369
- оқу, өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік сезімін
қалыптастыру.
- әлемнің тұтастығын, адам, қоғам және табиғаттың өзара тәуелділігін
түсіну;
- адам құндылықтарын, оның өмірі мен қадір-қасиетін, құқықтары мен
еркіндігін түсіну, жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау;
- шын мәніндегі азамат болу, өз Отаны - Қазақстан Республикасын сүю;
- қоғамдағы өз рөлі мен орнын түсініп, білу, өзін-өзі шығармашылық
жағынан мейлінше толық көрсетуі;
- тарихты, отандық және әлемдік мәдени мұраны бағалау;
- әлемді және өзін-өзі тануда жасампаздық белсенділік таныту;
- өмірлік және кәсіби жағдайларда адамгершілік өлшемдерін басшылыққа
алу;
- адамдармен қарым-қатынаста позитивті болып, басқа көзқарастағы және
адамдарға толерантты болу, төзімділік таныту;
- адам өміріндегі отбасының құндылығын, мәні мен маңызын түсіну;
- табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау;
- салауатты өмір салтын ұстану, өзінің физикалық және көңіл-күй -
рухани жағдайын қалыпта ұстау.
Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам
өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-
өзі дамыту мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде
қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз
мүмкін еместігін түсіне бастайды. [2: 57].
Өзін-өзі тану – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын
өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған
мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті.
Тұлғаның жеке «Мендігін» - жүйелі түрде зерттеуін, қажымас
қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Неміс ақыны Ф.
Логаудың айтуынша, «Өзіңмен өзің түскен күрес - ең қиын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс - ең ұлы жеңіс». Адамгершілік - адамның рухани
байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа
қадам болып табылады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің
бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы,
көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік,
кішіпейілдік,
қайырымдылық,
жанашырлық,
ізеттілік,
инабаттылық,
қарапайымдылық т. б. Рухани адамгершілік - ең жоғары құндылық деп
қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық
қасиеттерінің
жиынтығы.
Адам
бойына
кішіпейілдік,
сыпайылық,
рақымшылық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту
және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан
келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану»
пәнінің үлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік
жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-
370
ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері рухани адамгершілік
ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті - халық
педагогикасында деуге болады. [3: 76].
Ж. Аймауытов көзқарасы бойынша, тәрбие екі түрлі: Ол адам баласына
дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігері, мінезін тәрбие қылуы
керек.
Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде
«Өзін-өзі тану» курсының орны ерекше.
Сабақтың негізгі құрылымдары:
- Ұйымдастыру кезеңі, Тыныштық сәті,
- Үй тапсырмасын тексеру,
- Дәйексөз,
- Әңгімелеу,
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс,
- Топпен ән айту,
- Үй тапсырмасы,
- Сонғы тыныштық сәті. [5: 74].
Рухани-адамгершілік қасиеттерді алдымен баланы тек жақсылыққа-
қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың,
ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», —
депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен
ештеңені қызғанбадым. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны
қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне
мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге
тәрбиелеу-рухани-адамгершіліктің басты мақсаты.
Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай
қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны
қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші-
жылауында»
демекші,
біздің
күшіміз,
қорғанышымыз,
сеніміміз-
адамгершілігімізде болуы керек.
Ізгілік педагогикасының үш кезеңі:
1. Ізгіліктік жеке тұлға педагогикасы.
2. Ізгілік педагогикасы.
3. Рухани ізгілік педагогикасы.
Ізгілік педагогикасының үш постулаты:
Баланың бойындағы
жоғарғы Рухани
бастауға, оның жарқын
тағдырына, шексіз
кемелдену мүмкіндігіне
деген сенім.
Өз бойындағы жоғарғы
Рухани бастауға, оның
жарқын тағдырына,
шексіз кемелдену
мүмкіндігіне деген сенім.
Тек ізгі әдістердің
күшіне деген сенім.
Т.А. Стефоновская зерттегендей, ізгілендіру қағидаттарының мәнін
педагогикалық үдерістің негізі-балаларға деген «сүйіспеншілік». [4: 37].
371
Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты - мәңгілік рухани - адамгершілік
құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын
адам тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың барынша қарыштап дамуы мен
мәдениет, экономика, қоғамдық және жеке-даралық өмірдің бар салаларындағы
кең ауқымды жаһандану кезеңі. Жаһандық үдерістер қоғамдық өмірдің бар
қырларын жеделдетіп, және де қоғамдық пен жеке-даралық, әлеуметтік-мәдени
даму қарқындары арасындағы қарама-қайшылықтарды үдетіп және тереңдете
түседі. Балаларға, жеткіншектерге және жастарға жалпыадамзаттық және
рухани құндылықтарды меңгертіп, адамгершілік қасиеттерге үйретуге
бағыттауымыз керек. Бұл қасиеттерді бала бойына сіңіретін кім? Әрине –
Ұстаз. Сондықтан Ш.А. Амонашвили айтқандай, мектепті емес, мұғалімнің
рухани дүниесін реформалау қажет. [5: 18].
Әдебиеттер:
1. Корчак Я. Воспитание личности: Кн. Для учителя М.: 1992. - 287 с.
2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки
учителя. – Алматы: 1998.– 320 с.
3. Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под
ред. П.И. Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с.
4. Психология и педагогика. /Под ред. С.А. Хмелевской. 2002. -176 с.
5. Журнал Самопознание. КZ №9 (45) 2013 г. -104 с.
ЭМОЦИИ КАК ОСНОВА ПСИХИЧЕСКОГО И ФИЗИЧЕСКОГО
ЗДОРОВЬЯ
Тасбулатова Ж.С., Закенова Г.Б.
Кокшетауский государственный университет им. Ш.Уалиханова, г. Кокшетау
Человек – это многогранное, загадочное существо. Его природа до сих
пор до конца не изучена. Один из аспектов внутреннего мира человека – это его
эмоции.
Эмоции - важнейшая часть душевной жизни человека, и поэтому
развитию эмоциональной сферы личности необходимо уделять не меньше
внимания, чем развитию интеллекта, здоровья, физической силы и других
личностных ресурсов.
На
протяжении
многовековой
истории
исследования
эмоции
пользовались самым пристальным вниманием, им отводилась одна из
центральных ролей среди сил, определяющих внутреннюю жизнь и поступки
человека. Изучением эмоций занимались Ч. Дарвин, З. Фрейд, Г. Холт, Джеймс,
Ланге, П.В. Симонов, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев и многие другие ученые
и психологи.
Достарыңызбен бөлісу: |