Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет121/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   174

 
263 
С.И.Ожеговтың  сөздігі  «жаңа»  деген  сөзге  мынадай  анықтама  береді: 
жаңа  –  ол  алғаш  құрылған  немесе  жасалған,  жақында  пайда  болған, 
алдыңғысының  орнын  алмастырған,  жаңа  ашылған,  жақында  өткен  немесе 
келер  шаққа  қатысты,  атағы  онша  жайылмаған,  көпке  танымал  емес  деген 
мағынаны  білдіреді.  Бірақ  бұл  терминді  түсіндіруде  прогресшілдік  жаңаның 
тиімділігі жөнінде ештеңе айтылмайды [2]. 
Педагогикалық 
үрдіске 
қатысты 
айтар 
болсақ, 
инновация 
жаңашылдықтың  мақсатқа,  мазмұнға,  әдістер  мен  тәсілдерге,  тәрбиелілікке, 
сондай-ақ  оқушы  мен  оқытушы  қызметтерінің  бірлесіп  ұйымдастырылуына 
кіріспе болып табылады. 
Білім  беру  жүйесіндегі  инновация  туралы  ХХ  ғасырдың  80жылдары  сөз 
қозғалды. Дәл осы уақытта педагогикада инновация мәселесі және осыған орай 
оның  ұғымдық  қалыптасуы  арнайы  зерттеулердің  негізі  болды.  Синонимдер 
ретінде  қолданылатын  «білім  берудегі  инновациялар»  мен  «педагогикалық 
инновациялар»  терминдері  педагогиканың  санаттылық  аппаратына  енгізілді 
және ғылыми жағынан дәлелденді [3:87]. 
Педагогикалық инновация – бұл педагогикалық қызметтегі жаңашылдық, 
яғни  оның  тиімділігін  арттыру  мақсатындағы  мазмұны  мен  оқыту 
технологияларындағы және тәрбиелеудегі өзгерістер. 
Сонымен, 
инновациялық 
үрдіс 
жаңаның 
мазмұны 
мен 
ұйымдастырылуының  дамуы  және  қалыптасуы  болып  табылады.  Толығымен 
алғанда,  инновациялық  үрдіс  деп  жаңашылдықтың  жоспарлану,  жасалу, 
меңгерілу,  пайдаланылу  және  таратылу  қызметтерінің  кешені  түсіндіріледі. 
Ғылыми  әдебиеттерде  «жаңалық»  және  «инновация»  түсініктерін  ажыратады. 
Бұл түсініктердің мағынасын ашу үшін салыстырмалы кесте құрайық [4:29]. 
 
1 кесте 
«Жаңалық» және «инновация» түсініктері 
Белгілері 
Жаңалық 
Инновация 
Мақсат-міндеттерінің 
көлемі 
жеке 
жүйелік 
Методологиялық 
қамтамасыз етілуі 
Осы күнгі теориялар 
шеңберінде ғана 
Осы күнгі теориялар 
шеңберінен кең, ауқымды 
Ғылыми контексті 
Қазіргі түсіндіру мен түсіну 
нормаларына біршама жеңіл 
енгізіледі 
Ғылымның қабылданған 
нормаларына қарсы 
келетіндіктен, түсінбеушілік, 
қақтығыс пен ажырау 
жағдаяттарын туғызуы 
мүмкін. 
Қызметтік сипаты 
(сапасы) 
Экспериметтік (жеке 
жаңалықтардың саралануы) 
Жаңа нәтижеге қол 
жеткізудегі барынша толық 
талаптану және бағытталған 
іздену 
Қызметтік сипаты  
(саны, мөлшері) 
Көлемі мен уақыты бойынша 
шектеулі 
Толық, әрі ұзаққа созылған 
Қызметтік типі 
Тәжірибе субъектілерінің 
ақпараттануы, жергілікті 
Берілген тәжірибедегі жаңа 
қызмет жүйесінің 


 
264 
жаңалықтың бір қолдан екінші 
қолға өткізілуі 
жоспарлануы 
Іске асырылуы 
Саралану, басқару жолы 
ретінде қолданысқа енгізу 
(жоғарыдан немесе 
әкімшілікпен келісу арқылы) 
Өндіру, баулу (іштен), сәйкес 
қызметке байланысты кеңістік 
пен шарттардың 
ұйымдастырылуы 
Нәтижесі 
Осы күнгі жүйедегі жеке 
элементтердің өзгеруі 
Тәжірибе субъектілерінің 
көзқарастарының толық 
жаңаруы, жүйе 
байланыстарының және 
жүйенің өзінің қайта 
қалыптасуы 
Өзектілігі 
Іс-әрекеттегі бастамшылық, 
ұтымдылық, әдістердің 
жаңартылуы, жаңа әдістерді 
ойлап табу 
Іс-әрекеттердің жаңа 
бағыттарын ашу, жаңа 
технологияларды жасау, 
қызмет нәтижесінің жаңа 
сапасына қол жеткізу 
Салдары 
Бастапқы жүйені жетілдіру, 
оның функционалды 
байланысын ұтымды ету 
Зерттеу мен пайдаланудың 
жаңа парадигмасы немесе 
жаңа тәжірибенің пайда 
болуы 
 
Сонымен,  жаңалық  –  бұл  құрал  (жаңа  әдіс,  әдістеме,  технология, 
бағдарлама  және  т.б.),  ал  инновация  –  бұл  осы  құралды  меңгеру  үрдісі. 
Инновация  –  бұл  жүйенің  бір  күйден  басқа  күйге  өтуін  тудыратын,  өмір  сүру 
ортасына  жаңа  тұрақты  элементтерді  енгізетін,  мақсатты  түрде  бағытталған 
өзгеріс. 
Инновациялық  үрдістің  даму  сатыларының    бірнеше  сипаттамалары  бар. 
Онда келесі қызметтері атап көрсетілген: 
- Өзгерістердегі қажеттіліктерді анықтау; 
- Ақпаратты жинау мен жағдаяттарды талдау; 
- Алдын ала талдау немесе жаңашылдықты дербес пайдалану; 
- Енгізу туралы шешім қабылдау; 
- Жаңалықты сынамалы қолдану мен қатар оны жеке, дербес енгізу; 
- Осы  үрдіс  барысындағы  күнделікті  іс-тәжірибе  элементіне  айналатын 
жаңалықты пайдаланудың ұзақтығы [5:5].  
Осы  барлық  сатылардың  жиынтығы  жеке  бір  инновациялық  циклді 
құрайды.  
Білім  берудегі  инновация  арнайы  жобаланған,  әзірленген  немесе 
педагогикалық  бастамашылық  ретімен  кездейсоқ  ашылған  жаңалық  деп 
есептеледі.  Енгізуге  дайын  тұрған,  тиімді  инновациялық  педагогикалық 
тәжірибе  жобасын  технологиялық  сипаттама  түрінде  жүзеге  асырған  жаңа 
тиімді  білім  беру  технологиялары  мен  белгілі  бір  жаңалықтың  ғылыми-
теориялық 
негізі 
инновация 
мазмұнының 
сапасы 
болып 
табылады. 
Жаңашылдық  –бұл  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәжірибені  қолдану 
барысындағы  психологиялық  және  педагогикалық  ғылымдардың  жетістіктерін 
тәжірибеге енгізу барысында қалыптасатын оқу –тәрбие үрдісінің жаңа сапалы 
жағдайы. 


 
265 
Инновацияларды  мемлекеттік  билік  органдары  емес,  оны  білім  және 
ғылым жүйесі ұйымдары мен қызметкерлері жетілдіріп шығарады. 
Инновацияның  бірнеше  түрлері  бар.  Олар  өз  ішінде  төмендегідей 
жіктеледі [6:8]: 
1. Пайда болу көзіне байланысты 
-  Сыртқы (білім беру жүйесінен тыс); 
-  Ішкі (білім беру жүйесінің ішінде жетілдіріледі). 
2. Пайдалану көлеміне байланысты 
-  Жекелеген 
-  Аралас 
3. Қызметтік мүмкіндіктеріне байланысты 
 
2 кесте 
Шарт ретіндегі жаңалық 
Өнім ретіндегі 
жаңалық 
Ұйымдасқан басқарушылық 
ретіндегі жаңалық 
Тиімді оқу үрдісін 
қамтамасыз етеді (білім 
берудің жаңа мазмұны, 
инновациялық білім беру 
орталары, әлеуметтік 
мәдени шарттар, т.б.) 
Педагогикалық 
құрал, технологиялық 
білім беру жобалары 
және т.б. 
Білім беру жүйелерінің 
құрылымдарындағы сапалы 
жаңа шешімдер мен оның 
қызметін қамтамасыз ететін 
басқару шаралары 
 
4. Инновациялық  өзгерістер  белгілерінің  қарқындылығына  немесе 
инновациялық деңгейіне байланысты  
 
3 кесте 
Алғашқы қатарлы 
инновациялар 
Бұл  жүйенің  алғашқы  қасиеттерінің  қайта  қалпына  келуі  (дәстүрлі 
білім беру жүйесінің немесе оның элементінің) 
Бірінші қатарлы 
инновациялар 
Сапасы өзгермейтін жүйенің сандық өзгерістерін сипаттайды. 
Екінші қатарлы 
инновациялар 
Ұйымдастыру  өзгерістері  мен  жүйелер  элементтерінің  қайта 
топтасуын 
қарастырады 
(мысалы, 
белгілі 
педагогикалық 
құралдардың  жаңа  тәсілдері,  жүйеліліктің  және  оны  пайдалану 
ережесінің өзгеруі, т.б.)  
Үшінші қатарлы 
инновациялар 
Білім беру жүйесінің бұрынғы білім модельдерінен сыртқа шықпай-
ақ, жаңа талаптарға сай дағдылық өзгерістері 
Төртінші қатарлы 
инновациялар 
Шешімнің  жаңа  нұсқасына  ие  (бұл  көбінесе  білім  беру  жүйесінің 
қызметтік  мүмкіндіктерінің  кейбір  кеңейтулерін  қамтамасыз  ететін 
жеке құрамдас бөліктеріндегі қарапайым сапалы өзгерістер) 
Бесінші қатарлы 
инновациялар 
«Жаңа ұрпақ» білім беру жүйесінің құрылуына бастамашылық етеді 
(жүйенің барлық немесе көптеген алғашқы қасиеттерінің өзгеруі). 
Алтыншы 
қатарлы 
инновациялар 
Іске  асыру  нәтижесінде  жүйеқұраушы  қызметтік  принципті  сақтау 
барысындағы жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалы өзгерістеріне 
ие «жаңа түрдің» білім беру жүйелері пайда болады.  
Жетінші қатарлы 
инновациялар 
Нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципінің ауысуы жүретін 
жоғары,  түбірлі  өзгерістер  болып  табылады.  Осылайша  білім  беру 
(педагогикалық) жүйелерінің «жаңа түрі» пайда болады.  
 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау