Мамандыѓы – ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау


ХІІ кеуде омыртқасының деңгейі



жүктеу 1,14 Mb.
бет6/6
Дата23.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#16506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

ХІІ кеуде омыртқасының деңгейі


  • ІІ құйымшақ омыртқасының деңгейі

    Cитуациялық тапсырмалар:

    1. Басынан жарақат алған ауру түсті , оның миында ісік бар екені байқалады. Операция – басқа трепанация жасауға дайындау үшін жұлынға пункция жасау керек. Омыртқа бағанасының қай бөлігінде пункция жасалынды.?



    Жауап: 3-4 бел омыртқаларының арасында.

    2. Ауруда тері сезімі – стереогноз бұзылғалы байқалады.

    Жұлынның қай жіпшелерінің тұсында өткізгіштік бұзылған?

    Жауап эталоны: Жұлынның артқы жіпшелерінің Голл және Бурдах шоғырларында.

    3. Ауруда қол, аяқ бұлшық еттерінің жұмысы бұзылғаны байқалды. Мишықтың қай анатомиялық құрылысы бұзылғанын көрсет.



    Жауап: Мишықтың жарты шары мен тісті ядросы жарақаттанғанда.

    4. Аурудың тынысы мен қан айналымы тоқтады. Ромба тәрізді мидың қай анатомиялық құрылымы бұзылғанын көрсет.



    Жауап: Сопақша мидағы тыныс алу және қан айналым орталықтары.

    5. Науқас ауруханаға жедел менингитпен түсті. Ауру бас мидың шеменімен асқынды. Ромб миының қандай тесіктері торлы қабықасты кеңестікпен жұлын сұйығының циркуляциясының бұзылуына әкеп соқтырады.



    Жауап: Ортаңғы тесік (Magendi) және екі бүйір (Luschka) 4-ші қарыншаның жоғарғы тамырлы қабықшасы .

    6. Босану кезінде нәрестеде бас – ми жарақаты байқалды мишықтың жұлынуымен. Қатты ми қабықшасының қандай өсіндісі зақымдалған.



    Жауап: Мишық шатырының үзілуі байқалады.

    7. Ауруда иықтың бүгу қызметі бұзылған және білектің латеральды жағындағы терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нервтің жарақаттанғаны болады.



    Жауап: Ауруда бұлшықет-тері нерві жарақаттанған.

    8. Ауруда санның артқы бетіндегі терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нерв бұзылған.



    Жауап: Ауруда артқы санның тері нервінің қызметі бұзылған.

    9. Ауруда санды ішкі әкелу бұзылған, сонымен бірге санның медиальды бетінде тері сезімі бұзылған. Ауруда қай нервтің бұзылғаны байқалады.



    Жауап: Ауруда жапқыш нервтің бұзылғаны байқалады

    Кредит №2

    Сабақ №5

    1. Тақырыбы: Сезу ағзалары. Көру мүшесі, көру жолдарының құрылысы мен функциялары. Есту мүшесі. Сыртқы және ортаңғы құлақ. Ішкі құлақ. Есту анализаторының өткізгіш жолдары. Дәм және иіс сезу мүшелері.
    2. Мақсаты: Сезім ағзаларының құрылысы мен қызметін зерттеу.

    3. Оқыту мақсаты: Сезiм органдарын, көру, есту, стато-кинетикалық, иiс және дәм сезу анализаторларының жолдарын бiлу, студенттерге үйрету.
    4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

    1. Көздiң склерасымен мүйiздi қабатының құрылысы.

    2. Көздiң тамырлы қабатының құрылысы.

    3. Көздiң торлы қабатының құрылысы.

    4. Көздiң iшкi ядросы.

    5. Көз алмасының бұлшық еттерi.

    6. Көз жасы аппараты, көздiң қосымша аппаратының элементтерi.

    7. Есту ағзасы және оның бөліктері.

    8. Құлақ қалқанының құрылысы.

    9. Құлақ сыртқы жолының құрылысы.

    10. Дабыл қуысының құрылысы.

    11. Құлақ сүйекшелерiнiң құрылысы.

    12. Есту түтiгiнiң құрылысы.

    13. Жартылай айналма каналдардың құрылысы.

    14. Кiреберiстiң құрылысы.

    15. Сүйектi ұлудың құрылысы.

    16. Статокинетикалых анализатор.

    17. Көру анализаторының өткізгіш жолдары.

    18. Есту анализаторының өткізгіш жолдары.

    19. Дәм сезу ағзаларының өткізгіш жолдары.

    20. Иіс сезу ағзаларының өткізгіш жолдары.


    5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

    - анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

    - ауызша сұрау

    - тестілік тапсырмаларды шешу

    - кіші топтарда жұмыс жасау
    6. Әдебиет:

    Қазақ тілінде:

    Негізгі:

    1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

    2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

    3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

    4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

    Қосымша:

    1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

    2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

    3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

    4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

    5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007



    Ағылшын тілінде:

    Негізгі:

    1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

    2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

    Қосымша:

    1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth

    Edition.


    7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

    Тестілер:

    1. Көз алмасының құрамына ... кіреді.



    1. ядро мен қабықтар+

    2. ядро мен қыртыс

    3. ядро мен көру нерві

    4. қыртыс пен сулы ылғал

    5. қыртыс және милық заттектер

    2. Көз алмасының қабығы:

    1. ақ қабық (склера)+

    2. миелиндік

    3. синовиалдық

    4. эпителийлік

    5. адвентициалдық

    3. Көз алмасының тамырлық қабығының құрамына ... жатады.

    1. меншікті тамырлы қабық, нұрлы қабық және кірпікті дене+

    2. меншікті тамырлы қабық, мөлдір қабық, ақ қабық

    3. меншікті тамырлы қабық, торлы қабық, кірпікті дене

    4. нұрлы, торлы және меншікті тамырлы қабықтар

    5. фиброздық, ақ және мөлдір қабықтар

    4. Көз алмасының ... қабығы құрамында биполярлық нейрондар орналасқан.

    1. торлы+

    2. нұрлы

    3. ақ

    4. мөлдір

    5. меншікті тамырлы

    5.Есту ағзасының бөлігі:

    1. ортаңғы құлақ+

    2. есту сүйекшелер

    3. есту нерві

    4. кіреберіс нерві

    5. дабылдық саты

    6. Көз алмасының ... камералары бар.

    1. алдыңғы және артқы+

    2. алдыңғы және латералдық

    3. алдыңғы және медиалдық

    4. медиалдық және латералдық

    5. алдыңғы және ортаңғы

    7. Кірпіктік бұлшықеттің қызметі:

    1. көзбұршақтың көлемін өзгертеді+

    2. көз алмасын бұрады

    3. көз қарашығын көлемін өзгертеді

    4. қабақтарды жабады

    5. қасты түйеді

    8. Сыртқы ортадан тітіркенулерді ... қабылдайды

    1. экстерорецепторлар+

    2. интерорецепторлар

    3. проприорецепторлар

    4. хеморецепторлар

    5. висцерорецепторлар

    9. Көру анализаторының қыртыстық шеті ... қатпарда орналасқан.

    1. топшылық жүлгенің айналасында+

    2. латералдық жүлгенің айналасында

    3. шеке-шүйделік жүлгенің айналасында

    4. самайлық ортаңғы қатпарда

    5. тілдік қатпарда

    10. Есту анализаторының қыртыстық шеті ... қатпарда орналасқан.

    1. самайлық жоғарғы+

    2. орталық алдыңғы

    3. орталық артындағы

    4. жоғарғы маңдайлық

    5. белдеулік

    Cитуациялық тапсырмалар:

    1.Ауруда көп қозғалғанда тепе-теңдігі бұзылатыны байқалады, тыныш отырса тоқталады. Ауруда қай тепе-теңдік бұзылғанын көрсет.



    Жауап: Ауруда кинетикалық тепе-теңдіктің бұзылғаны байқалады.

    2. Туристер тауға көтерілгенде құлақтары бітіп қалады, сондықтан олар тұтынады. Неге?



    Жауап: Жұтыну қозғалысын жасағанда есту түтігі кеңіп, дабыл қуысында атмосфералық қысым теңселеді.

    3. Өте жарықта көз қарашығы тарылады. Бұл реакция қай бұлшық еттің арқасында болатынын көрсет.



    Жауап: Көз қарашығын тарылтатын бұлшық ет.

    4. Ауруда екі көзінде медиальді көру алаңы жоғалатыны байқалады. Ауруда көру жолының қай деңгейінде бұзылғанын көрсет:



    Жауап: Көру қиылысының маңында.

    Кредит №2

    Сабақ №6
    1. Тақырыбы: Эндокрин бездері. Эндокрин аппаратының морфологиялық сипаттамасы. Эндокрин бездерінің жіктелуі, құрылысы жағынан ерекшеліктері.Тимус, қалқанша және қалқаншамаңы безі, гипофиз, түйін тәрізді (эпифиз) бүйрекүсті безі, аортамаңы денешіктер, ұйқы безінің эндокрин бөлігі, жыныс бездерінің эндокрин бөліктері – аналық без, аталық без.
    2. Мақсаты: Эндокринді бездердің құрылыс және қызметін зерттеу.
    3. Оқыту мақсаты: Эндокринді бездердің орналасуы, құрылыс және қызметін білу, студенттерге үйрету . Бұл ағзалардың ерекшеліктерін білу.
    4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

    1. Эндокрин бездеріне анықтама беру.

    2. Эндокрин бездерінің жіктелуі.

    3. Қалқанша бездерінің құрылысы және функциясы.

    4. Қалқанша маңы бездерінің құрылысы және функциясы.

    5. Айырша безінің құрылысы және функциясы.

    6. Гипофиз құрылысы және функциясы.

    7. Эпифиз құрылысы және функциясы.

    8. Бүйрек үсті безінің құрылысы және функциясы.

    9. Хромаффинді денешіктерінің құрылысы және функциясы.

    10. Ұйқы безінің эндокринді бөлігінің құрылысы және функциясы.

    11. Жыныс бездерінің эндокринді бөлігінің құрылысы және функциясы, аналық без, аталық без.


    5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

    - анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

    - ауызша сұрау

    - тестілік тапсырмаларды шешу

    - кіші топтарда жұмыс жасау
    6. Әдебиет:

    Қазақ тілінде:

    Негізгі:

    1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

    2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

    3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

    4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

    Қосымша:

    1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

    2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

    3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

    4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

    5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


    Ағылшын тілінде:

    Негізгі:

    1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

    2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

    Қосымша:

    1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


    7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

    Тестілер:

    1.Гипофиз гормонын белгіле:



    1. соматотропты+

    2. адреналин

    3. окситоцин

    4. паратгормон

    5. тироксин

    2. Бүйрекүсті гормонын белгіле:

    1. адреналин +

    2. окситоцин

    3. соматотропты

    4. паратгормон

    5. тироксин

    3. Қалқанша жанындағы без гормонын белгіле

    1. паратгормон +

    2. адреналин

    3. окситоцин

    4. соматотропты

    5. тироксин

    4. Бой өсу гормонын белгіле

    1. соматотропты +

    2. адреналин

    3. окситоцин

    4. паратгормон

    5. тироксин

    5.Айырша без ... орналасқан.

    1. алдыңғы көкірекаралықта+

    2. артқы

    3. жоғарғы

    4. ортаңғы

    5. төменгі

    6.Қалқанша жанындағы бездердің қызметі:

    1. эндокриндік+

    2. ас қорыту

    3. қан айналдыру

    4. иммундық

    5. гемопоэздық

    7.Эндокриндік бездердің басқа бездерден айырмашылығы:

    1. шығаратын түтіктері жоқ+

    2. қақпалары бар

    3. шығаратын түтіктері бар

    4. ақ және қызыл ұлпаларға бөлінеді

    5. майлық қапшығы болмайды

    8. Аралас секрециялық безге ... жатады.

    1. ұйқы безі+

    2. гипофиз

    3. қалқанша безі

    4. бүйрекүсті безі

    5. сілекей безі

    9.Эндокриндік қызметтерді реттейтін жоғарғы орталық:

    1. гипоталамуc+

    2. мишық

    3. метаталамус

    4. эпиталамус

    5. таламус

    10. ... атабезде өңдірілетін гормон.

    1. Тестостерон+

    2. Эстроген

    3. Прогестерон

    4. Адреналин

    5. Тироксин

    11.Бүйрекүсті безінің қыртыстық заттегінде ... аймақ бар.

    1. шумақтық+

    2. дөңгелек

    3. радиарлық

    4. аралас

    5. ала (зона)

    12. Айырша без ... бөлігінде орналасқан.

    1. көкірекаралықтың алдыңғы+

    2. көкірекаралықтың артқы

    3. көкірекаралықтың жоғарғы

    4. көкірекаралықтың ортаңғы

    5. көкірекаралықтың алдыңғы-артқы

    13. Иммундық жүйенің орталық ағзасы ... болып табылады.

    1. айырша без+

    2. көкбауыр

    3. лимфа түйіндері

    4. бадамшалар

    5. құрттәрізді өсінді

    Cитуациялық тапсырмалар:

    1. Науқас Д, 25 жастағы жүрек соғысына, ашушаңдық, күйгелек, ұйқысыздық, азып кетуіне, қолдың дірілдеуіне (жазуы өзгерген) осындай белгілерге шағымданады. Тәбеті жоғары, дене салмағының бір уақытта өзгеруі. Теріс азот балансы байқалады, дене температурасы жоғары, тері ылғалды, қалқанша безі үлкейген. Пульс 118/мин. Бұл қандай патология?



    Жауап: Диффузды токсикалық зоб (Базед ауруы) – қалқанша без гормондарының гиперфункциясы (тироксин, трийодтиронин).

    2. Науқас Р, 58 жасар дәрігерге солғындық, апатия, баяулықпен шағымданған. Жоғары және төменгі қабақтың қалтатәріздес ісікпен, еріндердің, ұрттың ісігі байқалады. Ісік тіндерді басқанда шұңқырдың ізі қалмайды. Негізгі алмасу төмендеген. Бұл қандай патология?



    Жауап: Қалқанша бездің гипофункциясына (микседема) орын берілген.

    3. Профилактикалық тексеру кезінде Солтүстік Кавказдың тұрғындарында көптеген тұрғынында қалқанша безінің үлкеюі байқалған. Қан анализі көрсеткендей Т4 және Т3 төменгі деңгейі көрсетілген. Көптеген жағдайларда тұншығу ұстамасы, құрғақтық, жөтел, дауыстың қарлығуы байқалады. Бұл қандай патология?



    Жауап: Эндемиялық зоб. Эндемиялық зобтың негізгі себебі тамақ өнімдерінде йодтың тапшылығы, оның топырақта және суда жетіспеушілігі. Тиреоидты гормондардың тапшылығы гипофиздегі тиротропты гормондардың секрециясының жоғарылауына әкеледі, қалқанша безінің тіндерінің гиперплазиясына зобтың дамуына әкеліп соқтырады.

    4. Қалқанша безінің резекциясында кездейсоқ қалқанша жанындағы бездер алынып тасталынды. Операциядан кейін науқаста тетания ұстамасы басталды. Тетанияның белгілері алдында аяқ-қолдың мұздауы, жансыздануы, шымылдауы дененің тітіркенуі, түйілу сезімі байқалады. Осы белгілерден соң, әр түрлі ауыр тонусты қалтырау байқалады.



    Жауап: Паратгормонның жетіспеушілігі сүйек тінінен қанға кальции иондарының келуін азайтады және бүйректің жекеленген проксимальды бөліктеріндегі фосфордың реабсорбциясын жоғарылатады. Осының нәтижесінде гипокальцемия байқалады және гиперфосфатемия. Гипокальцемияның нәтижесінде Na және K, сонымен қатар Са және Mg иондарының арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Нәтижесінде нерв бұлшықет қозуының бірден жоғарылауы туындайды. Са бұлшықеттің жиырылу механизміне қатысады.

    5. 7 жасар балада физикалық және ақыл есіндегі кемістік байқалады. Бойы кіші, дене құрылысы пропорционалды емес. Негізгі зат алмасу және дене температурасы төмен. Бұл қандай патология? Сіз себебін қалай түсіндіресіз?



    Жауап: Бұл жағдайда қалқанша безінің гипофункциясы орын алады, немесе гипотиреоз, басқаша кретинизм деп аталады. Бұл аурудың белгілері, ең бастысы, иодтирониндердің жасушаның бөлінуіне және дифференцировкаға әсерінің төмендеуімен түсіндіріледі. Бұның нәтижесінде сүйек тіні өсуі баяулайды және дұрыс өспейді, нейрондардың дифференцировкасы бұзылады. Нәтижесінде нейрондар өздерінің арнайы функцияларын орындай алмайды.

    6. Науқас дене массасының артық салмағына, шөлге, әрдайым аш болуына, шаршаңқы, бұлшықеттің әлсіздігіне шағымданады. Тексеріп байқағанда науқастың беті ай тәрізді. Зерттеу барысында гипергликемия, гипертония, АКТГ және кортизол гормондарының жоғары секрециясы байқалған. Бұл қандай патология?



    Жауап: Бүйрек үсті безінің қабығының гиперфункциясы байқалады. (Иценко-Кушинга ауруы) немесе стероидты диабет.

    7. Науқас әйелдің шағымы: ауыз қуысы құрғап, шөлдеп, тәбеті жоғары, әлсіз. Тәулігіне бөлінетін зәрдің көлемі 3 литр дейін жоғарылаған. Зәрге жасалған талдау 1,032 тығыздықты глюкозаның мөлшері 9,0 ммоль/л екендігін көрсетті. Бұл қандай патология?



    Жауап: Науқас әйелде қант диабеті. Бұл ауруда қандағы қанттың мөлшері жоғары (гипергликемия), себебі инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы түрде жеткіліксіздігі байқалады. Глюкоза – осмостық белсенді зат, қанға бөлінген кезде өзімен бірге суды тартады, диурез жоғарылайды (полиурия), шартты түрде шөлдеу пайда болады (полидипсия). Қандағы глюкозаның мөлшері жоғары болуына қарамастан, ол клеткаға өтпейді және бауырда гликогенге айналмайды, тіндерде энергетикалық материал ретінде пайдаланылмайды, «тоқтық арасында аштық» (полифагия) байқалады. Глюкозаның мөлшері сонымен бірге, глюконеогенездің есесінен де жоғарылайды, яғни бұл жағдайларда майлар мен белоктар (глицерин, аминоқышқылдар) глюкозаға айналады.

    8 Жынысы жетілмеген жануарда эксперимент кезінде эпифиз алынып тасталынды. Жануардың жыныстық жетілу жылдамдығы қалай өзгереді?



    Жауап: Жыныстық жетілу жылдам болады.

    9. Босану кезінде екі қабат әйелге жатырдың жиырылуын үлкейтетін гормон салды. Екі қабат әйелге қандай гормон енгізді?



    Жауап: Окситоцин.



    жүктеу 1,14 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау