Мазмұны 1бөлім. Жалпы психологияға кіріспе


Қабілет. Жаттықтырушының бала қаблетімен санасуы



жүктеу 325,58 Kb.
бет50/54
Дата29.06.2022
өлшемі325,58 Kb.
#38976
түріКонспект
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
тірек конспек Психология және спорт психологиясы docx

Қабілет. Жаттықтырушының бала қаблетімен санасуы


Жоспар:

    1.  Оқушы темпераментімен санасу

    2. Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу

    3. Адамның психикалық қалпына диагноз қою әдісі.




  • 1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің

  • физиологиясы.

Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.
Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.
1 Күшті қозуы тежелуінен басым
2 Күшті қозуы мен тежелуі тең
3 Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу
Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:
1 Күшті, ұстамсыз
2 Күшті,ұстамды
Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.
Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі оқушы сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы оқушыны мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсеқызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқын қанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай оқушының сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып –саспай сөйлейді, сөзі ым –ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі оқушының көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып –қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл –күйі жиі өзгеретін, қарым –қатынаста аумалы –төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ оқушы. Мұндай оқушы қимыл –істі сүйеді. Әдетте оның қимыл –қозғалысы батыл –шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой -әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой — әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай оқушының көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл –қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп -пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі оқушы өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенімен, оның сезімі ұзақ уақытқа созылады. Меланхолик мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырмасын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың көзінше оған ұрсатын болса мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушының, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана, жүріп –тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы –құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» тағы басқа деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек.
Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.
Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.
Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.
Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату қажет.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент –адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із қалдырғанымен, ақыл –ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген қағиданы бірден –бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандайы болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік жігері күшті, мінезді, ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.
Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Мәселен, аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың моралдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн. Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе мінез –құлқының кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы керек. Мұғалім үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке үндесіп отырмаса болмайды. Мәселен, тілі мен жағына сүйенген холерикті тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан байсалдылықты қажет етеді. Ал кейбір жағдайда меланхолик бала тәртіп бұзған болса (мұндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспейді), оны жұрт алдында қызартып ұялту дұрыс емес. Мұндай баламен істің мәнісін ашу үшін оңаша сөйлескен дұрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер мен холериктердің мектептегі қоғам жұмыстарына өз еріктерімен қатысатыны өте жақсы әдет. Бірақ оларды қадағалап, жұмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал. Сангвиниктерді қатты бақылаған абзал, өйткені олар жұмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын болады.
Темпераменттерді тәрбиелеуде оқушының ерік –жігерін, мінез бітістерін, мінез –эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін -өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістері мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім –тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгертулерге түсетіндігін ылғи да есте ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгерім дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым –қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата –аналарымен байланыс жасап, әсіресе қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет.

жүктеу 325,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау