- «Органикалық химия»
- 1 бөлім. Алифатты қатар қосылыстарының органикалық химисы
- Мамандығы – «5В072100 – ОЗХТ Курстың көлемі – 3 кредит
- Чугунова Нина Ивановна
- профессор, химия ғылымдарының кандидаты, «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
- Педагогикалық стажы – 30 жылдан астам
Курстың аңдатпасы: - Міндетті компонент .
- «Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәнін оқудағы мақсаты студенттерді органикалық химияның фундаменталды негіздерімен таныстыру, оның басты химиялық өнеркәсіптің теориялық негізінің маңызы мен ролін қалайтынын ұғындыру.
- Пәннің міндеттері:
- нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатында студенттердің теориялық дайындықтарының негізін жасау;
- студенттердің ғылыми түйсіктерін қалыптастыру, айталық, органикалық қосылыстардың құрылымы мен реакция жүру қабілеттілігінің ортасындағы логикалық байланысты, сол қосылыстар және оларды алу жолдарын негіздеу;
- қосылыстарды алғанда және идентификациялағанда студенттерді практикалық машықтануға баулу;
- алған білімін күнделікті өмірде, өндірісте, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде қолдана білуге үйрету.
-
Курстың актуальдығы мен жаңалығы - Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы - сызықты құрылымды оттегі, азот атомдары бар органикалық қосылыстар. Пән алифаттық қатардағы қосылыстардың химиялық және физикалық қасиеттерін, өндірісте және зертханаларда алу жолдарын, олардың халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы қолдану мүмкіндігін қарастырады. Органикалық химия өз алдына жеке фундаментальды ғылым, оның даму негіздері мұнай химиясын, биоорганикалық, фармацевтикалық химия және технологиясын, катализ және жоғарғы молекулалы қосылыстар химиясын зерттеудегі негізгі көз.
Пән бойынша қарастырылатын тақырыптар: -Кіріспе. Алифаттық қатардағы органикалық қосылыстар химиясының мәні, мақсаты және міндеттері. -Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс, құрылымдық және реакцияға бейімділік туралы терминдерге қазіргі көзқарас. -Қаныққан көмірсутектер (алкандар). Жалпы формуласы. -Қанықпаған көмірсутектер (алкендер). Жалпы формуласы. -Диендік көмірсутектер (алкадиендер). -Ацетилен қатарының қанықпаған көмірсутектері (алкиндер). -Көмірсутектердің галогентуындылары. -Спирттер (гидроксиқосылыстар). -Көпатомды спирттер. -Альдегидтер мен кетондар (оксоқосылыстар) -Карбон қышқылдары және олардың туындылары. -Алифаттық қатардың азотты қосылыстары. -Гидроксиқосылыстар. -Көмірсулар. -Аминқышқылдары. ерекшеліктерін қарастырады. Өткізілетін сабақтардың түрлері: - Дәріс – 30 сағат
- Зетханалық сабақтар – 15 сағат
- Аралық бақылау (саны) – 2
- СӨЖ – 45 сағат
- СОӨХ – 45 сағат
- СОӨХ(офис.) – 30 сағат
- СОӨХ (ауд.) – 15 сағат
- Барлық аудиториялық сағат – 60
- Барлық аудиториядан тыс сағат– 75
- Еңбек көлемі 135 сағат
- Емтихан Ж семестрі 3
Пәнді оқу кезінде студенттер мынандай біліктілікке ие болады: - Алифатты қатар қосылыстарының жіктелуі. А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясын игеріп, заманауи көзқараспен сипаттай білу . Қаныққан және қанықпаған көірсутектерді, олардың галоген ,оттекті, азотты, күкіртті туындыларының изомериясы мен номенклатурасын, алыну жолдары мен физикалық қасиеттерін, химиялық реакция ерекшеліктерін, қолданылу бағыттарын оқып үйреніп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға зертханалық сабақтарда дағдыланып, пәннің құзыреттілігіне ие болу.
- Органикалық химияның осы 1 бөлімінде
- 7 зертханалық , 2 бақылау жұмыстары, 2 аралық бақылау, 2 өзіндік жұмыстар қарастырылған
- – жұмыстың әр түрі нәтижесінің максимал бағасы 100 %.
Өзінің ғылыми жетістіктері: - Ғылыми дәрежесі : химия ғылымдарының кандидаты 02.00.06«Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» мамандығы бойынша.
- Ғылыми атағы: «Жоғары молекулалық қосылыстар» мамандығы бойынша» аға ғылыми қызметкер.
- Сабақ беретін пәндері: 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне «Алифатты қатар қосылыстарының органикалық химиясы», «Циклді қосылыстардың химиясы», «Мономерлердің химиясы мен технологиясының негіздері», «Қабыршақтүзуші заттар мен лак-бояу материалдарының химиясы мен технологиясы» курстарын, 6М0572100 мамандығына «Диенді қосылыстардың химиясы мен технологиясы», 6Д0572100 мамандығына «Полимерлік материалтанудың дамуының заманауи негіздері » курстары
- Басылымдары: 80 астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде 5 авторлық куәлік, мемлекеттік тілде жазылған 2 оқулық, оның біреуін жеке өзі жазған, 2 оқу құралы (мемлекеттік және орыс тілдерінде), 10 ОӘК (6 мемлекеттік, 4 орыс тілінде) , магистраттар үшін 1 силлабус, докторанттар үшін 1 силлабус дайындалған,. Барлық сабақтар оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілген.
- «Жеңіл бензин фракцияларын алу мақсатында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу технологиясын жасау» мемлекеттік бюджеттік инициативті тақырыпты орындау.
- Тарауы: “Жоғары тұтқыр мұнайлар үшін депрессивті присадкалардың жаңа түрлерін жасау.”
- Студенттердің ҒЗЖ дайындау
- Ғылыми бағыты: Белсенді функионалды топтары бар полимерлерді синтездеу және зерттеу.
- Қоғамдық жұмыстары: Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің химиялық-технологиялық мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясының мүшесі (Шымкент қ.). 2011 жылдан бастап К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ –ің оқу процесін мониторлау комитетінің мұшесі ( ОПМК). Геология және мұнай газ ісі институтының ҒӘК мушесі, МжГӨХТ кафедрасының әдістемелік кеңесінің мүшесі,,кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедраның оқу процесіне және әдістемелік жұмыстарына жауапты.
- Қызмет ету барысында бірнеше рет алғыс қағаздар және грамоталар алған. Жеке өзі жазған «Полимерлердің химиясы мен физикасы» атты оқулығы үшін К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ-ің академикалық профессоры атағын алған. Студенттері университеттік және республикалық конкурстардың жулдегері болған.
Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы. - Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы.
- Магистерлік диссертациялардың тақырыбы: 1.Акрил қышқылы мен стиролдың сополимерлерін синтездеу және зерттеу
- 2. Акрилді қабыршақтүзуші заттарды синтездеу және зерттеу
- Курстар бойынша студенттердің үлгерімі 80-93 %.
- Білім алушыларға қойылатын талап: адалдық, тәртіптілік, ынталылық.
Достарыңызбен бөлісу: |