Мазмұны 1бөлім. Жалпы психологияға кіріспе


Жаттықтырушы мен жаттығушының эмоциональдық – еріктік жағдайы



жүктеу 325,58 Kb.
бет52/54
Дата29.06.2022
өлшемі325,58 Kb.
#38976
түріКонспект
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
тірек конспек Психология және спорт психологиясы docx

Жаттықтырушы мен жаттығушының эмоциональдық – еріктік жағдайы


Жоспар:
1 Күрделі эмоциялар.


2 Адамның ерік – жігер қасиеттері
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам әрекетінің, оқиғаларының бірі бізді қуантса, екінші біреулерді мұңайтады, ал үшіншілері ашу шақырып, зығырданы қайнайтын жағдайға жетеді. Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.
Күрделі эмоциялар. Эмоциялар адамның мінез- құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп, азды-көпті ұзаққа созылатын, оте берік әсерлер туғызады. Кейде сезімкенеттен ппайда болып, қарқынды өтеді, бірақ біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қатарына: көңіл-күй, аффект, құмарлық жағдайлар жатады. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейіпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасындағы қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтерінкі болады . Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады.Мәселен, адамның көптеген айналысып жүрген ісі оңға басса, бір нәрсеге қолы жетсе ол шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, кездеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатынқы, ренішті күйде журеді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас» , «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Эмоцияның бір түрі – аффектер. Аффектер- қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Кейде жаман баға алған оқушылар аффектілік жағдайға түседі. Құмарлық- адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.
Оқушы еденге қалам сауытын абайсыздан түсіріп алды, сөйтіп сыныптағы тыныштық бұзды, мұғалім аңғармастан оған оқырып жіберді, кейіннен онысына өзі өкінді; солдат офицерді көре салып, аңғармастан қолын шекесіне апарып, оған сәлем берді, бірақ басында бас киім болмағандықтан, ол оны істемеуі керек еді, әңгімелесіп отырған адамды өкпелетіп алуы мүмкін болса да, қасындағы қайғылы әңгіме айтып отырған адамның ума-жума болған шашына көзі түсіп, жігіт күліп жіберді. Ал «ерік» - терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындарды және отырып, табандылықпен мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
«Үлкен ерік дгеніміз, - деп жазады А.С. Макаренко. Бірдеңеге тілек етіп соны іске асыруда ғана емес, сондықдай-ақ керек кезінде бірденелерден өзінді тоқтата білу. Ерік – ол жай ғана тілек және оның орындалуы емес, сонымен қатар ол тілектен өзіңді тоқтата білу де, бір сәттік тәлектен және одан бас тарту да» .
Адамның ерік – жігер қасиеттері сан қилы. Оның іс-әрекеттің нақты жағдайларына, орындау тәсіліне қарай мынадай топқа:
1. Ерік күш
2. Адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына бөлінеді.
) Тоқтамға келгіштік дегеніміз – адамның небір қиын-қыстау кезендерде дұрыс шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықтайды.
ә) Табандылық танытушы адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына айткен күнде де жетуді ниет етеді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды жеңіп отырады.
б) Ұстамдылық немесе өзін-өзі билеу дегеніміз – адамның өзін-өзі ұстай білу. Өзінің мінез-құлқында толық бақылауды сақай отырып, ол өз бойындағы қолайсыз ойысуларды, импульстік әрекеттерді, аффектілерді жеңеді.
в) Тәртіптілік дегеніміз – адамның өз қимыл-қозғалысын, ой мен тілегін әр уақытты ұжымдық ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.
г) Ерлік – алға қлйған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолына келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік – батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы.
Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кездеседі. Соның бірі – қыңырлық. Денсаулығы нашар, ағзасы әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Осындай әдеттен денсаулығының жақсара бастауымен арыла бастайды. Отбасындағы теріс тәрбиеге байланысты балада қыңырлық қалыптасады. Баланың дербестілікке ұмтылуымен санаспауда қыңырлықтың екінші бір түрінің пайда болуына жағдай жасайды. Ерік-жігерді тәрбилеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тірбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады.Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетән өсіру, оны тәртіптілікке үйрет, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтадыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.


Әдебиеттер:
Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б. 2. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, -490с.
3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.
4. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., 630с.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті»,



  1. жүктеу 325,58 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау