Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – оны жаңғырту және әртараптандыру арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру.
Сондай-ақ, экономикалық саясаттың басымдықтары әлеуметтік жаңғырту, теңгерімді өңірлік даму, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, халықаралық интеграция мен өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
2.1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген мемлекеттік ақша-кредит пен салық-бюджеттік саясат және инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде ұстау есебінен қамтамасыз етіледі.
2.1.1 Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын реттеу саласындағы саясат
Қаржылық қызметтерді дамытудың негізгі мақсаты – халыққа және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықтың барлық жігіне бағытталған қаржылық қолдауды ұсынудың икемді жүйесін құру болып табылады.
Негізгі міндеттер:
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу және мемлекеттік қолдау практикасын одан әрі дамыту;
қаржы институттары арқылы (оның ішінде, «ҚазАгро» және т.б.) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және ауыл халқын кредиттеу практикасын дамыту;
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында, шағын кредит ұйымдары желісін дамыту және халықты шағын кредиттеу практикасын кеңейту.
Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттер көлемі 2013 жылғы 1 тамызда 11,4 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 23%-ға артық.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 2380,9 млн. теңге жалпы сомасында 29 жоба, оның ішінде: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 2 352,5 млн. теңге сомасында 23 жоба, кредитті кепілдендіру бойынша – 16,4 млн. теңге сомасында 2 (оның мемлекеттік қолдау сомасы 3,28 млн. теңгені құрады), мемлекеттік гранттар беруге – 12,0 млн. теңге сомасында 4 жоба мақұлданды.
Барлық шағын кредит ұйымдары 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,2 млн. теңге сомасына 178 шағын кредит беріп, 412 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде:
«Маңғыстау облысының шағын кредиттеу орталығы» ШКҰ» ЖШС 248,9 млн. теңге сомасына 98 шағын кредит, оның ішінде:
өз бағдарламасы бойынша – 98,7 млн. теңге сомасына 22 шағын кредит;
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша – 150,2 млн. теңге сомасына 76 кредит берді.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 202,3 млн. теңге сомасына 80 шағын кредит, оның ішінде:
өз бағдарламасы бойынша – 11,0 млн. теңге сомасына 4 шағын кредит;
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша – 191,3 млн. теңге сомасына 76 кредит берді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында ауыл халқын кредиттеуге республикалық бюджеттен 2013 жылы 200 млн. теңге бөлінді. Осы мақсатқа 2014 жылға – 200 млн. теңге, 2015 жылға – 200 млн. теңге, 2016 жылға – 200 млн. теңге бөлу көздестірілген.
Алдағы жылдары ауыл халқына әр түрлі шағын кредит ұйымдары арқылы шағын кредиттер беру, халықтың мейлінше әлеуметтік қорғалмаған жігін жұмыспен қамтуды және олардың табыстарын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
2.1.2. Инфляция деңгейін тежеу
Алдағы жылдары ішкі рыногтағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляциялық үдерісті тежеу бойынша кешенді шараларды іске асыру жалғасады. Тұтыну бағаларының индексі 2014-2016 жылдары 106-105%, 2017-2018 жылдары 105-104% деңгейінде болжалдануда.
Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсуі реттелетін қызметтерге арналған тарифтердің инфляциясына шекті салыммен шектелетін болады. Кедендік-тарифтік реттеу тетіктерін қолдану жалғасады.
Азық-түлік рыногындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылығы облыстарынан негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алу, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ бағдарламасы бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру, оларды «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сауда нүктелері арқылы рыног бағасынан 15-20% төмен бағамен сату, жергілікті ауыл шаруашығы өнімдері мен тауарларын өндірушілердің жәрмеңкелерін өткізу практикасы жалғастырылатын болады.
Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында, өзіндік ауыл шаруашылығын өнімдерін шығару дамыту, тамшылатып суаруды кеңейту, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын салу бойынша жұмыстар жалғасады.
Мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларына арналған бөлшек сауда бағаларының рыногындағы жағдайға тұрақты негізде мониторинг өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактісі анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданады.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бөлшек бағаның шекті мәні мен бөлшек бағаның шекті жол берілген көлемін белгілеу бойынша жұмыс жалғасын таппақ.
Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақтауды қамтамасыз етеді.
2.1.3. Бюджет және салық саясатының негізгі басымдықтары
Маңғыстау облысы республикалық бюджеттің доноры болып табылады және жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алу көлемі 2012 жылы – 16,1 млрд. теңгені, 2013 жылы – 24,6 млрд. теңгені құрады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бұрынғысынша, облыс бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар болып қала беруде. Мәселен, 2012 жылы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың түскен үлесі – 68,2%, меншікке салынатын салықтар бойынша түсімдер – 21,5%, 01.09.2013 жылғы жағдай бойынша тиісінше – 57% және 20,8 % құрады.
Салықтар бойынша бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС сияқты мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарының жағдайы ықпал етеді. Мұнай секторынан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне түсетін түсімдер 2008 жылғы 284,4 млрд. теңгеден 2012 жылы 568,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, 01.09.2013 жылға 446,3 млрд. теңгені құрады.
Облыс бюджетінің кірістері нақтыланған бюджет бойынша 01.09.2013 жылға жиыны 126,1 млрд. теңгені құрайды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер (бюджеттік кредиттерді есепке алмағанда) 2008 жылғы 13,1 млрд. теңгеден 2013 жылы 41 млрд. теңгеге дейін немесе 3,1 есе ұлғайды.
млн.теңге
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
1.09.2013
|
I. КІРІСТЕР
|
64 730,1
|
75 844,5
|
93 169,1
|
104 769,4
|
113 862,8
|
126 107,7
|
Салықтық түсімдер
|
48 308,0
|
50 878,5
|
56 809,6
|
65 244,1
|
73 179,7
|
80 094,9
|
Салықтан тыс түсімдер
|
1 233,1
|
3 676,2
|
1 722,6
|
6 152,9
|
815,3
|
3966,4
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
|
3 559,9
|
960,3
|
1 317,8
|
1 534,1
|
1 013,5
|
1 003,1
|
Ресми трансферттердің түсімдері
|
11 629,1
|
20 329,5
|
33 319,1
|
31 838,3
|
38 854,3
|
41 043,3
|
Кірістердің жалпы көлеміндегі ҮЛЕС, %-да:
|
|
|
|
|
|
|
өзіндік кірістер
|
82,0
|
73,2
|
64,2
|
69,6
|
65,9
|
67,5
|
трансферттер
|
18,0
|
26,8
|
35,8
|
30,4
|
34,1
|
32,5
|
2008-2013 жылдардағы облыс бюджетінің құрылымы
%-да
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
1.09.2013
|
Кірістер, жиыны
|
105,9
|
100,9
|
101,7
|
101,4
|
96,7
|
121,6
|
Салықтық түсімдер
|
106,4
|
101,8
|
104,1
|
96,7
|
101,3
|
121,5
|
Салықтан тыс түсімдер
|
105,3
|
93,2
|
60,3
|
214,4
|
18,3
|
130,8
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
|
100,5
|
89,2
|
92,0
|
97,3
|
117,0
|
109,5
|
2012 жылы бюджеттердің барлық деңгейіне түскен салықтар мен өзге де төлемдердің түсімі 101,2% артық орындалумен қамтамасыз етілді. Облыс кәсіпорындары 2012 жылы мемлекеттік қазынаға (Ұлттық қорды есепке алғанда) 836,6 млрд. теңге аударды.
2013 жылдың қаңтар-тамызында бюджеттердің барлық деңгейіне 632,0 млрд. теңге салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті. Оның ішінде, жергілікті бюджетке 64,5 млрд. теңге түсті немесе есепті кезеңге 121,7%.
Қаражаттардың тұрақты түсуі 2012 жылдың ішінде облыс бюджетінің шығыстарын 107,9-дан 129,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, оның шамамен 46,3%-ы (60 млрд. теңге) әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды.
Облыс шығыстары 2013 жылға арналған нақтыланған бюджет бойынша 139,7 млрд. теңгені құрайды. Жыл басынан бері шығыстар 12,5 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Жалпы сомадан білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 38,6 млрд. теңгені құрайды (2010 жылға қарағанда 10%-ға өсті). Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылға арналған нақтыланған бюджет бойынша 18,4 млрд. теңгені құрайды (2012 жылға қарағанда 12,2%-ға өсті).
Салық-бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мемлекеттік саясаттың әзірленген шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Экономиканың одан әрі өсуі үшін жағдайлар салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Салық саясатының шаралары орта мерзімді кезеңде мыналарға:
экономиканың шикізаттық емес секторын, ең алдымен экономиканың нақты секторлары кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамытуға ынталандыруға;
қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және ішкі, сондай-ақ сыртқы жеке инвестицияларды ынталандыруға;
бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға;
мемлекеттік функциялар мен міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясында неғұрлым қолайлы салық режимін қалыптастыру маңызды болып табылады, бұл капитал қозғалысына шектеу болмаған кезде экономиканың одан әрі өсуі үшін қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді.
Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мыналарға:
1) халықтың әл-ауқатын арттыруға;
2) экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға;
3) мемлекет тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталатын болады.
Бұл ретте, экономиканың өсуін ынталандыру макроэкономикалық тұрақтылыққа залал келтірместен жүзеге асырылатын болады.
Бюджет саясаты экономикаға оң ықпал ететін бюджет қаражатының оңтайлы шаралары мен көлемін айқындауға, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге негізделетін болады.
Мемлекеттік шығыстардың көлемі бір жағынан жиынтық сұранысты қолдауды, екінші жағынан мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.
Шығыстар саясаты да бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.
Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, бұл жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (жеткізбеу) дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.
Бюджеттік жоспарлау мемлекеттік жоспарлаудың тиянақты жігін құруға: мемлекеттік мақсаттарға - мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарына - тактикалық міндеттерге - іс-шараларға - ресурстарға - бюджетке сәйкес жүзеге асырылмақ.
2010 жылы шығыстарды оңтайландыру нәтижесінде қысқартылған бюджеттің ағымдағы шығындарының өсуін тежеу, басталған жобаларды аяқтау және жаңа жобаларды іске асырудың созылуын болдырмау арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруды реттеу бұрынғыша жалғаса бермек.
2.1.3. Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратуға, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлу, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты азаматтарға олардың тұрғылықты орындарына тәуелсіз, Конституция және заңнамамен кепілдендірілген мемлекеттік қызметтер ұсынудың сапасы мен жалпы қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бюджетаралық қатынастар орташа мерзімді кезеңде бюджеттік алулардың және төмен тұрған (аудандық, қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берілетін субвенциялардың белгіленген үшжылдық көлемін бекіту, сондай-ақ аудандық (қалалық) және облыстық бюджеттер арасындағы жеке табыс және әлеуметтік салықтарды бөлу нормативтерін жыл сайынғы белгілеу қағидатымен жасалады.
Сонымен бірге, орталық деңгейде бюджетаралық қатынастарды, Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін одан әрі жетілдіру, келесі орташа мерзімді кезеңге (2014-2016 жылдарға) арналған тиісті Заңды әзірлеу жоспарлануда.
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінде бюджеттік субвенциялар мен алударды ағымдағы шығындардың кемінде 10%-ы деп айқындау кезінде даму бюджетінің мөлшері бойынша норманы бекіту арқылы жергілікті бюджеттердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде қаржылық дербестігін күшейту болжануда.
Сондай-ақ, мыналар:
1) жергілікті бюджеттердің теңгерілімдігін қамтамасыз ету (жалпы сипаттағы трансферттерді анықтау барысында ескерілген болжамға қатысты (мысалы қаржылық дағдарыс) кірістердің күтпеген төмендеу жағдайында өтм ақы тетігі;
2) мемлекеттік биліктің жергілікті органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қолдау шаралары (жергілікті атқарушы органдардың рейтінгілік бағасы нәтижелері бойынша көтермелеу) бойынша жаңа тетіктерді қарастыру көзделеді.
2.2. Индустриялық-инновациялық даму
Тұрақты экономикалық өсуді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру арқылы жалғасатын болады.
Елдің Индустрияландыру картасына облыстың жалпы сметалық құны 280 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 8,8 жұмыс орны құрылатын 34 жобасы енгізілді. Оның ішінде, республикалық Индустрияландыру картасына сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 354 жұмыс орны құрылатын 2 жоба, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 230 млрд. теңге болатын және жаңадан 8,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 32 жоба енгізілді
2010-2012 жылдардағы кезеңде сметалық құны 131,4 млрд. теңге болатын және жаңадан 1 828 жұмыс орны құрылған 23 жоба аяқталды.
Облыста 2010 жылы 36,4 млрд. теңге сомасында 8 объект пайдалануға беріліп, іс жүзінде 933 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, 2010 жылы пайдалануға берілген: «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС-нің Баутино кентіндегі кіші кемелерді жөндеу зауыты», «Балықшы» ЖШС-нің «Теңіз операцияларын қолдау базасы» сияқты жобалары толық жүктелмеді. «Теңіз Сервис» ЖШС-нің Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы» инвесторлардың болмауына байланысты жұмыс істемей тұр.
5 жоба бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
2011 жылы жалпы сметалық құны 84 млрд.теңге болатын және іс жүзінде 580 тұрақты жұмыс орны құрылған 9 жоба аяқталды. Пайдалануға берілген жобалардың ішінде 2 проблемалық жоба бар, олар: «Caspiy Electronics» ЖШС-нің «Планшетті компьютерлер, теледидарлар және мониторлар өндірісі», «Концерн Сфинкс» ЖШС-нің «Ақтау қаласындағы газбетон зауыты». Қазіргі сәтте жоғарыда көрсетілген объектілердің проблемаларын шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыста 2012 жылы 11 млрд. теңге сомасында 6 объект пайдалануға беріліп, іс жүзінде 138 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде: «Осетр-Аралды» САС-нің «Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы»; «Эко – су тазарту» ЖШС-нің «Мұнайдан тұратын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Шырын» зауытының құрылысы»; «ҚазАзот» ЖШС-нің «Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитра өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту»; «Гурман» ЖШС-нің «UHT өңделген сүт және балмұздақ өндірісі бойынша жаңа қуаттылықты іске қосу. Қышқыл сүт өнімдерін өндіру бойынша қуаттылықты кеңейту»; «Арлан Group- Aktau» ЖШС-нің «Газ бен су үшін полиэтилен құбырларын шығару бойынша зауыт»; «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС-нің «Ақтау қаласындағы мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау терминиалының құрылысы» жобалары.
2013 жылы сметалық құны 83,5 млрд. теңге болатын және 625 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жобаны, оның ішінде: «Caspi Bitum» БК» ЖШС-нің «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру»; Каспий Цемент» ЖШС-нің «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» жобаларын аяқтау жоспарлануда.
2014 және одан кейінгі жылдары сметалық құны 64,5 млрд. теңге болатын және жаңадан 3,9 мың жұмыс орны құрылатын 9 жобаны аяқтау жоспарлануда.
Бүгінге ҮИИДМБ аясында іске асырылып жатқан жобалардың іске асырылуына, пайдалануға берілген өндірістердің толық қуаттылыққа өтуіне тұрақты мониторинг жүргізу жалағасады.
Бұдан басқа, облыс экономикасы үшін елеулі экономикалық әсер бере алатын жаңа инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іздестіру, сондай-ақ оларды Индустрияландыру картасына енгізу бойынша жұмыс жалғаспақ.
Тұтастай алғанда, халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті өңірлік экономиканы қалыптастыру басты міндет болып табылады.
2.2.1. Экономика салаларының аясын дамыту
Құрылымдық (салалық) саясат экономиканың тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуде облыстың ішкі факторының рөлін арттыруға бағытталатын болады. Ол үшін экономика құрылымын ішкі сұранысқа бағдарланған «шикізаттық емес» салаларды дамыту жағына қарай қайта құру жүзеге асырылады. Экономика өсуінің қайта қалпына келуіне қарай, халықаралық рыногта бәсекеге қабілетті ие салаларды және экономиканың дәстүрлі салаларын жеделдете дамыту ынталандыратын болады.
Құрылымдық саясат аясында:
елдің және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына арналған мемлекеттік инвестициялар;
экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды мемлекеттік қолдау;
экономиканың шикізаттық емес секторларына даму институттарының қатысуымен ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыру;
жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту көздестіріледі.
Құрылымдық саясаттың негізгі мақсаты – даму қарқындарын сақтау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, индустрияландыру бағдарламасы мен жұмыспен қамту стратегиясын одан әрі іске асыру, экономиканы жаңғыртуды жүзеге асыру.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.
Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісілді.
Соңғы жылдары мұнай мен газ өндірудің төмендеуіне байланысты, облыс әкімдігі Үкіметке облыстың барлық минералды-шикізат кешенін, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын іздеу, барлау және жете барлау бойынша жұмыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шешім қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстарды бірнеше рет жолдаған болатын.
Қансу және Жазғұрлы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на беру бойынша тікелей келіссөздер 2012 жылғы қарашада болып өтті. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және Газ министрлігімен жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Қансу және Үстір учаскелерінде іздеу жұмыстарының жобалары дайындалып, Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиямен (БИОК) мақұлданды. Қансу учаскесі бойынша Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мемлекеттік сараптамаға жолданды. Жезғұрлы учаскесінде іздеу жұмыстарының жобасы бойынша уәкілетті органдардың келісімдерін алу рәсімі аяқталуда, содан кейін жоба БИОК-ның қарауына жолданбақ.
Бұдан басқа, бүгінге «ҚазАзот» ЖШС мен уәкілетті орган арасында Бейнеу ауданының «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасы тиісті келісулерден өтуде.
Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында мына іс-шара қосылған: «АҚЗ» ЖШС мен «Каспиан Сталь» ЖШС-ін толық жүктеу үшін металл сынықтары (қара металл сынықтары) айналымын заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау». Жауаптылар – ИЖТМ және облыс әкімдігі.
Өңірдің металлургиялық өндірістерінің проблемаларын шешу үшін, Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі Үкіметке оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс жолдады.
«Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының № 46-V Заңы 2012 жылғы 25 қазаннан бастап күшіне енді, онда Кедендік одақ аумағынан шығарылатын жоғарыда аталған тауарларға (7204 коды) кедендік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы үшін 15% мөлшерінде, алайда 1000 кг-ға 20 евродан кем болмауы тиіс.
Жергілікті металлургиялық өндірістерді шикізатпен жабдықтау бойынша жағдайды жақсарту мақсатында, ҚР заңнамасына ішкі және сыртқы рыногтарға сынықтар жеткізу бөлігінде жаңадан енгізілген өзгерістер туралы ақпарат облыстағы металл сынықтарын жеткізушілерге жолданды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін, облыс әкімдігі «АҚЗ» ЖШС-не Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына және ҚР-н үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға енгізу бойынша қолдау көрсетті.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 жоба іске асырылып, 24 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
2011 жылы №3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. 2012 жылы №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылға – 1466 млн. теңге бөлініп, 2014 жылға – 1593,0 млн. теңге көздестірілді.
«Ақтау теңіз порты» АЭА құрылған сәттен бастап, 9,5 млрд. теңге көлемінде салықтар мен бюджетке өзге де міндетті төлемдер түсті. Салынған және игерілген инвестициялардың жиынтық көлемі – 24 млрд. теңгені, құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны – шамамен 1 мың адамды, шығарылған өнім өндірісінің көлемі – шамамен 195 млрд. теңгені құрады.
Бұл көрсеткіштер «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығында белгіленген АЭА-тың жұмыс істеуінің ағымдағы күнге арналған нысаналы индикаторларының барлығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды.
ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарымен «Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын салу аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын салу және АГБС тарту көздестірілген.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдаудың 1 кезеңі іске асырылуда. Бұдан басқа, «Жезқазған-Бейнеу» темір жол желісінің құрылысы жүргізілуде. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.
2.2.2. Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау саясаты
Тариф саясаты мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады:
1) тиімсіз ағымдағы шығында болдырмау үшін жаңғыртуға инвестиция салымдарын ынталандыру және субъектілердің активтерін жаңарту және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру;
субъектілердің реттелетін қызметтеріне тарифтердің тұрақтылығын және болжамдылығын арттыру;
3) нормативтен жоғары және нормативтік шығындар деңгейлерін төмендету, сондай-ақ электр энергиясы мен суға сараланған тарифтерді енгізу жолымен энергияны үнемдеу;
4) шикізат және материалдар, отын мен энергия шығыстары, әкімшілік шығындары нормаларын оңтайландыру жолымен ресурсты үнемдеу.
Тарифтік реттеуді жүзеге асыру кезінде, инфляцияны жоспарланатын дәлізде ұстап қалуды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізудің қажеттілілігі есептелетін болады.
Шекті орташа мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтерді енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Электр энергиясын беру және бөлу саласында, "МТЭК" АҚ салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) негізінде тарифті есептеудің жаңа әдісіне көшу, сараланған тарифтердің 3-ші деңгейін электр энергиясына тұтыну мөлшері бойынша енгізу көздестірілген.
Сумен жабдықтау саласында тұтынушылар топтарына және суды тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтерді енгізу жөніндегі жұмыс жалғаспақ. Жылу энергиясын есептеу құралдарына ие жеке тұлғалар үшін жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерге сараланған тарифтер енгізілмек.
Болжанатын кезеңде монополияға қарсы саясаттың негізгі мақсаты тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау, тауар нарығына кіруге кедергі келтіретін тосқауылдарды тиімді жою және бәсекелестікті шектеуге жол бермеу болуы тиіс. Тұтынушылардың мүдделерін қорғау нарық субъектілері үстем жағдайды теріс пайдаланған жағдайда монополияға қарсы реттеудің мақсаты болуы керек.
Мыналар:
1) жосықсыз бәсекелестіктердің кез келген түрлерінің және нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері мен іс-әрекеттерінің жолын кесу және тыйым салу;
2) тауар нарығына кіруге кедергі келтіретін тосқауылдарды жою;
3) экономиканың инфрақұрылымдық салаларында экономикалық шоғырлануды төмендету;
4) мемлекеттік көмекті ұсынуды бақылау бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
Монополияға қарсы заңнама мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің шектеулі бәсекелестігінен тиімді қорғауды қамтамасыз етуі керек.
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, экономика салалары мен секторларын монополиясыздандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.
2.2.3. Бизнес-ахуалды жақсарту
Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі 2012 жылғы 19 шілде мен 27 шілде аралығындағы кезеңде Маңғыстау облысы бойынша рұқсат беру ресмідері (құжаттары) мен мәлімдемелерді түгендеу бойынша жұмыс жүргізді.
Көрсетілген жұмыс үдерісінде «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) паспорттарының 17 түрі, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 151 түрі;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 115 түрі;
3) Маңғыстау облысы әкімдігінің және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген рұқсат беру құжаттамаларының 8 түрі қаралды.
Жоғарыда санамаланған «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) толтырылған паспорттары, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жолданды.
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі 2013 жылғы мамыр айында барлық облыстар бойынша рұқсат беру рәсімдері (құжаттары) мен мәлімдемелерін түгендеу қорытындылары туралы хат жолдады.
Жүргізілген талдау қорытындысында сарапшылар 17 рұқсатты бөліп алды. Осы тізбегі талдау кезінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 47-ө өкімімен құрылған Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі сарапшы тобы, жергілікті атқарушы органдарға 17 рұқсаттың ішінен 3 рұқсатты қалдыруды ұсынды, олар:
1) бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуге рұқсат беру;
2) жер қазу жұмыстарын жүргізуге арналған ордер;
3) ағаштарды кесуге (қайта отырғызуға) рұқсат беру.
Сарапшы топ қалған 14 рұқсаттың ішінен 13-ін алып тастап, 1-еуін заңнамаға енгізуді ұсынды.
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының2013 жылғы 18 маусымдағы №7 хаттамасына сәйкес, рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) тізбесіне жергілікті атқарушы органдардың қалған рұқсаттарын енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, беру рәсімдерінің әр түрлі болуына байланысты 2 рұқсат беру рәсімін (ағаштарды кесуге рұқсат беру, жер қазу жұмыстарын жүргізуге арналған ордер) 16 өңірдің кесінінде қарау қажеттілігімен келісу туралы шешім қабылданды.
2.2.4. Сыртқы сауда саясаты және ішкі сауда
Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаты ілгерілеудің тиімді және жедел жүйелерін жасау және әлемдік сауда жүйесіне интеграциялау жолымен республиканың (оның ішінде, облыстың) экономикалық мүдделерін қорғау, мемлекеттің сыртқы сауда саясатын кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ мемлекетті индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған демпингке қарсы, өтемақылық және қорғау шараларын қолдану болып қала береді.
Сыртқы экономикалық саясат Кеден одағы аясында өңірлік интеграцияны одан әрі тереңдетуге бағытталатын болады. Бұл ретте, оң әсерлерді барынша арттыру және теріс әсерлерді барынша азайту мақсатында экономикаға ықпалын бағалау және талдау жүргізілетін болады.
Облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындары Кеден одағы аясында Ресей мен Белоруссияның кәсіорындарымен тұрақты байланысқа ие. Олар – тамақ және жеңіл өнеркәсіп, электр құралдары және машина жасау саласындағы кәсіпорындар. Экспортқа бағдарланған өндірісті дамытуға аммиак селитрасын өндіріп, ішікі рыног пен ТМД және ЕО елдеріне шығаратын химия өнеркәсібінің кәсіпорны – «ҚазАзот» ЖШС өз үлесін қосуда.
«Берекет-Ф» ЖШС, «Жанарыс» ЖШС, «РИГ» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Ақтау сүт» ЖШС, «ПМК» ЖШС қажетті өндірістік құрал-жабдықтарды, материалдар мен шикізатты Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінен импорттайды. Кеден одағы аясындағы жұмыс өндірістік қызметті жүргізуді айтарлықтай жеңілдетті – тауарларды жеткізу жылдамдығы артып, шығарылатын өнімнің өзіндік құны азайды.
Алдағы жылдары 2012 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімдерінің ережелерін іске асыру және Қазақстан мүддесін ескере отырып, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күштерінің еркін қозғалуын болжалды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын таппақ.
Халықаралық сауда қағидаларына сәйкестік ДСҰ-ға мүше елдермен сауда қатынастарын дамытудың болжампаздығы және тұрақтылығы негізінде олардың сыртқы экономикалық саясатының транспаренттілігін қоса алғанда, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарықтарына қазақстандық өндірушілердің қол жетімдігіне мейлінше қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Ішкі сауда саясатының мақсаты қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін және сауда саласындағы тиімділігін арттыруға бағытталған икемді сауда жүйесін құру болып табылады. Бұл:
1) халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарын ескере отырып, сауда қызметін дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді;
2) инновациялық технологияларды қолдану және инфрақұрылымдарды дамыту есебінен ішкі сауда жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды;
3) сервистік қолдауды қоса алғанда ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыруды көздейді.
Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында:
1) қазіргі заманғы пішімдердегі сауда алаңдарының санын және бөлшек саудадағы жалпы айналымда олардың үлесін ұлғайтуды ынталандыру;
2) электрондық сауданы дамыту, шалғайдағы (әсіресе, ауылдық жерлердегі) өндірушілерді тауар қозғалысының негізгі арналарымен жақындастыру, сауданың ашықтығын арттыру және нарық қатысушыларын хабарландыру, сондай-ақ оның қатысушыларының кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс жалғасын таппақ.
Тұтастай алғанда, осы шараларды іске асыру бөлшек секторды және сауда инфрақұрылымдарын жаңғыртуды жүргізуге мүмкіндік береді, бұл оны қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді және ең аз транзакциялық шығындармен тиімді тауар қозғалысына ықпал ететін болады.
2.2.4. Инвестициялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған және экономикалық прагматизм қағидаттарына: пайдалылыққа, инвестияларды қайтаруға және бәсекеге қабілеттілікке, сондай-ақ жаңа экономикалық өсу нүктелерін дамыту мен жаңа рыногтық тауашаларды айқындау арқылы экономикалық әлеуетті күшейтуді қамтамасыз етуге негізделмек.
Инвестициялар тарту үшін экономиканың басым секторлары шикізатты емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялық өндірістер, инфрақұрылымды дамыту, балама және «жасыл» энергетикалық технологияларды дамыту болып табылмақ.
Инвестициялар тарту технологияларды трансферттеу және жоғары технологиялық өндірістер құру жағдайларында жүзеге асырылмақ, бұл инвестициялық қызмет пен бизнес жүргізу үшін барынша бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді.
Ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту үшін, қаржылық және қаржылық емес ынталандыру шараларынан, инвесторлармен жұмыстың интитуционалдық тетіктерінен, оның ішінде инвестициялық преференциялар беруден және кәсіпорындарға салықтық жүктемені төмендетуге және босатылған қаражатты жеке дамуына бағыттауға ықпал ететін икемді салық саясатын іске асырудан тұратын біртұтас жүйе құру болжамдануда.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мүдделердің, тәуекелдердің және жауапкуершіліктің теңгерімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін, қоғамдық маңызды жобаларды іске асыруда жеке инвестицияларды тарту бойынша тиімді тетік, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету құралы болмақ.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптесткті дамыту мақсатында, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын (институционалдық және келісімшарттық) енгізуді, жеткілікті ақша ағынын генерацияламайтын салалардың (ғылым, білім, денсаулық сақтау, спорт, ТКШ), жоғары технологиялық салалардың (ақпараттық технологиялар) есебінен оның қолданылу аясын кеңейтуді көздейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1523 қаулысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы қабылданды.
Өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріпестікті дамыту үшін, облыс әкімінің жанында «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ құрылды. Акционерлік қоғам облыстық басқармалармен бірге, тиісті жобаларды іздеу және жылжыту, қажетті негіздемелер мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптесті қағидаттары мемлекеттік меншік объектілерін басқаруға, күтіп ұстауға және тұрғын үй жалдауына беру кезінде пайдаланылады. Жеке сектор үшін әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобалар бойынша тартымды жағдайлар, концессионердің инвестициялық қана емес, пайдалану шығыстарын да өтеу және басқарғаны үшін сыйақы төлеу жолымен құрылмақ.
2.3. Әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысымен Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік жаңғырту мына бес бағыт:
1) әлеуметтік заңнаманы жаңарту;
2) әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру;
3) өмір сүру сапасының қазақстандық стандарты;
4) әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдас бөлігі;
5) әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі бойынша жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берген тапсырмаларын Маңғыстау облысы бойынша іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспары қабылданды.
2.3.1. Білім беру
Білім беру жүйесін дамытудың мақсаты – білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде білім беру саласындағы негізгі бағыттар 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталатын болады.
2013 жылы Қарақия ауданының Жетібай ауылында, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында, Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданында әрқайсысы 624 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында, Басқұдық және Баянды ауылдарында әрқайсысы 960 орындық орта мектептің, Қарақия ауданының Болашақ ауылында 80 орындық және Құрық ауылында кәсіптік-техникалық лицейдің үлгі ғимаратының құрылыстары аяқталды.
Мұнайлы ауданының Батыр ауылында, Түпақараған ауданының Ақшұқыр ауылында әрқайсысы 960 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында әрқайсысы 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің құрылыстары жалғасуда. Маңғыстау ауылының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
4999 мектеп түлегінің ішінен 2672 оқушы немесе 59,4% ҰБТ-ге қатысты. ҰБТ нәтижелері бйынша орташа балл 69,39 құрады. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысқан 46 түлек ҰБТ-ден босатылып. 29 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбие беру сапасын арттыруға, барлық деңгейде білім беру сапасын арттыруға айырықша назар бөлінбек. Осы міндет бірінші кезекте педагогтардың еңбекақысын жетілдіру және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа моделін енгізу жолымен шешіледі.
Жергілікті бюджет есебінен 2013 жылы Маңғыстау ауданының Шайыр, Жармыш, Жыңғылды ауылдарында әрқайсысы 80 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарымен қамту 74% құрады (республика бойынша орташа алғанда – 70,6%). ,
2014-2016 жылдары жалпы қуаттылығы шамамен 5330 орындық 22 жаңа балабақшаны, жалпы қуаттылығы 8248 орын болатын 10 орта мектепті салу мен қайта құрылымдау жоспарлануда. Шағын орталықтар желілері мен жекеменшік балабақшаларды дамыту бойынша жұмыс жалғасын таппақ.
Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту үдерісіне «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның, «Кәсіпқор» холдингінің тәжірибесін ескере отырып, қазіргі замандағы әдістемелер мен технологиялар енгізіледі.
Қазақстандық білім беру мен әлемдік педагогикалық білім берудің үздік дәстүрін біріктіретін, оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және сынақтан өткізу бойынша бастау алаңдары болып табылатын «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығына мұғалімдерді жолдау жалғасын таппақ. Сондай-ақ, педагогтардың біліктілігін арттыру облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының базасында да жүзеге асырылмақ.
Республикалық бюджет есебінен Ақтау қаласының 19 шағын ауданында 1200 орындық бейінді мектеп салу мәселесі тұжырымдалып, ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, Ақтау қаласының 33 шағын ауданында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 900 орындық ҚР Тұңғыш Президентінің зияткерлік мектебінің құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ, жаңа мектептер құрылысы есебінен апаттық және үш ауысымды мектептерді тарату, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау бойынша жұмыстарды жалғастыру білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. 2013-2014 оқу жылынан бастап, жалпы білім беретін мектептердің оқыту үдерісінде интерактивтік оқыту нысандарын пайдалануды кеңейту және арнайы он-лайн оқыту бағдарламаларын енгізу көздестірілген.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіптік-техникалық білім берудің алдыңғы қатарлы мекемелерінің желісі дамитын болады. Жастарды индустрияландыру бағдарламасына қатысу мен техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру және тарту бойынша нақты шаралар әзірленеді. Қол жетімділікті кеңейту мақсатында ЖОО-лар мен колледждер жатақханаларының желісін кеңейту үшін шаралар қабылданады.
Каспий технологиялық университетінің Ресей Федерациясының және өзге елдердің жетекші ЖОО-мен ынтымақтастығын ұйымдастыру, оның ішінде кадрлар алмастыру, студенттерді оқыту бойынша және т.б. жұмыс жүргізілуде.
2.3.2. Денсаулық сақтау
Облыс халқының денсаулығы экономикалық дамуға тікелей ықпал етеді және оны қамтамасыз ету мен жақсарту стратегиялық мемлекеттік міндет болып табылады.
2018 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдылық профилактикалық медицина мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын едәуір күшейту болады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Қазіргі кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы аяқталып, Маңғыстау облыстық ауруханасына «Г» блогы жапсарламасының құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жалғасуда. Бейнеу ауданының Атамекен ауылында, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Атамекен, Баянды ауылдарында, Маңғыстау ауданының Жармыш, Шайыр, Шебір, Тұщықұдық ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары жалғасуда.
2013 жылдың қаңтар-қазанында балалар өлімі 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24,6%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 11-ді құрады. Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 68,3-тен 62,7-ге дейін төмендеді.
Алдағы жылдары қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі артатын болады, алдын алу іс-шаралары, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау, емдеу және сауықтыру жетілдіріледі.
Жоғарыда аталған шаралар сәби, ана және жалпы өлім-жітімнің төмендеуіне ықпал ететін болады.
Әлеуметтік маңызды аурулармен ауыруды төмендету мақсатында, мына іс-шараларды іске асыру: ЖИТС-ның алдын алу және онымен күрес жүргізу, туберкулезбен ауыратындарды туберкулезге карсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, азаматтарды облыс шегінен тыс жерлерге тегін және жеңілдікпен жүруді қамтамасыз ету, ересек тұрғындардың кейбір санаттарына медициналық алдын ала қарау жүргізу, ересектерде В және С гепатиттерін жұққызу қаупі бар топтарға скрининг жүргізу жалғасады.
Онкологиямен ауыру және өлім-жітімді төмендету проблемасы маңызды мәселе болып табылады. Онкологиялық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде сапаны, қол жетімділікті және тиімділікті жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытуды 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Азаматтар мен мемлекеттік өз денсаулығын қорғауға ынтымақтас жауапкершілік қағидатын іске асыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қалыптастыруға, жастардың денсаулық орталықтарының желісін кеңейтуге (темекі шегудің, нашақорлықтың, алкогольді шамадан тыс пайдаланудың және т.б. алдын алуға) айырықша назар бөлінбек.
Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасын, денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін:
1) денсаулық сақтау саласында ұйымдастыруды басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жалғастырылады;
2) денсаулық сақтау жүйесінің электрондық құжат айналымы енгізіліп, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесі құрылады;
3) денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі;
4) жалпы практикалық дәрігерлер мен денсаулық сақтау менедежерлерінің біліктілігі арттырылып, кадрлар қайта даярланады;
5) тегін және жеңілдікпен берілетін рецепті бойынша дәрі-дәрмек беруді жүзеге асыратын ауылдық елді мекендердегі фармацевтикалық қызмет ұйымдарының саны арттырылады.
2.3.3. Мәдениет
Қазіргі замандағы адамның қалыптасуына және дамуына әсерін тигізетін әлеуметтік-мәдени саланы жаңғырту әлеуметтік жаңғыртудың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Мәдениет саласының одан әрі дамуы мынадай басым бағыттарды:
1) мәдениет және өнер саласын әйгілеу, осы саланың даму динамикасына шамаластыра отырып мәдени мекемелерге келу деңгейін көтеруді;
2) әрбір өңірде, қалада, ауылда бұқаралық іс-шараларды өткізу арқылы халықтың қоғамдық, әлеуметтік өмірін дамытуды;
3) тарихи-мәдени мұраны сақтауды және дамытуды;
4) еңбекке, адал кәсіптік табысқа деген оң қатынастарды қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы отандық мәдени өнімдер (кино, кітаптар, театрлық қойылымдар, телебағдарламалар) үлесін арттыруды;
5) жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін кеңейтуді (кітапханалардың кітап қорын толықтыру және қорды электрондық каталогқа көшіру, ақпараттық жүйелер құру) көздестірмек.
2014-2018 жылдары Түпқараған, Маңғыстау және Қарақия аудандарындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, қайта жаңғырту және бұзылудан сақтау бойынша жұмыстарды орындау, тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық зерттеу жүргізу жоспарлануда.
Жаңаөзен қаласындағы қалалық кітапханасының құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Мұнайлы ауданының Маңғыстау, Атамекен, Дәулет және Басқұдық, Маңғыстау ауданының Жармыш ауылдарында әлеуметтік-мәдени орталықтардың құрылысын салу жоспарлануда.
Қоғамдық, әлеуметтік тұрмысты дамыту мақсатында, мақсаттық жұмыс азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың тікелей қатысуымен әрбір жекелеген ауылда, қалада, аудан орталығында, облыста жағдайдың тұрақтылығын нығайтатын бұқаралық жағымды іс-шараларды өткізу бойынша атқарылатын болады.
Облыстың 2 театрында жаңа туындылар қою; кәсіби театрлық-концерттік ұжымдардың Қазақстан және алыс шетелдер бойынша гастрольдерін өткізу; жас таланттарды анықтап, олардың халықаралық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету («Маңғыстау жұлдыздары» аудандар мен қалалардың халық шығармашылығы облыстық фестивалі); 20-дан астам халықаралық, республикалық, өңірлік және облыстық байқаулар, конкурстар және фестивальдер өткізу («Каспий – достық теңізі» халықарылық фестивалі, «Біз – күн баласымыз» халықаралық фестивалі, М. Өскінбаев атындағы республикалық конкурс, Д. Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған өңірлік конкурс) жоспарлануда.
2.3.4. Жұмыспен қамту
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу мемлекеттің негізгі әлеуметтік басымдылығының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, дамудың және адами ресурстардың әлеуетін іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлық пен өмір сүру сапасы өсуінің басты құралы.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында оқыту, қайта оқыту және жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, бизнес дағдыларына оқыту және шағын кредиттер ұсыну арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Мәселен, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1 бағыты аясында, облыс үшін 2013 жылға 1539,8 млн. теңге көлемінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бөлінді. Жұмыс орындарын құру үшін, осы қаражаттың есебінен даму әлеуеті жоғары және орташа 26 ауылдық елді мекенде абаттандыру жөніндегі 78 жобаны іске асыру көздестірілген.
Осы мақсатқа облыстың ауылдарында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 2014 жылға облыс үшін 1 524,5 млн. теңге көлемінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бөлінуі жоспарланған. Осы қаражаттың есебінен жұмыс орындарын құру үшін даму әлеуеті жоғары және орташа 24 ауылдық елді мекенде абаттандыру, қайта құрылымдау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 81 жобаны іске асыру көздестірілген.
Келесі маңызды міндет еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмыс, жұмыспен қамту саласын дамыту, кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ еңбек шиеленістерінің алдын алу, ескерту және реттеу мәселелерін қамтиды.
2.3.5. Әлеуметтік қамтамасыз ету
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар асырауда болуға жол бермейтін атаулық пен тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға, ана мен баланы қорғауға, қоғамның әлеуметтік әлсіз жігі – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке қабілетсіз адамдарға және басқаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағдарланатын болады.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне және қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін болады. Базалық әлеуметтік төлемақыларды көтеру, зейнетақы төлемдерін жүйелі ұлғайту, халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік қолдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мәселен, 2015 жылға қарай базалық зейнеткерлік төлемақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс шамасынан 60% деңгейіне дейін жеткізу, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін 2010 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 1,2 есе ұлғайту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, 2015 жылға қарай атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төменгі күнкөріс шамасынан 60% деңгейіне дейін көтеріледі, бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамында еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендейді.
Қорытындылай келгенде, ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтық үлесі 2018 жылға қарай 9,9%-дан жоғары болмауы керек (2011 жылы - 21%), бұл халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етудегі оң мезеттерді көрсететін болады. Зейнеткерлердің саны 43,2 мың адамға дейін артады.
2.3.6. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту
Халықтың өмір сүруінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың бағдарламасын (бұдан әрі – ТКШ Бағдарламасы) іске асыру жалғасады.
Бағдарламаны іске асыру ресурсты жинақтаушы технологияларды пайдаланумен, пайдалану шығындарын төмендету, инвестициялық әлеуетті дамыту және жеке капиталды тартумен тұрғын үй қорын ұстауға қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында кондоминиум объектілерін терможаңғыртудың және күрделі жөндеудің қайтарымды қаржыландыру схемасы әзірленді.
Азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттарына күрделі жөндеуге қаражат жинақтау жарнасы және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығыстарын төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Бірлесіп қаржыландырудың арнаулы тетігі мен тұрғын үй қорын ұстауды қамтамасыз ету есебінен күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 9,8%-дан 2015 жылға қарай 8%-ға дейін төмендейді. Бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 113 километрден астам коммуналдық желілерді жаңғыртуды жүргізу жоспарлануда.
2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 2015 жылға қарай 71,7%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Сумен жабдықтау объектілеріндегі апаттылық 2011 жылғы 1629-дан 2015 жылы 649-ға дейін төмендейді.
Су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 2011 жылғы 35,7%-дан 2015 жылы 40%-ға дейін артып, канализация желілеріндегі апат саны тиісінше 4388-ден 465-ке дейін төмендейді.
Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру жалғасады, оның негізгі бағыттары мыналар:
1) жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар үшін жалдамалы тұрғын үй салу;
2) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша тұрғын үй салу (халықтың барлық санаты, жас отбасылар үшін);
3) «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның тұрғын үйлерін салу;
4) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жөндеу;
5) апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үй салу;
6) жеке тұрғын үй салу;
7) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу;
8) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу;
9) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үйлерін салу болып табылады.
2.4. Теңгерімделген өңірлік даму
Өңірлік саясат елді жаңғыртудың міндеттерін өңірлерді дамытудың міндеттерімен біріктіруге және олардың нәтижелерін әрбір адамға барынша жақындатуға арналған. Өңірлік саясат әр түрлі үлгідегі аумақтардың дамуын мемлекеттік қолдауды білдіреді. Тиімді және оңтайлы аумақтық жайластыру және өңірлерді абаттандыру маңызды мемлекеттік міндет болып табылады.
Әрбір ауыл мен қаланы тазалықтың, көркеюдің, тәртіптің үлгісіне айналдыру үшін шаралар қабылдайтын болады. Өңірлік саясатты дамытудың негізгі аспектісі өңірлерде адамдардың өмір сүру сапасын және әл-ауқатын арттыру болып қала береді.
Елдің өңірлік саясатын реформалау бойынша міндеттерді іске асыру үшін өндіріс және халықты аумақтық шоғырландыру жолымен тиімді аумақтық-кеңістіктік ұйымдастыруды құру жұмыстары алда тұр, оған мыналар:
экономикалық өсу орталықтары ретінде қалалар мен агломерациялардың өсу үдерістерін қолдау;
өңірлерді дамытудағы инфрақұрылымдық шектеулерді жою;
қазақстандықтардың өмірінде өзін-өзі ұйымдастыру дамыту, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын іске асыруда нақты құрал болуы тиіс азаматтық қоғам институттарын «қазіргі замандағыға айналдыру» кіреді.
Жаңа өңірлік саясат – Болжамды схеманы тиімді іске асыруға арналған қаржы құралы ел Үкіметі 2011 жылы қабылдаған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы болып табылады.
Өңірлердің экономикасын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін олардың бәсекелік басымдықтарының негізінде өңірлерді шаруашылық мамандандыруды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Аталған жұмыс шығып қалған активтерді айналымға тартуға, сондай-ақ өңірлерді дамыту үшін жаңа резервтерді іздестіруге және пайдалануға бағытталатын болады.
Бұл ретте, экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымды салу, өнеркәсіп алаңдарын, индустриялық аймақтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, Бағдарлама аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту да көздестіріледі.
Елді болашақта аумақтық-кеңістікте дамытуда шешуші рөлді агломерациялар атқармақ. Агломерацияларды дамыту - әлемде белсенді жүріп жатқан объективті үдеріс.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына 2012 жылғы қазанда Қазақстандағы қалалық агломерацияларды дамыту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар бес агломерация перспективалы қала ретінде белгіленді.
Ақтау қаласы іргелес жатқан Мұнайлы ауданымен бірге, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі агломерация ретінде айқындалды.
Моноқалалардың өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шараларды үйлестіру Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Республика бойынша жұмыссыздық деңгейінің жоғары, көлік және өндірістік инфрақұрылымның тозуы жоғары, экологиялық проблемалар сияқты проблемалары бірдей жиыны 27 моноқала енгізілген. Облысымызда экономикасында негізінен тау-кен өндіру өнеркәсібі негізгі орын алатын Жаңаөзен қаласы моноқала болып танылды.
ҚР ЭДСМ-нің әдістемелік ұсыныстарына сәйкес, Жаңаөзен қаласы әлеуеті орташа моноқала санатына жатқызылды.
Мақсаты өңірлер экономикасының шикізаттық емес секторларында жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру болатын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру өңірлердің экономикалық әлеуетін жандандыруға елеулі үлесін қосады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру және өндірістік инфрақұрылымды дамыту түріндегі мемлекеттік қолдау көрсету жолымен жүзеге асырылады.
Өңірлерді дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған негізгі бағыттары:
әлеуметтік салада - әлеуметтік объектілер салуды, оптимистік демографиялық болжамы және даму перспективасы бар елді мекендерде жүзеге асыру;
индустриялық саясатта – барлық қажетті факторлардың (ресурстардың, кадрлардың және т.б.) бар болуын ескере отырып, кәсіпорындарды ұтымды орналастыруға жәрдемдесу;
бюджеттік саясатта – тиімсіз шығындарды қысқарта отырып, ресурстарды перспективалы, тез өсіп келе жатқан өңірлерді дамытуға шоғырландыру болып табылады.
2.5. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың пайымын және негізгі бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқару саласында реформалар өткізудің кешенділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарлануда.
Жергілікті өзін-өзін басқаруды дамыту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне айырықша назар бөлінбек.
Мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеудің жаңа тәсілдеріне сәйкес, мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерінен туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарланатын болады.
Осыған байланысты, ақпараттық технологияларды қолдану қажеттiгi арта түседі, бұл халыққа және бизнеске қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органның функцияларын оңтайландыру және автоматтандыруға, әкiмшiлiк кедергiлердi және халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайтуға бағытталған.
Сондай-ақ, «Электрондық үкімет» порталында көрсетiлетiн электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету санының ұлғаюы да мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың басты құралдарының бiрi болып табылады, осыған орай мемлекеттік органдардың әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуі электрондық форматқа ауыстырылатын болады.
Қазіргі уақытта облыста ЖАО жеке және заңды тұлғаларға көрсететін 7 әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылды, бұл жалпы санның 58%-ын құрайды. 2013-2015 жылдары көздестірілген әлеуметтік маңызды қызметтің барлығын электронды форматқа көшіру жоспарлануда немесе 100% электронды түрде көрсетілмек.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекiтiлген стандарттары мен регламенттерiнiң сақталуына бақылау орнату тиiмдi шара болуы тиіс.
Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне қанағаттану деңгейін анықтауға бағытталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үшін (мемлекеттік қызметтерді тікелей алу кезінде сауалнамалық пікіртерім жүргізу және әлеуметтік пікіртерім арқылы) халықпен кері байланыс тұрақты негізде орнатылатын болады.
Социологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша 2012 жылы халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы 60% құрады. Халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы 2013 жылы – 90%, одан әрі 2014-2015 жылдары 100% құрайды деп күтілуде.
3. 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Экономиканың әртүрлі салалардағы өсуі, инфляция деңгейі, түсімдерді ұлғайту және халықты жұмыспен қамту бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторлары 2011-2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысының аумағын дамыту бағдарламасында және жергілікті атқарушы органдардың 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарларында анықталған.
ЖӨӨ-нің нақты өсу қарқыны 2014 жылы – 104%, 2015 жылы – 107,5%, 2016 жылы – 105,8%, 2017 жылы – 106,8%, 2018 жылы – 107% құрайды. 2018 жылға қарай облыстың ЖӨӨ 3070,2 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2013 жылғы 3100 мың теңгеден (19,7 мың АҚШ доллары) 2018 жылы 4417,5 мың теңгеге (28,5 мың АҚШ доллары) дейін өседі.
2013-2018 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемінің жыл сайын өсуі күтілуде. Өнеркәсіптік өнімнің НКИ 2014 жылы – 101,7%, 2015 жылы – 101%, 2016 жылы – 105,1%, 2017 жылы – 106,6%, 2018 жылы – 107,5% құрайды.
Бұл ретте, кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу қарқыны 2014 жылы – 101,6%, 2015 жылы – 100,5%, 2016 жылы – 105%, 2017 жылы – 106%, 2018 жылы – 107% құрайды.
2015 жылы шикі мұнай 18,4 млн. тонна көлемінде немесе 2013 күтілетін күтілетін өндіру деңгейінен 2,2% артық мұнай өндіріледі. 2018 жылы мұнай өндіру 22,5 млн. тоннаны немесе 2013 жылға 125% құрайды.
ҚР Мұнай және газ министрлігінің көмірсутегі шикізатын өндіру жөніндегі бағдарламасына сәйкес, 2014-2018 жылдары газ өндіру көлемінің жыл сайын біртіндеп 1-2%-ға артуы жоспарлануда.
Өңдеу өнеркәсібінде өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нақты көлем индексі өткен жылға болжам бойынша 2013 жылы – 109,1%, 2014 жылы – 111,2%, 2015 жылы – 102,1%, 2016 жылы – 103%, 2017 жылы – 103,5%, 2018 жылы – 105% құрайды.
Экономиканың одан әрі қарқынды дамуы, инвестициялық жобаларды іске асыру, болжамдалған кезеңде жаңа өндірістік қуаттардың іске қосылуы электр энергиясын тұтынудың өсуін қажет етеді.
Электр энергиясын тұтынудың өсуі 2013 жылы – 104,8%, 2014 жылы – 105,3%, 2015 жылы – 105,6%, 2016 жылы – 105,9%, 2017 жылы – 106%, 2018 жылы – 106% құрайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты өзгеруі бағалау бойынша 2013 жылы – 100,2%, 2014 жылы – 101%, 2015 жылы – 101,9% құрайды. Өңдеу өндірістерін дамытуға негізгі екпін түсірілетін болады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы мен тамшылатып суару одан әрі дамытылады.
Құрылыстағы өсу қарқыны өткен жылға қарағанда 2014 жылы – 102,2%, 2015 жылы – 104,3%, 2016 жылы – 103%, 2017 жылы – 103,2%, 2018 жылы – 103,4% деңгейінде болады деп күтілуде.
Көлік қызметінің НКИ өткен жылға қарағанда 2014 жылы – 107,1%, 2015 жылы – 108,0%, 2016 жылы – 107%, 2017 жылы – 107%, 2018 жылы – 107,5% құрайды.
Байланыс саласындағы НКИ 2014 жылы – 102%, 2015 жылы – 106,7%, 2016 жылы – 107,1%, 2017 жылы – 107%, 2018 жылы – 107,2% құрайды.
Сауда саласындағы НКИ 2014 жылы – 117%, 2015 жылы – 119%, 2016 жылы – 118%, 2017 жылы – 120%, 2018 жылы – 119% құрайды.
Халықты жұмыспен қамту стратегиясын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру экономикада жұмыспен қамтылғандарды өсіруге, жұмыссыздықты төмендетуге ықпал етпек. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2014 жылы – 311,3 мың адамға, 2018 жылы – 391 мың адамға дейін өседі. Ашық еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2018 жылы 5,2%-ға дейін төмендейді. Нақты жалақы деңгейі 2013-2018 жылдары өткен жылға 106,6-111% деңгейінде қалыптасады.
4. 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы
4.1. Жергілікті бюджеттің болжамы
Маңғыстау облысы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы Салық кодексі мен өзе де нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының, Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде есептелді.
Бұрынғыша, жеке тұлғаларға арналған салықтар облыс бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар болып қала беруде. Мәселен, 2014 жылы облыстың жергілікті бюджетінің кіріс бөлігінің жалпы көлеміндегі жеке табыс салығының үлес салмағы 36,3%, әлеуметтік салық тиісінше 31,4% құрайды.
Алдағы үшжылдық кезеңге Маңғыстау облысы бойынша мына кірістер көлемі: 2014 жылы – 93 064,6 млн. теңге, 2015 жылы – 103 115,3 млн. теңге, 2016 жылы – 116 005,5 млн. теңге болжамданған, осыны есепке ала отырып республикалық бюджетке бюджеттік алу айқындалды.
Мәселен, жоғары тұрған бюджетке бюджетке алу 2014 жылы – 10 079,9 млн. теңге, 2015 жылы – 16 725,9 млн. теңге, 2016 жылы – 25 712,8 млн. теңге құрайды.
4.2. 2014-2016 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған міндеттерін есепке ала отырып, 2014-2016 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:
1. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру
Халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамту ықпалдастығы арқылы халықтың табысын арттыру үшін Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын іске асыру толық көлемде жалғасады.
Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, бизнес-дағдыларға үйрену арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту және шағын кредиттер беру, сонымен қатар еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету шаралары қаржыландырылады.
2. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Халықты, бірінші кезекте жас отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамыту жаңа бағыт алады.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында облыс үшін 2014-2015 жылдарғаға мына көлемде:
1) Ақтау қаласының 33 шағын ауданындағы екінші кезектегі үйлерді салуға (тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы) – 4170,0 млн. теңге;
2) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға – 2391,6 млн. теңге;
3) коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 10000 млн. теңге көздестірілген.
3. Өңірлік даму
Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға бағытталған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Осы бағдарламаны іске асыру аясында республикалық бюджеттен 2013 жылға 1,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен Жаңаөзен қаласының, Теңге және Қызылсай ауылдарының инфрақұрылымын салу және көшелерін абаттадыру бойынша жобалар іске асырылып, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шаралар көздестірілген.
Бұдан былай моноқалаларда кәсіпкерлікті белсенді дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін моноқалаларды дамытуға республикалық бюджеттен жыл сайын трансферттер бөлінетін болады.
Моноқалаларды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Кешенді жоспарларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес Жаңаөзен қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, ЭДСМ-мен келісілді. Осы Кешенді жоспар облыстың мәслихаттың 05.09.2012 жылғы №6/73 шешімімен бекітілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында, облыстың қалаларындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 2130,6 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласында трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта құрылымдау, магистралды жылумен жабдықтау желілерін, электрмен жабдықтау желілерін салу және Жаңаөзен қаласында жарықтандыру желілерін қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа, бағдарламаның «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» атты 4 бағытының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін 216 млн. теңге бөлінді. 40 ауылдық елді мекенде 42 жобаны іске асыру жүргізілуде.
4. Адами капиталдың сапалы өсуі.
Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында бірінші кезекте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасының, «Балапан» бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Денсаулық сақтау саласындағы басымдықтардың бірі - Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру болып табылады.
Әлеуметтік инфрақұрылым: балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, емханаларды дамыту бағдарламасы денсаулық сақтау саласындағы басымдықтардың бірі болмақ.
Сондай-ақ, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.
5. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту.
Аталған бағыт аясында тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010-2014 жылдарға «Жасыл даму», 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ Бұлақ» бағдарламаларын іске асыру басымдық болады.
Бұдан басқа, одан әрі электрондық форматқа көшу арқылы халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалылығы мен қол жетімділігін арттыру бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.
6. Индустриялық-инновациялық даму.
Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандырудың басты құралы Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру болып қала береді.
Экономиканың аграрлық секторын әртараптандыру үшін «Агробизнес 2020» бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша шаралар қабылданбақ. Бағдарлама аясында етті мал шаруашылығын, жем өнеркәсібін және отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
7. Бюджет шығыстарының маңызды басымдықтарының бірі мемлекеттің толық көлемде әлеуметтік міндеттемелерін орындау болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту және төтенше жағдайларды жою және алдын алу шаралары бойынша іс-шараларды іске асыру басым болады.
Жергілікті бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, газдандыру, табиғатты қорғау шаралары, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамтамасыз ету объектілері, мәдениет және спорт салаларындағы жобалар жатқызылған.
Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттары (оның ішінде бюджеттік инвестициялар).
Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге бағытталатын болады.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының басым бағыттары болып:
1. Әлеуметтік саланы жаңғырту
Осы бағыт аясында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту басғдарламасының, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасының және Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 бағдарламаларының іс-шаралары қаржыландыру жүзеге асырылмақ.
Білім беру саласында мектепге дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, жаңа мектептер салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептерді жою бойынша жұмыстар жалғастырылады.
2. Индустрияландыру бағдарламасы
Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Осы бағдарлама аясында «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», сондай-ақ энергетика, көлікті қоса алғанда ҮИИДМБ іске асыруда қабылданған өзге де салалық бағдарламалар басым қаржыландырылатын болады. Жезқазған – Бейнеу жаңа темір жол желісін салуды бастау негізгі мәселе болып табылады.
3. Халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй салу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін дамыту арқылы жақсарту.
Осы бағыт аясында бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламалары іске асырылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында қолжетімді жалдамалы тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.
4. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу жөніндегі реформаларды тереңдету арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияны іске асыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту
Оны іске асыру аясында қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту бойынша кедендік қызмет саласында, «е-Үкімет», «е-Салықтар», «е-Лицензиялау» жобаларын іске асыру, ХҚКО дамытуға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын дамыту және мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша іс-шаралар басым қаржыландырылатын болады.
5. Ақтау қалалық агломерациясын дамыту, Жаңаөзен моноқаласының проблемаларын шешу.
Осы бағыт Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған және 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламаларын іске асыруды, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында перспективалық агломерациялардың бірі ретінде Ақтау қаласы мен оған іргелес жатқан аумақтарды (Мұнайлы ауданын) дамытуды көздейді.
Үкіметтің тапсырмасы бойынша барлық мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Ақтау агломерациясын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Өңірлік даму мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен және облыс әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №290 қаулысымен мақұлданды. Жоспарды облыстық маслихаттың кезекті сессиясында бекіту жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |