Маќсат – экспо-2017-ге їлес ќосу


//Кызылординские Вести.-2013.-16 февраля.-С.7



жүктеу 0,8 Mb.
бет4/4
Дата18.12.2017
өлшемі0,8 Mb.
#4581
1   2   3   4

//Кызылординские Вести.-2013.-16 февраля.-С.7
мәдениет

Тұрмағанбет өлеңдері үнтаспаға жазылды
Сыр өңіріндегі рухани қор байлығы күн өткен сайын жаңа құндылықтармен толыға түсуде. Бітер істің басына фольклортанушы- ғалым, әнші, жырау Берік Жүсіп келгелі бұл орайдағы шаралардың айы оңынан туып отыр. Аталған азамат облыстық Мәдениет басқармасының тізгінін ұстағалы бері бұрын жұртты сырттай тамсандырып, қолға қонбайтын жауһарлардың насихаты жанданды.

Сусаған халық кәделі мұралардың жұқанасын тұтына бастады. Өткен жылы Мәдениет басқармасы бастығының мұрындық болуымен «Сыр сүлейін сұрасаң...» деген атпен үнтаспа жазылып, жұртшылықтың кә­десіне асқан еді. Барлығы 100 сағаттық (10 табақ) үнтаспаға Қорқыт ата күйлерінен бастап, жүздеген жылдар бұрын Сыр бойында жасаған жыр сүлейлерінің, әнші-күйшілердің, қобызшы, сыбызғышы, сырнай­­шылардың шығармалары жазылған. Көпшілігін ел аузынан естіген орындаушылар жаздырған. Бірсыпырасы авторлардың көзі тірі кезінде жазылған ленталардан қайта таспаға түсірілген.

Осы дәстүрдің қоламтасын үрлей түсуді мақсат тұтқан өнерпаз ғалымның үйлестіруімен жақында «Сыр өңірінің Абайы» атанған атақты шайыр, ұлы аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өлеңдері жазылған тағы бір үнтаспа (аудио оқулық) жарыққа шықты. Екі табақшадан тұратын аудио оқулық таспасына Тұрмағамбеттің 409 өлеңі жазылған. Олардың орындалу ұзақтығы 24 сағатқа жуықтайды.

Ақын өлеңдерін таспаға түсірерде белгілі жырау, әнші, сазгер, мәдениет қайраткері, ұлағатты ұстаз Жұмабек Аққұлов көп еңбек сіңірген.


Қызылорда.//Қазақ әдебиеті.2013.-15ақпан.-2б.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде
Қали ОМАРОВ,география ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры
Ізденіс түбі–игілік

Рухани-парасат саласының қоғам өміріндегі маңызы ерекше екені қашаннан белгілі. Ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді құрметтей отыра, тарихи тұлғаларымыздың игілікті істері мен мәдени-рухани мұраларының маңызын, ұлттық санамызға елеулі әсер еткен оқиғаларды ақыл-ой безбенінен өткізгенде барып интеллектуалды дамуға жол ашатын мүмкіндіктер көзі анықталмақ. ХХ ғасырдың көрнекті ойшылы А.Тоинбидің: «Өткен шақ өлмейді, ол әлі тірі және осы шақта өмір сүріп жатыр» деген тұжырымынан біз өз тарихынан келелі сабақ алған ұлттардың ғана өміршең болмағын ұғынамыз. Сондықтан да Тәуелсіздігімізді мәңгілік ету бағытында жастарымыздың тарихи жадын дұрыс қалыптастыру, ұмыт болған жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздың аяулы есімдерін қайта тірілту, олардың ұлтты ұйыстыратын жарқын істерін насихаттау арқылы халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ардақты азаматтарымыздың ерен еңбегіне әрдайым құрметпен қарауымыз заңды. Ұлт зиялысы іспетті осынау шоғырда жерлесіміз Тынышбек Дайрабай елеулі орынға ие десек, қателеспейміз.

Тынышбек Майлыбайұлы 1943 жылғы 13 ақпанда Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы «Жаңаталап» ауылында дүниеге келеді. Орта мектептен соң аз уақыт аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб кітапханашысы болған ол Қызылорда қаласындағы бір жылдық киномеханиктер курсын бітіріп, 1962 жылы әскер қатарына шақырылғанға дейін туған ауылында аталған мамандық бойынша жұмыс істейді. 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Төрт жылдық оқуын үздік тамамдаған Тәкең, жолдама берілген Алматыдағы Әдебиет және өнер институтына қалмай, отбасы жағдайына байланысты туған өлкеге оралады. 1969-1974 жылдары Тереңөзек аудандық «Еңбек туы» газетінде бөлім меңгерушісі болған оны аудан басшылығы Алматыдағы жоғары партия мектебіне жібереді. Біліктілігін шыңдап қайтқаннан кейінгі 20 жылға жуық уақыты Тереңөзек ауданымен тығыз байланыста өрбіді. «Қараөзек» кеңшарында партком хатшысы (1976-1978 жж.), «Білім» қоғамында жауапты хатшы (1978-1981 жж.), аудандық партия комитетінің жалпы бөлімінің меңгеру­шісі (1981-1985 жж.), аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1985-1992 жж.), аудан әкімінің орынбасары (1992-1993 жж.) лауазымдарында өзіне тән қажыр-қайратпен, біліктілікпен абыройлы еңбек еткен Тәкең 1993 жылдың 1 шілдесінде «Тереңөзек тынысы» газетіне редакторлыққа тағайындалады. 1995 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, сол кезден халықаралық «Түркістан» газетінде қызмет етіп келеді. Міне, Тынышбек Майлыбайұлының өмір және еңбек жолы қысқаша осы. Абзал азаматтың қол жеткен жетістіктері, көтерілген биіктерінің түптеп келгенде шығармашылығының негізінде тамыры терең тектілік, жаратушы берген дарын мен еңбексүйгіштік жатыр. Тәкеңнің шығармашылық белестерін саралау көп нәрсеге қанықтыратыны анық. Жалпы, оның еңбектері мен мақалаларының ұзын саны 700-дей. Жоғары оқу орнына түспей тұрғанның өзінде 8, студенттік кезеңде 11 мақаласы жарық көреді. «Еңбек туы» газетінде істеген бес жылда Тәкеңнің қаламынан бірнеше ондаған мақала туады. Белсенді қызметпен айналысқан 1975-1990 жылдары шығарғаны небәрі 2 мақала (1975 ж., 1980 ж.). 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған еліміздің егемендігі туралы декларация Тәкеңнің шығармашылығына ерекше серпін бергендей. Көп ұзатпай, яғни 1991жылы 6 ақпанда «Ленин жолы» газетінде Тоғанас батыр туралы мақаласы басылады, жеті жылдың ішінде мақалаларының жалпы саны 66-ға

жетеді (жылына орта есеппен 9 мақала). 1998-2010 жылдар өте жемісті болды. Барлығы 519 мақаласы шықса (жылына орта есеппен 40 мақала), оның 300-ден астамы түрлі энциклопедиялар мен жинақтардың үлесіне тиді. 2011-2012 жылдары Тәкеңнің қарқыны белгілі бір деңгейде тұрақталғандай (тиісінше 11және15 мақала). Статистикалық талдау нәтижесінде Тәкеңнің шығармашылығын үлкен 3 кезеңге топтастыру орынды болмақ. Біріншісі, ізденімпаз тұлға, қарымды қаламгер ретінде қалыптасу мен өсу кезеңі (1959-1974 жж.); Екіншісі, қайраткерлік қырымен қоғамға танылу әрі ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетімізді байытуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүзеге асыруға жоспарлы дайындалу, яғни ауызша, жазбаша мұралар қорын тыңғылықты жинақтау кезеңі (1975-1990 жж.); Үшіншісі – Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өркендеу, өрлеу кезеңі (1991 жылдан бастап).

Тынышбек Майлыбайұлы – этнограф. Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың: «...кездесулердегі сұхбат үстіндегі байқағаным – Тынышбек маған Сыр шежіресі – тұнып тұрған тарих иесіндей көрінді...» дегені Тәкеңнің шоқтығы биік этнограф екенін айғақтап тұрғандай.

Оның халқымыздың руханиятын, мәдениеті мен өнерін танытуда және шығу тегіне байланысты материалдарды түгендеуде сіңірген еңбегі өте көп. Сонау 80-жылдардың ортасында Қызылорда облысында өтетін жәрмеңкелерде тігілген киіз үйлерге би-батырлардың есімдерін беруді үрдіске Қазақ шежіресінің шын білгірі Тәкеңнің ендіргенін бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Одан кейінгі уақытта өзі жинаған аталы сөз, арналы деректер арқасында шежіретану саласындағы көптеген дүниелердің авторы атанады. Ру-тайпа, жер-су аттарына,ұлттық салт-дәстүрге байланысты мақалаларын беделді энциклопедиялардан да табасыз. 2013 жылы «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы қаржыландырумен жарық көрген «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» көптомдығының 13-і томында Тәкеңнің мәліметтері кеңінен пайдаланылғанын айту орынды.

Сыр бойындағы архитектуралық ескерткіштер мен археологиялық жәдігерлерге байланысты ізденістері өз алдына бір төбе. Сонымен қатар Тәкең Сыр бойының өнері мен мәдениетінің шын жанашыры ретінде Базар жырау, Дүр Оңғар, Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Шегебай Бектасұлы, Даңмұрын, Әлібек ақын, Мұзарап ақын, Жұбанияз ақын, Жорықбай жырау, Жалғасбай жырау, Орынбай жырау, Сейітжан сал, Құрақтың Досжаны, Таубайдың Жүсібі, М.Көкенов, З.Салықбаев, Т.Үркімбаев, Қ.Баймағанбетов және т.б. сыр сүлейлерінің, ақындары мен жырауларының мұраларын жинастыру, жарыққа шығару, насихаттауда ұлан-ғайыр жұмыстарды атқарады. 2005 жылы Тәкеңе Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағының берілуі ерен еңбегінің бір бағасы болса керек.

Тынышбек Майлыбайұлы – зерттеуші. Ауылындағы қарияларға қиссалар оқуға машықтанған жасөспірім, олардан ескі әңгімелерді, аныздарды, шежірелерді, өсиет-нақылдарды тыңдап, бойына сіңіреді. Бозбала шағынан ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинауға бет бұруының бір себебі осында жатыр. Ұлттық мұраға құрметпен қарағандарды ескілікті көксеуші деп шетқақпай қылған кеңестер тұсында қызмет бабындағы Тәкең алыс ауылдарды аралағанда немесе бос уақытында көне тарихтан сыр тартатын дүниелерді жинауды жалғастыра бергенін айту ләзім. Қасиетті халқымыздың қастерлі құндылықтары болып саналатын осынау мұраларды жию да ерлік, ал оны екшеп, халықтың игілігі үшін жарыққа шығару – бұл нағыз биік парасат көрінісі.

Тәкеңнің зерттеулерінің арқасында Қаратау мен Арал арасында өмір сүрген билер мен батырлар, ишандар мен ахундар есімі тарих қойнауынан аршылып, қатарға қосылды. Олардың бірқатарына Қызылорда қаласынан көше атауларын бергізуге Тәкеңнің тікелей мұрындық болғанын айтуға тиіспіз. Зерттеуші өз ынтасымен 1999 жылы Санкт-Петербордан тапқан генерал фон Кауфманның «Түркістан» альбомын (1872 жылы жарық көрген) алдырып, ондағы сирек кездесетін құнды фотоматериалдарды 2005 жылы оқырмандарға тарту еткені үлкен ерлікке пара-пар жұмыс.

Тәкеңнің сан-салалы зерттеу жұмыстарын әрі қарай дамыту, тұжырымды қорытындылар беру, ғылыми негізделген болжамдар жасау ғылыми методологияны жетік меңгерген ғалымдардың үлесінде болмақ.

Туған халқының тарихын зерделеп, рухани қазынасын қастерлеп, насихаттап жүрген зерттеушіге 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен университеттің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сонымен қатар Тәкең Әлеуметтік ғылымдар академиясының «Құрметті мүшесі» (2004 ж.). Еңбегіне қарай-бағасы деген осы да.

Тынышбек Майлыбайұлы – энциклопедист, яғни әмбебап ойлы, көптеген білім саласынан хабары бар, қабілетті кісі. Сондай-ақ ол елімізде шыққан үлкенді-кішілі бірнеше энциклопедияларды құрастыруға белсене араласқан кәсіби маман. Тәкеңнің мақалалары Қазақстан Ұлттық энциклопедиясына (1998-2007 жж.), Қорқыт ата энциклопедиясына (1999 ж.), Түркістан халықаралық энциклопедиясы (2000 ж.), Сырдария (Тереңөзек) ауданы энциклопедиясына (2009 ж.), Қазақ әдебиеті энциклопедиясына (1999 ж.), Сыр елі (Қызылорда облысы) энциклопедиясына (2005 ж.), Сыр елінің өнер өрендері (1999 ж.), Қазақ жерінің зиялы азаматтары ( 2001-2010 жж.), Сыр өңірінің тарихы (1999 ж.), Қазақ батырлары (2001-2002 жж.) жинақтарына енген. Сыр өңірінің арғы-бергі тарихында бұрын ресми аталмай жүрген жүздеген қайраткер тұлғаларымыздың есімі ғылыми айналым шеңберіне қосылып, республика халқына танылуы – Тәкеңнің ерен еңбегінің нәтижесі екені талассыз.

Тынышбек Майлыбайұлы – деректанушы. Тәкеңді тарихи деректерді зерделеу және пайдалану әдісін жетік меңгерген деуге толық негіз бар. Ол 1965 жылдан бастап Алматыдағы Ұлттық кітапхана және Ұлттық ғылым академиясының кітапханасындағы сирек кітаптар қоры мен архивінде, Мемлекеттік мұрағаттың қорында жұмыс істеуді өзіне әдетке айналдырады. Олардағы бұрынғы Ресей империясының іс жүргізу материалдары (әскери-әкімшілік жазбалар, баянхаттар, тыңшылардың мәліметтері, тергеу істері, есеп-қисап, салық жинау құжаттары, т.б.); жеке адамдардан қалған деректері (мемуарлар, күнделіктер, хаттар, т.б.); мерзімдік басылымдары (газеттер, журналдар, жинақтар, т.б.); топографиялық карталары мен фотосуреттері, т.б. құжаттардан ел тарихына қатысты мәліметтерді іздеу, жинау әрі бір ізге түсірудегі Тәкеңнің еңбегі өлшеусіз. Жалпы, Тәкеңді ресейлік материалдардың дұрыстығына саралап қарайтындар қатарына жатқызуға болады. Ал ғылыми қауымдастық арасында олардың объективтілігіне деген ортақ көзқарас болмай тұрғанын жасыра алмаймыз. Тәкең тұратын көпқабатты үйдегі ол кісіге тиісті өжіре және пәтеріндегі жұмыс бөлмесі мұрағаттардан алған материалдардың көшірмесіне, ескі қолжазбаларға, сирек кітаптарға толы. Аталған ұлттық рухани және әдеби мұраларды өңдеу мен игеруге қанша жыл кететінін болжаудың өзі қиын.

Тынышбек Майлыбайұлы – қарымды жазушы. Оның әңгімелері, очерктері, эсселері, зерттеу еңбектері 11 жеке кітапқа, 19 жинаққа негіз болды. Атап айтқанда, Оңғар жырау (1992 ж.), Тоғанас батыр (1992 ж.), Қаңлы Жүсіп (1994 ж.), Тұғыры биік тұлға (Т.Жүргеновке арналған,1998 ж.), Жолбарысты Төребай би (2000 ж.), Сырдың сырлы сыры (2005), Сыр перзенттері (2010), Жеті тараудағы – жеті анық (2012 ж.) кітаптары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.

Тәкеңнің 2012 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылдануы, оның ұлттық әдебиет саласындағы ұзақ жылғы еңбегінің мойындалуы деп қабылдағанымыз жөн.

Тынышбек Майлыбайұлы – ұстаз. Ол «бұлақ көрсең, көзін аш» деген қағидатты берік ұстанған тұлға. Ақын С.Оспан Тәкең жөнінде: «...өзі сияқты осы төңіректе азды-көпті еңбек етіп жүргендердің ісіне қанат бітіріңкіреп барып, оның жан-жағындағы тарихи тұлғалардың қозғалуына себепші болу арқылы да өз жұмысын тұлғаландырады» дейді. Расы – осы. Тәкеңнің өзі тәрбиелеген шәкірттері, танысуға алған материалдарын сілтемесіз басатын «жиендері» де баршылық. Мені де жазылу үстіндегі тұтас тарихымызды түзу

ісіне атсалысуға тартқан Тәкең еді. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін үрдісте ұстазымның ақыл-кеңесін тыңдап, көмегін көрудемін. Бірде кейбіреулердің түсінбеушілігіне, еңбегімді көпе-көрнеу кемсітуіне торыққанымда: «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары лауазымды қызметте болсам да рухани мұраларды жарыққа шығара бастадым. Шөліркеп қалған халық бұларды жылы қабылдады. Бәрі өткінші, мәңгілік тек адамның артында қалатын жазбаша мұрасы. Сондықтан тауың шағылмасын!» дегені бар еді. Ұстазымның сөздері жадымда жаңғырады, әрдайым. Ықыласы ыстық,алақаны аялы Тәкеңдей ағамның барына мың да бір шүкіршілік етем.

Тәкеңе еліміздің әр түкпірінен келетін ата-баба дәстүрін қастерлеуші азаматтар қатары үзілген емес. Арагідік шетелдік қандастарымыз да хабарласып тұратыны бар.

Тәкең – өнегелі отбасының иесі. Тұғырлы тұлғаның көтерген шаңырақ, алған асуы, жеткен жетістіктерінің іргетасы – жарты ғасырға жуық қол ұстасып бірге келе жатқан жан жары Айдархан Әсілқызы. Тәкең өзінің барлық бастамаларының қолдаушысы Айдархан апаймен бірге төрт перзентін тәрбиелеп өсірді. Барлығы да жетекші жоғары оқу орындарында жақсы білім алды, отбасылы, ұл-қыз өсіріп отыр. Тұңғыштары Айнұр, «Қазақпарат» орталығында қызметте, Нұргүлі – шетелдік компания қызметкері, Гүлмирасы – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кенжесі Әсия – білікті ау­дармашы маман ретінде жұмыс аясы фирмалар, компаниялармен байланысты.

Тынышбек Дайрабайдың ұлттық тарих пен мәдениет саласындағы еңбегі мемлекет пен қоғам тарапынан лайықты бағаланып келеді. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Т.М.Дайрабай «Құрмет» орденімен марапатталды. Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» (2006 ж.), Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» (2009 ж.) атақтары да берілген.

Шығармашылығының дарын, білім, еңбек атты 3 тұғыры бар қажырлы қайраткердің халыққа берері әлі де қомақты. Оның өмір-еңбек жолы, шығармашылығының қырлары ауқымды зерттеулерге, диссертациялық жұмыстарға өзек болуға қазірдің өзінде дайын. Назарларыңызға ұсынылып отырған мақала – бұл бағыттағы алғашқы талпыныс.

Еңбегіңіздің жемісін, төккен теріңіздің сауабын көре бергейсіз, қадірлі Тәке!


//Айқын.-2013.-15 ақпан.-4б


Аягөз ӘБДІРАЗАҚОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің аға оқытушысы.
ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕГЕН
Ақшыл түсті костюм-шалбар киіп, галстук таққан Сахитжан «Бұныңыз қалай, апай?» дегендей өзіне ғана жарасатын риясыз күлкісімен көзін сәл қысыңқырап маған қарап тұр... Селк етіп ояндым, түсім екен. Таң алакөлеңкелеп қалыпты... «Ойпырмай, осы ақпан айы емес пе? Сахитжанның қысқа ғұмырын қиған қыстың соңғы айы да келген екен ғой...». «Жылына бір рет мені еске алатын едіңдер ғой» деп күтіп жүрсің бе? Білмеймін... Мүмкін «Өлі риза болмай, тірі байымайдыны» есіме салғың келген болар? Дегенмен, түсімде сені күлімсіреген бейнеңмен көргенім қуантты. Опасыз өлім кімді аяған, «тумақ барда, өлмек бар» деген сөз бекер айтылмаған болса керек. Сахитжанның дүниеден озғанына 5 жыл толыпты-ау...

Уақыттың жүйріктігіне тағы да көз жеткізгендейміз... Сол күнгі оқиғалар, алғашқы суыт хабарды естіген сәтіміз, «өтірік болсашы» деп іштей тәңірге жалбарынғанымыз, соққан дауылдың ызғары мен күннің суықтығына қарамай облыстық әкімшілік алдында не істерімізді, кімнен не сұрарымызды білмей абдырап жүргеніміз. «Апай, сонда бұл не болды? Енді не істейміз? Апай, бұл ақпарат өтірік шығар...» деп қараған бірге оқыған достарының жасқа толы мөлдір жанарлары... Сахитжанның сапарға аттанар сәтінде соңғы болып көрген курстасы, әрі әріптесі Айнұр Жақыпованың «Оның көңіл-күйі көтеріңкі болды. Оның үстіне бүгін бізде жалақы берілді. «Келгеннен кейін киемін ғой», – деп киімдерін де қабына салып, өз қолымен ілді. Кетерінде «мен сендерді жақсы көремін» дегенді бірнеше рет қайталап айтты» дейді ол. Оны енді қайтып көрмейтіндігіне сенбейтінін айтып жылады... Он шақты адам жиналып, бірі жыласа, екіншісін жұбатып, әлі де болса жақсылықтан үміт үзбей, өлді деуге қимай, естіген хабарға сенбей аласұрған кез... Санамда сағым болып сақталған сәттер... Бұл қайғылы оқиғаға Сахитжанның туған-туыстары ғана емес, бүкіл Сыр елінің қабырғасы қайысқанын қоштасуға келген адамдардың қарасының көптігінен байқадық.

Өмірден өтерін білді ме қайдам, сол сапарға аттанар сәтінде әріптестерінен алған қарыздарын қайтарып, заттары мен киімдерін жинағыштап, жол жүрер алдында қимастықпен қоштасыпты. Айта-айта жүрсін деген болар, мен тәлімгер болған осы топтағы мәдени шаралардың барлығының ұйытқысы Сахитжан еді.

Өмірде ерекше дарынымен көпке үлгі бола білген адамдар сирек те болса кездесіп жатады. Міне, осындай азаматтардың бірі – аз ғана ғұмырында Сыр елінің сый-құрметін арқалаған, күнделікті тіршіліктегі әлеуметтік проблемалардың кемшін тұсын жіті көре біліп, қоғамдық пікір қалыптастыруға зор үлес қосқан, журналистика саласында нәтижелі қызмет атқарып, халқына аяулы ұл атанып, елінің мақтанышына айналып үлгерген – Сахитжан Бермағанбетов еді. Ол жас та болса өңір халқына жақсы танымал, досқа адал, әріптестері арасында сыйлы, үлкенді құрметтей алатын кішіпейіл, бүкіл адами болмысымен, қарапайымдылығымен жұртшылықтың құрметіне бөленген жан екенін жақсы білеміз.

Журналистика атты алып мұхитқа өзінің кішкене кемесімен жүзуге шығып, толқындармен күресудің әдіс-тәсілін енді-енді меңгеріп келе жатқанда, болашағынан үлкен үміт күттіретін шәкіртіңнің өмірден ғайып болғаны ұстаз үшін оңай емес. Таудың алыстаған сайын биіктей беретіні рас екен. Әрине, азамат елдің есінде қалатындай іс жасап, туған халқының жүрегіне жол таба білсе, ол қай кезде де ұмытылмас тұлғаға айналатыны өз-өзінен белгілі. Сол себепті болар, жылда журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында жас журналистер конкурс арқылы С.Бермағанбетов атындағы жүлдені иемденеді.

Кез келген жас үшін мамандық таңдау, таңдаған мамандығының нағыз шебері болу оңай шаруа емес, себебі әрбір студент болашағына күдік алмасқан үмітпен қарайтыны рас. Десек те, бізді «ойы иірімді, тілі үйірімді, кемшілікті қалт етпей көре алатын, сынағанының сыбағасын сөзбен бере алатын Сахитжандай журналист болу – арманым» дейтін жастардың көбейгендігі қуантады. Журналистика жағалауында аз уақыт жүрсе де, халықтың мұңын жоқтаған, әділеттілікті жақтаған хабарлары мен шығармалары барда Сахитжан өлмек емес.

Елі, достары, туған-туыстары сағынған жанның жыл өткен сайын тұлғасы биіктеп, қадірі арта түсетініне сенімдімін.

Өмірден өтсе де, көңілден кетпеген талантты шәкірттің сөйлеген сөздері, іс-әрекеттері, практикалық сабақ барысындағы өзіндік көзқарасы, балаға тән қағылездігі біздің жадымызда әлі ұзақ сақталары сөзсіз. Ата-анасына: үкілеген үмітін ақтайды деген – бала, туыстарына – бауыр, жолдастарына – дос, ұстаздарына – шәкірт, мүмкін бойжеткенге – сүйіктісі болған Сахитжанның Алла жанын жәннатта болуға нәсіп етсін!

Сыр елінің аз ғана уақыт жарқырап сөнген жұлдызының алды пейіш, арты кеніш болып, топырағы торқа болсын.
//Сыр бойы.-2013.-19 ақпан.-4б.

Ажаркүл БОРАНБАЕВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушы
Жастар тәрбиесі алаңдатады

Қоғамның алдына ұрпақтың тәрбиесі жүктелген. Сондықтан бұл мәееле қайсыбір қоғамда атүсті қаралмаған. Қазақ жастары - елдің болаціағы. Бүгінде балабақшадан бастап, ата-ана, мектеп, жоғары оқу орындары, қоғам барлығы бала тәрбиесімен айналысады. Әрбір уақыттың өзіне тән ерекшеліктері болады. Кеңес үкіметі түсында жастарды тәрбиелейтін пионер, комсомол, партия, тимуршылар командасы сынды үйымдар болды. Бұл ұйымдардың жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге, өтірік айтпауға, ұрлық жасамауға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйретті. Мектеп қабырғасына Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерді, тылда жұмыс жасаған аналарымызды, еңбек майталмандарын шақырып тәрбие сағаттарын өткізетін. Мұндай шаралардың жеткіншектерге беретін тәлім-тәрбиесі өте зор. Аткарылған қоғамдық жұмыстар бүгінгі бейбіт өмірдің бізге оңай келмегенін ұғындыратын. «Өз еліме тер төгуім керек» деген тұжырым жасататын.

Ал, қазір тәуелсіз елміз. Ата-бабамыз аңсаған еркін елде өмір сүрудеміз. Отанымыз дамып, халықгың жағдайы да жақсаруда. Әркім калаған еңбегімен айналысып келеді. Бірақ жастар тәрбиесі талайды аландатады. Күнделікті күйбең тірлікпен қоғамдық көліктерге жиі мінеміз. Ал, қоғамдық көлік — жастардың (лицей, кәсіптік мектептер, колледж, университетте білім алушылар) қатынас құралы. Мүмкін, қазір «демократия» деп тәрбиелегендікген бе? Сол жастардьщ өзара сөйлесіп тұрғаньш естігенде қатты қынжыласың. Әрбір сөзініңдәмдемесі — «шеше» (былапыт сөз). Сонда қалай, былапыт сөз жастарымыздың қолданысына дендеп енген бе, әлде бұл «мода» ма? Әлде тәрбиесіздік пе?Мұндайда еріксіз ескерту айтуға тура келеді. Ал, өз қылығына ұялып, кешірім сұрайтындар да бар, «сізге айтып жатқан жоқпыз ғои» деп ренжитіндері кездеседі. Кейде, «сіздің не шаруаңыз бар?» деген сөзді естуіңіз де ғажап емес. Қоғамдақ көліктерде құлақтарына «құлақ қап» (наушник) салып алып, ұялы телефондарынан музыка тындап, қасында тұрған үлкен кісіге орын бермей, мізбақпай отыратындарын қайтерсің. Мұндайда «үлкен кісіге орын бер, дұрыс сөйле, өзінді - өзің сыйла!» деуге тура келеді. Тағы бір қызығы, осыларды көре тұра, көрмегенситін үлкен кісілердің үндемей отыратыны да бар. Менің шаруам қанша деп ойлайтын да шығар. Үлкен кісілерді де түсінуге болады, өйткені жастардың дені өз катесін түсінбек түгілі адамды беттен алады. Әрине, жастар барлығы тәрбиеден жұрдай деуден аулақпын. Тәрбиелі әрі ибалы бойжеткенді, сырбаз бозбаланы көргенде куанып қаласың.

XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры, техника жетіліп, жаңа технология дамыған уақыт. Мектеп жасына толмаған балалардан бастап компьютер аркылы атыс-шабыс, адам өлтіру, кирату ойындарын ойнайды. Мүмкін мұның да әсері бар шығар. Бірақ, бала тәрбиені тек компьютерден ғана алмайды ғой, жаңа технологияны меңгеру деңгейінде біз алдыңғы қатарлы елдердің санатына кіре алмаймыз. Ал жаңа технологияны меңгермесек, баска елдерден артта қалып қоятынымыз тағы бар. Тәрбие негізі отбасында қаланады. Кез келген ата-ана баласын жамандыкқа қимайды, қиқар болғанын да қаламайды. Әр жанұя баласына өзіндік тәрбие береді. Қазіргі уакытта балаларға «болмайды» (мәселен, жаман сөз айтуға, дөрекілік көрсетуге, бетінен алуға, қоғамдық ортаны ластауға) деген сөз жанұяда айтылмай қалады-ау, сірә. Көбіне балалардың материалдық жағдайына көңіл бөлінеді де, рухани тәрбиесіне мән берілмейді. Әйтпесе жастар бізге басқа жақтан келген жоқ. Тәрбиелісін де, тәрбиесізін де өсіріп жатқан өзіміз. Қоғамда ұрда-жық, басынан сөз асырмайтын, менмен, тілазар, тәрбиесіз жастар көп болса, біздің ұлттық тәрбиемізге сын емес пе? Мектеп қабырғаларында тәрбие сағаттары қалай ұйымдастырылып өтіледі? Әлде мұғалімдер қағазбастылықтан аса алмай жатыр ма? Ата-аналардың да уақыты жок, жұмыста, балаларын асырау камында. Сонда бұл іспен кім айналысады? Әрине түсінікті, мұғалім еңбегі оңай емес, алған жалақысы өз мұқтаждарын өтемейтінін де білемін. «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген сөз бар. Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін жастардың тәрбиесіне мән берген абзал.

//Халық.-2013.-21 ақпан.-6б.


Мақсат – ЭКСПО-2017-ге үлес қосу

Сенбі, 16 ақпан 2013 7:49

Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі тұтастай республика бойынша алғанда инженерлік ғылымды дамыту ісіне өз үлестерін қосып келеді. Мұнда тиісті ғылыми жұмыстармен шұғылдануға барлық жағдайлар туғызылған. Бөлімше жанындағы ғылыми-техникалық кеңеске тар өріс­тілік емес, керісінше, жаңаша инновациялық көзқарастар тән.

Инженерлік ғылым шекара таңдамайды. Осы тұрғыда бөлімше ғалымдары ғылыми жұмыстар мен ізденістерді көршілес ресейлік әріптестерімен тығыз интеграциялық байланыста жүргізіп келе жатқаны да құптауға әбден лайықты.

Сондай-ақ, өңірдегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға да жергілікті инженер-ғалымдар қосқан үлес қомақты. Мұнда ғылыми жаңалықтар мен жаңа технологияларды өндіріске енгізуден алынған пайда мен тиімділік өте жоғары. Бұған КазИИТу ғылым-білім кешенінің президенті, Ұлттық инженерлік академияның академигі Ақсерік Әйтімов бастамашы болып келеді.

Айталық, өңірде өткен жылы ғылыми-техникалық саланы дамытуға 700 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Жоғарыда айтылғандай, оның дені өндіріс пен өнеркәсіптік кәсіпорындарға инновациялық үдерістерді енгізуге бағытталған. Бүгінгі күні өңірдегі инженер ғалымдар таяу және алыс шетелдердегі әріптестерімен байланыстарды жаңа сапалық деңгейге көтеріп отыр.



Орал өңірінде өткізіліп жүрген ғылыми-техникалық кеңестің жұмысына олардың қатысып өзара ой-пікір алмасуы тұрақты сипат алып келеді. Ұлттық-инженерлік академия бөлімшесі ұйымдастырған соңғы мәжілістердегі басты әңгіме арқауы ЭКСПО-2017 көрмесіне озық инженерлік ғылыми ұсыныстар әзірлеу қажеттілігін туындатты. Бұған мәжіліске қатысқан шетелдік ғалымдар да қызығушылық пен мүдделілік танытты.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».//Егемен Қазақстан.-2013.-16 ақпан.-3б.
жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау