Мамандығы 1103000 – Кеме жасау және кеме машиналары мен механизімдеріне техникалық қызмет көрсету Біліктілігі


Темір бетонды бұйымдары мен секциясын дайындаудың технологиясы



жүктеу 1,52 Mb.
бет10/16
Дата29.01.2020
өлшемі1,52 Mb.
#27622
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Темір бетонды бұйымдары мен секциясын дайындаудың технологиясы

Темір бетонды кемелер мен қалқымалы доктар, борт секциясына, түбі, палубасы, қалқаны және т.б. арналған темір бетонды секциялардың негізгі типтері. Темір бетонды секциялар өлшемінің нормативті ауытқулары және қалыңдығы, өлшемдері. Секцияны маркілеу. Темір бетон секциясын, металды пішінді (поддон, матрица) конструкциясын дайындау технологиясы, олардың өлшемдері. Темір бетон секциясын дайындаудағы стендті және агрегатты-толассыз әдістері. Пішінін немесе стендпен бетондауды дайындаудың талаптары.

Контурлы қалыпты қондыру, оның бекіту және қаланушы бөлігімен көлемді арматуралық секциясын орнату. Беттік және тереңдік вибраторымен бетонның қоспасын тығыздау және төсеу. Беттік секцияны өңдеу тәсілдері. Табиғи жағдайдағы бетонның қату секциясы және буландыру, бетонның қату ұзақтығы және бетонды изотермиялық ысыту. Темір бетонды, армоцементті, қабырғалы темірбетон секциясын және блоктарын дайындау технологиясы. Габаритті өлшеміне, плита қалыңдығына, бетонның қорғаныш қабатты қалыңдығына, секция беттеріне және т.б. жіберілуі.

Қалқымалы доктар мен кеме корпусына стапелді салу

Кеме корпусын және қалқымалы доктарын құрастыруға арналған стапелдің өлшемдері, ұзына бойлы және көлденең стапелдің құрылысын, стапелде орындалатын жұмыстар. Қалқымалы док немесе кеме корпусының құрастырылуын тексеруге, корпусты жылжытуға және түсіруге арналған стапелдегі құрылғылар. Стапелде доктар немесе кеме корпусының тұрған орнын белгілеу технологиясы, кеме немесе докта бекітілген жабдықтар мен конструкцияның орналасу дұрыстығын тексеру. Монтаждау қосылысындағы арматуралық және пісіру жұмыстарының түрлері. Секция аралық түйіскен жерінің қосылысын бетондау тәсілдері, қалыпты орнату тәсілдері және түрлері. Түйіскен жерін бетондау үшін бетонға қойылатын талаптар. Кеме корпусының монолитті конструкциясын дайындаудың технологиялық процестері. Ауа ылғалдылығы мен температурасына, бетонды төсеуге қойылатын талаптар, бетонды төсегеннен кейінгі күту тәртібі. Өте үлкен өлшемді қалқымалы темір бетонды понтон докторын, жүзбелі кессонды және кессонсыз тәсілмен түйіскен жерлерін жасау ерекшеліктері. Қондырма дайындауда қолданылатын материалдарды, қондырманы әзірлеудің процестері, стапелдегі қондырма секциясын монтаждау және құрастыру, керамзитті бетонды секциясын қондыру технологиясы. Темір бетонды кеме корпусын суөткізбестігін сынақтау тәсілдері, сынақтаудағы негізгі талаптар, оны жүргізу технологиясы. Стапелді жұмыстың сапасын тексеру әдістері.



Темір бетон кемесін жөндеу

Жүзбелі доктар мен темір бетон кемелерін пайдалану процесіндегі ашылған және бетондау кезіндегі доктар мен темір бетонды кемелердің ақаулары және сыну сипаттамасы, оның пайда болу себептері. Авариялық жөндеу кезіндегі бетонды дайындау технологиясы, жөндеуге арналған материалдар, корпустың тесілу процестері және су ағынын болдырмау. Кеме корпусының суастындағы бөлігін жөндеу технологиясы, бетонның қорғаушылығын қалпына келтіру. Кемелік құрылғыны және үлестік заттарын корпусқа бекітіп жөндеудің процестері.



Кеме корпусына темір бетон секциясы элементтерін жалғау және конструкциясын тексеру

Жүзбелі доктар мен темір бетон кемесін жасаудағы барлық технологиялық циклінде салалық стандарт бойынша сапасын тексеру және регистрдің талаптары. Кеме жасаушы бетонның құрамды сапасын, пісірілген жалғағыштың және арматуралық болаттың механикалық қасиеттерін тексеру әдістері. Темір бетон кемесін құрастырудағы технологиялық процестерін тексеру. Кеме корпусының стапелін жасалуын, темірбетонды бөлшектер мен секциясының дайындалуын, арматуралық жұмыстар сапасын тексеру. Темір бетон конструкциясын, кемелер мен жүзуші доктардың өткізбестігін сынақтау әдістері. Темір бетон кемесінің немесе жүзуші доктардың палубасын, түбін, бортын, қалқандарын тексерудің техникалық құжатнамалары.



Білімдер:

- темір бетон кемесінің барлық секциялары мен түйіндер конструкциясын;

- қолданылатын электрмен пісіретін машиналар және аппараттардың құрылысы туралы жалпы мағлұматты;

- темір бетон кеме корпусының плитасы мен арматуралық түйіндерін құрастырудың кезектілігін және техникалық шарттарын;

- кеме корпусы құрамалы элементтерінің типтік жалғағыштарын;

- құрастырылатын арматураларды және төселген бөлшектерін электрмен ұстаудың тәсілдерін және әдістерін;

- жасалынып жатқан темір бетон кемесін секцияларға бөлудің схемасын;

- темір бетон конструкциясының корпусын құрастырудың техникалық шарттарын;

- жұмысшы сызбаларын оқудың әдістерін;

- өндіріс жұмысы кезіндегі күнделікті бұзылыстың пайда болу себептерін;

- өнімнің ақаулық түрлерін, себептерін және ескерту тәсілдерін, оны жоюды;

- жабдықтарды, құрылғылар мен аспаптарды күтуді және техникалық пайдалану ережелерін;

- орындалған жұмыстың сапасына қойылатын талаптарды;

- өндіріс жаңашылдар мен алдыңғы қатарлы озаттардың жұмыс тәжірибесін;

- сигнал беруді, көтергіш-көлік машиналарын басқару ережесін және такелажды жұмыстар ережелерін;

- еңбек қауіпсіздігі әдістерін.
Іскерліктер:

- ең жоғарғы біліктілікті жұмысшы жетекшілігімен 10 тоннаға дейінгі массада секциялар құрастыруды және темір бетон плитасына монтаждау жасайды;

- стапелде остер бойынша салыстырып конструкциялар мен секцияларды қондырады;

- құрастырылатын арматураларды және төселген бөлшектерін электрмен ұстауын жүзеге асырады;

- стапелге темір бетон секциясын орнатуға дайындайды;

- монтаждау кезіндегі құрамалы бөлшектерді бекітіп тастайды және салыстырып отырады;

- жұмысшы сызбасын оқиды;

- өнім ақауларын болдырмауды және ескертеді;

- озат еңбек әдістерін және жаңашылдардың жұмыс тәжірибесін қолданады;

- шикізаттарды, отын-энергетикалы және материалды ресурстарды тиімді және үнемді пайдаланады;

- көтергіш-көлік жабдықтарымен басқарады және сигнализацияны қолданады;

- жұмысқа жабдықтар мен аспаптарды дайындайды және оларды тиімді жағдайында ұстайды;

- дәл уақытында және жұмысшы орнын жұмысқа ұтымды түрде дайындайды;

- еңбек қауіпсіздігінің ережесін және ішкі жұмыс тәртібін сақтайды.




КҚ 2.6.1. – 2.6.7.

АП 03

12. Арнайы технология

Біліктілік :«Пластмасса кемесін құрастырушы»




Шынылы арматуралау материалдарын дайындау

Шынылы арматуралау материалдарын кептіру технологиясы және дайындау тәсілдері, оларды сақтау ережелері. Шынылы арматуралау материалдар сапасын тексеру. Шынылы арматуралау материалының түрлері және шаблондары, үлгілеу альбомдары мен картасы, жабдықтары, құрал-саймандары, аспаптары. Жабдықтармен, құрал-саймандармен, аспаптармен жұмыс істеу тәсілдері. Шаблон, карта, эскиз бойынша күрделі геометриялық беттің шынылы пластикасынан бұйымға арналған, шаблонмен немесе орнында шынымата немесе шыныкездемеден бұйымдарды үлгілеу және белгілеу.


Полиэфирлі және эпоксидті байланыстырушыны дайындау үшін жасалған

Жабдықтар, инструменттер және полиэфирлі және эпоксидті байланыстырушыны дайындауға арналған ыдыс жабдықтары. Рецептура және байланыстырушыны дайындау технологиясы. Полиэфирлі және эпоксидті байланыстырушын дайындау үшін қажетті компоненттерін есептеу. Шарлы диірмен және краскотеректер, полиэфирлі байланыстырушыны механикаландыра дайындау үшін қондырғының жұмысының принципін және құрылғы.



Әйнектіпластикада кеме конструкциясын дайындау кезінде, қолданылатын шпаклевка және компаундарды, герметиктерді, желімдерді жұмысқа дайындау.

Қорап конструкциясын дайындау әдістері

Жабдықтар, саймандар, инструменттер, технологиялық құжаттар және жұмысшы орындағы еңбек қауыпсыздығы туралы нұсқаулар. Контактылы қалыпқа салу, саймандар, инструменттер, технологиялық процесс контактылы қалыпқа келтіру кезіндегі негізгі операцияның уақыт нормасы. Кеме конструкциясын әйнектіпластикадан дайындаудың технологиялық процессі. Тозаңдату, жабдықтар, инструменттер, технологиялық саймандар қалыпқа салуға арналған құрылғы. Технологиялық процесс және құрылғыда тозаңдату жұмысы кезіндегі операцияның уақыт нормасы. Пресстеу, жабдықтар, технологиялық саймандар және құжаттар. Кемелік конструкцияларды вакуумды пресстеу (эластикалық паунсонмен) әдісімен кемелердің конструкцияларын дайындау.



Конструкцияны пенопластыдан дайындау

Химиялық технологиямен эпоксидті және полиуретанды пенопластаны алу технологиясы бойынша технологиялық құжаттар. Пенопластыларды дайындаушы құрылғы және блоктардың жүргізгіштігін даярлау. Қолмен істеу тәсілімен пенопластыны даярлау.

Үшқабатты кемелер конструциясын және кеменің қораптарын (қыдырушы қайық, жұмысшы, құтқарушы шлюпканы), пенопласта мен әйнектіпластикадан блокты конструкцияны дайындау. Эпоксидті және полиуретанды пенопластыны алу үшін барлық компоненттерінің қажетті санын есептеу.

Әйнектіпластиканы механикалық өңдеу

Дайындама жиегінен есепті өлшемінен бөлшек контурын және өс сызығынан және бөлшектің контурын шаблонмен белгілеу. Пневматикалық немесе электрлі инструментпен, қолмен әйнектіпластиканың бірқабатты және көпқабатты конструциясының бөлшегіне тесік бұрғылау. Қол инструменттерімен және тұрақты жабдықтармен әйнектіпластикалы бұйымдарды өңдеу.



Кеме қораптарын және кемелердің конструкцияларын құрастыру

Кеме қораптарын және кеме конструкцияларын құрастырудың технологиялық процессі.

Қораптың конструкцияны құрастыру: орнату және секцияларын бекіту, саймандарға бірлік құрастырушы, бөлшектерді және тораптарын қалыптау, қосылыстарын герметизациялау, мықтылығын сынау. Майда кемелерді қорабын құрастыру, қайықты құрастыру: құрастыру және төрт секцияларын, қалқаны, орнату және қалыптан соңғы жүзгіштігі және банок, қосылыс орындарын және ішкі беттерін сырлау.

Катерлерді құрастыру: құрастыру және қолқанды, выгородокты, орнату және приформовка банок, қосылыс орнын, ішкі беттерін сырлау, орнату және қалыпқа құйу, қаптарды, каптарды, үстіне орналастыруды, бөлшектерді толтыру. Ірітоннажды кемелерді құрастыру: түптік және борт секцияларын орнату, қалқанды, переборок және выгородрк, заформовка және секция жақтауларын қалыпқа құйу, секция жақтауларының суөткізбеушілігін сынау. Орнату қыйыстыру және приформовка палуб, платформ. Үстіне салу және рубка, проформовка капов және орнату. Өткізбестігін сынақтау.

Кеменің қорабын және конструкциясын құрастыру кезіндегі такелажды жұмыстар: тораптары мен секциясын строповкалау, қолданылатын құрал-саймандар, жүкті көтеру тәсілдері. Еңбек қауыпсыздығының тәсілдері.

Бөлшектерді орнату және қораптың конструкциясы әйнектіпластикада құрастыру

Толыққан бөлшектерді бекіту және қораптың конструкциялардың қосылысы бойынша техникалық және технологиялық құжаттар. Жақтаулық желіледенген және қалыпты-болтты құрастыру. Қорапты конструкцияны приформовкалау, металды бөлшектерді орнатуға дайындау. Нығыздаушы пастаны герметика негізінде, эпоксидті шпаклевканы, компаунуы және байланыстырушы кесілген әйнектіволокнамен қолдану.

Қосылыстың өткізбестігін сынақтау.

Кеме қораптарының әйнектіпластикадан және кемелер конструкциясын жөндеу

Әйнектіпластикті кеме қорабы және конструкцияларының бұзылу түрлері.

Пайдаланудан бұзылуы, әйнектіпластиканың тозуы және авариялық бұзылуын жөндеу технологиясы. Кері температура кезіндегі әйнектіпластикадан жасалған қорапты жөндеу ерекшеліктері. Жөнделген конструкцияларды сынақтау және тексеру.

Әйнектіпластикадан жасалған дайын бұйым және бастапқы материалдарын тексеру

ТЖ және МемСТ бастапқы материалдарды. ТЖ талабына сәйкес материалдардың кірередегі тексерілуі. Әйнектіпластиканың мықтылығын тексеру: физико-механикалық көрсеткіштері, шайырдың байланысы және әйнекарматуралы материал.

Әртүрлі инструменттер мен аспаптар арқылы әйнектіпластикті қорап конструкциясының қалыңдығын тексеру. Әйнектіпластиканың дефектоскопия аспабы. Лабороториялық жағдайда физико-механикалық сынақтау жүргізу үшін үлгіні дайындау.


Білімдер:

- әйнектіпластикадан жасалған кеме конструкциясын және оны пайдалану мақсатын;

- кеме конструкцияларының атауларын;

- құрастыру процессінің технологиясын және бөлшектерді қарапайым тораптарды орнатуды;

- құрылымын электропластиканы өңдеу үшін қолданатын пневматикалық және электрлі қол инструменттерін және станоктарды;

- қарапайым геометриялық құруды күрделісіз сызбаларды оқу ережелерін;

- әйнектіпластика және байланыстырушы құрам туралы негізгі мағлұматтар, бұйымды алу тәсілдері және инструменттерді қолдану тісілдерін және алуға арналған құрылғылар;

- әйнектіпластикалық бұйымдардың техникалық жағдайы, сақтау тәсілдері дәне оны тасымалдау;

- әйнектіталшықтан өндіріліп шығатын продукцияның ассортименттері, ақау түрлері және оның пайдалану себептерін;

- құрастыру процессінің технологиясы және жыйнаушы бірліктерінің құрамасы және майда секциялы кемелер, ал сонымен қатар ұзындығы 10 м артық кеменің ірігабаритті секциясын жыйнау және дайындауды;

- құрылымы және технологиялық құрал-жабдықты қолдану (матрица, стенд, төсек, шаблондар және т.б.), сонымен қатар көпсекциялы кемелер конструкциясын құрастыруға арналған күрделі стапель-кондукторларды;

- секцияны толықтыру номенклатурасын, полиэфирлі және эпоксидті байланыстырушы, әйнектіарматуралаушы материалдар, полиэфирлі және эпоксидті әйнектіпластикалар мен пенопластылардың негізгі қасиетін;

- әйнектіпластикадан жасалған кемелік конструкция және кемелерге қойылатын негізгі техникалық талаптар;

- материалдарды және электрэнергиясын экономды жұмсау тәсілдерін;

- бұйымдарды дайындау кезіндегі және пластмассалы кемелерді құрастыру кезіндегі жұмысты орындаудағы қауыпсыз еңбек тәсілін және олар үшін конструкциясын

меңгереді:

- қарапайым тораптың қорабының конструкциясын орнатуды және құрастыруын орындау;

- кеме конструкциясының қарапайым болшектерін белгілеуін жүргізеді, ленталы арамен және пневматикалық қол арамен бөлшектің қарапайым конфигурациясының әдібін кесуді;

- бөлшек жақтауларын және секция беттерін қол пневматикалық инструментпен тазалайды;

- тесікті бұрғылауды, әйнектіпластиканың кедір-бұдырлығын қол пневматикалық немесе электрлі инструментпен кесуді жүргізеді;

- бірлік жыйнаушыны комплектілеуді, секцияны және қарапайым торапты, түрлері бойынша пропорцияларды сорттайды;

- техникалық құрал-сайманды бөлшектеуді және құрастыруды, қарапайым түрін, бұйымдарды, кеме конструкциясын;

- продукцияның ақауын анықтайды;

- түсіруін, орын алмастыруын және әйнектіпластикадан жасалған қарапайым азгабаритті бұйымдарды жыйнауды;

- полистрол блогының көбіктенуі бойынша жұмыс орындайды, іргетасты құрамалау кезінде және конструкцияның;

- жазықтық секциясының погибьюін және ірі габаритті жазық секцияны орнату және құрастыру, тараң жыйынтығын орнату, жыйынтықтарды форма астына бекіту кезінде және орнату, жазық секцияны және жазықтық секциясын погибьюмен, секцияны контурлауды жүргізеді;

- құрастыруға арналған күрделісіз ағаш құрылғыларын дайындауын орындайды;

- сплаздың макеті мен шаблонын қолданады;

- әйнектіпластиканы бұйымды жабдықтан түсіруді гидротүсіргішті және басқада арнаулы құрылғымен орындайды;

- кемелік конструкцияның өткізбеушілігінің сынақтауын жүргізеді;

- майда кеменің конструкциясының сызбасы мен эскизін оқуды және солар арқылы құрастырушы және приформовты жұмыстарын жүргізеді;

- материалдар мен электрэнергиясын экономды жұмсайды; инструменттер мен жабдықтарға ұқыпты қарайды;

- еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптары сақтайды.




КҚ 2.7.1. – 2.7.7

АП 03

13. Арнайы технология

Біліктілік : «Кеме ағаш шебері»




Ағашұсталық бұйымдарды құрастыру және дайындау

Тақтайды өңдеу, рейканы, щит дайындауға арналған брускалар, филенок, тартпалы жәшіктер, столдар, шкафтар, тумбочка, орындықтар және т.б. Пішіндері мен бұйым өлшемдерінің дұрыстығын тексеру отырып, алдын ала құрастыру.

Технологиялық кезектілігі. Тораптары мен бөлшектерін желімдеуге дайындау, желімді дайындау, оны желімденетін бетке жағу, струпцинды орнату немесе пресске қою.

Технологиялық кезектілігі. Желімделген бұйымдарды ақырғы құрастырылғанан кейін тазалау және өңдеу және оларды өңдеуге дайындау. Технологиялық кезектілігі.

Қаптаушы жұмыстар, қаптау түрлері және шпоннан суреттер жыйынтығын. Дайындау негізінің технологиясы және пресстеу, қапталған щиттерді өңдеу. Декоративті және қағазды пластикамен қаптау.

Ағаш бұйымдарын өңдеу

Бояғыштарды, инструменттерді және өңдеуге арналған құрылғыларды, өңдеуші материалдарды дайындау. Майлы және синтетикалық бояуларды қолмен және механикаланған инструментпен бұйымдардын бетін майлау, жұмысты орындау технологиясы.

Қолмен және механикаланған инструменттермен және арнаулы станокпен ажарлау және лактау, бояу, пороза-полнение, лакпен және ажарлауға бұйымдардың бетін дайындау. Жұмысты орындаудың технологиясы. Ағаш бұйымдарының өңдеу сапасын тексеру.

Ағаштарды жанбайтын, шіруге қарсы және тропикаға тұрақты құралмен сіңістіру. Сіңістіруді орындаудың технологиялық процессі.



Кеме жиhаздарын орнату және құрастыру

Жиhаздардың тораптарын альбомдары пайдаланып, сызба бойынша оның орналасу орнын белгілеу. Каюта жабдықтарының заттарын және пластмассалы жиhазды, айна, полкаларын, кроват, дивандарын бекітіп орналастыру. Жұмысқа орындалуының технологиялық кезектілігі. Көлбеу борттарына, ағашты және металды палубаларға, жиhаздардың ағаштан жасалғанын ағашқа және металды обрешеткаға бекітіп орнату. Жұмысты орындау технологиясы. Ағашты торларды қиыстырып, жастықтарын механизмдер мен аспаптардың астына салып орнату. Баспалдақтар рамасының күрделі конфигурациясы дайындауға арналған шаблонды жасау.



Кеме бөлмесінің өңделген бөшектерін орнату және дайындау

Обрешетканы, галбелдерді, жақтау, маңдайшаларын және басқа ағашұсталық бұйымдарды кемеге орналастыру және дайындаудың технологиялық процессінің карталары мен жұмысшы сызбасын қолдану. Конструкция және технологиялық кезектілігімен қарапайым және күрделі конфигурациясының көп майы суы мен орналастыру, белгілеуін, тесіктерін бұрғылау және зенкерлеу, болтпен бекіту. Обрешетникті сызғыш көрсеткішімен салыстыру, белгілеу және радиусты обрешетникті орнату, обрешетникті орнатудың технологиялық талаптары. Ағашты қалқанды, выгородокты, иллюминаторлық кең қонымын және есік блоктарын. Пайдалану мақсаты, материалдар мен кеме ішін тігу технологиясы және конструкциясы және қосымша декоративті өңдеуді қажет етпейтін, және одан ары қарай қорғанысты-декоративті жабуын орындау. Тігілгенін бекіту және орнату тәртібі. Тігу сапасына қойылатын техникалық талаптар. Ағаш ұсталық бұйымдарды өңдеу, беттерді өңдеуге дайындау, мөлдір және мқлдір емес жабқыштар.

Ағашты және платмассалық пішіндерді бекіту, сыртқы және ішкі есіктерді бекітіп, орнату тәсілдері. Сыртқы және ішкі палубаларды мастикамен жабу технологиясы және ішкі палубаны линолеумен бүркеу.


Білімдер:

- кеме бөлмелеріндегі жабдықтардың жұмсақ ағаш породасынан жасалған кеме жиһаз бұйымдарын бекіту және ағаш ұсталық монтаждау жұмысын орындаудың әдісі мен тәсілдерін;

- бөлшектер мен тораптарды құрастыру түрлері, ағаштардың бетін ажарлау түрлері, ажарлаушы материалдарды және оларды қолдану әдістерін;

- қатты және жұмсақ породалы ағаштардың ылғалдық нормалары мен қасиетін;

- эпоксидті негіздегі желімнің рецептурасын;

- сызба және эскиз бойынша қарапайым шаблонды дайындау технологиясын;

- ағаш өңдеуші станоктардың құрылымы және кұйге келтіру: ленталы, дөңгелете аралаушы, сүргілеуші, бұрғылаушы, ажарлаушы және т.б.;

- жеке бөлшектер мен тораптардың эскизін сызу тәсілдерін;

- геометриялық фигураларды тұрғызу туралы жалпы мағлұматын;

- жиһазды орнату орнын қарапайым белгілеу және жабдық бұйымдарын сызба және эскиз бойынша орналастыру және сызбаны оқу тәсілдерін;

- беттерді лакпен және басқа материалдармен өңдеу әдісін;

- қабатты пластикпен қапталған, материалдарды асбосилитпен бекіткен және өңдеу тәсілдерін;

- ағашұсталық кеме жұмыстарын орындау кезіндегі еңбек қауыпсыздығының әдістері және өртке қарсы қойылатын талаптарды.



Іскерліктер:

- орнатады, бекітеді, жыйнайды, күрделі штаттан тыс жиһаздардың жұмсақ және қатты ағаш породасынан немесе қапталмаған және қапталған щиттерді жөндеу, қарапайым бұйымдарды және қатты ағаш породасынан жасалған жабдықтар, декоративті фанерлер және кеме бөлмелерін пластмассамен жабуды;

- күрделі конструциялы жәшіктерді жыйнайды және дайындайды;

- фанер емес щиттерді құрылғылармен рамкаларды жұмсақ породалы ағаштан немесе жәшіктік шабақтарды желімдеуді;

- бөлшектерді фанермен қаптауын орындайды және шиттерді шпонмен және пластикпен, майысуын қорғайды;

- белгілеу және қиыстырып келтіріп орнатады, шпилкамен бекіту және қиыстырып келтіріп орнатады, шпилкамен бекіту және күрделі конфигурациясы ағаш обрешетникті болтпен, үлкен погибпен, бортпен және қоршауды;

- линолеумды желімдейді, қарапайым жақтауларды орнатады, плинбусты, галтелді, жайып салуды сынамен орнатуды;

- синтетикалық шайырмен шпатлетканы және желім дайындауды;

- тесікті бұрғылайды және зенкерлейді, металды обрешетникке резьба ояды, жиһаздарды бекіту үшін кемингспен;

- ағашұсталық инструменттерді қайрап дайындайды;

- кемедегі пластикамен және пластмассамен қапталған жиһаздарды жөндейді;

бұйымдардың бетін лактап жарықтандырады және өңдеуін жүргізеді;

- тым жоғары маманды кеме ағаш шеберінің басқаруымен қапталған плита мен бағалы породалы ағашпен қаптайды, жабдықтарды, кеме жиһаздарын құрастыруды және бекітуін орнату кезіндегі жұмыстарды орындайды;

- кеме ағаш шеберлік жұмысшы орындау кезінде еңбек қауыпсыздығының әдістерін сақтайды.




КҚ 2.8.1. – 2.8.7

АП 03

14 Арнайы технология

Біліктілік: «Кеме корпусын жөндеуші».




Типтік кеме құрылысының құрылғыларын қолдану жұмыстары

Кеем-құрастырушы жұмыстарын орындау кезіндегі еңбек процессін ұйымдастыру және кезектілігі. Қорап конструкциясын тарту, секция жыйнақтарын сығу және оранту, табақтарының жақтауларын біріктіруші құрылғыларды қолдану жұмыс тәсілдері.

Қолмен винтті және гидравликалық талрепті, гидроқысқышты, пневматикалық домкраттарды, керіп-босатушы және басқа типті құрылғыларды қолдану саласы және тетіктер.

Дайындаушы корпусты жұмыстар

Кеме қорабы бөлшектерін белгілеу кезінде қолданылатын қосымша материалдар мен белгілеуші инструменттер. Кеме қорабының қарапайым бөлшектерін белгілеу үшін рейкалар мен шаблондарды дайындау. Шаблон бойынша кеме жыйнақтарын және қорап бөлшектерін, эскиз бойынша тік сызықты контурын, бөлшектердің қисықсызықты контурын сызбадағы мен белгілеу. Қарапайым геометриялық фигураны жазып тұрғызу.

Түбінің қатарлас табағының, борттың, екінші түбінің қаптауларын және палубаның төсемін белгілеу. Жетекті пресс-қайшымен және дірілдіқайшымен, дайындама мен бөлшектердің тіксызықты және қисықсызықты контурларының табақты металды белгілеу бойынша кесу және тесіктітесу. Табақты, жолақты, профилді және сортты металды табақ түзеткіш вальцемен және станокпен түзету. Леерлі қоршауды және тентті тіреуші, жүк стреласын орнында түзету. Цилиндрлі және конусты бөлшектерді вальцамен және майыстырушы станокпен, шаблон бойынша профильді материалдарды, табақты материалдарды суық майыстыру, вальцамен табақ жиектерін бүгу. Қатқанын шабу, жіктері мен жиектерін пісіретін жерін пневмоинструментпен тазалау. Тесікті бұрғылау, жазу және зенкерлеу, пресспен тесу. Кеме қорабын жөндеуге арналған бөлшектер мен тораптарды жөндеу технологиясы.


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау