2.34-сурет. Конус пішінді дөңгелектердің түрлері
I үлгідегі дөңгелектерді тісті дөңгелектің
тесігі мен қапталы
бойынша базалаумен құралбіліктегі жону білдектерінде, II үлгідегі
дөңгелектерді қаптал және саңылау бойымен базалау, III үлгідегі
дөңгелектерді центрлерде базалаумен өңдейді.
Берілісте бүйірлік саңылаудың кему реті бойынша
А, В, С, D, Е, Н
әріптерімен белгіленетін тісті дөңгелек жанасуының 6 түрі бар.
Тісті дөңгелек пен беріліс жұмысының бірқалыптылық нормасының
дәлдік дәрежесі арасындағы жанасу түрі арасында тәуелділік бар.
Түйіндесу түрі
А В С
D
Е
Н
Дәлдік дәрежесі
4 — 1 2 4 — 1 1 4 — 9 4 — 8 4 — 7 4 — 7
Тісті іліністің дәлдік дәрежесіне байланысты түйіс дағының нақты
өлшемін қамтамасыз ету керек (2.7-кесте).
Конус пішінді дөңгелек тістерін, үш кезеңде жонғыш жинақтамасы
көмегімен көшірмелеу әдісімен кеседі. Бірінші кезеңде аз диаметр
де дөңгелек ойымына сәйкес келетін ойымды жонады. Екінші
кезеңде өңдеуді пішіні үлкен диаметрдегі пішінге сәйкес келетін,
модульдік фрезамен орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: