268
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуды меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің
жоғары деңгейі, «мен» бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуы
көмектеседі.
Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай,
табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жанын аямай еңбек ету
қажет. Орта буындағы оқушыларды сыни ойлау мүмкіндігі қалыптаса бастаған
жас жеткіншектер деуге болады. Осы арада оқушыларды сын тұрғысынан
ойлантуға тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу.
Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға
проблема қойып оны шешуге ықпал жасап отыру да аса маңызды. Сабақ беру
үрдісінде аталмыш әдіске оқушыларды баулудың маңызы зор.
Мысалға, жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау
жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік
көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау,
қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері
байқалып тұруы қажет. Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде
бағыт-бағдар берген абзал. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты –
логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін,
қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сыныпта қабілетті, икемділігі,
қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады.
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін
нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам аса күрделі де
қым-қиғаш ой-санаға ие. Бұл – үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат.
Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы
өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін
дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы
қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше
өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Ал бүгінгі
күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында сын тұрғысынан ойлай
білу басты нысана болып, керісінше, оқушыда сыни көзқарастың болмауы
үлкен проблема саналып отыр.
Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек өз-өзіне сенімді,
әр нәрседен хабары бар адамдардың ғана қолынан келеді. Демек, орта буын
оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың
қабілеттерін дамытудың мәні зор.
Еліміздің білім саласында оқытудың жаңа технологияларының бірнеше
түрлері қолданылуда.
Ұстаздардың шығармашылығын,
іскерлігін жетілдіру мақсатында
ұйымдастырылған шығармашылық топтар бар. Олар:
1. Вариативті (стандарттан тыс жұмыс істейтін мұғалімдер);
2. Тұрақты күнтізбелік жоспармен жан-жақты жұмыс
істейтін
мұғалімдер;
3. Репродуктивті (кітаптағы білімді қайталау);
269
4. Проблемамен (зерттеу мақсаты);
5. Инновация (жаңашылдық).
Нарықтық қатынастар орныға бастаған егемен еліміздегі білім
мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру
және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты
білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда
Еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-
жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес байлығы.
Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған М.Әуезовтің:
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деген
сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез келген мемлекеттің
мәдениеті дамуының деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын,
өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден-бір көрсеткіш – білім берудегі
жүйелілік және сапалылық.
Әдебиеттер:
1. Жұмақұлова М.Қ. Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын
арттыру арқылы білім сапасын көтеру [Текст] / М. Қ. Жұмақұлова // 12 жылдық
білім беру-12-летнее образование. - 2010. - №12. - С. 76 – 80.
2. Қазыбаева К. Сын тұрғысынан ойлау, зерттеу әдісі [Текст] / К
Қазыбаева // Биология және салауаттылық негізі. - 2011. - №4. - С. 8,11.
3. Ахаева С. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу және жазу [Текст] / С.
Ахаева // Қазақ тілі. - 2007.-№1. - С. 11-13.
СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ СМЫСЛОВЫХ ХАРАКТЕРИСТИК
ПОНЯТИЙ «КОМПЕТЕНЦИЯ» И «КОМПЕТЕНТНОСТЬ»
Стукаленко Н.М., Ракишева Г.М.
Кокшетауский государственный университет им.Ш.Уалиханова, г.Кокшетау
nms.nina@mail.ru
В условиях модернизации современного отечественного образования
важнейшей задачей является формирование ключевых компетенций и как
следствие актуальным становится вопрос компетентностного подхода в
образовании. В ежегодном Послании Президента Республики Казахстан
Н.А.Назарбаева «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы,
единое будущее» (2014г.) Президент, обращаясь к казахстанцам, подчеркивает:
«Наша страна и общество должны изменяться также стремительно, как быстро
будет меняться весь окружающий нас мир» [1]. В Концепции образования
Республики Казахстан до 2015 года отмечается, что основной целью
образования становится не простая совокупность знаний, умений и навыков, а
основанная на них личная, социальная и профессиональная компетентность –
Достарыңызбен бөлісу: |