Материалдық өндірістің барлық салаларындағы қарқынды прогресс табиғат қорларын интенсивтік пайдалануға мәжбүр етеді, сөйтіп қоршаған ортаға нақты әсер етеді



жүктеу 3,07 Mb.
бет4/5
Дата14.05.2018
өлшемі3,07 Mb.
#12929
1   2   3   4   5
1 – «Симилкамин»; 2 – «Пима»; 3 – «Лорнекс»
3 Cурет – Кеннің өздігінен ұнтақталуының принципиалды технологиялық сұлбасы
4.3 Ауыр суспензияда байыту

Кен дайындаудың дамыған тәсілдерінің бірі алдын-ала ауыр суспензияда байыту болып табылады. Осы үрдістің мәні суспензиядағы гравитациялық немесе центрге тартқыш өрістегі кенді шикізаттың тығыздығына қарай бөлу болып табылады. Байыту кезінде қолданылатын ауыр суспензиялар ұсақдисперсті механикалык қосындылар – минералдар, қорытпалар, судағы (ауырлатқыштар) металдар түрінде болады. Ауырлатқыштар ретінде пирит, пирротин, барит, галенит, магнетит, ферросилиций, қорғасын қолданылады. Ең көп тарағаны – ферросилиций.

Кен байытудың осы әдісін қолдану тау жұмыстарының интенсификациясына, кедей кендерді эксплуатациялауға әсерін тигізді. Алынатын бос жыныс құрылыс материалы ретінде қолданылуы мүмкін. Ауыр суспензияда байыту арзан болғандықтан кендерді қайта өңдеу арзанға түседі.

Ауыр суспензияда байыту үрдісі келесі операциялардан тұрады: кендерді бөлуге дайындау, суспензиядағы кендерді әртүрлі тығыздыққа бөлу, бөлінген өнімдерді шаю, ауырлатқышты регенерациялау.

Сепарацияға кенді дайындаудағы мәні ондағы бос жыныстың негізгі массасының босатылуы жүретін ірілікке (әдетте 100-25 мм) дейін ұсақтау. Ұсақталған кенді елеуішке және ұсақ фракция мен шламды алып тастау үшін шаюға ұшыратады. Іріліктің төменгі шегін әдетте 4-6 мм-ге тең деп алады.

Суспензиядағы кендерді бөлу әртүрлі конструкциялы сепараторларда жүргізіліп өндіріледі. Сепаратор конструкциясы суспензия ағынының гидродинамикасын анықтайды және байытудың тиімділігіне әсер етеді. Сепаратордың терең ванналы (конусты, пирамидалы, доңғалақты) және таяз ванналы (барабанды) түрі болады. Отандық тәжірибеде конусты (Зырян фабрикасында) және доңғалақты сепараторларды қолданады.



Ауырлатқыштарды регенерациялау тәсілі ауырлатқыштың табиғатына тәуелді. Ферросилиций, магнетит және пирротин магнитті сепарациямен регенерацияға түседі. Ауырлатқыштың жалпы шығыны 100-750 г/т , соның ішінде байыту өнімі 30-600 г/т, регенерация қалдығы 40-80г/т, механикалық 30-70 г/т құрайды.



1– таспалы конвейер; 2 – өзі теңесетін елек (8 ); 3 – диаметрі 3 м болатын конусты сепаратор; 4 – кондициондық және араласқан суспензиялар науасы; 5 – ауыр суспензияға арналған сорғыш; 6 –доғалы елек; 7 – диаметрі 0,9 м болатын электромагнитті сепаратор; 8 – суспензия дайындауға арналған науа; 9 – классификатор 1200х6500 мм; 10 – лескалы сорғыш; 11– диаметрі 350 мм болатын гидроциклон; 12 – вакуум-фильтр; 13 – вакуум-сорғыш; 14 – ресивер; 15 – қақпан; 16 – центрге тартушы сорғыш; 17 – компрессор; 18 – ауа үрлегіш; 19 – 1200 Э магниттеуші аппарат; 20 – көтергіш; 21 – сынақ алушы; 22 – таспалы қоректендіргіш; 23 – ұнтақтаушы агрегат; 24 –қысқартқыш; 25 – дискті қажауыш
4 Cурет – Кендерді ауыр суспензияда байытуға арналған тәжірибелік-өндірістік тізбекті құрылғы аппаратының сызбасы
Ендіруді үдету және осы технологияларды меңгеру уақытын қысқарту мақсатымен Механобр тәжірибелік-өндірістік агрегаттың жобасын жасады, ол азөлшемді кешенді аппарат түрінде болды. Агрегат өнімділігі – 100 т/сағ-қа жетеді. Аппарат сызбасы 4-суретте келтірілген.

Агрегат құрамына диаметрі 3000 мм болатын жеңіл фракциясы алынатын конусты сепаратор және ауыр фракцияны алу үшін қозғалмайтын орталық аэролифт кіреді. Конусты сепаратор суспензия бетінде көлденең ағын туғызуға әсер ететін салғыш құрылғылармен жабдықталған, олар өндірістік өнімнің фракциясын отырғызудың арқасында материалдың қалқып шыққан қабатын бөлудің дәлдігін арттыруға әсерін тигізеді.

Регенерация циклы магнитті сепарацияның бір циклынан тұрады, ол магнит өрісінің кернеулігі 2500 Э жететін 217-СЭ электромагнитті сепараторда жүргізіледі. Жобада автоматты бақылау және суспензия тығыздығы мен тұтқырлығын реттеу қаралған.

Салыстырмалы жобалық өнімділігі жоғары болғанымен (100 т/сағ) агрегатты бір немесе екі кезектік жұмыс қуаты аз кендіктерде пайдалануға болады, себебі ол агрегаттың үш кезектік өнімділігі жоғары жұмысынан арзан.

Агрегаттың үш кезектік жұмыс кезіндегі негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері:

1 т кенге кететін шекті шығын:

Ферросилиций, кг..........0,120

Магнетит, кг.......0,080



Электроэнергия, кВт-сағат .....1,9

Таза су, ......0,5

1 т қайта өңделетін кеннің өзіндік бағасы, руб .......0,16

Қызмет етуші персоналдың саны (технологиялық),

адам/кезек ....3



Бір кісіге шаққандағы кеннің өндірілуі, Т/Д .....58300

Өлшемді мөлшерлері, м .....12Х18ХЮ

Құрамдағы (кеннің) агрегаттың массасы, т .

Соның ішінде технологиялық жабдықтың, т .......60

Агрегат нақты өндірістік нысанға байлаусыз жобаланған және ені 12 м не оданда үлкен өндірістік ғимараттардың сыртында және ішінде орнатылуы мүмкінін.

Регенерация циклы магнитті сепарацияның бір циклынан тұрады, ол магнит өрісінің кернеулігі 2500 Э жететін 217-СЭ электромагнитті сепараторда жүргізіледі.


жүктеу 3,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау