Психика мен сананың дамуы
Жоспар:
Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
Жануарлар психикасының негізгі түрлері
Психика мен снаның дамуы. Адам санасы.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).
2. Адам санасының дамуы қоғамдық - тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.
Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының, қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен салыстырғанда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге бейімделуінен. Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті азайып, көру рөлі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу, ағаштан - ағашқа секіру, көзбен мөлшерлеуге жаттықтырады, дененің сезімталдығын жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді. Маймыл жаңғақтың ішіндегі дәнін, түрлі миуа атаулыны, шөптің сабағын тауып жейді. Ол үшін ептілік керек. Маймыл қолын жүру қызметіне де, ұстау қызметіне де қолдана алады. Маймылдардың психикасының даму сатысын аңғаруға негіз болатын маңызды бір факт - көз бақылауы мен ептіліктің пайда болуы. Бұл бейімділік бұтақтан - бұтаққа секіріп, тамақ тауып жеуіне көмектеседі. Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар.
Олар:
1. Инстинкт
2. Дағды
3. Интеллект
1. Жануарлардың инстинкті.
Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.
Инстинктің мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:
1) Амалдық - тұтастық егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып жануар үшін биологиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, үя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).
2) Туа пайда болу. Бүл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті. Бүл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.
3) Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты болып жануарлардың "ақылына" байланысты көрінгенімен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды.
Мәселен, бал арасының балауызын тесіп қойсаң да бал арасы оған бұрынғысынша бал келтіре береді. Ұяда жұмыртқа басып отырған қасқалдақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалдақ оны байқамай үйреншікті орнына отыра кетеді. Жұмыртқаның жоқ екендігінде қасқалдақтың жұмысы болмайды, қасында көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға ақылы жетпейді, Өйткені оның бұл атқарып отырған іс - қимылдары тек қана инстинкт.
Психика мен снаның дамуы. Адам санасы.
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі – адамның санасы пайда болады. Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді.Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет, Сана, Жеке тұлға» атты еңбегінде берген болатын.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Әдебиеттер:
Қарапайым сөздік-анықтамалық (Б.Міндетбаев). — Түркістан: «Жылан баспасы, 2019 жыл. ISBN 7791-11-24
↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Достарыңызбен бөлісу: |