Мамандыѓы – ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау



жүктеу 1,14 Mb.
бет1/6
Дата23.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#16506
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Морфологиялық пәндер кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДIСТЕМЕЛIК

өңдеу құрылымы


Пән: «Анатомия»

Пән коды: Ana - 1214

Мамандық – 5В110100- «Мейіргер ісі»

Курсы – І, оқу семестрі - І

2013 жыл

Морфологиялық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланды


Хаттама №_____ «_____» _______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор __________

Кредит №1

Сабақ №1
1.Тақырыбы: Қаңқаға жалпы шолу. Сүйектердің жіктелуі. Кеуде торы. Қол-аяқ сүйектері құрылысының ерекшеліктері. Бассүйек құрылысы, оның милық және беттік бөліктеріне бөлінуі.
2.Мақсаты: Бассүйектің және оның жеке бөліктерінің сүйектерінің ерекшеліктерін оқып білу.
3.Оқыту мақсаты: Жеке препараттардан бассүйектердің, тұлғаның, қолдың және аяқтың сүйектерін көрсету, тауып беруді үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Қаңқаға анықтама беріңіз.

  2. Сүйектердің жіктелуі.

  3. Бассүйектердің милық және беттік бөлімдерге бөлінуі.

  4. Ми сауытының сүйектерін атап, көрсетіңіз.

  5. Бет сүйектерін атап, көрсетіңіз.

  6. Тұлға сүйектердің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.

  7. Қол және аяқтың сүйектерінің белдеуінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.

  8. Қол сүйектерінің белдеуінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.

  9. Аяқ белдеу сүйектерінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.

  10. Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасының құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:

1. Мойын омыртқаларының саны:



  1. 7+

  2. 5

  3. 4

  4. 8

  5. 12

2. Кеуде омыртқаларының саны:

  1. 12+

  2. 5

  3. 7

  4. 8

  5. 11

3. Бел омыртқаларының саны:

  1. 5+

  2. 4

  3. 7

  4. 8

  5. 12

4. Сегізкөз омыртқаларының саны:

  1. 5+

  2. 4

  3. 7

  4. 8

  5. 12

5. Көлденең өсінділерінде тесігі бар омыртқалар:

  1. мойын омыртқалары+

  2. кеуде омыртқалары

  3. бел омыртқалары

  4. сегізкөз омыртқалары

  5. құйымшақ омыртқалары

6. Қабырғалық шұңқырлары бар омыртқалар:

  1. кеуде омыртқалары+

  2. мойын омыртқалары

  3. бел омыртқалары

  4. сегізкөз омыртқалары

  5. құйымшақ омыртқалары

7. Қаңқаның тозу (кәрілік) белгілері:

  1. сүйек тінінің сиректенуі+

  2. сүйек табақшалары санының көбеюі

  3. сүйек затының (заттегінің) тығыздануы

  4. дәнекер тінінің өте көбеюі

  5. өсінділердің пайда болуы

8.Жауырынның буындық ойысы ... орналасқан.

  1. латералдық бұрышында+

  2. жоғары бұрышында

  3. төменгі бұрышында

  4. акромионда

  5. құстұмсықтәрізді өсіндіде

9.Жауырын қылқаны ... орналасқан.

  1. дорсалды бетінде+

  2. жоғарғы бұрышында

  3. төменгі бұрышында

  4. латералді бұрышында

  5. қабырғалық бетінде

10. Акромион және құстұмсықтәрізді өсінділері бар сүйек:

  1. жауырын+

  2. төс

  3. тоқпан жілік

  4. шынтақ жілік

  5. кәрі жілік

11. Екі мойны бар сүйек:

  1. тоқпан жілік+

  2. ортан жілік

  3. шынтақ жілік

  4. асықты жілік

  5. кәрі жілік

12. Шынтақтық, кәрі жіліктік және тәждік шұңқырлар ... жілікте орналасқан.

  1. тоқпан+

  2. ортан

  3. шынтақ

  4. кәрі

  5. асықты

13. Қол ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:

  1. білек+

  2. тілерсек

  3. толарсақ

  4. аяқ ұшы саусақ бақайшықтары

  5. апофиз

14. Аяқ ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:

  1. тілерсек+

  2. білек

  3. толарсақ

  4. қол ұшы саусақ бақайшықтары

  5. метафиз

15. Мықын, шонданай және шат сүйектерінің жамбаста бітісетін жері ...

  1. ұршық ойысының аймағы+

  2. қасағалық бітісу

  3. құлақтық бет

  4. бұдырмақ

  5. қасаға қыры

16. Бассүйектің милық бөлігі (мисауыттың) сүйегі:

  1. шүйделік сүйек+

  2. көзжастық сүйек

  3. мұрындық сүйек

  4. жоғарғы жақсүйек

  5. төменгі жақсүйек

17. Бассүйектің бет бөлігіне ... сүйегі жатады.

  1. жоғарғы жақ+

  2. шүйделік

  3. маңдайлық

  4. сынатәрізді

  5. самайлық

18. Тесіктелген табақшасы бар сүйек:

  1. торлы сүйек+

  2. маңдайлық сүйек

  3. көзжас сүйегі

  4. сынатәрізді сүйек

  5. мұрын сүйегі

19. Гаймор қойнауы ... сүйекте орналасқан.

  1. жоғарғы жақ+

  2. маңдайлық

  3. сынатәрізді

  4. кеңсірік

  5. самайлық

20. Бассүйектің ең үлкен тесігі ... сүйекте орналасқан.

  1. шүйделік+

  2. маңдайлық

  3. төбелік

  4. самайлық

  5. бет әлпеттік

21. Бассүйектің милық бөлігінің тақ сүйегіне жатады.

  1. маңдайлық+

  2. жоғарғы жақ сүйек

  3. төменгі жақ сүйек

  4. самайлық

  5. төбелік

22. Шүйде сүйек ... тұрады.

  1. базилярлы бөлік+

  2. дене

  3. мойын

  4. өсінділер

  5. доға

23. Омыртқаның … өсіндісі бар.

  1. қылқанды+

  2. құстұмсықтәрізді

  3. тәждік

  4. иық (акромион)

  5. бізтәрізді

24. Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылым:

  1. көлденең өсінділеріндегі тесікте+

  2. қабырғалық шұңқырларда

  3. тәждік өсіндіде

  4. емізіктәрізді өсіндіде

  5. бізтәрізді өсіндіде

25. Омыртқа бағанасының … мүйіс орналасқан.

  1. V-бел омыртқасының сегізкөзбен қосылған жерінде+

  2. IV және V-бел омыртқаларының қосылған жерінде

  3. І-сегізкөз омыртқасында

  4. V-бел омыртқа денесінің тұсында

  5. ІІІ және IV бел омыртқаларының арасында

26. Сегізкөздің … құлақтәрізді буындық бет орналасқан.

  1. латералды бетінде+

  2. дорсалды бетінде

  3. жамбастық бетінде

  4. сегізкөз негізінде

  5. сегізкөз ұшында

27. Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буындық ойығы … орналасқан.

  1. жауырынның латералды бұрышында+

  2. акромионда

  3. жауырынның жоғарғы бұрышында

  4. құстұмсықтәрізді өсіндісінде

  5. жауырын қылқанында

28. Сегізкөздің тақ қыры … құралған.

  1. қылқанды өсінділердің бітісуінен+

  2. буындық өсінділерінің бітісуінен

  3. көлденең өсінділерінің бітісуінен

  4. денелерінің бітісуінен

  5. сегізкөздік мүйізшелерден

29. Тоқпан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

  1. басы+

  2. шынтақ өсіндісі

  3. кіші төмпешік

  4. төмпешікаралық жүлге

  5. дельтатәрізді бұдырмақ

30. Кәріжіліктің дисталды шетінде … бар.

  1. бізтәрізді өсіндісі+

  2. басы

  3. мойны

  4. емізіктәрізді өсіндісі

  5. бұдырмағы

31. Ұршық ойығын құруға қатысатын … болды.

  1. мықын сүйек+

  2. ортан жілік

  3. асықты жілік (үлкен жіліншік)

  4. сегізкөз

  5. асықты жілік шыбығы (кіші жіліншік)

32. Ортан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

  1. тақымдық беті+

  2. ұршықаралық қыр

  3. үлкен ұршық

  4. басы

  5. мойны

33. Асықты жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

  1. медиалды толарсақ+

  2. асықты жіліктің бұдырмағы

  3. латералды толарсақ

  4. камбалатәрізді бұлшықет сызығы

  5. айдаршықаралық томпақ

34. Тілерсек сүйегіне … жатады.

  1. өкше сүйегі+

  2. үлкен трапециятәрізді сүйек

  3. кіші трапециятәрізді сүйек

  4. басты сүйек

  5. ілмектәрізді сүйек

35. … сүйегі мисауытын құруға қатысады.

  1. Шүйде+

  2. Жоғарғы жақ

  3. Мұрын

  4. Желбезек

  5. Таңдай

36. Жұтқыншақтық төмпешік … сүйегінде орналасқан.

  1. шүйде+

  2. маңдай

  3. шеке

  4. сынатәрізді

  5. самай

37. Мисауытында үлкен және кіші қанаттар … сүйегінде орналасқан.

  1. сынатәрізді+

  2. шеке

  3. шүйде

  4. маңдай

  5. самай

38. Мисауыттағы … сүйекте гипофизарлық шұңқыр орналасқан.

  1. сынатәрізді+

  2. маңдай

  3. торлы сүйек

  4. шүйде

  5. самай

39. Самай сүйектің пирамида бөлігі арқылы … нерві өзегі өтеді.

  1. бет+

  2. көру

  3. әкетүші

  4. кезбе

  5. үшкіл

40. Мойындырық тесігін … сүйегі шектейді.

  1. шүйде+

  2. сынатәрізді

  3. маңдай

  4. шеке

  5. торлы

41. Қанат-таңдай шұңқырын … мұрын қуысымен байланыстырады.

  1. сына-таңдай тесігі+

  2. сопақ тесік

  3. қанаттәрізді өзек

  4. қанаттәрізді-жоғарғы жақсүйектік саңылау

  5. дөңгелек тесік

42. Көзұяның медиалды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.

  1. көзжас+

  2. бет

  3. самай

  4. тіласты

  5. төменгі жақ

43. Мұрын қуысының латералды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.

  1. жоғарғы жақ+

  2. көзжас

  3. бет

  4. самай

  5. шүйде

44. Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы ...

  1. мойын бөлімі+

  2. жоғарғы кеуде бөлімі

  3. төменгі кеуде бөлімі

  4. бел бөлімі

  5. сегізкөз бөлімі

Cитуациялық тапсырмалар:

1.Көшеде алған жарақаттан кейін зардап шеккен адамда жүрек жұмысы тоқталды. Алғашқы көмекті қалай көрсетеміз және қаңқаның қай бөліктеріне зақым келді?



Жауап: Төс сүйегі аймағында ритімді қозғалыс арқылы жүрекке жасанды массаж жасау керек.

2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?



Жауап: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.

3. Омыртқалардың қысқа қырқа өсіндісінде және көлденең өсіндісінде кішкене тесіктер бар. Омыртқаны анықта



Жауап: Типтік мойын омыртқасы

4. 7 жастағы баланың табан сүйектерінің рентгенограмасында дәрігер өкше сүйегі аймағында көптеген сынықтарды көрді. Себеп неде?



Жауап: 7- 9 жас аралығындағы балада өкше төмпешігі сүйектерінің сүйектенуі бірнеше нүктеде дамиды, олар 12-15 жасқа келген кезде ғана денесімен бітеседі.

5. Баланың жасын білу үшін дәрігерге сан сүйегінің рентгенограммасын әкеліп көрсеткен, ал онда сан сүйегінің басында тек бір ғана сүйектену нүктесі көрінеді. Бала неше жаста?



Жауап: Бала 1 жаста.

6. .Көшеде жарақат алудың нәтижесінде жүрек тоқталды. Алғашқы жәрдемді қалай өткізуге болады және қаңқаның қай бөліктеріне әсер етуге болады?



Жауап: Төстің алдыңғы бөлімінде ырғақты қозғалыспен жүрекке жасанды массаж жасау керек.

7. Кенеттен құлағаннан адамның білек сүйектерінің біреуі сынды. Сонда білектің алдыңғы – латеральды қырында патологиялық қозғалыс байқалады. Зардап шеккен адамның қай сүйегі сынды?



Жауап: Зардап шеккен адамның кәрі жілік сүйегі сынды.

8. Автомобиль авариясынан адам басының бүйір беті жарақаттанды. Самай сүйегінің қабыршығы пирамидадан бөлінді. Бұндай жағдайда самай сүйегінің қай каналы бұзылды?



Жауап: Бұлшықет-түтікті өзек зақымдалады.

9. Операция кезінде хирург самай сүйектің астыңғы бетіндегі пирамидасында мойындырық тесікке бағытталған. Оператордың дұрыс емес әрекетінде қандай канал бұзылуы мүмкін?



Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал

10. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?



Жауап: Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.

11. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?



Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.

12. Қабыну процессі кезінде көз алмасының төменгі қабырғасында іріңді процесс пайда болды. Емдеуші дәрәгер қабыну процессінің көз алмасынан қанат таңдай шұңқырына дейін жайылып кетуін күдіктенеді. Қандай тесік арқылы қабыну процессі қанат таңдай шұңқырына өтіп кетуі мүмкін?



Жауап: Қабыну процессінң қанат таңдай шұңқырына төменгі көздік саңылау арқылы өтуі мүмкін

13. Мойындырық тесік бас қаңқасының төменгі бөлігінде орналасқан. Ол арқылы нервтер мен ірі вена тамырлары өтеді. Егер де осындай ірі вена тамырлары жарылатын болса бас қаңқасының қай қуысына қан құйылу болады?



Жауап: Вена тамырларының қан ұйылу артқы ми шұңқырына таралады.

14. Коньюктивит нәтижесінде көз ұясынан ірің шыға бастады мұрын қуысына қабыну процесі көз ұясында мұрын қуысынан қай өзек бойына қатысады?



Жауап:Қабынудың қанат-таңдай шұнқырына өтуі төменгі көз шарасы саңылауынан.
Кредит №1

Сабақ №2

1. Тақырыбы: Сүйек қосылыстарының жіктелуі, буындардың түрлері. Бастың, мойынның, дененің, қол-аяқтың бұлшықеттері.
2. Мақсаты: Сүйектердің қосылыстарын және буындардың түрлерін оқып білу. Бас, мойын, тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерін оқып білу.

3. Оқыту мақсаты: Қосылыстардың түрлерін танып, білуге үйрету. Мәйіттен, кестелерден, планшеттен, муляждардан бастың, мойынның, тұлғаның, қол-аяқтың бұлшықеттерін тауып көрсетіп, атап үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Сүйектердің буындарының түрлері.

  2. Буындардың жіктеліуі және оларға жалпы сипаттама.

  3. Бас бұлшықеттері.

  4. Мойын бұлшықеттері.

  5. Кеуде бұлшықеттері.

  6. Іш бұлшықеттері.

  7. Арқа бұлшықеттері.

  8. Иық белдеу бұлшықеттері.

  9. Қол сүйектерінің еркін бұлшықеттері.

  10. Аяқ сүйектерінің еркін бұлшықеттері.

  11. Аяқтың еркін бұлшықеттері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007



Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:

1. Сүйектер арасында дәнекер тін орналасқан қосылыс:



  1. синдесмоз+

  2. синхондроз

  3. синостоз

  4. диартроз

  5. гемиартроз

2. Сүйектер арасында шеміршек тін орналасқан қосылыс:

  1. синхондроз+

  2. синостоз

  3. синдесмоз

  4. диартроз

  5. гемиартроз

3. Сүйектер арасында сүйектік тін орналасқан қосылыс:

  1. синостоз+

  2. синхондроз

  3. синдесмоз

  4. диартроз

  5. гемиартроз

4. Төменгі жақсүйек ... сүйекпен буын құрайды.

  1. самайлық+

  2. бет әлпет

  3. жоғарғы жақ

  4. шүйделік

  5. шекелік

5. Омыртқа доғасын ... байлам байланыстырады.

  1. сары+

  2. алдыңғы бойлық

  3. артқы бойлық

  4. желке

  5. қылқанаралық

6.Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылым:

  1. кәрі жіліктің сақинатәрізді байламы+

  2. буындық ерін

  3. менискілер

  4. буындық диск

  5. сүйекаралық жарғақ

7. Сирақ-асық буынын құруға ... сүйегі қатысады.

  1. асықты жілік+

  2. өкше

  3. қайықтәрізді

  4. шаршытәрізді

  5. медиалды сынатәрізді

8. Иық буынының байламы:

  1. құстұмсық-тоқпан жілік байламы+

  2. құстұмсық-акромиалды байлам

  3. құстұмсық-бұғана байламы

  4. жауырынның төменгі көлденең байламы

  5. жауырынның жоғарғы көлденең байламы

9. Шынтақ буынындағы қозғалыстар:

  1. білекті бүгу және жазу+

  2. тоқпан жілікті әкелу және әкету

  3. тоқпан жілікті айналдыру

  4. қолды шеңбер бойымен айналдыру

  5. білекті әкету және әкелу

10. Кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыстар:

  1. әкелу және әкету+

  2. кәрі жілікті айналдыру

  3. шынтақ жілікті айналдыру

  4. супинация

  5. пронация

11. Сегізкөз-мықын буынының байламы:

  1. сегізкөз-мықын байламы+

  2. сегізкөз-төмпе байламы

  3. сегізкөз-қылқан байламы

  4. ортан жілік басының байламы

  5. ұршық ойығының көлденең байламы

12. Тізе буынының қозғалыстары:

  1. бүгу және жазу+

  2. әкету

  3. шеңбер бойымен қозғалу

  4. әкелу

  5. супинациа

13. Төменгі жақсүйекті көтеретін бұлшықет:

  1. медиалдық қанаттәрізді, шайнау, самайлық+

  2. латериалдық қанаттәрізді, самайлық ұрттық

  3. самайлық, иекасты, ауыздың дөңгелек

  4. күлкі, ұрттық, қалқантіласты

  5. үлкен бетәлпеттік, кіші бетәлпеттік, иекасты

14. Самайлық шұңқырдан басталып, төменгі жақ сүйектің тәждік өсіндісіне ... бұлшықеті бекиді.

  1. самайлық+

  2. ерінді көтеретін

  3. медиалдық қанаттәрізді

  4. латералдық қанаттәрізді

  5. ұрттық

15. Көздің айналасында шеңберлі орналасып көзді жұматын бұлшықет ...

  1. көздің дөңгелек бұлшықеті+

  2. самайлық

  3. шайнау

  4. медиалдық қанаттәрізді

  5. латериалдық қанаттәрізді ұрт

16. Мимикалық бұлшықеттердің ерекшелігі:

  1. теріге бекиді+

  2. сүйектерден басталып, сүйектерге бекиді

  3. сөйлеуге қатысады

  4. бүгуге қатысады

  5. жазуға қатысады

17. Мойынның беткей бұлшықетін көрсетіңіз:

  1. төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықет+

  2. сатылық алдыңғы бұлшықет

  3. төс-тіласты бұлшықеті

  4. төс-қалқанша бұлшықеті

  5. қалқанша-тіласты бұлшықеті

18. Тіласты сүйегінің үстінде орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:

  1. жақсүйек-тіласты бұлшықеті+

  2. мойынның теріастылық бұлшықеті

  3. төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықеті

  4. төс-тіласты бұлшықеті

  5. қалқанша-тіласты бұлшықеті

19. Тіласты сүйегінің астында орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:

  1. жауырын-тіласты бұлышеқеті+

  2. сатылық алдыңғы бұлшықеті

  3. мойынның ұзын бұлшықеті

  4. қос қарыншалы бұлшықеті

  5. иек-тіласты бұлшықеті

20. Кеуде торын кеңейтуге ... бұлшықеті қатысады.

  1. алдыңғы тісті+

  2. үлкен ромбтәрізді

  3. жауырынды көтеретін

  4. трапециятәрізді

  5. арқаның аса жалпақ

21. Қабырғаны түсіретін бұлшықет:

  1. ішкі қабырғааралық бұлшықет+

  2. сыртқы қабырғааралық бұлшықет

  3. трапециятәрізді бұлшықет

  4. арқаның аса жалпақ бұлшықеті

  5. алдыңғы тісті бұлшықет

22. Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасын түзуге ... қатысады.

  1. көлденең шандыр+

  2. іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы

  3. іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  4. іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  5. шап байламы

23. Шап өзегінің төменгі қабырғасын құруға ... қатысады.

  1. шап байламы+

  2. іштің ішкі қиғаш бұлшықеті

  3. іштің тік бұлшықеті

  4. көлденең шандыр

  5. пирамидатәрізді бұлшықет

24. Мимикалық бұлшықеттердің топографиялық және құрылымдық ерекшеліктері:

  1. тері асты шандырымен қапталмаған+

  2. терең орналасады

  3. бассүйек тесіктерінің айналасына шоғырланған

  4. сүйектерге бекиді

  5. І-ші висцералды доға негізінде дамиды

25. І-қабырға мен бұғана арасында ... бұлшықеті орналасқан.

  1. сыртқы қабырғааралық+

  2. үлкен кеуде

  3. кіші кеуде

  4. бұғанаасты

  5. алдыңғы тісті

26. Көкеттің сіңірлі орталығында … орналасқан.

  1. төменгі қуыс вена тесігі+

  2. өңеш тесігі

  3. қолқалық тесігі

  4. төс-қабырға саңылауы

  5. бел-қабырға саңылауы

27. Меншікті шайнау бұлшықеті … басталады.

  1. жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісінен+

  2. сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісінен

  3. самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен

  4. жоғарғы жақсүйектің алвеолалық доғасынан

  5. самай сүйектің емізіктәрізді өсіндісі

28. Көкеттің бұлшықетті бөлігінен … тесігі өтеді.

  1. қолқа+

  2. төс-қабырға

  3. бел-қабырға

  4. төменгі қуыс вена

  5. жоғарғы қуыс вена

29. Иықтың үш басты бұлшықетінің қызметі:

  1. білекті жазады+

  2. иықты пронациялайды

  3. иықты супинациялайды

  4. иықты әкетеді

  5. иықты әкеледі

30. Үлкен шонданай тесігі арқылы … бұлшықеті өтеді.

  1. алмұрттәрізді+

  2. мықын-бел

  3. ішкі жапқыш

  4. сыртқы жапқыш

  5. қырлы

31. Ерлердің шап өзегінен … өтеді.

  1. шәует шылбыры+

  2. несепағар

  3. несеп шығаратын өзек

  4. шәует қуықшасы

  5. жатыр түтігі

32. Сан өзегінің терең сақинасын … шектейді.

  1. торлы шандырдың орақтәрізді жиегі+

  2. шәует шылбыры

  3. мықын-қыр доғасы

  4. шап байламы

  5. қырлы бұлшықет

33. Тақым шұңқырын латеральды … бұлшықеті шектейді.

  1. санның екі басты+

  2. жіңішке

  3. үлкен әкелуші

  4. ұзын әкелуші

  5. тігінші

34. Әйелдердің шап өзегінен … өтеді.

  1. жатырдың жұмыр байламы+

  2. шәует шылбыры

  3. анабездің меншікті байламы

  4. шәует қуықшалары

  5. жатыр түтіктері

35. Шап өзегінің алдыңғы қабырғасын … құрайды.

  1. іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы+

  2. іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  3. көлденең бұлшықет апоневрозы

  4. көлденең шандыр

  5. шап байламы

36. Арқаның беткей бұлшықеті:

  1. трапециялық бұлшықет+

  2. көп бөлінген бұлшықет

  3. мойынның қылқан бұлшықеті

  4. пирамидалық бұлшықет

  5. мойынның ұзын бұлшықеті

37. Арқаның терең бұлшықеті:

  1. омыртқа бағанасын тіктейтін бұлшықет+

  2. трапециялық бұлшықет

  3. аса жалпақ бұлшықет

  4. үлкен ромбтәрізді бұлшықет

  5. кіші ромбтәрізді бұлшықет

38. Бірінші қабырға мен бұғана аралығында ... бұлшықеті орналасқан.

  1. бұғанаасты+

  2. кеуделік үлкен

  3. кеуделік кіші

  4. кіші ромбтәрізді

  5. омыртқа бағанасын тікейтетін

39. Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасының кіндіктен жоғарғы бөлігін түзуге... бұлшықетінің апоневрозы қатысады.

  1. іштің көлденең+

  2. іштің сыртқы қиғаш

  3. іштің ішкі қиғаш

  4. пирамидалық

  5. белдің шаршы

40. ... шап өзегінің артқы қабырғасын түзеді.

  1. Көлденең шандыр+

  2. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  3. Іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  4. Іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы

  5. Шап байламы

жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау