу – танымдық әрекеттер мен
Шараларды ұйымдастыру әрекеттеріне жүргізілген эксперименттің нәтижелерін сараптап бағалау, қорытындылау негізінде төмендегідей көрсеткіштер анықталынды.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейлері.
Деңгейі
|
Эксперименттік сыныптар
|
Бақылау сыныбы
|
Төмен
|
33,7%
|
45,6%
|
Орташа
|
45,3%
|
50,5%
|
Жоғары
|
21%
|
12,9%
|
Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында эксперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде эксперимент жұмысы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауымызға мүмкіндік береді.
Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесі кешенді сипатта, сатылы түрде дамып отыру қажет, әрбір оқушының танымдық әрекеті мен шығармашылығы, белсенділігі, ізденімпаздығы қоғамдағы ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық үрдістерді қалыптастырып дамуының факторы болып табылатынын баса айтқымыз келеді.
Қорытынды.
Сонымен зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру моделі негізінде және тәжірибе эксперимент жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтер зерттеудің ғылыми болжамын дәлелдей түседі және мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
Қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылым, білім салаларындағы өзгерістерге байланысты орта мектептердегі оқушыларға білім беру сапасына қайта қарап, жақсартуды талап етеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады.
Танымдық әрекеттегі белсенділік компаненттерін бір арнаға біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік, мазмұнды-операциялық, бағалау- нәтижелік .
Тәжірибелік – экперименттік жұмыстарда зерттеліп дәлелденген жоғары сынып оқушыларының танымдық-белсенділігін қалыптастыру көрсеткіштерімен өлшемдерін , деңгейлерін жалпы білім беретін орта мектептерде оқу үрдісін жетілдіруді ұйымдастыруда қолдану тиімді.
Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді.
Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой- өрісін арттыруға болатынын эксперимент жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады.
Дипломдық жұмысымызда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңыздылығын зерттей келе мынадый ұсыныстар туындады:
Мектептегі жоғары сынып оқушыларына конференциялар, дебаттар, дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл сайын жүргізіліп отырылуы керек.
Өзіндік жұмысқа бейімдеудің дидактикалық жүйесін тиімді жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап іске ендіру.
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді мақсатты бағдарлама жасау.
Аттестация, педұжымды моральдық – материалдық жағынан ынталандыру жұмысын жүйелі жолға қою.
Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау.
Оқу үрдісінде ауқымды түрде педтехнологияларды қолдану, компьютер арқылы ақпараттандыру.Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.
Қоғамның әлеуметтік дамуына сай , келешекте білім берудің жаңа технологиясына сай жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді.Сонымен қатар оны болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жеке проблема ретінде арнайы зерттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |