261
Естиярлар тобында естіген ақпаратты жылдам қайта айтып беру
дағдылары әлі де болса дамымаған болып келеді, сондықтан бұл топ
балаларына естігендерін фланелеграфқа қоюды ұсынған дұрыс, әрине педагогқа
бұл үшін алдын ала қажетті заттарды даярлап қою керек (кейіпкерлердің
фигуралары, декорациялар және т.б.).
Ересектер тобында балабақшадан қалмай, қазақ тілі сабақтарына үнемі
қатысып отыратын балаларда бір мезгілде тыңдап, түсініп және түсінгендерін
айта білу дағдылары дамыған болып келеді. Мектеп жасына дейінгі ересек
балалар жаңа ғана естіген ақпараттарын сурет, жапсыру, қайта әңгімелеп беру
түрінде бере алады.
Қазақ тіліндегі мультфильмдер – мектеп жасына дейінгі ұйымның қазақ
тілі мұғалімінің жақсы көмекшілері. Мультипликациялық фильмдерді қолдану
жақсы нәтиже береді: оны көру кезінде балалар бағдарламалық материалды
меңгереді, тілдік ортаға түсіп, ойнай отырып, қазақ тілін үйренеді.
Мультфильмдерді арнайы таңдау керек, ең дұрысы «Қазақфильм»
киностудиясының материалдары мен мектеп жасына дейінгі кішкентай
балаларға арналған отандық «Балапан» телеканалының балалар хабарларының
материалдары мен мультфильмдерін қолданған дұрыс.
Мультфильмдерді қарау қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды
қалыптастыруға да ықпал етеді. Тілді дұрыс айтушының болуы фонетикалық
материалды табысты меңгеруге әсер етеді, сондықтан дыбыстар, екпін, ырғақ
және интонациялық тілдің көркемдігі еліктеу негізінде жаттықтырылады.
Педагог қазақ тілінде тәрбиеленіп, оқытылатын топ балаларын қатыстыра
отырып, өзі де дайындай алады. Бұл жұмысқа қазақ тілінде дұрыс сөйлейтін
және көркем тілге ие балалар таңдап алынады. Сондай-ақ бейнеролик жасау
ережелерін де сақтау керек: ол түсінікті әрі қызықты, балалар естігендерін
қайталап, мультфильмдер мен бейнероликтердің кейіпкерлеріне еліктегісі
келетіндей тартымды болу.
Біздің мектеп жасына дейінгі ұйымның педагогтары ата-аналардың
көмегімен барлық бағдарламалық тақырыптарға бейнероликтерді дайындап,
түсірді. Ұйымдастырылған оқыту әрекетінде қолданылатын мультфильмдер
мен бейне роликтер («Қуыршақты тамақтандыру», «Қуыршақты киіндіру»,
«Қуыршақты ұйықтату», «Жайлауда», «Орманда», «Ауладағы құстар», «Қонақ
күту», «Дүкенде», «Асханада», «Дәрігерде», «Телефон мен сөйлесу» және т.б.)
мектеп жасына дейінгі ұйымда оқытудың әдістері мен тәсілдерін кеңейтіп қана
қоймай, қазақ тілі бойынша ҰОІӘ қызықты, тартымды етеді, ал ең бастысы
балалардың қазақ тілін білуге деген талабы мен қызығушылығын оятып,
белсенділіктерін арттырады. Бұл әсіресе қажетті тілдік орта болмағанда өте
тиімді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқыту әрекетінде
мультфильмдерді, оқытушылық тұсаукесер және бейнероликтерді әдістемелік
тұрғыда қолдану, балабақшадағы барлық санитарлық – гигиеналық ережелерді
сақтау педагогқа лексикалық және грамматикалық материалдарды қызықты
түрде меңгертуге көмектеседі. Оларды көрсету кезінде лексика ғана емес,
қандай да бір затпен жасалатын әрекет те көрсетіледі, ол лексиканы тез есте
262
сақтап, қазақ тіліндегі сөзді түсінуді дамытуға және қарапайым тілдік
дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді.
Балалар мультфильмдерді көргенді жақсы көреді, оларды бірнеше рет
қайталап көре береді, кейіпкерлердің сөздерін қуана – қуана қайталайды, бір
мультфильмді немесе роликті жаттап алғанша қараудан жалықпайды.
Сондықтан қазақ тілін үйрету кезінде АҚТ пайдалану табиғи тілдік ортаны
құруға, мектеп жасына дейінгі балаларда жанды тілді түсінуге көмектеседі,
білім сапасын арттырып, бағдарламалық материалды толықтай меңгеруге
ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады.
Әдебиеттер:
1. Сембай М. Елбасы сөзі. «Орталық Қазақстан» газеті, 16.05. 2013 ж.
2. Мектепке жейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндеті
білім беру стандарты, Астана, 2012 ж.
3. Информационные и коммуникативные технологии в образовании.
Бадарча Дендева – М.; ИИТО ЮНЕСКО, 2013.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Сатиева М.Т., Қазмағамбетов А.Ғ.
Көкшетау қ., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті
Satievam@mail.ru
Жаңашылдық немесе инновация адамның кез-келген кәсіби қызметіне
тән, сондықтан да оны үйренуді, оған анализ жасауды және қолданысқа енгізуді
талап етеді.
Инновация өздігінен қалыптаспайды, ол ғылыми ізденістердің, толық
ұжымдардың және жеке оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибелерінің
нәтижесі болып табылады. Бұл үрдіс стихиялы бола алмайды, өйткені ол
басқаруды қажет етеді.
«Инновация» латын тілінен аударғанда «жаңару, жаңашылдық немесе
өзгеру» деген мағыналарды береді. Бұл түсінік ең алғаш ХІХ ғасырдың
зерттеулерінде пайда болды және белгілі бір мәдениеттің кейбір элементтерінің
екіншісіне енгізілуі дегенді білдіретін. Ал ХХ ғасырдың басында білімнің жаңа
аймағы, инноватика – материалдық өндіріс аймағындағы техникалық
жаңашылдықтың заңдылықтары меңгеруге негізделген жаңашылдық туралы
ғылым қалыптасты. Педагогикалық инновациялық үрдістер арнайы оқыту
құралы ретінде батыс елдерде ХХ ғасырдың 50 жылдары енгізілсе, КСРО-да
ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап, ал біздің елімізде соңғы сегіз жылдың
көлемінде қолданысқа енді [1:28].
Достарыңызбен бөлісу: |