Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет140/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   174

 
302 
тануға  өте  құштар  болатындығы  баршамызға  мәлім.  Неліктен  осындай  тануға 
құштар балалар мектепте оқығысы келмейді? Оның себебі неде және оны қалай 
жеңу қажет? деген сұрақтар туындайды. Оның қарапайым бір ғана жауабы бар, 
қай  заманда  болмасын  балалар  жанды  білімді  қажет  еткен  және  одан  әрі  қаже 
етуде.  Онда  жанды  білім  мен  жансыз  білім  дегеніміз  не?  Ізігілік 
педагогикасының негізін қалаушы ұлы  педагог Ш.А. Амонашвили бұл сұраққа 
былай жауап береді: 
«Жансыз  білім  дегеніміз    мектеп  табалдырығын  атап  шыға  салысымен 
ұмытылатын  және  ол  туралы  оқушыны  еш  өкіндірмейтін  сыртқа  берілетін 
білім. 
Ал жанды білім Білім беру мәдениетін құрады.  
Жанды білім: 
- адамды шабыттандырады; 
- ғылымдар көкжиегіне шақырады; 
- жаңа өмір жасауға іспеттеседі; 
- ойды жаңа ізденістерге жандандырады; 
- жаңа білім мен эволюцияны туындатады.  
Жанды  білім-  қанат  бітірсе,  жансыз  білім-  аяқты  көтертпейтін  жүк 
тәріздес  деп  түсіндіреді.Өзін-өзі  тану  мұғалімі,  ең  алдымен,  өзін-өзі  тануға, 
өзін-өзі  жүзеге  асыруға,  өзін-өзі  анықтауға  қабілетті,  оқушыларын  қалай 
тәрбиелегісі  келсе,  өзі  де  солай  болуға  ұмтылатын  педагог. Өзін-өзі  танудың 
ерекшелігін  ескере  отырып,  сабақтардың  бейстандарт  түрлері  қолданылады, 
мұғаліммен  ашық  диалог  жүргізіледі,  әлеуметтік-рөлдік  ойындар,  тренингтер, 
пікірталастар, өмірлік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. 
Рухани- адамгершілік білім – ол тек орқушының өзгеруі емес, ең алдымен 
мұғалімнің өзгеруі, өйткені бұл құндылықтарды оқулықтардан алу, тіпті жақсы 
дәрісті  оқып  алу  арқылы  түсіну  мүмкін  емес,  оның  барлығы  өмірлік 
тәжірибеден  алынады.  Сондықтан  да    мысалы,  мұғалім  салауатты  өмір  салты 
туралы қаншалықты әдемі айта білсе де, егерде өзі темекі шегетін болса, оның 
басқаны  үйреткенінен  не  пайда?«Мұғалімдік  мамандық  –  бұл  адамтану, 
адамның  күрделі  және  қызықты,  шым-шытырығы  мол    рухани  жан  дүниесіне 
үңіле білу» деген екен В.А.Сухомлинский. Мұғалім тұлғасы оқыту үрдісінен де 
маңызды,  өйткені  рухани-  адамгершілік  білім-    оқушының  ішкі  жан  дүниесін 
ашуға  мүмкіндік  беретін  тірі  білім.  Сүйе  білетін,  мейірімді,  өзінің 
қарапайымдылығы  және  шыдамдылығымен  кез-  келген  баланы  баурап  алатын 
ұстаз  оқушының  жақсы  мінезінің  қалыптасуына  зор  үлесін  қосады.  Егерде  әр  
ұстаз  өз  ісіне  берілген,  шыншыл  бола  білсе,  ұлтымыз  бен  қоғамымызға 
мыңдаған жақсы тұлғаларды, білімді ұлдар мен қыздарды сыйлар еді.  
Мұғалім үшін екі ұстаным бар: 
1. Өзіңнің үйрететін нәрселеріңді алдымен өзің ұстан. 
2. Бірінші ережені қара. 
«Егер  мұғалім  өн  бойына,  өз  ісіне,  шәкіртіне  деген  сүйіспеншілікті 
жинақтаса, ол нағыз ұстаз»-деген орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой. 
Білім алу -өмір сүру үшін ақша табу емес, білім алу дұрыс өмір сүру үшін 
болу  керек.  Білімнің  мақсаты-  баланы  толыққанды  жан-  жақты  дамыту.  Оқыту 


 
303 
үрдісінде    бала  тұлғасын  тек  физиологиялық  және  интеллектуалдық  жағынан 
ғана дамытып қоймай, ең алдымен бала тұлғасының ең жоғарғы адамгершілік- 
рухани табиғатын ашу. Заманауи қоғамға ой- өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет 
етуге дайын, ашық жүректі әрі білімді адамдар ауадай қажет.  
Бүгінгі жаңартылған «Өзін- өзі тану» бағдарламасының мақсаты-  рухани- 
адамгершілік  құндылықтарды  негізге  алатын,  ойы,  сөзі  мен  ісі  бір  жерден 
шығатын,  шынайы  мінезі  қалыптасқан    адамды  тәрбиелеу.  Тіпті,  Абай  өз 
заманында  былай  деген  екен:  «Білім  мен  ақыл-  ойды  сақтайтын  қойма- 
адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас».   
Осы  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  «Өзін-өзі  тану»  рухани- 
адамгершілік  тәрбие  беру  пәнін  болашақта  барлық  білім  беру  салдаларының 
негізі  болады  деген  сенімдеміз.  «Өзін  –  өзі  тану»  пәнін  өз  пәнімен 
ықпалдастыруды  терең  түсіне  білмейтін  мұғалімдер  мәселесі  мұғалімнің 
дүнетанымдық  позициясына  байланысты.  Егерде  мұғалім  өзі  ізденіп,  рухани- 
адамгершілік  тұрғыда  дамуға  ынталанбай,  тек  оқулықтағы  материалды  оқыту, 
бақылау  жұмысына,  емтиханға  дайындалу  мен  мектеп  рейтингісін  ойлап, 
нарықтық  экономикаға  сәкес  келу  туралы  ғана  ойласа,  ондай  мұғалім  рухани- 
адамгершілік тәрбиені өз пәнімен ықпалдастыра алмайды, балаға жанды  білім 
мен шабыт та сыйлай алмайды. Рухани- адамгершілік тәрбиені басқа пәндермен 
ықпалдастыру әр ұстаздардың ұстаздық парызы деп түсінген жөн. 
Сабақ  өте  қызықты,  тиімді  өту  үшін  мұғалім  мына  жеті  ережені  сақтауы 
керек: 
- Тәртіп; 
- Талап; 
- Тыныштық; 
- Тазалық; 
- Төзімділік; 
- Татулық; 
- Терең ой. 
Б.  Момышұлы  «Тәртіпке  бас  иген  құл  болмайды,  тәртіпке  көнбеген  ел 
болмайды»  деген.  Руханилық  пен  iзгiлiк  –  байланысты  ұғымдар.  Олар,  бiлiм 
әлемiнiң  бас  қасиетi  болып  табылса,  адам  табиғатының  өсуiне  ықпал  етедi. 
Сөзіміздің соңын мына өлең жолдарымен аяқтағымыз келіп отыр: 
- Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар, 
Шын шеберлер, өнерпаздар, дархандар. 
Әр шәкірттің жүрегінде бір ту бар, 
Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар! 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
 
1.   Абай Құнанбаев. Қара сөздері. Алматы. Жазушы, 1970. 
2.  Амонашвили  Ш.А.Вдохновление  и  творчество  –  путь  обновления 
образования.   Международные педагогические чтения. М.,2012. 
3.«Ұлағатты сөздер жинағы». Алматы: 2003. 


 
304 
4.  Мукажанова  Р.А.,  Омарова  Г.А.,Методика  преподавания  дисциплины 
«Самопознание». Мұғалімдерге арналған оқу- әдістемелік құрал. Алматы: 2013. 
 
 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПСИХОТЕРАПИЯНЫҢ РОЛІ 
 
Агбаева У.Б.,  Сабиева А.Ж., Абильдаева Г. 
Қызылорда қ., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
altynai_sabieva@mail.ru
 
 
ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған  2012 жылғы жолдауының, 
жетінші  бағытында  адами  капиталдың  сапалы  өсуі  туралы  айтты.  Бұл,  ең 
алдымен,  білім  беру  мен  денсаулық  сақтау.  Сондықтан  да  қазіргі  таңда 
қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, тұлғаны қалыптастыруға 
жоғарыланған талап қояды. 
Егемен  еліміздің  келешегі  үшін  дені  сау,  рухы  биік  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  мәселелері  үкіметтің  қаулы-қарарларында,  тұжырымдама-
ларында негізгі орын алады. Еліміздің басты құндылығы - адам, оның өмірі мен 
денсаулығы. Сол себепті адам, индивид, тұлға мәселесі көптеген ғалымдардың 
зерттеулерінде кездеседі. 
Ғылымда  зерттеуші   ғалымдар  адам  жан-дүниесін психикалық  науқас, 
патология,  ауытқу,  тұлғаішілік  қақтығыс  тұрғысынан  зерттеп  қарастырды; 
адамдағы  невроз,  жүйке  күйзелістері,  басқа  да  ауытқуларға  іс-тәжірибеде  
тиімді  жүзеге    асатын  теориялық  сипаттамалар  бергенмен,  денсаулық  мәселесі 
қозғалмады.  Әйтсе  де,  тұлғалық  үйлесімділік,  психикалық  саулық  мәселелері 
көтерілсе де философиялық, медициналық ұстанымдардан аса алмады. Ал адам 
табиғаты тек ауытқулар мен күйзелістерден құралмайтыны белгілі.  
Денсаулық  –  психология,    психотерапия,    психиатриядағы    әлі  де  толық 
зерттелмеген  мәселе.  Денсаулық  туралы  ұғым  ерте  кезден  көптеген 
оқымыстылардың  зейінін  аударған  (мысалы,  Эпикур,  Цицерон),  ал  бiздiң 
заманымызда  З.Фрейд,  А.Адлер,  А.Маслоу,  П.Б.Ганнушкин,  А.Е.Личко, 
Б.С.Братусь  және  т.б.  зерттеуіне  ілінген.  Денсаулық  норма  мен  патология, 
саулық пен  науқас қалыптарын  салыстырмалы  анықтауда шешуші  көрсеткіш  
ретінде алынған. 
Психологиялық  денсаулық  мәселесінде  қазіргі  кезде  «психика  саулығы», 
«денсаулық 
психологиясы», 
«психикалық 
денсаулық» 
мәселелерімен 
байланысты. 
Бүкіләлемдік  денсаулық  қорғау  ұйымының  пайымдауынша,  психика 
саулығы  дегеніміз  адам  ақыл-ойының,  физикалық  және  эмоционалдық 
дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады. 
Психолоиялық  денсаулықты  жетілдіру,  қамтамасыз  ету  процесі  -  өмірлік 
жағдайлардың 
моделі 
болып 
табылады. 
Психологиялық 
денсаулықты 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау