Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет122/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   174

 
266 
Жоғарыда  айтылғандарға  сүйене  отырып,  инновацияның  негізгі 
заңнамалық  жобасын  құрастыруға  болады:  инновацияның  дәрежесі  неғұрлым 
жоғары  болса,  соғұрлым  инновациялық  үрдісті  ғылыми-негіздемелік  жағынан 
басқару талаптары жоғары болады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1. Алексеева Л.Н. Инновационные технологии как ресурс эксперимента // 
Учитель. -2004. -№3. – с.28. 
2. Ожегов  С.И.,  Шведова  Н.Ю.  Толковый  словарь  русского  языка. 
Издательство «Азъ». -1992.  
3. Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии:  Учебное 
пособие. –М.: Народное образование. -1998. –с.87. 
4. Пугачёва 
Н.Б. 
Источники 
инновации 
общеобразовательного 
учреждения // Завуч. -2005. -№3.-с.29. 
5. Дебердеева 
Т.Х. 
Новые 
ценности 
образования 
в 
условиях 
инновационного общества // Инновации в образовании. -2005.-№3.-с.5. 
6. Загвязинский  В.И.  Инновационные  процессы  в  образовании  и 
педагогическая  наука  //  Инновационные  процессы  в  образовании:  Сборник 
научных трудов. –Тюмень. -1990. –с.8. 
 
 
 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Саттыбаева  Б.А., Нуржаксина М.Қ. 
Көкшетау  қ., №21 орта мектебі,   
Ш.Уәлиханов  атындағы Көкшетау  мемлекеттік  университеті 
   
«Адам 
ұрпағымен 
мың 
жасайды» 
– 
дейді 
халқымыз. 
Ұрпақ 
жалғастығымен  адамзат  баласы  мың  емес  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді. 
Жақсылыққа  бастайтын  жарық  жұлдыз  –  оқу.  «Надан  жұрттың  күні  –  қараң, 
келешегі тұман»  – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді 
ұрпақ.  Сусыз,  құрғақ,  таса  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні  сияқты,  жас 
ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.  
Еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-
жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес байлығы. 
Бүгінгі таңда қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушы тұлғасын жан-
жақты  дамытуда,  терең  білім  беруде,  ғылымның  соңғы  жаңалықтарын 
пайдаланып,  шығармашылық  жұмыстарды  жасауға  қабілетті,  дүниетанымдық 
көзқарасы  кең,  өзіндік  ой-өрісі  дамыған,  рухани  бай,  дарынды  тұлға 
қалыптастыру. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Республикамыз-
дың  білім  және   ғылым   қызметкерлерінің   ІІ  съезінде   сөйлеген   сөзінде  білім 


 
267 
беру  ісін  реформалау-дағы   стратегиялық   міндеттердің   бірі   шығармашылық 
тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру  мен  тәрбиелеу  екендігіне 
баса  назар   аударып,   жалпы   білім   беретін   орта   мектепте   білім   берумен 
қатар 
адалдық, 
адамдық, 
Отанын 
сүйе 
білу 
сияқты 
гумандық   сезімдерге   тәрбиелеу  қажеттігі  өзекті  мәселе  болып  отырғандығын 
ерекше атап өтті.  
Қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  басты  міндет  – 
оқушылардың    сапалы    білім  дағдыларын  қалыптастыру.  Міне,  өз  ұрпағының 
өнегелі,  өнерлі,  еңбексүйгіш,  абзал  азамат  болып  өсуі  үшін  халық 
педагогикасының  негізгі  мақсатын  сын  тұрғысынан    оқытып,  оқу-тәрбие 
үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. 
Соңғы  уақытта  заман  ағымына  байланысты  білім  мазмұнында  көптеген 
түбегейлі өзгерістер болуда. 
Сыни  ойлау  –  ашық  қоғам  негізі.  Сыни  ойлау  деген  –  әр  жеке  тұлғаның 
кез  келген  жағдайдағы  мәселені  ойлап,  зерттеп  қорытып,  өз  ойын  еркін  ортаға 
жеткізе  алуы.Сыни  тұрғыдан  ойлау,  өзіндік,  жеке  ойлау  болып  табылады.Ол  – 
өз  алдына  сұрақтар  қойып  және  үнемі  оларға  жауап  іздеу,  шешімін  табуды 
қажет  ететін  мәселені  анықтау,  әр  мәселеге  байланысты  өз  пікірін  айту,  оны 
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және 
сол  дәлелдемелердің  қисынын  зерттеу  дегенді  білдіреді.  Нағыз  сабақ  –  ол 
әрқашан  диалог,  іздене,  дайындала,  үйрене,  шәкірттер  болашағын  ойлай 
жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі.  
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? 
 
Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге 
сыни көзбен қарау; 
 
Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер 
қабылдауға құштарлық; 
 
Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, 
үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. 
Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай 
бір-бірінен 
өзгешеленеді. 
Адамның 
айналасын 
танып 
білуге 
ортаға 
бейімделуінде  емес, оған сын тұрғысынан қарауында. Егер әр оқушының жеке 
тұлға  ретінде  қалыптасуын  қамтамасыз  ету  қажет  болса,  онда  баланың 
қабілетін  түрлі  әрекетке  көрсету  үшін  зерттеуге  дайындау  қажет.  Балаларды 
оқытуға зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының 
басымдығымен  түсіндіріледі.  Оқушының  өзіндік  зерттеу  әрекеті  оның  өзіндік 
талабын  қанағаттандыруда  ықпал  етеді.  Оқушылар  қоршаған  ортамен  таныса 
отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, 
өзі ашады. Сын тұрғысынан ойлау   адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: 
бір  жағынан,  жаңа  өнімге  қол  жеткізуінде,  екінші  жағынан,  ізденіс  процесінің 
мәнділігінде. 
Сын  тұрғысынан    ойлау      арқылы  оқушының  жолдасына,  өмірге,  білімге 
деген  сенімі,  көзқарасы  өзгереді.  Тіл  дамыту  жұмыстары  жан-жақты  болса, 
ойының  дәлдігі,  тілінің  көркемдігі  артады.  Тақырыпты  меңгеруге  өз  күшіне 
сену қасиеті қалыптасады. 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау