Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет89/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   174

 
194 
үрдіс  барысында  сездіре  білуіміз  керек.  Ұлт  алдындағы  міндетті,  Қазақ  елі 
алдындағы  ұлы  Мәңгілік  ел  миссиясын  бүгінгі  шәкірт,  ертеңгі  ел  болашағы 
тұщынып, білімге талпынып, еңбектенуі қажет.  
Патриоттық  тәрбие  –барлық  тәрбие  бастауы.  Ал  тәрбие  отаннан 
басталады. Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. 
«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім керек» 
деп  ұлы  Шоқан  Уалиханов  айтқанындай,  егеменді  елдің  ертеңгі  ұрпағының 
оқу-білім  тереңдігі  немен  өлшенеді?  Адамның  өмір  сүруі  мен  еңбек  етуіне 
лайықты  жағдай  туғызу  әлеуметтік  әділеттілікті,  азаматтық  бостандықты  және 
жан-жақты  дамуды,  рухани  және  интеллектуалдық  әлеуетінің  жетілу 
мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігі мен 
білімділігін жетілдіру міндеттерін көздейді. 
Білім беру жүйесіндегі ұлттық және патриоттық  қазыналар ретінде, жеке 
адамның  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  ашу,  адамгершілік  пен 
имандылық  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  әрбір  адамды 
дамыту  үшін  қажетті  жағдайларды  жасалуы,  қоғамның  және  мемлекеттің 
алдындағы 
және 
құқықтары 
мен 
міндеттерін 
түсіндіруді, 
сондай-ақ 
республиканың  мәдени  қоғамдық  және  экономикалық  және  саяси  өміріне 
қатысуы болып келеді.  
Кезінде,  қазақ  халқының  зиялы  азаматтарының  бірі  –  Мағжан  Жұмабаев 
қазақтың  ұлттық  мектебінің  моделін  ұсынған  болатын.  Онда  «Әрбір  ұлттың 
баласы  өз  ұлтының  арасында  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан, 
тәрбиеші  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбиелдеуге  міндетті»  десе,  Дулат 
Міржақыпов  мектептің  мақсаты  туралы  «…  Жалғыз  құрғақ  біліді  үйрету  емес, 
біліммен  бірге  жас  ұрпақтың  бойына  халқымыздың  өнегелілік  қасиеттерін 
қалыптастыра білуіміз қажет» [2] деп тамаша айтқан.  
Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  -  дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани 
ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер, 
бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Мектепте  мұғалім  басты  тәрбиеші,  білім  беруші.  Мұғалім  әр  сабақта 
жасөспірімдерге  білім  беріп  қана  қоймайды,  оны  өзінің  ақыл-ой  парасатымен, 
ұлттық  педагогикасымен  ұштастыра  отырып,  жасөспірімдерді  азаматтыққа, 
ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.  
Ұрпақ тәрбисі тілден басталады. Ұлттық психология мен дүниетанымдық 
көзқарасты 
қамтамасыз 
ететін 
– 
тіл. 
Сондықтан 
қоғамның 
басты 
мақсаттарының  бірі  –  сәбиден  бастап,  барлық  жеткіншек  жасөспірімдер  және 
жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  жастары  туған  елінің  рухани 
қоғамдық  өмірінен  қол  үзіп  кетпеу  үшін,  әрбір  жасөспірім  өнегелік  қасиеттен 
жұрдай  болып  қалмау  үшін  ана  тілін  білуді  өмірлік  қажеттілігіне  айналдыру 
көзделіп отыр. 
Жүсіпбек Аймауытов білім негізі мектепте ана тілі арқылы меңгерілетінін 
баса көрсеткен:  «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге тілдерді меңгеру 
мүмкін  емес…».  Жүректің  терең  сырларын,  басынан  кешкен  барлық 
толқындарын  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіп,  сақтап  отыратын  мол  қазына  – 
халықтың  тілі.  Қай  уақытта  болмасын,  өнегелілік  қасиеттерді  қалыптастыру 


 
195 
қоғамдағы  моральдік  нормалардың  негізінде  жүргізілген.  Олар  өзінің 
әлеуметтік  мәні  жағынан  бүкіладамзаттық,  таптық  болуы  мүмкін  деген  ой 
философиялық әдебиеттерде үстемдік етіп келеді. 
Негізінен  алғанда,  ұлттық,  психологиялық  өмір  тіршілігіне,  орналасқан 
жеріне,  кәсібіне  байланысты  жүздеген,  мыңдаған  жылдар  ішінде  қалыптасқан 
бүкіл  ел  болып  мойындаған  моральдік  нормалары  болуы  тиісті  екенін  білуіміз 
керек.  Қай  ұлттың,  қай  халықтың  болса  кемеліне  келіп  толысуына,  рухани 
өшуіне,  әдеби-мәдени  дамуына  басты  ықпал  жасайтын  негізгі  тірек,  ол  –  
ұлттық мектеп. 
Ал  сол  ұлттық  мектепте  оқушылардың  ұлттық  келбетін  қалыптастыруда 
патриоттық тәрбиенің маңызы орасан.  Бұл үшін ұстаздар қауымы әр шәкірттің  
ұлттық  тілдегі  білімге    талпынысын  жоғарылатуы  қажет.  Тек  жүйелі  оқу-білім 
арқылы  ғана  ұлтқа  жанашыр,  ел  ертеңіне  бей-жай  қарамайтын  ұрпақ 
тәрбиеленеді.  Игерген  білімі  мен  білігін  Қазақ  елінің  сан  саласына  бағыттау 
арқылы шынайы патриот азамат қалыптасады.  
Мектеп  кезінен-ақ  оқушылар  бойына  патриоттық  сезімді  ұялатып, 
Отанын  қорғауға  деген  сүйіспеншілігін  арттыру  –  бүгінгі  күннің  басты 
мақсаттарының  бірі.  Кеудесіне  “бұл  менің  елім,  менің  жерім”  дейтін  сенім 
ұялата  білген  жас  қана  өз  елінің  шынайы  патриоты  бола  білмек.  Көк 
байрағымызды  желбіретіп,  Әнұранымызды  әуеде  қалықтатып,  ел  мерейін 
асырып  жүрген  спортшыларымыздың  бойында  елге  деген  сүйіспеншілігі 
қашанда асқақ болады. 
Жалпы,  патриоттық  тәрбие  беру  ісі  жан-жақты  әрі  барлық  жерде  жаппай 
жүргізілуі  керек.  Нақтырақ  айтсам,  өзінің  баласына  немесе  немересіне 
патриоттық  тәрбие  беруді  әрбір  ата-ана  отбасынан  бастағаны  абзал.  Одан  соң, 
отбасында  алған  тәрбиені  балабақшада,  мектепте,  жоғары  оқу  орындарында 
одан  әрі  жетілдіргені  жөн.  Себебі,  патриоттық  рухта  тәрбиелеген  ұл  мен  қыз 
ешқашан  да  жаман  іске  бармайды.  Патриотизм  дегеніміздің  өзі  отаншылдық 
дегенді білдіреді. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, 
туған жеріне деген жылы сезімінен бастау алады. 
Жас ұрпаққа өнеге көрсету, патриоттық тәрбие беру қоғам алдындағы аса 
маңызды  міндеттердің  бірі  екені  анық.  Халқымыз  жастарға  патриоттық  тәрбие 
беруге  өте  ерте  бастан  мән  берген.  Патриоттық  тәрбие  болашақ  Отан  азаматы 
тұлғасын  қалыптастыруды  мақсат  тұтады.  Спорттық-патриотизм  дене  спорты 
және 
дене 
шынықтыру 
сабақтары 
арқылы 
шыдамдылыққа, 
ерлікке, 
тәртіптілікке  шыңдайды.  Патриоттық  сезім  жай  ғана  ана  сүтімен  беріле 
салмайды.  Ол  сезім  ең  әуелі  отбасында,  балабақшада,  мектепте  қалыптасады. 
Отансүйгіштік  деген  кіршіксіз  сезім  әр  адамның  туған  ауылынан  басталады. 
Яғни,  өз  ауылының,  халқының,  елінің  тарихын,  дәстүрін  жақсы  білетін  адам  – 
патриот болады. Балаларды, жастарды патриоттыққа тәрбиелегенде біз елімізді 
қорғаған алдыңғы ұрпақ патриоттардың ісін, ерлігін үлгі етуіміз керек. 
Кез  келген  адам  нағыз  патриот  болуы  үшін,  өз  елінің,  өз  халқының 
тарихымен,  бүгінгі  жетістіктерімен  мақтана  білуі  керек.  Қазіргі  жас 
спортшыларымыз  еліміздің  патриоты  деп  айтуға  болады.  Себебі,  көк 
байрығымыз  көкке  көтерілгенде  жүректері  лүпілдеп,  осы  қазақ  елінің  азматы 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау