Мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің мжббс негізінде, ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жыл №1080



жүктеу 11,07 Mb.
бет1/4
Дата03.03.2018
өлшемі11,07 Mb.
#11017
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4

5В090100 – Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жыл № 1080 (өзгертулер мен толықтырулармен, 13 мамыр 2016 ж. №292) бұйрығымен, ҚР БжҒМ «Кредиттік жүйесі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» №152 20.04.2012ж. бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен, 28.01.2017 жыл №90.), №343 16.08.13 ж. (өзгертулер мен толықтырулармен, 05.06.2016жыл №425.) ҚР БжҒМ бұйрығы негізінде «5В090100 – Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастарылған.




«5В090100 – Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Теориялық оқытудың кредит саны – 133

1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары



1.2.3 Кәсіби қызмет пәні

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты

3. Негізгі құзіреттіліктер

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

5. Модулдерді сипаттауға арналған формулярлар

Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативті

Модуль 2. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

Модуль 3. Жаратылыстану-ғылыми және кәсіби тілдер

Модуль 4. Көліктік үрдіс негіздері

Модуль 5. Инженерлік-графикалық

Модуль 6. Техника негіздері

Модуль 7. Жобалау

Модуль 8. Іскерлік -технологиялық

Модуль 9. Көліктік-технологиялық

Модуль 10. Көліктік-тасымалдаушылық

Модуль 11. Нормативті-техникалық

Модуль 12. Ұйымдастыру-басқарушылық

Модуль 13. Іс қағаздарын жүргізу

Модуль 14. Тәжірибе

Модуль 15. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредитттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте

1 Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В090100 – Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы

Берілген профильдегі бакалавр көліктегі қозғалысты ұйымдастырумен байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету, көлік құралдары қозғалысын жобалау және модельдеу, логистика принциптерінің негізінде көлік түрлерінің өзара әсері мен тасымалдау процестерін жетілдіру және де нарықтық экономика жағдайында көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады.



1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары

Көлік кәсіпорындары және олардың бөлімшелері, мемлекеттік көлік инспекциясы мен көлікті басқарудың аймақтық органдары, көліктік- экспедициялық кәсіпорындар мен ұйымдар бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі бола алады.



1.2.3 Кәсіби қызмет пәні

Көлік кәсіпорындарының техникалық құрылғылары мен құрылымдары, олардың жұмыстарының технологиялық процестері, көлік қызметтерін пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар, көлікті басқару жүйесін қайта құру есебімен тасымалдау процестерінің логистикалық сұлбалары түлектердің кәсіби қызметінің пәні болып табылады.



1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

5В090100 – Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: ұйымдастырушылық – технологиялық; өндірістік – басқарушылық; есептік – жобалау; сервистік – пайдалану.



1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары

Түлектер атқаратын кәсіби қызмет функцияларының негізгілері: ұйымдастыру, басқару және логистика; саланың маркетингі мен менеджменті; жобалау; сервис және көлікті пайдалану.



1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

5В090100 – Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша бакалаврлар шеше алатын кәсіптік қызмет типтік міндеттері:

- көліктегі басқарудың логистикалық жүйелерін жетілдіру шараларын жасау;

- өндірістік процестерді іске асыруға қажетті құрал – жабдықтар мен материалдарды тиімді пайдалану және орынды таңдау;

- жобалау мақсаттарын қалыптастыру, көліктік міндеттерді шешу, мақсатқа жету көрсеткіштері мен критерилерін жасау;

- қазіргі заманғы маркетинг және менеджментті қолдану негізінде жүктер мен жолаушыларды, багаж бен поштаны жеткізуде әр түрлі көліктік – технологиялық жүйелерді тиімді іске асыру және ұйымдастыру.



2. Білім беру бағдарламасының мақсаты: көліктегі қозғалысты ұйымдастырумен байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету, көлік құралдары қозғалысын жобалау және модельдеу, логистика принциптерінің негізінде көлік түрлерінің өзара әсері мен тасымалдау процестерін жетілдіру және де нарықтық экономика жағдайында көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін мамандар даярлау.
3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, техника ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, жол қозғалысының ұйымдастырушылық қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту.

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.
4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

семестр

Кредит көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

ESTS

Жалпы міндетті модульдер

1. Қоғамдық-коммуникативті

ЖББ/МК


KТ1101

Қазақстанның қазіргі заман тарихы (МЕ)

Емтихан

2

3

5

Білік: әлемдік тарихи үдерісі бөлігі ретінде Қазақстандағы адам қоғамының даму тарихы, отандық тарихтың даму динамикасы (қозғау күштері, механизімдері, тенденциясы, даму тарихының заңдылықтары); құқықтық институттарды және оны қамтамасыз ету мөлшерін айыра білу. коммуникативтік және кәсіби қызметте тіл құралдарын тіл нормасына сай қолдануға, ақпараттық және телекоммуникативтік технологияларды кәсіби қызметте қолдануға, төтенше жағдайларда шешім қабылдауға, экологиялық білім негіздерін пайдалануға.

Білім: Қазақстан тарихының себеп-салдарлы байланысы қалыптасқан, салыстырмалы талдау негізінде тарихы құбылыстар мен жағдайды түсінеді, тәжірибеде тарихи білімін шығармашылықпен қолданады. Мемлекет және құқық теориясы негізі, түсініктер, мемлекет және құқықтың өз-ара байланысы даму заңдылықтары мен принциптері. оқып-үйренетін тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын білу қажет.

Дағды: тарихи жағдайды талдайды, кеңейту және тереңдетуге көмектеседі, сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу.

Құзыреттілігі: тарихи жағдайдың болжамын дайындау, әлем халықтардың мәдениетіне дәстүріне толерантты, мемлекетек және құқық теориясы негізі туралы түсінігі. мәдениетаралық қарым-қатынас саласында тіл құбылыстарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және шетел тілін пайдаланатындардың мінез-құлқын есепке алуда.

Fil2102

Философия

Емтихан

3

3

5

ShT 1108

Шетел тілі

Емтихан

1,2

6

11

ОТ 1104

Орыс тілі

Емтихан

1,2

6

11

AKT1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Емтихан

2

3

5



















Жалпы модуль бойынша
















21

37




2.Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

ЖББ/МК

ZhS2106

Ale2106


Saya2106

Жастар саясаты

Әлеуметтану

Саясаттану


емтихан

4

3

5

Білікті болуы тиіс: заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға. Латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады

Білуі тиіс: философияның, политологияның, социологияның негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін. төтенше жағдайларда шешім қабылдауға, экологиялық білім негіздерін пайдалануға. Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады.

Дағдылары болуы тиіс: заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным, кәсіби қызметте инновациялық ойлануды пайдалану. сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу. латын тілінде жазылған, көне римдіктер «классикалық» деп қарастырған әдебиеттің тілі білу.

Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға. мәдениетаралық қарым-қатынас саласында тіл құбылыстарының ұлттық-мәдени ерекшеліктері. Классикалық латын әдебиетінің маңызды бір бөлігін тарихи жазбаларын біліп меңгеру.

KN1107EN1107

Құқық негіздері

Экономика негіздері



емтихан

1

2

4

ETD1108

TKN1108


LG1108

Экология және тұрақты даму

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері



Латын графикасы

емтихан

1

2

4

Жалпы модуль бойынша
















7

13




Мамандық бойынша міндетті модульдер

3.Жаратылыстану-ғылыми және кәсіби тілдер

БП/МК

KOT2206

Кәсіби орыс тілі

Емтихан

3

2

4

Білік: Берілген модуль математиканың фундаментальды аппаратын игеруіне; практикалық және қолданбалы есептерді шеше білуге. Қарапайым электр тізбетерін талдай алу. Қарапайым электр тізбектерін есептеу. Тұрақты және айнымалы тоқтың электр тізбектерін есептеу әдістерін пайдалана білу. Негізгі электро-техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдалана алу.

Білім: Математиканың негіздерін білу студенттерге есеп шығаруға қажетті теориялық және практикалық мәліметтерді игеруге. Тұрақты және айнымалы тоқтың электр тізбектерін есептеу әдістерін білу. Үшфазалы айнымалы тоқтың электр тізбегінің бір фазалы айнымалы тоқтың электр тізбегінен артықшылығын білу керек. Электр машинелерінің жұмыс істеу ұстанымдарын білу.

Дағды: физикалық құбылыстарды бақылау әдістерін меңгеру. өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін қажетті электр тізбектерін құрастыра алу әдеттері Өмірде кездесетін мәселелерді шешуге қажет болатын электротехника және электроника құралдарын оңтайлы таңдап алуды әдеттену.

Құзыреттілігі: Есеп шығаруға қажетті теориялық және практикалық мәліметтерді игеру, техниканың қолданбалы сұрақтарын математикалық тұрғыда зерттей білу, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру. электротехника және электроника заңдарын өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін қолдана білу.

KBShT2207

Кәсіби-бағытталған шетел тілі

Емтихан

4

2

4

Mat1201

Жоғарғы математика

Емтихан

1

4

7

Fiz1202

Физика

Емтихан

1

3

5

Жалпы модуль бойынша
















11

20




4.Көліктік үрдіс негіздері

БП/ТК

Zhyk2205

Жүктану

Емтихан

3

3

5

Білік: Жүктердің көліктік сипаттамасын, ыдыстар мен орамалардың тағайындалуы және жіктелуін, құрылымы мен түрлерін, жүктерді таңбалау жолдарын; жүктердің көліктік сипаттамасының тасымалдауды. ұйымдастыруға әсер етуін игеру.

Біртұтас көлік жүйесінің құрылымын, тасымалдау процесінде көлік түрлерінің өзара әрекеттесу жолдарын зерделеу. Көлікте жүк және жолаушыларды тасымалдауды ұйыдастыру мәселелерін, жол қозғалысын басқару тәсілдері мен бағыттарын қарастырады, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуші факторлар және оларды оңтайландыру жолдарын білуге тиіс.



Білім: Клиент талаптарына сәйкес орынға және уақытында жүктерді сапалы, қауіпсіз және кепілді түрде жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті білімдерді алады. Көлік түрлері, жүктер мен жолаушылар тасымалдауын көлікпен қамтамасыз ету және көлікті басқару жүйесі, көлік түрлерінің өзара әрекеттесу түрлері, көлік жүйелерінің өзара байланыстарының ерекшіліктері және оларды басқару тәсілдері; техникалық құралдардың дамуының жалпы заңдылықтары және көліктің әр түрлі түрлерін пайдалану әдістері. Көлік бірліктерінің қозғалысын ұйымдастыруға, жүк ағымдарын басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету

Дағды: Жүктердің қасиеттері мен олардың тиеу-түсіру үрдістерін ұйымдастыру мен технологиясына әсерін және жүктердің әр түрлі түрлерін транспортировкалау жолдарын практикада қолдану. Тасымалдау барысында әр түрлі көлік түрлерінің өзара байланыс схемаларын тасымалдау түріне қарай құру. Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру бойынша есептер шешу, олардың технологиясы мен басқару процессіін қамтамасыз ету жолдары, көліктерді тиімді пайдалану, жүк және жолаушыларды тасымалдау барысында жол-көлік оқиғларын болдырмау шаралары бойынша мәселерді шешу

Құзыреттілігі: Көліктік қызметке сұранысты қанағаттандыру меншіктің әр түрлі формаларындағы көліктің барлық жүктанулық, технологиялық, ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыстарына қолдану. Тасымалдау барысында әр түрлі көлік түрлерінің өзара байланыс барысында көлік түрлерінің техникалық жабдықталуын, ерекшеліктерін меңгеру, қолдану. Тасымалдауды және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша маманның еңбек ету процессінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару бойынша білімін, функциональдық мүкіндігін нығайту.

KTOA2203

Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы

Емтихан

4

3

5

TYKB2204

Тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару


Емтихан

3

3

5

Жалпы модуль бойынша
















9

15




Мамандық бойынша таңдау модульдері

5.Инженерлік-графикалық

БП/ТК

SGIG1208

MS1208


Сызба геометриясы және инженерлік графика

Машинажасау сызбасы



Емтихан

1

3

5

Білік: Геометриялық фигуралардың сызбаларын меңгеру. Инженерлік геодезия негіздерін, өлшеулер, горизонталь түсіру туралы негізгі түсініктерді, теодолиттік жұмыстарды, нивелирлеу, жолдардың элементтерін, жолдардың трассаларын геометриялық нивелирлеуді игеру. Карта және планмен жақсы жұмыс істеу және картаны оқуды білу керек.

Білім: Жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың сызбалары мен көрнекі аксонометриялық және перспективалық кескіндерді құрамдауды білу. Масштабтарды салу, топографиялық материалдардың шартты белгілерін, топографиялық карталар бойынша жол жүйелерін оқу, топографиялық карталар мен пландар бойынша есептерді шешу, карталар мен пландар бойынша аудандарды анықтау, аэрофототүсірістермен жұмыс, нивелир мен теодолиттің құрылысы мен оларды салыстыру, жер бетін бөлу және жолдың жоғарғы бетінің құрылымын оқу. Жер бөтіндегі түсіру жұмыстарының әдістерін қолдана білу. Аэрофототопография әдістерін меңгеру.

Дағды: Аксонометриялық және перспективалық кескіндердін құрамдау және орындау туралы теориялық білімдер мен практикалық дағдылар және іскерліктерді игеру. Геодезиялық аспаптармен өлшеу жүргізе алу, геодезиялық есептерді шешу, жерді планға түсіру, өлшеу, бөлу жолдарын практикада қолдану. Инженерлік кұрылысты жобадан жер бетіне шығару жұмыстарын практикада қолдану.

Құзыреттілігі: Сызбаның ғылыми-практикалық дамуының қазіргі замандық бағыттары мен оның заңдылықтарын оқытылатын мамандық бойынша аралас пәндерде қолдану. Инженерлік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен салуда; пайдалы қазбаларды іздеуде, барлау және өндіру жұмыстарында, әр түрлі құрылыстарды, оның элементтерін салу және пайдалану кезінде пайда болатын қисаю, созылу, бұзылу деформацияларын анықтағанда инженерлік геодезия жұмыстарының әдістеріне қолдану. Жол құрылысына байланысты әр кезеңіндегі геодезиялық жұмыстардың дамуына қолдану.

IG1209

KG1209


Инженерлік геодезия

Қолданбалы геодезия



Емтихан

2

3

5

Жалпы модуль бойынша
















6

10




6.Техника негіздері

БП/ТК

KM2210

TM2210


Қолданбалы механика Техникалық механика

Емтихан

3

4

7

Білік: Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы принциптері мен заңдарына сүйене отырып жол параметрлерін анықтау, жолдарды жобалау туралы жалпы мағлұмат алу, жол құрылысы принциптері мен әдістерін игеру. Автокөліктегі механизмдер мен жүйелерін меңгеру. Гидро және пневмо заңдылықтардың көліктегі қолданылу сипаттамасын анықтау. Жылулық заңдылықтардың көлік түрлеріндегі өзара сипаттамасын анықтау.

Білім: Автомобиль жолдарының техникалық түрлері, олардың конструкциялық қабаттары, жол құрылысы және жолдарды жөндеу негіздері; автомобиль жолдарының негізгі элементтерін анықтап, оларды жобалау. Автокөліктегі басқару жүйелері мен механизмдер, олардың құрылымы туралы білу. Машиналар мен механизмдердегі гидро және пневмо жетектердің өзара байланысын анықтау жолдары. Машиналар мен механизмдердегі жылулық процестердің өзара байланысын анықтау жолдары

Дағды: Автомобиль жолдарының негізгі элементтерінің параметрлерін есептеу. Автокөліктегі механизмдер мен жүйелерін реттеу. Техникада гидравлика мен пневматиканы қолдануды сипаттау. Жылулық құрылғыларды техникада қолдануды сипаттау.

Құзыреттілігі: Автомобиль жолдары элементтерінің анықталған параметрлерін жол қозғалысы қауіпсіздігіне сәйкестігін тексеру. Автокөлік құралдарының құрылысы, іштен жану моторы механизмдері мен жүйелерінің жұмыс істеу принциптері, жүріс бөлігі туралы білімдерді қалыптастыру. Көліктегі гидро және пневмо жетектер туралы құзыреттілігі болуы тиіс. Техникалық жүйелерде өтетін жылулық процестердің мәнін түсіндіретін жылу техникасының негізгі бөлімдерінен құзыреттілігі болуы тиіс

KZh2211

AZh2211


Қатынау жолдары

Автомобиль жолдары



Емтихан

3

3

5

KK2212

TZhK2212


Көлік құралдары

Теміржолдың жалпы курсы



Емтихан

4

4

7

GPN1213

TZhZhP1213



Гидравлика және пневматика негіздері

Техникалық жүйелердегі жылу процестері



Емтихан

2

3

5

Жалпы модуль бойынша
















14

24




7.Жобалау

БП/ТК

KRM3214

MTBZh3214



Қазақстанның рухани модернизациясы

Мультимадальді тасымалдаулардың болашақ жобалары



Емтихан

6

2

4

Білік: әр түрлі көлік түрлерінің өз ара байланысын тиімді ұйымдастыру жолдары. Қалалардағы дамып келе жатқан көлік қатынауларының проблемалары және барлық көлікке байланысты сұрақтарды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көліктік жүйелер мен кешендерді құруды жобалау принциптерін зерделеу. Автомобильдің конструктивтік қауіпсіздігі түрлері, олардың жол-көлік оқиғаларына тигізетін әсері және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы білімдерді игеру. Әр түрлі көлік түрлерінің өз ара байланысын тиімді ұйымдастыру жолдары

Білім: Біртұтас көлік жүйесі, көліктік процесс, көліктің негізгі түрлері, олардың техникалық жабдықталуы, салыстырмалы қасиеттері. Қала орталықтарын және қала шетіндегі аймақтарды көліктік жоспарлау принциптер, қалалардағы көше-жол торабын және жол ғимараттарын, автотұрақтарды жобалау, жаяу жүргіншілер мен көлік ағындарының қалыптасуы және оған әсер етуші факторлар. Автомобильдің активтік, пассивтік, апаттан кейінгі және экологиялық қауіпсіздігі. Біртұтас көлік жүйесі, көліктік процесс, көліктің негізгі түрлері, олардың техникалық жабдықталуы, салыстырмалы қасиеттері

Дағды: көлік жүйесінің даму ерекшеліктерін талдау.

Қалалардағы көше-жол торабын жобалаудың негізгі тәсілдерін, жобаларды және ондағы негізгі элементтерді оқуда, пәннің ғылыми және кәсіби шығармашылықтағы орнымен танысуда студенттердің дағдыларын дамыту. көлік жүйесінің даму ерекшеліктерін талдау. Автомобильдің активтік, пассивтік, апаттан кейінгі және экологиялық қауіпсіздігіне жауап беретін элементтердің көрсеткіштерін есептеу алу



Құзыреттілігі: көлік түрлерін пайдалану бойынша іс әрекеттерді меңгеру. Қала көшелеріндегі қозғалыс қарқындылығын болжау және есептеу тәсілдерін меңгеру, қалалардағы автомобиль тұрақтарының жобасын құруды меңгеру. көлік түрлерін пайдалану бойынша іс әрекеттерді меңгеру. Автомобильдің конструктивтік қауіпсіздігіне жауап беретін элементтерді жетілдіру

KTZhTOB3215

KKK3215


Көліктік тораптар жұмысының технологиясы және оны басқару

Көлік құралдарының қауіпсіздігі



Емтихан

5

3

5

KTZhN3216

KKZh3216


Көліктік тораптарды жобалау негіздері

Қалаларды көліктік жоспарлау



Емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















8

14




8.Іскерлік -технологиялық

БП/ТК

KB3217

BEOKKE3217



Қолданбалы бизнес

Бизнес экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету



Емтихан

5

2

4

Білік: Қазіргі кездегі техникалық, технологиялық, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеттерді қалыптастыру, теміржолдағы тасымалдауды ұйымдастыру мен басқару жөнiндегi мамандарды кәсiби дайындауды қамтамасыз ету сонымен қатар, болашақ мамандардың темiржолда поезддар қозғалысын ұйымдастыру сұрақтарына қатысты және темiржол кәсiпорындарындағы болашақ жұмыстарына қатысты бiлiмдi меңгеруi. Көліктегі басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен, олардың жұмыс істеу принциптерімен, пайдалану орындарымен және техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен таныстыру. ЖҚҰ техникалық құралдары жайлы осы жүйедегі нормативтік ережелер және инженерлік есептеулер, сонымен бірге шетелдік тәжірибелер жайлы кешенді негізгі мәліметтерді білуі.

Білім: Поездар қозғалысын басқару жайлы негізгі түсініктер, бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталықтандыру, диспечерлік орталықтандыру. Теміржол көлігіндегі байланыс, сигнал және байланыс құрылғыларын күтіп-ұстау. Бөлім бекеттерін жіктеу және олардың қызметтері. Станса жолдары және олардың атқаратын қызметтері. Көлікті басқарудағы автоматтандырылған жүйелер, басқарудың анықтамалары және негізгі ұғымдары, объектіні автоматты басқарудың негіздері, оның жұмыс істеуінің мақсаттары, олардың құрылымы, негізгі түсініктемелері мен анықтамалары, жұмыс істеу принциптері. ЖҚҰ техникалық құралдарының құрылысы және даму тенденциясы, олардың функционалдық және технологиялық мүмкіндіктерін білу

Дағды: Теміржол қозғалысын ұйымдастыру және тасымалдау саласында білімін, біліктілігін және дағдысын қалыптастыру. Теориялық білімді нығайту мен тереңдету және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жұмыс жасаудың және оны пайдаланудың практикалық дағдыларын үйрету. Автомобиль құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту үшін қозғалысты реттеу тәсілдерін және құралдарын қолдану жолдарын шешу

Құзыреттілігі: Теміржол қозғалысын ұйымдастыру шараларын жетілдіру, теміржол қозғалысын басқару және реттеуде құзіреттілігі. Көліктегі автоматтандырылған басқару жүйелерінің блок-схемаларын құрастыру, көліктік ағындарды автоматты басқарудың негіздерін меңгеру. Жол қозғалысын ұйымдастыру және реттеу саласындағы жұмыс үшін болашақ маманға ЖҚҰ техникалық құралдары және оларды пайдалану, жөндеу және монтаждау жайлы қажетті білімін мен дағдысын қалыптастырады.

PKBZh4218

KABZh4218



Поездар қозғалысын басқару жүйелері

Көліктегі автоматтандырылған басқару жүйелері



Емтихан

7

3

5

ZhKUTK3219

KTUO3219


Жол қозғаласын ұйымдастырудың техникалық құралдары

Көлікте тасымалдау үрдісін оңтайландыру



Емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















8

14




9.Көліктік-технологиялық

БП/ТК

TAKZhBAD3220

ZhKTBZh3220



Теміржол автоматикасының құрылғылары мен жылжымалы бірліктердің агрегаттарын диагностикалау

Жылжымалы құрамдарды техникалық баптау және жөндеу



Емтихан

6

4

7

Білік: теміржол көлігінде жылжымалы бірліктердің агрегаттарын жете түсіну арқылы техника, технологиялық жабдықтарды диагностикалау тәсілдерін игеру. Тиеу-түсіру жұмыстарының технологияларын жете түсіну арқылы техникалық қондырғылардың жұмыс тәсілдерін игеру. Көліктік пайдалану материалдарын тиімді түрде қолдану жолдарын игеру

көлік объектілерінің жұмысын осы заманғы менеджмент пен маркетингтің негізінде тиімді ұйымдастыруда іскерлікті иеленуге және көлік бірліктерінің қозғалысын ұйымдастыру әдісін білуі



Білім: теміржол көлігі техникасы жылжымалы бірліктердің агрегаттарын жүйелерінің диагностика жұмыстарының практика жүзінде жүргізу арқылы білімін қалыптастыру. Тиеу-түсіру жұмыстарының технологияларын жете түсіну арқылы техникалық қондырғылардың жұмыс тәсілдерін игеру. Отындар мен майлардың классификациясы,автомобилдерде пайдаланатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар,отынды,майларды және арнайы сұйықтарды пайдалануды жабдыұтау тәртібі. көлікте жүк және жолаушыларды тасымалдауды ұйыдастыру мәселелерін, жол қозғалысын басқару тәсілдері мен бағыттарын қарастырады, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуші факторлар және оларды оңтайландыру жолдарын оқып үйренеді.

Дағды: диагностикалық құралдарды техникалық талаптарға байланысты қолдана отырып нәтижелерін анықтау. Тиеу-түсіру құралдарды техникалық талаптарға байланысты қолдана отырып дағдыларын қалыптастыру. Пайдалану материалдардын шығынын есептеу.практикалық жұмыс істеу дағдылары. Жүк ағымдарын басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге, логистикалық принциптер мен көлік операцияларын зертгеу негізінде тасымалдау үрдісінің сұрақтарын шешуге; жолаушыларды тасымалдағанда, олардың талапарын толығымен және сапалы қанағаттандыру сұрақтарын жүйелі түрде шешуге дағдылары.

Құзыреттілігі: агрегаттар мен бөліктердің констукциялық элементтерін теориялық негізін жете түсіну арқылы практикада қолдана білу. Тиеу-түсіру техникаларының констукциялық элементтерін теориялық негізін жете түсіну арқылы практикада қолдана білу. Қазіргі қолданыстағы пайдалану материалдардың физика-химиялық қасиеттерін және оларды қолдану әдістері білу,заманауи пайдалану материалдарын дүрыс қолдану. Көлікте жүк және жолаушыларды тасымалдауды ұйыдастыру мәселелерін, жол қозғалысын басқару тәсілдері мен бағыттарын қарастырады, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуші факторлар және оларды оңтайландыру жолдарын оқып үйренеді

KTTZhTM3221

TKTTUTU3221



Көліктегі тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы

Теміржол көлігіндегі тиеу-түсіру үрдісінің технологиясы және ұйымдастырылуы



Емтихан

6

3

5

TKPM3222

KPM3222


Теміржол көлігіндегі пайдалану материалдары

Көліктік пайдалану материалдары



Емтихан

5

3

5

KZhZhTTU2223

TKZhTTU2223



Көлікте жүктерді және жолаушыларды тасымалдау технологиясы және ұйымдастырылуы

Теміржол көлігінде жолаушылар тасымалдау технологиясы және ұйымдастырылуы



Емтихан

4

3

5







Жалпы модуль бойынша
















13

22




Мамандық бойынша міндетті модульдер

10.Көліктік-тасымалдаушылық

ПП/МК

ZhKZhY3322

Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру

Емтихан

5

3

5

Білік: Жүк және коммерциялық жұмыстар түрлері мен ерекшеліктері, оларды ұйымдастыру жолдары және технологиясы, тасымалдауды орындау барысында көліктік кәсіпті реттеу формалары туралы білімді қалыптастыру. Көлік инфрақұрылымындағы және көліктегі көлік құралдарындағы әр түрлі категориядағы объектілер үшін көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар және тарату тәртібі;

Білім: Автомобиль көлігінде, теміржол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыс. Жүк тасымалдауда жұмыс технологиялары. Жүк стансалар мен терминалдың технологиялық үрдістері. Көліктік коммерциялық қызметтер мен жұмыстар және көлік қызметінің сапасына қойылатын талаптар. Қажет көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоспарлау және тарату құралдары мен тәсілдері, негізгі әдістері жайлы білуге тиіс..

Дағды: Теориялық білімді нығайту мен тереңдету және жүк және коммерциялық жұмыс жасаудың және оны пайдаланудың практикалық дағдыларын үйрету, жүк тасымалдауды ұйымдастыру технологиясын білуге дағдылану. Көлік инфрақүрылымының объектілеріне пайдаланылатын, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері жэне инженерлі-техникалық қүралдар, көлік инфрақүрылымындағы жэне көліктегі көлік кұралдарындагы әр түрлі категориядағы объектілер үшін көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарларды жасау

Құзыреттілігі: Жүктерді тасымалдауда жіктелудің, көліктік жабдықтардың және жүктердің түрлерін, көліктік процесс элементтерін, жүк тасымалдауды ұйымдастыру технологиясын білу. Көлік инфрақұрылымындағы және көліктегі көлік қүралдарындағы объектілердің қозғалуына әсер ететін іс-әрекеттерді және қауіпті анықгауға және осы объектілерде олардын әр түрлі деңгейіне байланысты көлік қауіпсіздігі бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етуде құзыреттілік.

KKKKE3323

Көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Емтихан

5

2

4

Жалпы модуль бойынша
















5

9




Мамандық бойынша таңдау модульдері

11.Нормативті-техникалық

ПП/ТК

ZhShKK4303

ZhKOS4303



Жол шарттары және қозғалыс қауіпсіздігі Жол-көлік оқиғаларын сараптау

Емтихан

7

3

5

Білік: Жол шарттарының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері туралы білімдерді игеру. Көлік құралдарының жұмыс уақытының нормаларымен және бос тұрып қалу уақытын білу. теміржол көліктері арқылы болатын қарым-қатынастырдын құқықтык бағыттау, жүк тасымалдаудың құрамдық бөлігі болып табылатын тиеу-түсіру жұмыстарының құқықтық нормаларын реттеу мәселелері қарастыру. Сапаны басқару және сертификаттау, стандарттаудағы нормативті базамен жұмыс жасау. Еңбекті қорғау заңдылықтары, еңбектің санитарлық-гигиеналық шарты, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі түсініктерін білу. Еңбек қорғаудың жалпы ережелері, еңбек ауырлығы, жұмыс қабілеті мен өндірістік қажу, еңбек және демалыс режимдерінің негіздеулері, темір жол территориялары мен жүк аулаларына, кірме жолдарға еңбек қорғаудың талаптары, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі түсініктерін білу.

Білім: Автомобиль-жүргізуші-жол жүйесіндегі жолдың апаттылыққа әсері, жолдағы қауіпті орындарды анықтау әдістері, жолдағы қауіпті орындарды жою әдістері, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары. Жол шарттары және жол қозғалысынын қауіпсіздігі, көлік логистикасы, жүк және коммерциялық жұмыстарынын негіздері. жол шарттары және жол қозғалысынын қауіпсіздігі, көлік логистикасы, жүк және коммерциялық жұмыстарынын негіздерін білу. Нормативті-техникалық құжаттарды, сапа менеджменті және метрология, стандарттау саласындағы стандарттарын. Жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру, травматизмді талдау әдістері, өндірістік орындарды табиғи жарықтандыруды зерттеу, жұмыс орнында микроклиматтық жағдайларды бақылау, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануын анықтау, еңбек және демалыс режимінің эргономикалық негіздеулерін зерттеу.

Еңбек қорғаудың әдістемелік негізі травматизм мен кәсіптік ауруға әкеліп соқтыратын, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуы және қолданылатын материалдар мен заттардың өндірістік құралдары, технологиялық және өндірістік процестердің, еңбек шарттарын ғылыми талдау.



Дағды: Автомобиль жолында қауіпті, жол-көлік оқиғасы шоғырланған орындарды анықтап, оларды жою әдістерін қолдана алу. Көлік саласында тиімді жұмыс істеу үшін өнім шығару және берілетін қызмет сапаларын көтеру бағытында өкіметтің саясатын түсіну үшін қажет. оған қоса іс жүзінде көлік құралдарын тиеу-түсіру уақыт нормаларын қолдануға үйренеді. Жұмыс істеу барысында инженерге өндірісті ұйымдастыру мен байланысқан кешендік мәселелерді шешуіне, есептеулер жүргізіп, оларды іс жүзінде қолдануға тура келеді. Стандарттау ережелері мен нормаларды тәжірибеде қолдану, метрологиялық өлшеу құралдарын пайдалану. Еңбекті қорғау заңдарын, қауіпсіздік техникасы ережелерін, өрт сөндірудің алғашқы тәсілдерін, микроклимат көрсеткіштерін анықтау тәсілдерін практикада қолдану.

Еңбекті қорғау заңдарын, қауіпсіздік техникасы ережелерін, өрт сөндірудің алғашқы тәсілдерін, микроклимат көрсеткіштерін анықтау жолдарын, электр тоғының адам ағзасына әсерін, жылжымалы құрамдарға қойылатын техникалық талаптарды практикада қолдану.



Құзыреттілігі: Автомобиль жолында автокөлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын белгілеу . Инженерге өндірісті ұйымдастыру мен байланысқан кешендік мәселелерді шешуіне, есептеулер жүргізіп, оларды іс жүзінде қолдануға тура келеді. көлік заңдарынын негізгі. ұстанымдарымен,, елдің көлік саласындағы ішкі міндеттерін шешуден басқа, халықаралық құрамдас бөлік негізгі көлік ағынын қалыптастыруда және қозғалысын бағыттаудағы іс-шараларымен танысады. Теориялық және практикалық сабақтарда студенттердің тапсырманы тиімді орындауы үшін оларды шығармашылық процеске араластырып, сабақ мақсатына жетуді. Көлік техникасын ұйымдастыру жұмыстарын орындауда құзыретті болу. Темір жол көлігіндегі мамандардың атқаратын жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыруда және орындауда құзыретті болу.

KZ3304

TKZhTU3304



Көліктік заңдылықтар

Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру



Емтихан

6

3

5

KSL3305

KMSS3305


Көліктегі сертификаттау және лицензиялау

Көліктегі метрология, стандарттау және сертификаттау



Емтихан

6

3

5

KEKE3306

TKEK3306


Көлікте еңбекті қорғау және эргономика

Теміржол көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі


Емтихан


6

3

5

Жалпы модуль бойынша
















12

20




12.Ұйымдастыру-басқарушылық

ПП/ТК

ZhKU4307

KAS4307


Жол қозғалысын ұйымдастыру

Көлік ағындарының сипаттамасы



Емтихан

7

3

5

Білік: жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы негізгі мәселелер мен халықаралық байланыстарды, көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының негізгі сипаттамаларын, көше-жол торабын және оның өткізгіштік қабілетін анықтау, жол қозғалысын зерттеу тәсілдері мен әдістемесін, жол-көлік оқиғаларын талдау әдістерін білуі. Мамандандырылған жылжымалы құрамның жұмыс атқару принциптері, көлік жүйелерінің өзара байланыстарының ерекшіліктері және оларды басқару тәсілдері туралы. Өндірісті ұйымдастыру және касіпорын менеджментінің негіздері бойнша білім қалыптастыру. автокөлік кәсіпорының құрылымы және типтерімең, көліктік өндірістік процессінің негіздерімең, әдісін білуі. Құқық негіздерін меңгерулері керек, әлеуметтік мәселелерді түсінуілері қажет, мемлекеттің автокөлік саласындағы саясатын, сонымен бірге автокөлік құралдары мен тасымалдауды және жол қозғалысын ұйымдастыруды білулері қажет.

Білім: жол қозғалысын ұйымдастырудың теориялық негіздерін, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттарын, жол қозғалысын ұйымдастырудың теориялық негіздерін білуі керек. Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау көліктерінің түрлерін, техникалық сипаттамаларын Касіпорын басқаруының әдістерімен және принциптерімең, автокөлік кәсіпорынының негізгі болімдерің ұйымдастыруымен танысады. Автокөлік саласында жұмыс істеу, мемлекеттің қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы саясатын түсіну, ұсынылатын қызмет сапасын арттыру үшін қажет.

Дағды: әр түрлі жағдайларда жол қозғалысын сенімді ұйымдастырудың шараларын талдайды және алдағы уақытта жол қозғалысын ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтау көліктің түрлері, ерекшеліктері, техникалық мамандандырылған жылжымалы құрам туралы. Көлікті басқарудың әр-түрлі тәсілдері қолданылады: тасымалдау процесін басқару, ішкі өндірістік процестерді басқару (менеджмент, өндірістік көлік), өзінің көліктік кәсіпорындаран немесе фирмаларын пайдаланған кезде сыртқы тасымалдау процессін басқару. Кәсіпкерлік қызмет негіздерін және көлік саласындағы экономика бойынша білімді қалыптастыр

Құзыреттілігі: алған білімі автокөлік саласында тиімді еңбек ету үшін, мемлекетіміздің қозғалыс қауіпсідігі және тұрғындарға сапалы көліктік қызмет көрсету саласындағы саясатын түсінуі үшін қажет,

жол қзғалысын басқару және реттеуде құзіреттілігі. жол қозғалысын ұйымдастыру және тасымалдау саласында мамандандырылған жылжымалы құрамды қолдану. Курстың теориялық жағдайларың меңгеру процесінде оқушылар негізгі анықтамалар және түсініктері қолдану. Автокөлік кәсіпорындарының экономикалық және социалдық дамуын жоспарлау негіздерін, көлік өндіріс процесінің негіздерін, кәсіпорынды басқару принциптерімен және әдістерімен, автокөлік кәсіпорындарының негізгі бөлімшелерін ұйымдастыру және менеджментін негіздерімен білу керек. ҚР «Көлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы үкіметінің автокөлік қызметі саласындағы қаулылары, «Тасымалдау ережелері» және басқа да нормативтік құжаттар автокөлік тасымалы мен көлікті пайдалану тәрізді маңызды экономикалық база саласын білу керек.

AKUB4308

OUKB4308


Автокөліктік кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару

Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару



Емтихан

7

3

5

IP4309

KP4309


Инженерлік психология

Көліктік психология



Емтихан

7

3

5

IP4309

KP4309


Көліктік логистика Көлік экономикасы

Емтихан

7

3

5

TKKU2311

KKKK2311


Теміржол көлігінің қозғалысын ұйымдастыру

Көліктегі козғалыс қауіпсіздігі қызметі



Емтихан

4

3

5

Жалпы модуль бойынша
















15

25




Қосымша модульдер

13.Іс қағаздарын жүргізу

ҚМ/МК

MTIZh2301

Kuzh2301



Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу

Құжаттану



Емтихан


4

2

4

Білік: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана отыра іс-қағаздарды сауатты толтыра білу.

Білім:: өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу.

Дағды: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу, сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде іс-қағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу.

Құзыреттіліг.: коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.

SZhKM1302

KZAK1302


Сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениет

Қазіргі замандағы адам құқығы



Емтихан

2

2

4

Жалпы модуль бойынша
















4

8




Қосымша оқу түрлері

14.Тәжірибе







Оқу

Диф сынақ

2

2

1

Білік: көлік, көлік техникасы және технологиялары бойынша өндірістік процестерді ұйымдастыру, мамандық бойынша алған теориялық білімдерін бекіту

Білім: көліктік кәсіпорындағы өндірістік процестер технологиясы, көліктік техника және олардың көліктің түрлері бойынша ерекшеліктері, механикаландыру мен автоматтандыру деңгейлері

Дағды: көліктік жұмыстардлың технологиялық процестерін құру негізінде алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту

Құзыреттілігі: қазіргі өндіріс талаптарына сәйкес көліктік жұмысты ұйымдастыра білу, технологиялық процестерді механикаландыруды, көлік техникасындағы механикалық жабдықты жасау және пайдалануды тереңдетіп зерттеу және талдау.




Өндірістік

Диф сынақ

4,6,8

6

15




Диплом алды

Диф сынақ

8

2

4

Жалпы модуль бойынша
















10

20




Мемлекеттік қорытынды аттестаттау

15.Мемлекеттік аттестация







Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан

емтихан

8

1

2

Білік: көлік техникасының тораптары мен бөлшектерін техникалық және жұмыстың жобалауға; көлік техникасының, оның элементтерінің типтік әдістері бойынша сенімділігіне және сынақтар жүргізуге

Білім: көлік техникасының механизмдері, тораптары мен бөлшектерінің технологиялық процестерін жобалау негәіздері, көлік техникасын сынақтау, оның сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілік қасиеттерін арттыру жолдары, көліктік процестерді автоматтандыру құралдары

Дағды: көлік техникасының дайындамасын, бөлшектерін дайындаудың, түйіндерін жинаудың типтік технологиялық процестерін әзірлеу; іс жүзіндегі өндірісті технологиялық жабдықтау көлік техникасын шудан оқшаулау және қорғау жүйесін әзірлеу, типтік әдістер бойынша автоматтандыру құралдарын сынау

Құзыреттілігі: көлік кәсіпорындарының өндірістік учаскелер деңгейінде өндірісті басқару, көлік техникасының сенімділігін талдау




Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру

емтихан

8

2

4

Жалпы модуль бойынша
















3

6




жүктеу 11,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау