6. Магистрлік диссертацияның/жобаның жіктемелік белгілері
64. Диссертация/жоба жеке дара жазылуы, автормен көпшілік алдына қорғауға ұсынылатын жаңа әрі шынайы ғылыми нәтижелер мен ережелері болуы, әзірленген немесе зерттелген теориялық немесе қолданбалы міндеттер аясында жұмыстан алынған нәтижелер арасында байланыс болуымен айқындалатын ішкі бірлігі болуы, автордың ғылымға және/немесе практикаға қосқан жеке үлесі туралы дәлелдеуі тиіс. Автормен ұсынылған жаңа шешімдер қатаң дәлелденуі және бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни бағалануы тиіс.
65. Қолданбалы маңызы бар диссертацияда/жобада автормен алынған, авторлық куәліктермен, патенттермен және басқа ресми құжаттармен дәлелденген ғылыми нәтижелердің практикалық пайдаланылуы туралы мәліметтер келтірілуі тиіс, ал теориялық мағынасы бар диссертацияда – ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөніндегі ұсынымдар келтірілуі тиіс.
66. Магистрлік диссертация/ жоба Қорқыт Ата атындағы ҚУ жоспарлы зерттеулерінің бағдарламасына сәйкес орындалуы, халықаралық, мемлекеттік немесе аймақтық ғылыми, ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларға, іргелі немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларына енуі тиіс.
67. Магистрлік диссертация/ жобаның нәтижелері келесі деңгейлердің бірінде енгізілуі тиіс (енгізу актілерімен, анықтамалармен дәлелденеді):
халықаралық;
салааралық;
сала ауқымдарында;
- ұйым шеңберінде.
68. Бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген магистрлік диссертация/ жоба бір ай бұрын алдын ала қорғау процедурасынан өтіп, ғылыми жетекшінің пікірін алу үшін бітіртуші кафедраға ұсынылады. Егер магистрлік диссертация/жоба бойынша ректордың бұйрығымен сабақтас ғылым саласынан ғылыми кеңесші қосымша тағайындалса, онда ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері бір-бірінен тәуелсіз, бөлек дайындалады.
69. Ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері (бар болса) алдын ала қорғау процедурасынан өткен күннен бастап 10 (он) күн ішінде «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілмеді» деген дәлелді қорытындысын көрсетіп магистрантқа беріледі.
Университет диссертацияны/жобаны ол орындалған кафедраның мәжілісінде кафедра мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісі), сондай-ақ ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің (болған кезде) қатысуымен талқылауды қамтамасыз етеді.
70. Алдын ала қорғау процедурасынан сәтті өткеннен кейін, ғылыми жетекші (3 Қосымша) мен ғылыми кеңесшінің (болған кезде) оң пікірлері мен диссертацияны/жобаны плагиатқа тексеру туралы анықтама болған кезде диссертант диссертациясын қорғауға ұсынады.
71. Диссертантты қорғауға жіберу және қажетті құжаттарды дайындау процедурасы мен диссертация/жоба қорғау арасындағы кезеңде жүргізіліп, бір айдан аспауы тиіс.
72. Қорғауға қабылданған диссертацияның/жобаның бір данасын магистрант университеттің ғылыми-техникалық кітапханасына қорғауға дейін бір ай бұрын ұсынады және диссертация қорғалғанға дейін сонда қолжазба құқығымен сақталады. Ойдағыдай қорғалғаннан кейін диссертация университет архивіне беріледі.
73. Магистрлік диссертация/жоба бойынша рецензент тағайындалады, оның біліктілігі (ғылыми дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес болады.
Рецензент:
1) диссертация/жоба тақырыбы бойынша жарияланған магистрант жұмыстарының бірлескен авторы болмауы;
2) диссертация/жоба орындалған немесе магистрант тапсырыс беруші немесе орындаушы (бірге орындаушы) болып табылатын жұмыстар жүргізіліп жатқан университет бөлімшесі мен ғылыми ұйымның қызметкері болмауы;
3) ҚАК мүшесі болмауы тиіс.
74. Рецензенттердің кандидатуралары қорғауға дейін 1 ай бұрын бітіртуші кафедраның ұсынысы арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі, онда ресми оппонетті тағайындау туралы негіздемелер, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен жетекшілік ететін магистрлік диссертацияның саласы бойынша негізгі жарияланымдарының тізімі (соңғы 5 жылда кемінде 3 жұмысы) көрсетілген анкеталық мәліметтері және болжанған рецензенттің жазбаша келісімі бар болады.
75. Рецензент магистрлік диссертацияны/жобаны тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарды зерттеу негізінде, рецензенттерді тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап 10 (он) күн ішінде жазбаша рецензия дайындайды (4 Қосымша), онда диссертацияға/жобаға жан-жақты сипаттама береді, таңдап алынған тақырыптың өзектілігін, диссертацияда/жобада түзілген ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізделу деңгейін, олардың жаңашылдығын жан-жақты бағалайды. Рецензенттің рецензиясының түйіндемелік бөлімінде бағасы («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» көрсетілген және тиісті білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі/магистр дәрежесін беру мүмкіндігі дәлелденген қорытындысы берілуі тиіс. Рецензенттің қойған қолы бекітілген тәртіпте куәландырылады.
76. Рецензенттің рецензиясының көшірмесі магистрантқа диссертация қорғағанға дейін 10 күн бұрын беріледі.
77. Институт директоры мен диссертант ҚАК-на келесі құжаттарды ұсынады:
1) магистранттың жеке жоспарды орындағаны, барлық пәндер бойынша алынған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары мен практика түрлері туралы Институт директорының анықтамасы;
2) магистранттың ғылыми жетекшісінің (ғылыми кеңесшісінің) пікірі;
3) магистрлік диссертацияның/жобаның рецензентінің рецензиясы;
4) қатты қағазбен түптелген диссертация/жоба;
5) магистрлік диссертацияға/жобаға берілген кафедраның оң қорытындысы;
6) диссертацияның/жобаның тақырыбы мен ғылыми жетекшісін және ғылыми кеңесшісін бекіту туралы ректордың бұйрығының көшірмелері;
7) магистрантттың өз қолы қойылған және университеттің Ғылыми Кеңесінің хатшысы куәландырған жұмыстар тізімі мен баспа-таңбасы;
8) диссертацияны/жобаны университет кітапханасына тапсыру туралы анықтама.
ҚАК-не ұсынылған барлық материалдардың көшірмелерінің бір данасы университеттің жоо кейінгі білім бөліміне өткізіледі.
ҚАК хатшысы құжаттарды қабылдау жүргізеді.
ҚАК-на орындалған магистрлік диссертацияның/жобаның ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын басқа да материалдар, бейресми пікірлер, диссертация/жоба бейіні бойынша практикалық қызмет жүргізіп отырған ұйымның жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу туралы анықтамалар немесе актілер, материалдар, бұйымдар, ауылшаруашылық өнімдерінің макеттері, минералдар, гербарийлер коллекциялары және осындай тағы басқалар да ұсыныла алады.
78. Егер пікір көрсетілген талаптарға сай келмесе ҚАК оны рецензентке қайтаруға немесе диссертация қорғау күнінен кемінде 10 күн бұрын рецензентті ауыстыруға құқылы.
79. ҚАК мәжілісі егер оған мүшелердің кемінде 2/3 қатысса, заңды деп саналады.
80. Рецензент пен ғылыми жетекші диссертацияны/жобаны қорғауға қатысуға міндетті. Диссертацияға/жобаға оң баға берген рецензент дәлелді себеппен қатыспаса, айырықша түрде магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау рәсіміне on-line режимінде бейне-конференция түрінде қатысуға рұқсат етіледі.
81. Диссертацияны/жобаны көпшілік алдында қорғау ғылыми пікірталас сипатында болып, жоғары талапшылдық, принципшілдік пен ғылыми әдепті сақтау жағдайында өтуі тиіс, бұл ретте диссертациядағы/жобадағы ғылыми және практикалық сипаттағы нәтижелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізделуі, жаңашылдығы тыңғылықты талдауға алынуы тиіс.
82. Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау нәтижелері туралы шешімді ҚАК жабық мәжілісте, оған қатысқан ҚАК мүшелерінің көпшілігінің жәй ашық дауыс беруімен қабылдайды және бекітілген үлгідегі хаттамамен рәсімделеді.
83. Хаттамаға мәжіліске қатысқан ҚАК төрағасы мен мүшелері қолдарын қояды.
84. Қорғау нәтижелері бойынша ҚАК теріс шешім шығарған диссертация, шешім шығарылғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін қайта өңделген түрде қайтадан қорғауға ұсыныла алады. Қайта қорғау кезінде қорғауға жіберудің барлық процедурасы қайтадан жүргізіледі, рецензент ауыстырылуы тиіс.
85. Диссертациялық жұмысты/жобаны қорғау нәтижелері сол жүргізу күні жарияланады.
1 Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |