Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет139/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   174

 
300 
 «ПСИХОЛОГИЯ» секциясы 
Секция «ПСИХОЛОГИЯ» 
 
 
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» - ПЕДАГОГТЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 
ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МҮМКІНДІГІ 
 
Абдраимова Асем Бауржановна, Мамилина Құралай Қуанышбековна 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ»  
abdraimovaasem@mail.ru
 
 
Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа-адамгершілік-
рухани  тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды 
қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы  керек.  Халықта  «Ағаш  түзу  өсу 
үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны 
түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына 
жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды 
қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар 
шешуші  роль  атқарады.  Қазіргі  замандағы  жеке  материалдық  қамсыздық  пен 
жоғары  әлеуметтік  статус-  мықтылық  емес,  керісінше  әлсіздік  көрсеткіші. 
Адамның  жақсы  игі  істері,  мейірімділік  пен  жанашырлық  таныту  ғана  нағыз 
адамның  күші  болып  табылады.  Шындығына  келгенде,  жылдан  жылға  артып 
келе  жатқан  адам  өмірі  үшін  жасалып  жатқан  барлық  ыңғайлы  жағдайларға 
қарамай,  бүгінгі  заманда  тыныштық  пен  сенім  жоқ.  Осының  барлығына 
адамның    кері  іс-  әрекеттері  әкеліп  соғуда.  Мысалы,  заманауи  әлемнің 
глобальды мәселелерін еске түсірейік: экологиялық, әлеуметтік- экономикалық, 
террористік  актілер,  ұлтаралық  және  дінаралық  шектігістер  ж/е  т.б.  Сонымен 
қатар,  дағдарыс  бүгінгі  күні  әлеуметтік-  экономикалық  және  экологиялық 
ауқымда  ғана  емес,  ол  жеке  тұлғаларда    өмірдің  мәнін  жоғалтуларында, 
нашақорлық,  өз-  өзіне  қол  жұмсау  түрінде  етек  алуда.  Бірталай  білім  қорын 
игерсе  де,  адам  рухани  байлық,  мейірімділік  пен  зұлымдық,  сүйіспеншілік  пен 
жанашырлық туралы ойланбайынша бақытты бола алмайды.  
Бүгінгі  таңда  жаһандану  үрдісі  адамзатты  одан  әрі  біріктіре  түсуеді. 
Ортақ  проблемалардың  орын  алуы  ең  алдымен  рухтың  тазалығын  талап  етеді. 
Әлемді шарпыған рухани дағдарыс бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып бүкіл 
әлемді  алаңдатып  отыр.  Себебі  ол  бір  мемлекет  деңгейінде  емес,  бүкіл  әлемді 
шарпып отырған құбылыс. 
Осының  барлығы  бүгінгі  күні  білім  берудің  басты  мақсаттарына  көңіл 
бөлу  керектігі  жайында  ойландырады.  Заманауи  білім  ақыл-  ойды  ауқымды 
ақпараттармен  шектен  тыс  қамтуда.  Адамның  екі  қолына  да  жұмыс  жеткілікті 
бола  тұра,  ең  басты  сол  адамның  жүрегі  бүгінгі  жанталасқан  әлемде  ұмыт 
қалуда. Нағыз білім-  ақыл- ой, қол мен жүректі біріктіре білуі керек. Бастың не 
ойлағанын жүрек жақсы сезіне, кейін дұрыс ойластырылған шешім қол арқылы 
іске  асуы  міндет.    Ұлы  Абайдың  он  жетінші  қара  сөзінде  қайрат,  ақыл,  жүрек 
үшеуінің  айтысында  жүрек  айтыпты:  «Мен  -  адамның  денесінің  патшасымын, 


 
301 
қан мен арқылы тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ 
төсекте,  жылы  үйде  тамағы  тоқ  жатқан  кісіге  төсексіз  кедейдің,  тоңып  жүрген 
киімсіздің,  тамақсыз  аштың  күй-жәйі  қандай  болып  жатыр  екен  деп  ойлатып, 
жанын  ашытып,  ұйқысын  ашып,  төсегінде  дөңбекшітетұғын  -  мен.  Үлкеннен 
ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, 
ақырында  қор  болады.  Мен  таза  болсам,  адам  баласын  алаламаймын: 
жақсылыққа  елжіреп  еритұғын  -  мен,  жаманшылықтан  жиреніп  тулап 
кететұғын  -  мен,  әділет,  нысап,  ұят,  рақым,  мейірбаншылық  дейтұғын 
нәрселердің  бәрі  менен  шығады,  менсіз  осылардың  көрген  күні  не?  Осы  екеуі 
маған  қалай  таласады?»  -  депті.    Ал  халық  даналығы    «Адамның  ішкі  жан 
дүниесі  тынышталса,  оның  отбасында  да  тыныштық  болады.  Ал  отбасында 
тыныштық  болса,  қоғамда  да  тыныштық  болады.  Қоғамда  тыныштық  болса, 
мемлекетте  де  тыныштық  болады»  дейді.  Өкінішке  орай,  бүгінгі  ғылым  мен 
білім  беру  ортасы  жүректен  бұрын  ой  мен  ерікке  қызмет  етеді,  сондықтанда 
қазіргі  әлемнің    басты  міндеті-  ғылым  мен  білімді  өзінің  бастапқы  жоғары 
деңгейіне  жеткізу.  Нәтижесінде  білім  берудегі  басты  мақсаттардың  дұрыс 
қойылмағандығынан  дарынды  дамыған  оқушылар  бағдарлама  бойынша  алған 
көп  білімін  әрі  қарай  өмірде  қоғам  мен  өз  өмірін  дамыту  үшін  қалай  дұрыс 
қолдануын  біле  білмейді.  Сондықтан  да  бүгінгі  күндері  білім  берудің  екі 
аспектісі  бірдей  үйлесімді  дамуы  қажет,  ол-  интеллектуалды  (сыртқы,  ақыл-
ойға  арналған  білім)  және  рухани-  адамгершілік  (ішкі,  жүреккке  арналған 
білім).  Интеллектуалдық  білім  лампочкаға  ұқсайды,  ал  рухани-  адамгершілік 
білім электр қуаты. Екеуі де адамзат пен әлемнің қарқынды дамуы үшін қажет.  
Білім  берудің  бұл  екі  аспектісі  құстың  екі  қанатындай.  Егерде  құстың  бір 
қанаты  жетілмеген  болса,  онда  құс  ұша  алмай  бір  жерде  айнала  бермейді  емес 
пе. Сондықтан да «Өзін- өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып саналады, 
яғни  оның  мақсаты  заманауи  білімді  ішкі  біліммен,  рухани-  адамгершілік 
мағынамен  толықтыру  болып  табылады.Егерде    ата-  аналар  мен  мұғалімдер  
үлгі бола білсе, оқушылар міндетті  түрде нағыз жетілген адам болып, қоғамды 
дамытуға өз үлестерін қосады. 
Қазіргі мектепте көптеген мұғалімдер өзінің негізгі пәнін оқытуды мақсат 
ете,  өз  қызметі  туралы  негізгі  сұраққа-  «Мен  физикаға  оқытамын»,  «Мен 
тарихты  оқытамын»,  «Мен  математиканы  оқытамын»  -  деп  жауап  береді.  Ал 
дұрыс  жауап-  «Мен  балаларды  оқытамын»  болу  қажет.  Қандай  пәнді  оқытсақ 
та, естеріңізде болсын- біз балаларды оқытамыз. Сондықтан да, оқыту үрдісінде 
ең  маңыздысы  белгілі  бір  білім  қорын  жинақтау  емес,  жақсы  мінезді,  өзінің 
ішкі  ар-  ұятымен  келісімде  өмір  сүре  алатын    нағыз  тұлғаны  тәрбиелеу  болып 
табылады.Оқушыға рухани ізгілікті егу үшін, мұғалім өзі рухани ізгілікті болуы 
тиіс.  Ыбырай  Алтынсарин    «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  артық,  өйткені 
мұғалім  мектептің  жүрегі»-  дей  отыра,  «Егер  балалар  бірдемені  түсінбейтін 
болса,  онда  мұғалім  оларды  кінәлауға  тиісті  емес,  оларға  түсіндіре  алмай 
отырған  өзін  кінәлауға  тиіс».    Мұғалімдік  мамандық  –  бұл  адамтану,  адамның 
күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.  
Бүгінгі  күндері  мұғалімдер    балалардың  оқығысы  келмейтіндігі  туралы 
айтып жиі шағымданады. Бірақ, балалар туғанын бастап өзін, қоршаған ортаны 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау