Магистрлік диссертация/жоба туралы



жүктеу 259,35 Kb.
бет2/8
Дата17.10.2022
өлшемі259,35 Kb.
#39678
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
қаз Магистрлік диссертация туралы Ереже

Қорқыт Ата атындағы ҚУ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
ҚАК – Қорытынды аттестаттау комиссиясы.
4. Магистрлік диссертация/ жобаны орындау тәртібі мен шарттары

1. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба ғылым кандидаттары мен докторлары, PhD докторлар немесе тиісті саланың кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар білікті мамандары қатарынан ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады.


Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылымның осы саласында (магистранттың оқитын мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда сабақтас ғылым саласы бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындала алады. 
2. Магистранттың ғылыми жетекшісінің кандидатураларын Қорқыт Ата атындағы ҚУ Ғылыми Кеңесі қарап, бірінші курста ректордың бұйрығымен бекітіледі (магистранттарды оқуға қабылдағаннан кейін алғашқы екі ай ішінде).
3. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба бітірушіге тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін беруге негіз болып табылады.
4. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- магистрлік диссертация/магистрлік жоба қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі проблематикасына сәйкес болуы;
- өзекті болуы, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызды болуы;
- техника мен өндірістің, ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне сүйенуге, нақты практикалық ұсынымдары, кешенді, функцияаралық сипаттағы басқарушылық міндеттердің өз бетінше шешімі болуға;
- компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістеріне сүйенуге;
- заманауи ғылыми зерттеу әдістерін және озық ақпараттық технологияларды пайдаланып орындалуы;
- қорғалатын негізгі ғылыми/сынамалық-зерттеушілік (әдістемелік, практикалық) бөлімдер болуы;
- тиісті білім саласындағы халықаралық озық тәжірибеге сүйенуі.
5. Магистрлік диссертация/магистрлік жобалардың тақырыптарын бітіртуші кафедра әзірлейді, Академиялық кеңес қарап, бекітеді, оның құрамы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
6. Магистрлік диссертация/магистрлік жобалардың тақырыптарының жалпы тізбесі жыл сайын кемінде 30 %-ға жаңартылып тұруы тиіс.
7. Магистрлік диссертация/магистрлік жобалардың тақырыптары магистрант оқуға қабылданғаннан кейін алғашқы екі ай ішінде Қорқыт Ата атындағы ҚУ Ғылыми кеңесінің шешімімен оларға бекітіліп, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
8. Магистрлік диссертация/жобаның тақырыбы негіздемесімен және құрылымымен, диссертацияның/жобаның жұмысын аяқтау мерзімі көрсетілген магистрлік диссертация/магистрлік жобаны орындау жоспары, ғылыми жарияланымдар, тағылымдамалар (қажет болған жағдайда) жоспары магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрсетіледі.
9. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның ғылыми жетекшісі:
- магистрлік диссертация/магистрлік жоба орындау үшін тапсырма береді;
- магистрлік диссертация/магистрлік жоба орындаудың барлық кезеңіне жұмыстың күнтізбелік кестесін жасауға көмек береді;
- магистранттың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмысының бағдарламасын қалыптастырады;
- магистрантқа тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтама және архив материалдарын, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерді ұсынады;
- кеңес беру кестесін белгілейді, оны жүргізу кезінде магистранттың магистрлік диссертация/магистрлік жоба орындауының күнтізбелік кестесіне ағымды бақылау жүргізеді;
- магистрлік диссертация/магистрлік жобаның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және магистранттың жұмысын үйлестіріп отырады;
- магистранттың ғылыми мақалаларын рецензиялайды;
- магистранттың ғылыми (оның ішінде шетелдік) тағылымдамаларын жоспарлайды.
10. Қорғауға шығарылатын магистрлік диссертация/магистрлік жобаның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференция материалдарында (салалық бағыттағы) кемінде бір жарияланыммен көрсетілуі тиіс.


5. Магистрлік диссертация/ жобаның құрылымы, мазмұны мен рәсімдеу ережелері


11. Магистрлік диссертация/ жобаның көлемі, ереже бойынша, компьютерлік мәтінмен кемінде 80 бет құрайды. Мамандықтардың жекелеген топтары бойынша диссертации/жоба көлемі 100 бетке дейін бола алады. Қосымша, түйіндеме, жарияланған әдебиеттер тізімі магистрлік диссертация/магистрлік жобаның көрсетілген көлеміне енгізілмейді.


12. Диссертация білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде, сондай-ақ шетел тілдерінде орындалады.
13. Магистрлік диссертация/ жобаның құрылымдық элементтері болып табылады:
- титул парағы;
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анқытаулар;
- белгілеулер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған дереккөздер тізімі;
- қосымшалар.
14. Диссертацияның титул парағы диссертациның бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеуге қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.
Титул парақта келесі мәліметтер келтіріледі:
- диссертация орындалған ұйым атауы;
- шектеулі гриф (ол қажет болғанда);
- диссертанттың тегі, есімі, әкесінің аты;
- жұмыстың атауы;
- білім беру бағдарламасының коды мен атауы (Жоғары және жоо кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші);
- ізделіп отырған ғылыми дәреже;
- ғылыми жетекшінің тегі, инициалдары, ғылыми/академиялық дәрежесі мен ғылыми жетекшінің атағы;
- диссертация орындалған жер және күні.
15. Екі және одан көп бөлімдерден тұратын диссертация дайындалған кезде әр бөлімнің өзінің титул парағы болып, ол бірінші бөлімнің титул парағына сәйкес болуы және осы бөлімге қатысты мәліметтері бар болуы тиіс.
Титул парақ 1-Қосымшаға сәйкес рәсімделеді. Титул парақта көк сиямен жазылған диссертанттың жеке өз қолы болуы тиіс.
16. Диссертация мазмұны кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік номері мен атауы (егер олардың атауы болса), қорытынды, пайдаланылаған дереккөздер тізімі мен диссертацияның осы элементтері басталатын бет номерлері көрсетілген қосымшалардың атауын қамтиды.
Екі және одан көп бөлімдерден тұратын диссертация дайындалған кезде олардың әрқайсысында өз мазмұны болуы тиіс. Бұл ретте бірінші бөлімде барлық диссертацияның мазмұнын бөлімдердің номерлерін көрсетіп орналастырады, кейінгілерінде – тиісті бөлімнің тек мазұны ғана. Бірінші бөлімде келесі бөлімнің мазмұнының орнына тек олардың атауын көрсетуге рұқсат етіледі.

жүктеу 259,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау