259
бағдарламалары қазақ тілін оқытудың басты мақсаты – ауызша сөйлеуді
үйретуді анықтап берді. [2: 32].
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне үйрету күрделі үдеріс
болғандықтан, ол өзіне тән ерекшеліктерге ие, сондықтан оқытудың әдістері
мен тәсілдерін таңдау маңызды рөл атқарады.
Егер мектеп жасына дейінгі балада ана тілі әлі де болса жеткілікті
қалыптаспаса, ол оқып, жазуды әлі меңгермесе, егер қажетті тілдік орта
болмаса, егер қазақ тілінің біздің қоғамымызда әлі де болса қажеттігі
жеткіліксіз болса, екінші тілге үйретуді қалайша жүзеге асыруға болады? Біздің
жауабымыз – бұл уақытша қиындықтар. Біраз уақыт өткен соң қазақ тілі өзінің
лайықты орнын иемденеді. Сондықтан болашақ ұрпақта қазақ тіліне деген
құрмет пен ол тілде сөйлесуге деген талпынысын тәрбиелеу үшін бүгіннен
бастап оны мектеп жасына дейінгі шақтан оқытуды ұйымдастыруды бастау
керек.
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың педагогтары алдында маңызды
міндет тұр – қазақ тіліне оқытудың аса қызықты әрі тиімді әдістері мен
тәсілдерін табу. Осыған сәйкес оқытудың дәстүрлі құралдары мен әдістерімен
қатар онда ақпараттық және қатысымдық технологияларды қолдану да
маңызды орын алып отырғанын атап өткен жөн.
Ақпараттық және қатысымдық технологиялар заманауи мектеп жасына
дейінгі ұйымдардың білім беру кеңістігін кеңейтуге ықпал ететін аса тиімді
құрал болып келеді.
АҚТ – ақпаратты құру, беру және тарату үшін қолданылатын сандық
технологияның
кеңінен
тараған
спектрі
(компьютерлік
құрылғы,
мультимедиялық құралдар, аудио-бейне және т.б. көптеген құралдар) [3: 6].
Мектеп жасына дейінгі ұйымның ұйымдастырылған оқу әрекеті
үдерісінде қолданылатын АҚТ барлық құралдарын аудио, бейне құрылғылары
және мультимедиялық құрылғылар деп бөлуге болады.
Біздің мектеп жасына дейінгі ұйымда медиатека бар. Ол қазіргі заман
талаптарына сай жақсы жабдықталған. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды
мемлекеттік тілге үйретудің сапалы болуын қамтамасыз етуге арналған аудио
және
бейне
материалдар
жинақталған.
Бұл
жаңылтпаштардың,
мадақтамалардың, уату жырларының, тақпақтардың, ертегілердің аудио
жазбасы, мазмұны жеңіл, мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті
мультфильмдердің бейнежазбалары, барлық бағдарламалық тақырыптарға
арналған тұсаукесерлер жинағы.
Оқу әрекетін ұйымдастыру барысында берілген лексикалық тақырыптар
бойынша танымдық тұсаукесерлер мен компьютерлік ойындар пайдаланылса,
білімді, біліктілік пен дағдыны бекіту мақсатында - аудио ертегілер мен бейне
әңгімелер
қолданылады.
Аталған
құралдарды
пайдалану
біздің
тәрбиеленушілердің тілдік белсенділігін дамытуға ықпал етеді және қазақ тілін
үйренуге деген қызығушылықтарын арттырады.
АҚТ ұйымдастырылған оқыту әрекетінде қолдану балаларда себептілік
түрлерінің дамуына әсер етеді: ұсынылып отырған материалдың қызықты
болуына байланысты өзіндік және балаға үйреніп жатқан тілді түсінетінін
260
көрсетуге байланысты себептілік. Бұл мектеп жасына дейінгі балаға
қанағаттану сезімін әкеледі, өз күшіне деген сенімін және әрі қарай жетілуге
деген ұмтылысын арттырады.
АҚТ көмегімен мектеп жасына дейінгі бала өзіне арналған сөзді түсінуге
үйренеді, қарапайым тілдік құралдарды қолдана отырып қоршаған адамдармен
қарым – қатынасқа түсуі, өз өтінішін, ойлары мен көңіл-күйін жеткізе алуы
дамиды, сөздік қоры баийды.
Ақпараттық және қатысымдық технологиялар қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыруға және жаттықтыруға мүмкіндік
береді. Ұйымдастырылған оқыту әрекеті кезінде АҚТ пайдалана отырып,
балалар қазақ тілінің семантикалық негізін тез үйреніп алады да, біртіндеп
өздері сөйлей бастайды.
Аса үлкен нәтижеге қол жеткізуге толықтай ену әдісін қолдану ықпал
етеді. Бұл әдіс баланың үйреніп отырған тілмен жиі және терең қатынасқа
түсуін білдіреді. Бала санасы керемет қабылдағыш келеді, тіпті сол сәтте оқыту
нәтижесі көрінбесе де, ол біраз уақыттан соң мектеп жасына дейінгі
балалардың лингвистикалық қабілеттерін ашады.
Оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап естиярлар тобында
балалардың сөздік қоры біршама толыққан кезде ұйымдастырылған оқыту
әрекетінде қазақ тіліндегі аудио ертегілерді тыңдатуға болады. Ол оқытудың
әдістері мен тәсілдерін түрлендіре отырып, балалардың қазақ тіліне деген
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Жұмыстың бастапқы кезінде мазмұны жағынан қысқа қазақ халқының
ертегілері: «Бір қазан сүт», «Екі қозы», «Құйыршық», «Түлкі мен ешкі» және
қазақ тіліне аударылған орыс халқының ертегілері «Бауырсақ», «Үйшік»,
«Шұбар тауық» ертегілері тыңдатылады. Педагог бұл аудио ертегілерінің
балалар үшін түсінікті болуын қадағалау керек, әйтпесе ол балаларды
шаршатып жібереді де, олардың қызығушылығы болмай қалады. Мектеп
жасына дейінгі балалардың оқуға деген қызығушылығы болмаса, алға қойған
мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмай қалады.
Егер аудио ертегілерді көрнекті және иллюстрациялық материалдармен
үйлестіре қолданса, ол жұмыстың тиімділігін арттыра түсері сөзсіз. Аудио
ертегіні тыңдай отырып, балалар педагогтармен бірге оның сюжетіне қатысты
суреттерді қарап, сөздер мен фразаларын қайталап айтып отырады.
«Толықтай ену» әдісін қолдану кезінде ертегіні аудио құрылғыдан тыңдай
отырып, суретін салады. Ертегі сюжеті бойынша сурет ертегі балаға аз да болса
таныс болғанда ғана жақсы шығады. Сондықтан балаларға мұндай тапсырманы
бермес бұрын ертегіні бірнеше рет тыңдатқан дұрыс.
Тыңдау кезінде сурет салу – күрделі үдеріс, ол баладан бір мезгілде
қабылдап, алған ақпаратын сурет бетіне түсіруді қажет етеді. Сурет салу
кезінде
балада
естігендерімен
байланысты
ассоцияциялық
түсініктер
қалыптасады. Ерікті де еріксіз сөздер мен ойлар бала есінде сақталады да,
салынып жатқан сурет сюжетіне түседі. Педагогқа балалардың бір мезгілде
тыңдап, естігендерін сала алатындарына назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |