Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет96/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174

 
209 
барады?  Оқушыларға  берілетін  қосымша  ақпарат  түйе  оңнан  солға  қарай 
айналып  жайылады.  Ешкі  мен  сиыр  мүйізіндегі  бунақ  олардың  жасын 
көрсетеді.  Ешкінің  мүйізінде  екі  бунақ  болса,  ешкі  неше  жаста?Сиырдың 
мүйізінде бір бунақ болса, сиыр неше жаста болады? 
Ойынның  соңында  ойында  аталған  төрт  түлік  малға  сәйкес  өлең  жолын 
жалғастыртуға болады. 
                                Қой бағып, қойшы атандым, 
                                ..... (жылқы)............................ 
                                ......(сиыр)................................, 
                                .......(түйе)................................ 
                               Еңбек етіп рақатқа баттым. 
10 көлеміндегі сандарды қосып, азайту тапсырмаларды өлеңмен келтіруге 
де болады. 
                                     Түйе, бота маң басқан,  
                                     Төрт аяғын тең басқан. 
                                     Шұнақ құлақ бес ешкі. 
                                     Сиыр, жылқы тағы бар. 
                                     Санашы  болды неше мал? (9) 
«Алтынның сыры кетпес, сыры кетсе де сыны кетпес», деп қазақтың қара 
есептерін  де  пайдалануға  болады.Аталған  жұмыстар  математика  ұғымдарын 
меңерте  отырып,  балғын  балаларды  халықтың  дәстүріне,  отбасындағы  дұрыс  
қарым-қатынасқа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.  
Тіл  дамыту  жұмыстарында  микродискуссия  ұйымдастыруға  болады.  Ол 
үшін  мәселелік  сұрақтарды  қолдану  тиімді.  Мысалы:  Біз    бір-бірімізбен  дұрыс 
сөйлесеміз,  бе?  Сендермен  әдепті  сөйлескенде  өзідеріңді  қандай  күйде 
сезінесіңдер? Егер адамдар бір-біріне әдепті сөздерді айтпаса не болады? 
«Сәлем  -  сөздің  анасы»  деген  мақалды  қалай  түсінесіңдер?  Осы 
сауалдардан  кейін  «Әдепті  Көжек»  атты  ертегісімен  танысып,«Әдептілік 
әліппесі»  тақырыбына  өздерінің  микрожобаларын  жасайды.  Ол  жобада 
сыныптастарына  кеңестер,  белгілі  бір  ережелер  ұсынады.  Бұл  жұмыстың 
мақсаты  балаларды  әдептілік  не  екенін  түсіндіруден  гөрі,  баланың  әдептілікті 
өздігінен  түсініп  ұғынуы  көзделеді.  Бұл  оған  сыныптастарымен,  достарымен, 
басқа  да  адамдармен  дұрыс  сөйлесе  білуге,  әдептілік  арқылы  жақсы  қарым-
қатынас орнатуға көмектеседі, толеранттылық қасиетіне тәрбиелейді. 
Бірінші  сыныптың  екінші  жарты  жылдығында  оқушылар  диктант, 
бақылау  көшіріп  жазу,  оқу  шапшаңдылығын  анықтау  жұмыстары  басталады. 
Аталған  жұмыстарда    белгілі  бір  мөлшерде  адамгершілік  аспекті  бар,  ұлттық 
нақышы  бар  мәтіндерді  қолданамын.  Мысалы:  «Тоқымқағар»,  «Ерулік», 
«Менің  тегім»,  «Ауызбірлік»,  «Атамның  болжамы»,  «Наурызкөк»  атты 
мәтіндер.Ұлттық  педагогиканың  ұмытылған  идеяларын  қайта  жаңғырту 
тақырыбы  ерекше  мәнді  болып  отыр,  себебі  әрбір  бала  өзінің  шыққан  тегін 
білетін, атамекенін сүйетін адам болуы тиіс. Әрі қарай олардың еңбек ету және 
Отанын,  туған  жерін  қорғау  қабілетінің  мөлшері  осы  махабаттың  күшімен 
анықталады.  Балаларды  халықтық  салт-дәстүрге  баулуды  ерте  жастан  бастау 


 
210 
қажет,  бұл  кезде  бала  қоршаған  ортаны  біртұтас,  таза  әрі  қажетті  нәрсе  деп 
қабылдайды, таным және қабылдау қабілеттері барынша жоғары болады [3]. 
Өсіп  келе  жатқан  жас  буынның  бойына  жаңа  қазақстандық  патриотизм 
сезімін  қалыптастыру  үшін  әр  ұлттар  мен  ұлыстар  тек  өзінің  мәдениетін  ғана 
танып-білуі  жеткіліксіз,  сонымен  қатар  олар  бір-бірін  танып-біліп,  құрметтеуі 
тиіс.  Осы  мақсатта  сыныпта  орыс  халқының  «Масленица»  дәстүрімен 
таныстық.  Бірінші  сынып  болғандықтан,  бұл  жоба  ата-аналармен  бірге 
өткізілді.  Ата-аналар  алдын  ала  бірнеше  топқа  бөлініп  алды,  бұл  топтардың 
құрамына оқушылар да болды. Бірінші топ бұл дәстүрдің қалай пайда болғанын 
әңгімелеп  берді.  Екінші  топ  осы  мерекеде  киетін  ұлттық  киім  мен  әндерін, 
билерін  тамашалатты.  Үшінші  топ  осы  мерекеде  дайындалатын  «блины» 
тағамымен таныстырып, оны әзірлеу жолын айтып берді. Бұл жобаның мақсаты 
халықтар  достығының  идеясын  ұстану  және  насихаттау.  Адамгершілікті, 
өркениетті  патриотизм  қашан  да,  халықтар  достығының  идеясымен,  
тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. 
Аталған  жұмыстар  оқушылардың  нақты  іс-әрекетті,  мінез-құлқын 
ұйымдастырып,  оған  бағыт  береді.  Танымдылығын  қалыптастырады,  яғни 
патриотизмге тәрбиелейді. 
Патриоттық  сезімінің  объектісі  мен  қайнар  көзі  –  Отан,  оның  мазмұны  –
туған  жер,  табиғат,  оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер,  туған 
өлкедегі  тамаша  киелі  орындар.  Олардың  адам  көкірегіне  жылылық,  
жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне 
айналуы-патриотизмге  тәрбиелеудің  арқауы.  Қасиетті  сезім  баланың  бойыда 
біртіндеп  қалыптасатын  құдіретті  сезім.  Бұл  сезім  әркімде  әр  кезеңде  оянып, 
кейін  кәмелетке  келгенде  біржола  буыны  қатайып,  тәжірибемен,  уақытпен, 
біліммен,  қоршаған  орта  ықпалымен,  балабақша,  отбасы,  мектеп,  жоғары  оқу 
орындары,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстар 
әсерімен қалыптасады [4]. 
  
Пайдаланған әдебиеттер: 
 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Жолдауы. 
2. Қалиев  С.К.  Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық  негіздері  мен 
тарихы. – Алматы: Рауан, 1998. – 128 б. 
3. Қалымбекова  А.А.  Қазақ  халық  тәрбиесінің  асыл  мұрасы.  Алматы: 
БАУР.2011. -488 б. 
4.   Ушинский К.Д. Вопросы воспитания. Соч.: в 2 т-М., 1953.Т.1.- 639 с.   
          
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау