Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет128/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   174

 
278 
үскірік  аяз,  қатал  қыс  суреттері  адам  бойындағы  сұлулық  пен  үйлесім  сезімін 
әлсіретеді.  Мысалы,  «Желсіз  түнде  жарық  ай»  өлеңінде  сүйіскен  жастардың 
ішкі  нәзік  сезімдерін  табиғат  аясына  бөлеп,  «сәулесі  суда  дірілдеген»  аймен, 
«өзара сыбдыр қаққан» ағаштың жапырағымен салыстырады, 
Абайдың  табиғат  эстетикасының  мәні  –  табиғаттың  адамда  эстетикалық 
сезімді  тудырып,  ол  сезімнің  оның  санасында,  күнделікті  тіршілігінде    көрініс 
табуы. Адам бойындағы эстеттикалық қасиетті ақын екі ұдай – жалпы адамның 
сұлулығы  мен  әйелдің  сұлулығы  деп  қарастырады.Абай  бойынша,  сұлулық  – 
алланың берген сыйы: - «Сенсің- жан ләззәті, 
                                        Сенсің- тән шәрбәті, 
                                        Сұлуды сүймектік- 
                                        Пайғампар сүннеті».  
Демек,  сұлудың  бағасын  «алланың  дәлеті»,  көрікті  адамдарды  құдай 
қалаған, таңдаулы жандар деп, аса жоғары бағалаған.Сондықтан ақын ішкі жан 
дүниесі  мен  сыртқы  келбеті  жарасқан,  ақыл-ойы  мен  адамгершілігі  келіскен, 
мүлтіксіз адамның бейнесін жасады. 
Адам  сұлулығының  сипатында  Абай  «Адам  бол!»-деген  гуманистік 
принципті алға тосып, талдап, еңбек,терең ой, қанағат, рахым сияқты бес түрлі 
істі  үлгі  етіп  ұсынады.  («Ғылым  таппай  мақтанба»).  «Ағаш  көркі  –  жапырақ, 
адам  көркі  шүберек»-деген  халықтық  аксиомаға  арналған  дана  сөзін  ұстанған 
бай, киімді адамның әдемі сырт көрінісінің атрибутының бірі ретінде санап, бес 
асыл істің бірі-қанағаттылыққа сүйеніп, киінуді жақсы көрген адамдарды, яғни 
кербездерді  сынға  алған.ләкин,  өз  дәулетінен  артық  киінбек,  нне  киімі  артық 
болмаса  да  көңіліне  қуат  тұтып,  тым  айналдырмақ-кербездің  ісі»  Абай 
кербездің  екі  түрін  ажыратады:  біріншісі-қылымсыған  кербездер,  екіншісі- 
кербездіктің  арқасында  күн  көретіндер  (18-сөзі).Адамның  табиғи  сұлулығы 
оның  ішкі  жан  дүниесінің  байлығымен,  адамгершілік  қасиетімен,  адал 
еңбегімен өлшенбек. Демек,жастар шынайы әдемілікті, әсемдікті танып, жеңіл-
желпіге көңіл бөлмесе керек.Сондықтан: 
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, 
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме. 
Әйел жақсы болмайды көркіменен, 
Мінезіне  көз  жетпей,  көңіл  берме.  («Жігіттер,  ойын–арзан,  күлкі-
қымбат»).  Әйелдің  сұлулығын  сипаттағанда,  Абай  басты  субстрант  ретінде 
оның  сыртқы  келбетінің  жарасуын  яғни  бет  пен  дене  пішінінің  әдемілігін 
қарастырған.Қыз  көркін  нақты  бейнелейтін  нәзік  сезім,  сұлу  сымбат,  әсем 
жүріс,  ақ  саусақ,  ай  қабақ,  қызыл  ерін  сияқты  теңеулерді  қолданып, 
эстетикалық  ұғымын  Абай  сұлудың  сырт  бейнесімен  байланыстырады. 
Сұлулық  жөнінде  нақты  қатып  қалған,  өзгермес  ұғым  жоқ  болса  да,  ақын 
қазақи  эстетикалық  өлшемдерді  қолданады.  «қақтаған  ақ  күмістей  кең 
маңдайлы»-  өлеңінде  қыздың  кейбір  дене  мүшелерін  суреттеу  арқылы  қазақ 
аруының шынайы бейнесін жасаған:  
-Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, 
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. 
Жіңішке қара қасы сызып қойған, 


 
279 
Бір жаңа ұқсатамын туған айды. 
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
Ақша  жүз,  ал-қызыл  бет  тіл  байлайды.  –дей  келе  ақын  сұлу  қыздарды 
олардың әлеуметтік тегіне қарамастан, «бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ»-деп 
те, ақсүйек қыздардың нәзік дене мүшелерімен салыстырады.  
«Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Жігіт сөзі»-өлеңдерінде 
адамның  тал  бойындағы  тамаша  сезім  еркіндігімен,  тән  рахатына  ұштастыра 
келіп, философиядағы жан мен тәннің үйлесімі  туралы көркемдік эстетикалық 
талғамның деңгейіне дейін көтереді. 
Жан  рахат,  тән  сұлулығын,  шынайылықты  кемел  үйлесіммен  іздеген 
қайта  өркендеу  заманындағы  гуманистермен  ХҮІІ  ғасырдағы  ағылшын 
ағартушылары  сияқты,  Абай  да  әйелдің  тал  бойындағы  әдемілікті  жан 
сұлулығынан іздейді, ал тән сұлулығы рухани байлықтың сыртқы мазмұны ғана 
дейді: 
Сұлулығын қояйын, мінезі артық, 
Ақылды, асыл жүрек сөзі майда. («Ерекше естен кетпес қызық қайда?») 
Абайдың  өнер  мәнін  жүйелі  тұрғыда  зерттемегеніне  қарамастан,  оның 
эстетикалық  кредосы  өнер  эстетикасында  біршама  тұжырымдалады.  Бұл  идея 
В.Белинскийдің  «Өмір-өлең-жырдың  қайнар  көзі»-деген  пікірімен  үндестік 
табады.  Қазақтың  өнер  эстетикасының  қалыптасуында  Абайдың  «Өлең-сөздің 
патшасы,  сөз  сарасы»,  «Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін»,  «Өзгеге  көңілім 
тоярсың»,  «Адамның  кейбір  кездері»,  «Құлақтан  кіріп  бойды  алар»  т.б. 
өлеңдерінің мәні зор. 
Өлеңге әркімнің-ақ бар талабы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы. 
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын  
Қазақтың  келістірер  қай  баласы!  («Өлең  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы»)-
деген  Абайдың  биік  тұрғыдағы  бұл  өлеңі,  Мұхтар    Әуезовтың  пікірінше, 
көркемдік  шартынан  гөрі  өнерге  деген  жаңа  эстетикалық  көзқараспен 
өзгешеленеді.  Абай  сонымен  бірге,  өлеңнің  мәнін,  қолданылмайтын  жері 
жоқтығын, адам туғанда да, өлгенде де өлеңнің ілесіп жүретінін, шілдехана мен 
жоқтаудың өлеңмен басталып, өлеңмен аяқталатынын 
көрсеткен. Мысалы: 
Туғанда дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жыр қойнауына кірер денең. 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, 
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең. («Біреудің кісісі өлсе, қаралы -ол») 
Ақын  өзінің  ағарту  платформасының  негізі-сыншылдық  әстетикаға 
сүйеніп, дарынсыз, ақшаға сатылған ақындарды сынап-мінеп, сөз өнеріне, оның 
эстетикалық қуатына зор мән берген: 
Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ, 
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ. 
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, 
Думан- сауық ойда жоқ әуел баста-ақ. («Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол»-
деп,  поэзияны  шебер  ұстаның  қолынан  шыққан  алтын  алқадан  да  асыра 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау