Оптимистік даму сценарийі. Бұл сценарийде инновациялық өсім көздерін пайдалану аймақ экономикасының басымды бәсекелестіктері қалыптасқан салаларда (өнеркәсіп, транспорт, аграрлық секторларда және т.б), экономикалық бағыттарда және жаңа ғылымиішілік секторларда іске асырылу арқылы қамтылатын болады [26, 35-б.]. Онда мыналар қарастырылған:
-аймақтың жоғары технологиялық тауарлар мен қызмет көрсету рыногындағы сапалы бағыттарын, тиімді ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және ұзақ мерзімді бағдарламалар мен жобалардың қанат жаюын қамтамасыз ету;
-тұрғындар өмірінің үлгісі мен адами капитал сапасын көтерудің маңыздылығын қамтамасыз ететін білім беруді, денсаулық сақтауды, тұрғын үй секторын қоса алғандағы әлеуметтік инфрақұрылымның терең жаңартылуы;
-экономиканың инфрақұрылымдық салаларын жаңарту-электр энергиясын, транспортты, байланысты және ақпараттық-қатынас технологияларды, энергияны сақтау тиімділігін көтерудің екінші әдіске қарағанда тым жоғары артықшылығының болуы.
Бұл сценарийді жүзеге асыру индустрияалды дамудан өткен елдердегі сияқты, аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру есебінен әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейіне шығуды қамтамасыз етеді, оның құрылымдық диверсификациялануына және тиімді өсуіне мүмкіндік береді.
Жаңа технологияларды ендіру, көмірсутегіні өндіру көлемін ұлғайту, көмірсутегі шикізатының жаңа кен орындарын өңдеу есебінен көмірсутегі шикізатының жаңа кен орындарын пайдаланудың тиімділігін жедел көтеру көзделіп отыр. Сондай-ақ, транспорттық инфрақұрылымды дамыту және транзиттік әлеуетті көтеру жұмыстары жүргізілетін болады.
Екінші нұсқамен салыстырғанда транзиттік әлеуеттің және транспорттық инфрақұрылымның аса жоғары қарқынмен дамуы жоспарланған.
Экономикалық өсімнің жаңа көздерін қалыптастыру, аймақтағы мұнай-газ саласының жедел дамуымен негізделген. Оның технологиялық дамуы мұнай-газ саласындағы құралғыларды жаңартуға итермеші күш болып табылады. Сондай-ақ, экономикадағы жаңа перспективалы секторларды құру құрылыс индустриясының, ауыл шаруашылығының, оның ішінде өңдеуші саланының өнімділігін көтеру көзделген.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру өмірді қамтамасыз ететін тиісті инфрақұрылымдарды қалыптастыру есебінен жүзеге асырылады. Миграция арқылы тұрғындар санын жедел өсіру көзделіп отыр. Сондай-ақ, аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің және қызмет көрсету секторының қарқынды өсімі есебінен жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Қорытындылай келе, аймақ экономикасының жақын кезеңдегі дамуы экономикалық дамудың екінші нұсқасы бойынша өрбитіндігін аңғаруға болады, бұған энергетикалық қорлар бағасына деген болжамдық өсімдері мүмкіндік туғызады. Экономикалық дағдарыстың екінші толқыны пайда болған жағдайда аймақтың экономикалық өсімі дамудың бірінші сценарийіне көшуі мүмкін, егер бұл уақытқа дейін ел экономикасының инновациялық әлеуетінің қарқыны қиын кезеңге тап болмаған жағдайға. Егер инновациялық инфрақұрылым өнімдерін қалыптастыру мерзімді жағдайда әлемдік нарықтағы тауарлармен бәсекелестік қабілеттілікке түсе алатын болса, аймақ экономикасы дамуының ұзақ мерзімді перспективасы үшінші инновациялық сценарий бойынша жалғасатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |