Т =ΣА немесе Т = Ақоз – А п.к – А з.к,
бұдан
Ақоз = А п.к + А з.к +Т. (5.16)
Сонымен, механизмді іске қосқанда қозғалыс күші пайдалы және зиянды күштерді жойып қана қоймай, сонымен қатар механизмге белгілі бір кинетикалық энергиясын береді. Механизмдерді қалыпты қозғалысқа жеткізуге кететін уақытты кеміту үшін, көбінесе оларды іске қосу кезінде, пайдалы күшті алып тастайды. Мысалы, металл өңдеу станоктары, транспорт машиналары және т.б. бұл жағдайда
Ақоз = А з.к +Т.
Механизм қалыпты қозғалған кезде қозғалыс күшінің жұмысы төменгіше анықталады
Ақоз = А п.к + А з.к , (5.17)
мұндағы А п.к , А з.к – пайдалы және зиянды күштердің атқаратын жұмысы. Механизмнің тоқтау кезеңінде Т = 0 және Ақоз = 0 болатындықтан механизмнің тоқтау кезеңі басталған кездегі кинетикалық энергиясы
Т бас = А п.к + А з.к. (5.18)
Механизмнің кинетикалық энергиясы толығымен пайдалы және зиянды күштердің атқаратын жұмысына кетеді және ол таусылғанда механизм тоқтайды. Тоқтау уақытын кеміту үшін кейбір машиналарда және механизмерде арнаулы тежеуіш қойылады. Бұл жағдайда
Т бас = А п.к + А з.к + А т , (5.19)
мұндағы А т атқаратын жұмыс тежеуіштің әсерінен пайда болады.
Тақырыпқа байланысты қойылатын сұрақтар.
1.Механизмнің қалыптасқан қозғалысы.
2.Механизмнің еркіндік қозғалыс саны.
3.Механизмдерді теңестіру түрлері.
4. Механикалық пайдалы әсер коэффиценті.
Машиналар қозғалысын реттеу.
Машиналар қозғалысы іске қосылу, қалыпты және тоқтау режимдеріне сәйкес үш периодтан тұрады. Іске қосылу мен тоқтау режимінде машиналар тораптары мен бөлшектерлің қозғалыс жылдамдықтары өте күшті, ал қалыпты жұмыс атқару режимінде аз өзгереді. Қалыпты режимде де жылдамдық өзгеріп отырады, сондықтан осы жылдамдық өзгерісін арнаулы коэффициент арқылы сипаттаймыз:
мұндағы wmax, wmin, wop – жетекші звеноның бұрыштық жылдамдығының ең жоғарғы, ең төменгі және орта шамалары.
Осы жылдамдықтын, өзгеру коэффициентінің шамасы әр түрлі машиналар үшін 7.1-кестеде берілген.
Машиналар мен механизмдер
|
|
Насостар
Металл өңдеу станоктары
Іштен жану қозғалтқыштары
Тұрақты тоқпен жүретін генератор мен тепловоз қозғалтқыштары
Айнымалы тоқпен жүретін генераторлар
Телетайп механизмдері
|
0,2...0,03
0,05...0,02
0,01...0,007
0,01...0,005
0,005...0,003
0,005
|
Достарыңызбен бөлісу: |