6
«Есептерді теңдеу құру арқылы шығару» тақырыбын бекіту мақсатында
«Мен қандай сан жасырдым?» ойыны ұсынылады.
Мен бір сан ойладым, оған 17-ні қостым, шыққан қосындыны 5-ке
көбейттім де, 95 сан шығардым. Мен қандай санды жасырдым? (Х+17)х5=95,
Х+17=19, Х=2. [5:96]
Оқу үрдісін жандандыру мақсатында әртүрлі танымдық тапсырмалар
құрастырамын, техникалық және әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқу
материалын әртүрлі тәсілдермен ұсынамын. Мысалы, оқушыларға ребустың
шешуін табу ұсынылады:
1. 6х21+2хх=х958. Бұл жерде мысалды баған түрінде жазса, барлық түсіп
қалған сандар көрінеді. (6721+237=6958) [6:37]
2. Екі санның қосындысы 462. Бір қосылғыш нөлмен аяқталады. Егер
нөлді алып тастаса, екінші қосылғыш шығады. Бұл қандай сандар? (420 және
42) [7:37]
Қорыта келе, математика сабақтарында дидактикалық ойындардың
құндылығы мынада: ойын барысында балалар өз бетімен жаңа білім алуға
дағдыланады, логикалық ойлау қабілеттері артылады. Сол себептен математика
сабақтарында дидактикалық ойынның қолдану идеясы қуатталады, ойын
арқылы баланың қызығушылығы танылып, оны арттыру жолы жоспарланады.
Оқушы ақпаратты сезіммен қабылдаса, егер де оны бір нәрсе таң қалдырса, дәл
сол сәтте тұлғаның табиғи қабілеті жоғарлайды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Жикалкина Т.К. Игровые и занимательные задания по математике.
Москва. Просвещение.1989.
2. Ақпаева Ә.Б, Лебедева Л.А., Бурова В.В. Математика. Бақылау және
тексеру жұмыстарына арналған дәптер. 1-нұсқа. Алматыкітап.2011.
3. Моро М.И.Вапняр Н.Ф. Математикалық тапсырмалар мен ойындар
жазылған карточкалар.Алматы.Рауан.1991.
4. Құрманалина Ш.Х., Сәрсенбаева С.Ш., Өміртаева Р.Қ. Математикадан
дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар.Алматы.Атамұра. 1997.
5. Чилингирова Л. Спиридонова Б. Играя, учимся математике. Москва.
Просвещение.1993.
6. Левитас Г.Г. Нестандартные задачи по математике. Москва. Илекса.
2006.
7. Глазырина Л.Л. Математика пәні бойынша бастауыш сынып
оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған
тапсырмалар жинағы. Көкшетау. Келешек.-2030.
7
ОРТА БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ОҚУ ТӘРТІБІНЕ
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
Аитеев Даурен Кельденович
Көкшетау қ., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде
лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы,
құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет.
Оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық
тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде
білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру
бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді
басқарудың тиімділігіне кері әсер тигізіп отыр.
Көптеген педагогика ғылымдары бойынша жүргізіліп жатқан
зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек тәжірибелік жағында көптеген
кемшіліктері бар екендігін көруге болады. Сондықтан біз зерттеп отырған
мәселе бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
педагогикалық
қызметті
дамыту
үшін
мұғалімнің
ақпараттық
коммуникациялық,мәдени және жаңа технологияларды қалыптастыратын
механизімдерді іске асыру қажет.
Мұғалiмнің
ақпараттық
-
коммуникациялық
құзырлылығы
мен
ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм
беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық
технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында дәстүрлі
оқу тәртібіне мультимедиялық технологиялардың, компьютердiң қолданыла
бастауымен тығыз байланысты.
Білім
беруді
ақпараттандырудың
басты
міндеттерінің
бірі
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Қалыптастыру
деңгейі біріншіден, ақпарат, ақпараттық үрдіс, модель және технологиялар
туралы біліммен, екіншіден, әртүрлі қызметтегі ақпаратты талдау және
өндеу құралдары мен әдістерін қолдану тәжірибесімен, үшіншіден, қазіргі
заманғы
технологияларды
кәсіпқой
қызметте
қолдана
білумен
ерекшеленеді.
Мәтіндік ақпаратпен, графикалық бейнемен, дыбыспен, анимациялы
компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін
қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы деп аталады.
Қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік
білім беру жүйесінің қалыптасуына маңызды рол атқарады.
Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық
қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін
береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың
тиімділігін
жоғарылатуға
мүмкіндік
береді.
Мультимедиялық
технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны
8
оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді.
Қорыта
айтқанда
Жаңа
коммуникациялық
технологияларды
пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық
меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді
ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық
оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты
программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы
үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның
қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде
мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және
шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Орта білім жүйесінде дәстүрлі
оқу тәртібіне мультимедиялық технологияларды интеграциялау қазіргі
өмір талабы.
Әдебиеттер:
1. Н. Назарбаев Қазақстан – 2030, ел президентінің Қазақстан халқына
жодауы, Білім: 1998 ж.
2. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары. 1
маусым 2003 жыл.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ МАМАНДЫҚҚА ІЗГІЛІК
ПАРАДИГМАСЫ НЕГІЗІНДЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Албытова Назымгуль Пышакбаевна, Белесова Нурсулу Абдигаппаровна
Астана қ., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
nalbytova@mail.ru
,
linni@mail.ru
Бүгінгі қоғам жаһандану үдерісінің нәтижесінде қарқынды дамып, білім
беру жүйесінің барлық саласының жаңаруына жол ашты. Соның ішінде жоғары
білім беру жүйесі әлеуметтік және экономикалық дамудың негізгі факторы
ретінде қарастырылуда. Еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету жағдайында жоғары оқу орны студенттерінің мамандыққа
бейімделуін дамыту қажеттілігі жоғары маңызға ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: «Жоғары білім беру жүйесінің міндеттері:
іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен
технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада
жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің
барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін
күшейту;
Достарыңызбен бөлісу: |